Əдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.
Әдебиеттер: 8 [11-31,103-115], 6 [54- 75]
Үшінші апта
№5, 6 практикалық сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторы. Құрама шарттар.
Тапсырма: С/C++ программалау тілінде тармақталу операторларының көмегімен
программа құру.
-
a,b,c сандары берілген. Қабырғалары осы сандар болатын үшбұрыш бола ма?
-
Берілген нүкте сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2, центрі координаталар басындағы сақинаға тиісті бола ма?
-
Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Берілген үшбұрыш
а) тең бүйірлі
б) тең қабырғалы бола ма?
-
Енгізілген адам жасына байланысты оны 4 топқа: мектепке дейін, оқушы, қызметкер, зейнеткер, бөлетін программа жазыңдар.
-
Айдаһарға əр жыл сайын 3 бас шығады, ал жүзге толғаннан кейін 2 бастан шығады. N жастаға айдаһардың неше басы мен неше көзі бар?
-
А1(Х1,У1),А2(Х2,У2),А3(Х3,У3),А4(Х4,У4) нүктелері берілген. Бұл нүктелер параллелограм төбелері бола ала ма?
-
N натурал саны берілген. Егер ол сан тақ жəне оны екі еселегенде алынған сан 32767- ден кем болса, онда ол санды 2- ге көбейтіңдер. Керісінше жағдайда берілген санды 5- ке бөліңдер.
-
Берілген нүкте центрі (1,1) нүктесіндегі, радиусы R шеңберге тиісті бола ма?
-
Кездейсоқ берілген 3 санның неше əрекеттен кейін «бақытты жетілік» құрайтынын анықтаңдар. Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 5-ке бөліне ме?
Достарыңызбен бөлісу: |