5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»


Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулар



бет15/56
Дата18.12.2021
өлшемі1,37 Mb.
#102523
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі

Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулар

А. Әрбір студент журналдағы өз нөміріне сәйкес (мұғалімнің көрсетуі бойынша) төрт есеп шығаруы тиіс.

В. Әр есептің блок-схемасы және соған сәйкес программасы құрылып, компьютерде сол программаның нәтижесін алу керек.

С. Екі блок-схема Word программасындағы Сурет салу-Автофигуралар-Блок-схемалар мүмкіндігімен сызылып көрсетілуі тиіс.



D. Берілген жиым элементтері мен нәтижелік элементтерді экранға шығарып, нәтижелерді жазып алу қажет немесе нәтижені бірден файлға жазуға тырысу керек.

Есептер

  1. Кез келген сандардың бiрөлшемдi А(10) жиымындағы оң элементтердi екi есе кемiтiңдер, ал терiс элементтерi болса, онда оларды индекстерiнiң мәнiмен ауыстырыңдар.

  2. Бiрөлшемдi А(10) жиымындағы терiс элементтердiң ең үлкенiн табыңдар.

  3. Бiрөлшемдi А(20) жиымындағы –5-тен кiшi элементтердiң қосындысын және олардың жалпы санын, сонымен бiрге 5 санына еселiк болатын элементтердiң нөмiрлерiн анықтаңдар.

  4. Бiрөлшемдi А(10) жиымындағы оң элементтердiң квадраттарының арифметикалық ортасын есептеңдер.

  5. Бiрөлшемдi А(100) жиымындағы терiс элементтердiң бiрiншi тобындағы элементтердiң санын анықтаңдар.

  6. Бiрөлшемдi жиым мәндерi берiлген диапазонда жататын элементтерiнiң нөмiрiн басып шығарыңдар.

  7. Бiрөлшемдi А(10) жиымындағы оң элементтердiң iшiнде мәнi ең кiшiсiн және оның индексiн (нөмiрiн) табыңдар.

  8. Бiрөлшемдi жиымда 2-элементтi бiрiншi орынға, 3-нi 2-шiмен және т.б. алмастырулар орындай отырып, 1-элементi соңғы орынға қойыңдар.

  9. Берiлген оң сандар тiзбегiндегi қосындысы берiлген саннан асып кетпейтiн элементтердiң санын табыңдар.

  10. Ұтыс билетiнiң нөмiрi алты орынды сан. Билет ―бақытты (алдыңғы және соңғы үш цифрының қосындысы өзара тең) немесе ―табысты (жұп орындарда тұрған цифрлардың қосындысы тақ орында тұрғандардың қосындысына тең) болатындығын анықтаңдар.

  11. Оң және терiс сандар тiзбегiндегi бiрiншi терiс санға дейiнгi орналасқан сандар тiзбегiнiң өсу ретiмен орналасатындығын анықтаңдар.

  12. N кәсiпорынның бiр жылғы электр энергиясын тұтынуы туралы дерек бар. Осы бойынша энергия тұтынудың арифметикалық ортасын және энергияны ең көп үнемдеген кәсiпорынды анықтаңдар.

  13. 14 аудан бойынша жанармай қорының мөлшерi белгiлi. Жанармаймен еңжақсы қамтылған үш ауданды анықтаңдар.

  14. Берiлген А(14) жиымы бойынша мына шарттарды қанағаттандыратын В жиымын құрыңдар: В(1) = A(2); B(2) = A(2) * A(4); ... B(4) = A(2) * A(4) * ... * А(14)

  15. Берiлген А(14) жиымы бойынша мына шарттарды қанағаттандыратын В жиымын құрыңдар: В(1) = А(1)/А(14); В(2) = А(2)/А(13), ... В(7) = А(7)/А(8)

  16. А(14) жиымы берiлген. Жиым элементтерiнiң арифметикалық ортасын және ол мәнге еңжақын элементтiң нөмiрiн анықтаңдар.

  17. А(14) жиымы берiлген. Екi жиым құрыңдар: оның бiрiншiсi индекстерi жұп сандар, ал екiншi жиым индекстерi тақ сан болатын элементтер болсын.

  18. N элементтен тұратын бiрөлшемдi жиым берiлген. Әрбiр жолында L элемент болатын екiөлшемдi жиым құрастырыңдар.

  19. А(10,10) жиымы берiлген. Бас диагональдағы ең кiшi элемент пен қосымша диагональдағы ең үлкен элементтiң орындарын ауыстырыңдар.

  20. А(10,10) жиымы берiлген. Бас диагональдағы ең үлкен элементi бар жолды нөмiрi берiлген жолмен алмастырыңдар.

  21. А(17) жиымы берiлген. 7-ден үлкен барлық элементтердi берiлген жиымның ең үлкен элементiмен ауыстырыңдар.

  22. А(16) жиымы берiлген. Алғашқы оң элементке дейiнгi терiс элементтердiң санын анықтаңдар.

  23. А(18) жиымы берiлген. 2-ден кiшi барлық элементтердi 3 санымен ауыстырыңдар.

  24. А(17) жиымы берiлген. 0-ден үлкен барлық элементтердi 5-ке, ал қалғандарын 0-ге ауыстырыңдар.

  25. А(14) жиымы берiлген. А жиымының барлық тақ элементтерi индекс нөмiрлерiмен ауыстырылатын В жиымын құрыңдар.

  26. А(34) жиымы берiлген. Тақ нөмірлі индекстерде тұрған элементтердiң ең үлкенiн анықтаңдар.

  27. А(N) жиымы берiлген. Алғашқы ең кiшi (минимал) элементтiң орнын (индексiн) анықтаңдар.

  28. А(N) жиымы берiлген. Соңғы ең кiшi элементтiң орнын анықтаңдар.

  29. А(N) жиымы берiлген. Соңғы ең үлкен (максимал) элементтiң орнын анықтаңдар.

  30. А(N) жиымы берiлген. Алғашқы ең үлкен элементтiң орнын анықтаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет