Оқу (фольклорлық) іс-тәжірибенің міндеті:
Ауыз әдебиетін жинап, зерттеуде төмендегі шарттарды негізге алу керек:
1. Фольклортану ғылымының обьектісі мен міндетін анықтап алу.
2. Фольклор және жазба әдебиет деп қарастыру және теориялық сипатын ашу.
3. Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызын анықтау.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең,
өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушылардың да
қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноим
айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері — импровизаторлар
дейміз.
Фольклор шырармалары қоғам
дамуының әр түрлі сатысында, негізінен
еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның
бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм
белгісі дейміз.
Қазақ эпосының құндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем
тілінде. Мұндай жырлардың тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба
әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шыгармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы
болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ
фольклорын зерттеудің ғылыми, өмір-танытушылық, эстетикалық, тәрбиелік және тарихи
мәні аса зор.
3.
Есеп беру құжаты:
Күнделік (жүргізілген жұмыстар туралы);
Үлгі бойынша толтырылған кеспе қағаз (конвертте);
Студенттің есебі жазылған қалың дәптер (беттері нөмірленген).
4. Оқу (фольклорлық) іс-тәжірибеге арналған әдістемелік нұсқаулар
Ауыз әдебиетін фольклор деп те атаймыз. Фольклор - ағылшын сөзі. Ол - халық
творчествосы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген
ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықтың ауыз
әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Қай халықты алсақ та, оның
көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба
әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта кездеспейді.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан.
Халықтың тұрмыс
-
салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер,
батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері
сияқты
қазақ ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинақтау. Бір ескере жайт, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде
тумаған және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Сондықтан
қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге
дейін дәлелденбей, тек болжал ретінде белгілі болып отыр. Ауыз әдебиетінің үлгілерін
зерттеу барысында студент келесі жағдаяттарды ескеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |