5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


СОБӨЖ Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романы



бет9/10
Дата05.11.2016
өлшемі1,6 Mb.
#394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6 СОБӨЖ Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты:Ә.Кекілбаевтың стиль саласындағы ерекшелігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: «Үркер», «Елең-алаң» романдары кейбір үстірт топшылауға бейім тұратынымыздай, тіпті де Әбілқайырды «ақтап алу» мақсатын көздемеген, керсінше, оның барша болмыс-бітімін, кескін-келбетін қыруар ғылыми, тарихи құжаттарға негіздей отырып кескіндеген де, оқырманға шынайы түрде жеткізіп, тұжырым жасауды, пікір түюді сол оқырманның өзіне қалдырған. Дилогияның бір ерекшелігі сонда, автор әр кейіпкердің кәдімгі адамға тән тыныс-тіршілігін, қуанышын, ренішін, пиғылын, мінезін бәрін-бәрін кең ауқымда бейнелеген.
7 СОБӨЖ Ә.Нұршайықовтың шығармашылығы, өмірі жайлы (Конспект)

Өздік жұмысының мақсаты: Әзілхан Нұршайықовтың әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Әзілхан Нұршайықов өміршең шығармаларды дүниеге әкелген қарымды жазушыларымыздың бірі.Деректі материалдарды, өмірлік ащы тәжірибені негізге ала отырып жазған шығармалары өнегесі мол көркемдік шындыққа айналды: «Махаббат жыры», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Тоғыз толғау» тағы да басқа көпшілікке танымал шығармаларда мейлі ерік, мейлі махаббат жайы сөз етілсін негізгі оқиғалар жүйесі адамгершілік арнасынан өрбіп, сол арнадан лайықты шешім тауып жатады. Ә.Нұршайықовтың шығармалары бүгінгі күннің қажетілігіне арналған құнды дүниелер дер едік.

Өмірдің өзінен алынып, жазушының эстетикалық талғамы мен шеберлігі нәтижесінде ерлік пен адамгершіліктің ғажап үлгісіне айналып, халыққа қайта ұсынған Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Хамза Ақжолов, Махмет Қайырбаев, Мәншүк Маметова т.б образдары жазушының оқырманды қаһармандық рухта тәрбиелеу, игі мұраттарға жетелеу ниетінен туған. Жазушы кейіпкерлерін оймен шолып қарасақ, азаматтық бейнесі мен адамгершілік қасиеттері жағынан бірінен-бірі асқақтай көрінетін халқымыздың ардақты ұлдары мен қыздарын көз алдымызға елестетеміз. Бұдан жазушылық мақсаты өнегелі азаматтардың өмір жолын, елге еткен еңбегін жазып, бүгінгі күннің тарихын болашақ үшін айқындап беру екендігін ұғына түсеміз.


8 СОБӨЖ Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Жазушының стиль саласындағы шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: «Үркер» романының жалғасы «Елең-алаң» романы. Жанры жағынан «Үркер» «Елең-алаңға» терең психологизм, мәнді философиялық сипат қана емес, лирикалық сипаттағы новелла элементтерін де ұтымды енгізе білген. Романдардың композициялық-сюжеттік құрылымында оқиға басталуы ұзақтау үзіндіде көрінсе, оның мәресі «Елең-алаңдағы» соңғы картинамен, бас қаһарманның әрі-сәрі күй кешкен, күдігі мен үміті араласқан, қарызы мен парызын пайымдаған сәтімен аяқталады. Жазушының стиль саласындағы шеберлігіне осынау ерекшелікті де жатқызғанымыз абзал.
9 СОБӨЖ Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Тарихи романдарға байланысты оқылған дәрістерден алған білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Соңғы көш» роман-дилогиясы Қ.Жұмаділовтің өз көзімен көрген, өз басынан өткерген тарихты арқау еткен шығармасы. «Соңғы көш» роман-дилогиясында қытай отаршылдарының жымысқы саясаты шындықпен көрінеді. Романның өн бойы халықтың «азаттық», «теңдік», «атамекен» деп соққан жүрек лүпілі, арманы мен аңсауы, тілегі мен мақсаты шындықпен беріледі. Роман енді көш болмасын, халық оны басынан өткізбесін, шашылып кеткен қазақтың барлығы атамекеніне оралсын деп аяқталады.
10 СОБӨЖ Ж.Молдағалиев туралы жазылған шығармалар,

мақалаларға шолу жасап, ғылыми тұрғыда жазу (Баяндама)

Өздік жұмысының мақсаты: Студентерді ғылыми мақала жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Мына еңбектерді қараңыз:Тәтіғалиева А. «Жұбан жырындағы Махамбет бейнесі» Ұлт тағылымы, 2004 ж., № 3, 161-164 б,Оразбекова А. «Мен қазақпын» поэмасы. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2002 ж., № 1, 22-23б, «Атамекен» 2001ж., 11 мамыр, 6 б,Оразалин Н. Қазақ әдебиеті газеті, 2000 ж., 15 желтақсан, 9 б,Баратқызы А. Қазақ әдебиеті газеті, 2000 ж., 6 қазан,Қирабаев С. Егемен Қазақстан газеті, 2000 ж., № 245, 4 қазан, Шүкірұлы С. Евразия, 2000ж., 18 қыркүйек, 9 б,Жақанов И. Ана тілі газеті 2000ж., № 27, 6-7 б.

11 СОБӨЖ Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Тарихи романдарға байланысты оқылған дәрістерден

алған білімдерін бекіту.



Әдістемелік нұсқау: «Тағдыр» романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Патшалық Россия мен Цинь империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын.Романдағы күллі оқиға осы айтулы тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайлықпен шығарманың өзегіне алынған.

12 СОБӨЖ О.Әубәкіровтің сықақ әңгімелері (Конспект)

Өздік жұмысының мақсаты: Сатира жанрының көркемдік ерекшелігін, жазушы шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: О.Әубәкіровтің шығармалары арқылы сатира жанрының даму деңгейін айқындап, сатира жанрының тілдік ерекшеліктеріне назар аудару.
13 СОБӨЖ Д.Досжановтың «Жібек жолы» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазақ прозасында «Жібек жолы» романының өзіндік ойып алар орны ерекше екендігіне оқу барысында көз жеткізу.

Әдістемелік нұсқау: «Жібек жолы» романын шындығында шартты түрде ғана тарихи шығарма деп атаған болар едік. Өйткені негізгі екі-үш кейіпкерден басқасы автордың қиялынан туған, әрі роман сұлбасы көбіне ойдан шығарылған қияли-философиялық желіге құрылған. Романның тұтас бітім болмысы ұлтымыздың тарихи трагедиясының, дәлірек айтқанда қазіргі қазақтардың тағдыр көлеңкесіне айналған қайғысы – өмірі бітпейтін билік таласы, ру, жер дауы, жесір дауы, тағысын тағылар деп есептейтін авторлық тұжырымға табан тіреген.

«Жібек жолдың» беттерінде ежелден адам баласына тән күйініш-сүйініш сезім құбылыстары баржа әсерімен көрінеді, мұнда тарихта болғаны, жазушы қиялынан туғаны бар: отыздай кейіпкер қатысса да, автор сол трагедиялық зұлмат кезіндегі халық тағдырын жіті қадағалап, сол кезеңдегі қоғами-әлеуметтік және тұрмыстық салт-сананы кең тыныспен қамти көрсетеді.



14 СОБӨЖ С.Елубаевтың «Ақ боз үй» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты:Өмірбаяндық романдарды оқыту барысында жеке тұлғалардың бейнесі ашу.

Әдістемелік нұсқау: С.Елубаевтың «Ақ боз үй» романының желісіне арқау болған 20-жылдардың аяғы, 30-жылдардың бас кезіндегі халық басынан кешкен ауыр ахуал, жаппай аштыққа ұшыраған кезең біршама қамтылды.

С.Елубаев «Ақ боз үй» романында ақ боз үй тұрғындарының тағдырын бейнелеу арқылы Кеңестік жаңа өмірге ауысудың ауыр өткен кезеңін – 1929-1932 жылдардың қайғылы оқиғаларын сөз етеді. Ақ боз үй иесі Пахраддин бай мен оның бәйбішесі Сырғаның роман басында суреттелетін салтанаты соңында сағымға айналып, олардың аштықтан, ұзақ жолдан титықтап құм басында қалғаны көрінеді. Қаракер құнан мініп, шайқалтып жүрген жас қызы Хансұлу өз үйінің қойшысы Қозыбағарға бұйырып, аяғында басқа жігітпен қашып кетеді. Басында үстіртті мекендеген көшпелі елдің жайма шуақ тыныш күйін суреттеген жазушы кәмпеске басталған соң бүлінгенін, күштеу мен зорлаудың етек алып, елді есінен тандырғанын көркем суретпен ашады. Ел ата-мекенінен қаша бастайды. Пахраддин ауылы Ауғанстанға бет алған жолында ұрыларға тап болып, талан-таражға түсіп, қырылады. Романдағы адамдар тағдыры әр түрлі және қызықты. Сонымен бірге көшпелі мал баққан түйелі елдің салт-дәстүрі, түйе тіршілігінің бұрын көпке таныс емес шындығы тартымды оқылады.

Осы тақырыпты С. Елубаев «Мінажат» (1993) романында жалғастырды.

15 СОБӨЖ Әдебиеттану мен сынның өркендеуі Р.Нұрғалидің еңбектері бойынша

(Реферат)



Өздік жұмысының мақсаты: Студентерді ғылыми тұрғыда пікір айтуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Р.Нұрғалидің әдеби сын мен әдебиеттану саласындағы іргелі сын, зерттеу еңбектеріне шолу жасау барысында, әдебиет теориясы мен тарихының 1960-90 жылғы даму жайына, ел тәуелсіздігі және әдеби үдеріс пен әдеби шығармаларды талдаудағы жаңа ізденістер мен табыстар, әдеби сынының ұлттық, тәуелсіздік сипаттарының өсуіне, бүгінгі әдебиеттану, әдеби сын, әдеби туындыларды талдау мен оқытудағы жаңа ілгерлеу үдерісіне тоқталу.

Студенттердің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
І Өлең жаттау– орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі.

Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: 1.Ай, заман-ай, заман-ай (2 томдық) А.,1991ж.

2. Ақберен. Жинақ-А., 1972

3. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы, 2000ж.

4. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж.

5. М.Мақатаевтың шығ.жинағы.А. «Жалын» 2006ж.

6. М.Шахановтың шығ.жинағы. А. «Ана тілі» 2005ж.

7. Фариза Оңғарсынова. «Шілде»А., Жазушы 1978.

ІІ Нақыл сөз–даналық қортындыға құрылған мейлінше жинақы әрі

мағыналы сөз.



Өздік жұмысының мақсаты: Мағыналы әрі жинақы сөйлеуге баулу.

Әдістемелік нұсқау: Осынау ұғым жөнінде Әл-Фарабидің замандасы түркістандық Исхақ әл-Фараби «Әдеби жинақ» атты еңбегінде былай деп жазады: « Нақыл сөз деп болмыстағы белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз». Мысалы «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, сынаушысы –халық, қорғаушысы – сабыр, таусылмайтын – арман, ең қымбаттысы – ар, барлығынан ардақтысы – өмір». Нақыл сөзде өлең өлшемі де қолданылады. Мысалы:

Сараң байды қоңыз десең болар,

Ішпей –жемей боқтық жиған.

Жігітті ерім десең болар,

Жолдас үшін жанын қиған.
ІІІ Монолог оқу дегеніміз сөйлету грекше – monologos, mono – бір, logos –сөз –драмалық шығармадағы, сондай –ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.

Монолог кейіпкердің өзімен өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін,психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай-күйі айқын аңғарылады.



Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп сөйлеуге ,оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Лирикалық шығармадағы, драмалық шығармадағы, көркем қара сөздердегі монологтарға назар аударып, оқып салыстыр.

Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары,лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым мінекей» атты өлеңін арнайы айтуға болады, ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы

Абайдың монологтары.

Курс бойынша емтихан сұрақтары
1 1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.

2 Дәстүр және жаңашылдық.

3 Түр мен жанрдағы ізденстер.

4 ҰОС-н бастарынан кешкен ақын-жазушылар.

5 Қазіргі прозада лирика мен этикалық, реалистік, романтикалық әдістердің

үйлесуі.


6 Ә.Әлімжановтың,О.Бөкеевтің,Т.Әдіковтің, С.Елубаевтың шығармаларында

жанрлық стильдік, соны ізденістердің байқалуы.

7 Ұлттық позияның жаңа көркемдік белестері.

8 Сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалардың жазылуы.

9 М.Шахановтың балладалары.

10 Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастауы.

11 Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романы.

12 Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» романы.

13 І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдары.

14 Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң», «Тар кезең» романдары.

15 Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары.

16 Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш», «Тағдыр» романдары.

17 Д.Досжановтың «Жібек жолы» романы.

18 Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан кеңеюі.

19 Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары. «Көктөбедегі кедесу»

20 Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы.

21 Осы кезеңдегі әдебиеттану мен сынның өркендеуі.

22 Төлеген Айбергеновтің лирикасы.

23 Қ.Қайсеновтың шығармашылығы.

24 Қадыр Мырза Әли поэзиясының тақырып ауқымы мен көркемдік кестесі.

25 Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы.

26 Мұқағали Мақатаевтың лирикасы.

27 60-90 жылдар поэзиясындағы лирикалық-философиялық поэмалар.

28 Жұбан Молдағалиевтің поэмалары, олардың гуманистік сипаты, ұлттық нақышы.

29 «Қан мен тер» триологиясындағы әлеуметтік күрес, образдардың сомдалуы.

30 Жұбан Молдағалиевтің поэмаларындағы азаттық алуаны, романтикалық леп.

31 І.Есенберлиннің тарихи туындыларының көркемдік, танымдық, тарихи мән-маңызы.

32 Қазақ прозасындағы тарихи тақырыптардың игерілуі.

33 «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмаларындағы өмір шындығы мен ұлттық өршіл романтика.

34 Т.Ахтановтың «Боран» повесіндегі экология мәселесі.

35 Т.Молдағалиевтің әнге арналған өлеңдеріндегі лиризм.

36 Ә.Әлімжановтың тарихи романдарындағы шындық пен көркемдік шешім.

37 Ж.Нәжімеденов поээиясындағы ойшылдық пен көркемдік шешім.

38 С.Сматаевтің «Елім-ай» романындағы халық өмірінің суреттелуі.

39 Ұлы Отан соғысы тақырыбының 60-90 жылдар әдебиетіндегі эпикалық көркем туындыларда суреттелуі.

40 Т.Әлімқұловтың «Тұлпар тағдыры» жинағындағы тарландар мен өнер адамдары образдарын сомдау шеберлігі.

41 С.Елеубаевтің «Ақ боз үй» романындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім.

42 1970-1990 жылдардағы повестерде адам мен табиғат, экология мәселелерінің суреттелуі.

43 Д.Исабековтің «Мұрагерлер» пьесасындағы тартыс және образдар жүйесін сомдаудағы шеберлігі.

44 Х.Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» романындағы тарихи ақиқаттың суреттелуі.

45 Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы жанрлық стильдік ерекшеліктер.

46 О.Бөкеев прозасындағы кейіпкерлер психологиясын суретеудегі шеберлік.

47 Б.Соқпақбаев прозаларындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы шуақты юмор.

48 Эпикалық туындылардағы «Ақтаңдақтардың» жаңаша пайымдалуы.

49 Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы.

50 Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы лиризм.

51 С.Жүнісовтің «Өліара» пьесасындағы тартыс пен образдар жүйесі.

52 Қ.Мұхаметжанов,Ш.Айтматовтардың «Көктөбедегі кездесу» пьесасындағы көркем образдардың сомдалуы.

53 Ә.Тәжібаев поэзиясындағы оптимистік символды лирика.

54 Т.Ақтановтың «Ант» пьесасы.

55 Р.Нұрғалиевтің «Айдын» зерттеу кітабының қазақ драматургиясын саралаудағы ғылыми

мәні.


56 М.Мағауиннің «Ғасырлар бедері» сын кітабының әдебиет сынын өрістетудегі маңызы.

57 «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі Бауыржан Момышұлы образы.

58 Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің 1960-1990 жылдар әдебиетіндегі бейнеленуі.

59 Б.Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік.

60 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ поэмалары.

Курст жұмыстарының тақырыптары:

1.1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық, саяси әлеуметтік және тәуелсіз ұлттық даму жайы.

2.Проза, оның тақырыптық-көркемдік өсу жолы мен тенденциялары.

3.Поэзия, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық.

4. Драманың өсу жолы мен қазіргі өзекті мәелелері.

5.І.Есенберлин романдарындағы тарихи деректер.

6. Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары.

7. Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Ә.Шәріпов шығармашылықтары және әдебиеттегі Отан қорғау, гуманизм тақырыбы.

8. Ә. Тәжібаевтың (1909-1998) өмірі шығармашылығы.

9. І.Есенберлиннің образ сомдау, сюжет дамыту ерекшелігі.


10. І.Есенберлин романындағы адамгершілік мәселелері.

11. Х.Ерғалиев поэзиясындағы заман бейнесі.

12. Х.Ерғалиев поэзиясының әдеби процеске әсері.

І3. Х.Ерғалиев поэзиясындағы монологтар.

14. Х.Ерғалиевтің поэмалары.

15. Ж.Молдағалиев өлеңдерінің ерекшелігі.

16. Ж.Молдағалиевтің поэмалары.

17. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы сюжет.

І8. Ж.Молдағалиев поэзиясының көркемдігі.

19. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы ерлік тақырыбы.

20. С.Мәуленовтің лирикасы.

21. С.Мәуленов шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі.

22. С.Мәуленов поэмасындағы соғыс тақырыбы.

23. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыстан кайтқан солдаттар бейнесі.

24. Т.Ақтанов прозасының ерекшелігі.

25. “Қаһарлы күндер” романындағы солдат бейнесі.

26. Т.Ахтанов романындағы характер.

27. Б.Сокпақбаев романындағы сюжет.

28. Б.Соқпақбаев туындысындағы баяндау мен диалог.

29. ‘’Боран” романындағы көркемдік ізденістер.

30. Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған шығармалары

31. “Менің атым Қожа” және балалар әдебиеті.

32. Ә.Нұрпейісов және роман жанры.

33. ‘’Курляндия” романындағы баяндау.

34. ‘’Қан мен тер” трилогиясы.

35. “Соңғы парыз” романындағы психологизм.

36. Х.Ерғалиев поэтикасындағы күрделі теңеулер.

37. Ж.Молдағалиев поэмаларының бейнелеу құралдары.

38. С.Мәуленов поэзиясындағы сурет және суреткер әлемі.

39. Т.Ахтанов романдарындағы соғыс шындығы.

40.Б.Соқпақбаев прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шындығы. 41.Ә.Нүрпейісов романдарындағы баяндау.

42.З.Қабдолов прозасынын көркемдігі стилі.

43.М.Мақатаев прозасындағы психологизм.

44.Ж.Нәжімеденов позиясындағы философия.

45.С.Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

46.О.Бөкей прозасының стилі.

47 Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің 60-90 жылдар әдебиетінде бейнеленуі.

48 Р.Нұрғалиевтің "Айдын" зерттеу кітабының қазақ драматургиясын саралаудағы ғылыми

мәні.

49 Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романындағы лиризм.



50 Б.Соқпақбаев прозаларындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы шуақты юмор.

51 Эпикалық туындылардағы "Ақтаңдақтардың" жаңаша пайымдалуы.

52 Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы.
Әдістемелік нұсқау: Берілген курс жұмысы тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Курс жұмысының құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компьютерге басылуы тиіс.
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары.
І - нұсқа.

1.1960-80 жылдардағы тарихи тақырыпқа жазылған трилогия қайсысы?

А) "Ұстаздың оралуы" В) "Отырар ойраны" С) "Қарғын" Д) "Үркер" Е) "Көшпенділер"



2."Қош,бол махаббат" пьесасының авторы кім?
А) Б.Соқпақбаев В) М.Мақатаев С) М.Мағауин Д) Ә.Кекілбаев Е) Ж.Аймауытұлы

3. 2000 жылғы әдебиет жөніндегі Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған
шығармалардың қатарына осылардың қайсысы жатпайды?

А) М.Мақатаев "Аманат" В) Т.Мұқай "Өмірзая"С) Т.Медетбек "Дағдырлы жылдар жырлары" Д) Қ.Мырзалиев "Қызыл кітап" Е)О.Сәрсенбаев "Шеңбер"



4. Қайсысы О.Бөкеевтің шығармасы?

А) "Аққыз" В) "Үкім" С) "'Бәсер, Айкүміс және басқалар" Д) "Бесатар" Е) "Біздің жақта қыс

ұзақ"

5. Нил Карпов,Алмасбек,Жайлыбеков,Әсия,Әлім,Ақан,Медет,Сағадат қай

роман кейіпкерлері?

А) "Өскен өркен" В) "Боран" С) "Жапандағы жалғыз үй" Д) "Ақ боз ат" Е) "Сенім"

6. 1960-90 жылдардағы қазақ прозасындағы экологиялық күйзеліске ұшыраған

ауылдың экономикалық, әлеуметтік, тұрмыс қалпын суреттейтін шығарма:

А) Ә.Шәріпов "Ормандағы от" В) І.Есенберлин "Көлеңкеңмен қорғай жүр?" С) Ә.Әлімжанов '"Махамбеттің жебесі" Д) Қ.Жұмаділов "Соңғы көш" Е) Ғ.Мүсірепов "Үлпан".

7.Осылардың қайсысы тарихи трилогия?

А) Ғ.Мұстафин "Көз көрген" В) М.Әуезов "Хан Кене" С) Ә.Кекілбаев "Үркер" Д) І.Есенберлин "Көшпенділер" Е) Б.Жандарбеков "Сақтар"




8. ...Ей, болашақ, сен мені шет көрмегін,

Осынау емес еді жетпек жерім.

Жеткендерің, шарықтап кеткендерің,

Өткермеген күндерімді өткер менің...

Аманат өлең шумағының авторын ата.

А) М.Мақатаев. В) А.Нысаналин. С) Ф.Оңғарсынова. Д) Қ.Аманжолов. Е) Т.Айбергенов.



9. Бас кейіпкерлері Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Сүйіндік, Судыр, т.б. көркем

бейнелер болған трилогияны ата.

А) Д.Досжанов "Жібек жолы" В) Қ.Жұмаділов "Соңғы көш" С) Х.Есенжанов "Ақ Жайық" Д) Ә.Нүрпейісов "Қан мен тер" Е) І.Есенберлин "Көшпенділер"

10. "Өле берсін күншілдер күйігінде,

Өз ғасырым өзімнің иінімде.

Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,

Мен өлемін өзімнің биігімде",...-

Деген өлең шумағының авторы кім.

А) Қ.Мырзалиев. В) М.Мақатаев. С) Т.Айбергенов Д) Д.Әбілов. Е) Ж.Нәжімеденов.



