Тақырыбы: «Тапқыр достар» білім сайысы Дайындаған



Дата26.08.2017
өлшемі46,79 Kb.
#27918
Тақырыбы:  «Тапқыр достар» білім сайысы

Дайындаған Сандуғаш Асылбекқызы

3 сынып оқушыларына арналған

Сайыстың  мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеп жинақтау.

Сайыстың міндеті:     Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы оқушының білім деңгейін, тапқырлығын, шапшаңдығын айқындап ,озық  ойлы шәкірт тәрбиелеу.

Түрі:   сайыс сабақ.

Сайыстың  әдіс – тәсілі:  Білім беруді ізгілендіру , ребус.

Сайысқа  қатысушылар: 10 сайыскер, жүргізуші, әділқазылар

Сайыстың жүру барысы:

І. Кіріспе сөзі.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеңістің мынау шыңына.

Армысыздар, қадірменді  ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Тапқыр достар » сайысымызға қош келдіңіздер.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез –деген  қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



ІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

ІІІ. Сайыстың  шарты  5 айналымнан  тұрады : 

І - айналым  «Таныстыру»

ІІ – айналым  «Жүйрік болсаң озып көр»

ІІІ – айналым  «Сөз өрім»

ІҮ- айналым  «Сыр сандық»

V-айналым «Ақтық мәре»

Алғашқы үш айналым бойынша әрбір дұрыс жауап үшін, 1 ұпайдан беріледі. Соңғы  «Ақтық мәре» айналамында әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен  бағаланады. Сайысымыздың шарты бойынша  жұптық тапсырмалар орындау, яғни екі сайыскер өзара ақылдаса отырып ұяшық таңдайды.



ІV. Оқушылар ұраны:

Мектеп – кеме,

Білім – теңіз.

Барар жерге тез жетеміз,

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

  І - айналым  «Таныстыру».

Топтар өздерін таныстырады

II-айналым«Жүйрік болсаң озып көр»

1.  4 мысықтың 4 балапанға қарағанда неше аяғы артық?   (8 аяғы артық)

2. Адамның денесі неше бөліктен тұрады? Оларды ата.   (4 бөліктен. Бас, мойын, кеуде, қол және аяқ)

3. Тұңғыш "Әліппені " жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?  (3-ке, Қатаң, Ұяң, Үнді)

5. Біз үшінші сыныпта оқимыз. Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Бұл қай мәтінге жатады?     (Әңгімелеу мәтіні)

6.Жүректен тарайтын қан тамырларын қалай атайды?  (Қызыл тамыр немесе Артерия)

7. Орынбордағы оқуын бітіріп, Торғай қаласына келісімен мектеп салдырған кім?  (Ыбырай  Алтынсарин)

8. Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды.Барлық сарбаз нешеу болған? (34)

9.Қазақстан Ата заңы қашан,қай күні қабылданды?(1995 ж. 30 тамыз)

10.Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қандай жұлдызға қарап бағдар- лауға болады? (Темірқазық жұлдызы)

11.  Болмасаң  да ұқсап бақ,

     Бір ғалымды көрсеңіз.

     Ондай болмақ қайда деп,

     Айтпа ғылым сүйсеңіз - деген өлең жолдарын кім жазған?   (Абай  Құнанбаев)



12.  Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.» Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3ұл, 3қыз)

13. Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)



14. Ц - қандай дауыссыз дыбыс?    (Қатаң)

15. Адамның денесін қозғалысқа келтіретін қандай мүше?  (Қаңқа)

16. Физикалық картада қыратты қандай түспен бейнелейді? (сары)

17. Бүгіннен бастап Мағжан сен де менің шәкіртімсің деген кім? Бұл мәтін қалай аталады? Оны жазған кім?   (Ахметден, Ауылға келген мұғалім. М.Жұмабаев)

18. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы  сөздер)

ІІІ – айналым  «Сөз өрім»

(Бұл кезеңде 5 топқа ортақ бір сөз беріледі, сол сөзден 2 минут ішінде бірнеше сөз құрастырулары керек)



Т Ә У Е Л С І З Д І К

ІҮ- айналым  «Сыр сандық»

Поэзия минуты ( 5 жол өлең)



«Алғырлар» тобына: “Кітап”

«Зерделі» тобына: “Мектеп”

«Жүйріктер»тобына: “Оқушы”

«Бірлік» тобына: “Ұстаз”

«Тұлпар»тобына: “ Қалам”

 «Ақтық мәре». Ең ең  ең.



1.Ең биік жануар. (Керік)

2. Ең үлкен  құс. (түйеқұс)

3. Ең жүзгіш  құс. (Пингвин)

4. Ең аштыққа төзімді жануар. (Кірпі)

5. Ең шөлге шыдамды жануар. (Түйе)

6. Ең қырағы құс. (Бүркіт)

7. Ең кішкентай құс. (Калибр)

8. Ең үлкен көл. (Байкал көлі)

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,



Қиындықтан өткізер - деп  білімді сарапқа салар сәтте келіп жетті. Әділқазылар  алқасына сөз беріледі.

Марапаттау.

Жеңімпаздарымызды құттықтау.
Каталог: uploads -> doc -> 0c41
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c41 -> Сабақ жоспары Мектеп: №12 орта мектеп Мерзім : 07. 11. 2015 жыл
0c41 -> Сабақтың тақырыбы: "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
0c41 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы»
0c41 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы «Кіші Қазан бағыты»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет