2.11 Студенттің педагогикалық практикасының кафедра тарапынан жетекшісінің міндеттері Педагогикалық жетекшісі практика басталар алдында студенттермен жиналыс өткізуі
тиіс. Жиналыста студенттерге практиканың мақсаттары мен міндеттерін, студенттің практика
кезінде атқаратын жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер
және студенттердің практика кезінде орындайтын жеке тапсырмаларының тақырыптарын
береді. Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:
- Педагогикалық алдындағы жиналыста практиканың уақытын, мерзімін және сипатын
түсіндіреді;
- Педагогикалық соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған
керекті, практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын көрсетеді;
- Педагогикалық кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;
- Педагогикалық күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;
- мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен
түрлерін анықтайды;
- студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін және
педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен таныстыруын
қамтамасыз етеді;
- Педагогикалық кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;
- Педагогикалық біткеннен кейін практика туралы есепті кафедрада қорғауды
қамтамасыз етеді;
- Педагогикалық соңында қорытынды конференция өткізеді.
2.12 Педагогикалық практика біткен кезде студенттің практика туралы өткізетін құжаттар тізімі. 1. Педагогикалық практиканың жеке жоспары.
2. Күнделік.
3. Педагогикалық практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.
4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.
5. Сабақтың әдістемелік талдауы.
6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.
7. Шетел тілі сабақтары бойынша өткізілген кештер, диспуттар және викториналар
туралы есеп.
8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.
9. Педагогикалық практика есебі.
10. Мінездеме.