11. Бүгінгі күнде қазақ әдебиетінің драма жанрын зерттеп жүрген ғалымдарды ата:

А) Р.Нұрғалиев В) Х.Сүйіншәлиев С) М.Мағауин Д) М.Мырзахметов Е) М.Серғалиев



12. "...Ақыры редакциялардың қай-қайсысынан да көңілім қалып болды.
Соларға өлең жіберем деп, конверт, марка сатып алып, қанша ақшам
қарап болды десеңші. Одан да соның бәрін жиып, конфет алып жесем ғой, мықтап бір шырқамас па едім.

Мейлі, баспаса баспай-ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын. Солардың ызасынан енді міне өлеңді қойып, соқталдай повесть жазғалы отырмын.." - деген кіріспе сөздермен басталатын шуақты юморға, балалық шақтың базарлы бағына оқырманды қызықтыра жетелеп әкететін балар әдебиетіндегі ең қызғылықты да көркем шығарманы ата.

А) С.Сматаев "Бәсер, Айкүміс және басқалар" В) М.Сүндетов "Шайтан базар" С) Б.Соқпақбаев "Менің атым – Қожа" Д) Қ.Сәрсекеев "Қараша қаздар" Е) Д.Исабеков "Біз соғысты көргеніміз жоқ"

13. Осылардың қайсысы лирикалық-философиялық поэма емес, яки адамның ішкі жан дүниесін болмыспен байланыстыра суреттеуге емес, шытырман оқиға, сюжетке құрылған поэма?

А) Х.Еғалиев "Жылдар, жылдар" В) Ж.Жабаев "Өтеген батыр" С) Ж.Молдағалиев "Мен – қазақпын" Д) Қ.Мырзалиев "Данышпан" Е) М.Мақатаев "Жан азасы"



14. 1981 жылы 1960-70 жылдардаға қазақ прозасында көркем тіл, шұрайлы ой, сырлы, шуақты прозаларымен әдебиет әлеміне қосылған жазушылар легінің ең таңдаулы туындылары үш том болып, қандай атпен басылып шықты?

А) "Жер мен адам" В) "Портреттер" С) "Шырағың сөнбесін" Д) "Аманат" Е) "Беласқан"



15. Осы шығармалардың қайсысы автор мен кейіпкер арасындағы сұхбатқа

құрылған роман-диалог?

А) О.Бөкеев "Шайтан көпір" В) Қ.Мұхамеджанов "Біз періштеміз бе?" С) Т.Ахтанов "Ант" Д) Ә.Нұршайықов "Ақикат пен аңыз" Е) А.Сейдімбеков "Аққыз"

16. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы құжатты прозаның, яки жазушы
өзі бастан кешкен өмір шындығын суреттеп жазған шығармалардың
қатарына жатпайтынын айқында:

А) Б.Момышұлы "Москва үшін шайқас" В) Т.Ахтанов "Боран" С) Қ.Қайсенов "Жау тылында" Д) Т.Бегелдинов "Аспандағы айқас" Е) М.Ғабдуллин "Менің майдандас достарым"



17."Аққулар ұйқтағанда" поэмасының авторы.

А) Ж.Молдағалиев. В) М.Мақатаев. С) Х.Ерғалиев . Д) Т.Жароков. Е) М.Жұмабаев.



18. Малшылар өмірінен алынып 1963 жылы "Дала сыры" деген атпен
повест болып жарияланған, кейін автор толықтырып "Боран" дегеп атпен роман етіп шығарған қазақ әдебиетіндегі лиризмге толы психологиялық, романтикалық жетпісінші-сексенінші жылдар прозасының асқарлы асуларының бірі болған роман, қазақ әдебиеті тарихындағы ең айтулы туындының авторы?

А) Қ.Тұрсынқұлов В) Қ.Ысқақов С) О.Бөкей Д) Т.Ахтанов Е) С.Мұратбеков




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет