5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата12.03.2023
өлшемі161,92 Kb.
#172035
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Приложение 3. Программа практики по видам

Педагогикалық практика
студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып
саналады. Педагогикалық практика кезінде студенттер барлық ьиологиялық пәндерден алған
білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады. Бұл
практика түрі болашақ маман үшін соңғы іс-тәжірибе болып саналады. Педагогикалық
практика 3 курста өткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 4 апта бойында мұғалім
қызметін атқарады. Мектеп бағдарламасна сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие
және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша машықтанады. 
Өндірістік практика
студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып
саналады. Өндірістік педагогикалық практика кезінде студенттер барлық қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінен алған білімдерін білім беру мекемелерінде іс жүзінде қолдану арқылы
машықтанады. Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы рет тәжірибе білімін бекіту
болып саналады. Бұл практика барлық теориялық біліміндерін аяқтаған кезде, яғни 4 курста
өткізіледі. Студенттер келісімшарт жасақан практика базаларымен 10 апта бойы мұғалім
қызметін атқарады. Мектеп бағдарламасына сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие
және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша машықтанады. 


1.
Практика бойынша жалпы ережелер
1.1 Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.
- Нақты педагогикалық міндеттерді шешуге педагогикалық, психологиялық,
қоғамдық, саяси және арнайы білімдерін пацдалану тереңдету, нақтылау;
- Болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағдысы мен іскерлігін, кәсіптік
біліктіліктерін қалыптастыру, дамыту;
- Студенттің болашық мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып,
педагогикалық қызметке шығармашылық пен қарауға тәрбиелеу;
- Оқу – тәрбие vжұмысындағы бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- Оқу тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан – жақты көмек
көрсету. 
- Педагогикалық қызмет процесінде студенттердің университеттен алған теориялық
білімдерін қолдану арқылы іс – тәжірибеде тереңдетіп, бекіту және жан – жақты пайдаланы
білу;
- Студенттердің курстық, дипломдық жұмыстарныа байланысты материалдарды
жинау;
- Іс – тәжірибенің мазмұны мен ұйымдастырылуы қазіргі кездегі мектеп және
мұғалімге қойылатын талапқа сай болуы керек;
- Педагогикалық практика барысында педагогикалық, яғни қоғамдық саяси,
психологиялық – педагогикалық және арнайы пәндердің пән аралық байланысы мен
студенттердің мектептегі әр түрлі іс – әрекетінің ұштастырылып жүзеге асырылуы,
жетекшілік пен студенттің өзін - өзі басқаруының іске асырылуы;
- Факультеттің ерекшелігін, ЖОО мен мектептің нақты жағдайын ескере
отырып,педагогикалы практиканы ұйымдастыру мазмұнын саралау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет