«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет57/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

ойлау мәдениетін 
қалыптастыру
болып табылады.
Пәннің міндеттері: 


62 

студенттерге риторикалық ықпал ету мен логикалық сендіре білудің 
негізгі тәсілдері туралы түсіндіру, ақиқатқа талпыныста және сол мақсатқа 
қол жеткізуде аргументтеудің ролі мен мәнін көрсету;

студенттерді логикалық ойлау ережелерімен және заңдарымен, сөйлеу 
дағдысының алгоритмдерімен, аргументтеу түрлерімен және сұқбат жүргізу 
тәсілдерімен таныстыру.

философиялық ойлаудың және үш тілдік тұлғаның аса маңызды әрі 
ажырамас құрамдасы ретінде аргументтелген дискурстың практикалық 
машықтарын қалыптастыру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Логика және риторика тарихы – аргументтеу теориясы ретінде
Ежелгі дүниедегі аргументтеу өнерінің генезисі: Үндістан, Қытай, 
Ежелгі Грекия. Антикалық логика – аргументтеудің бірінші теориялық 
негізі ретінде. Софистика, эристика, диалектика. Сократ, Платон және 
Аристотельдің аргументтеу тәсілдері. Аристотельдің «Риторикасы». Ежелгі 
Римдегі шешендік өнер: Цицерон және Квинтилиан.
Орта ғасырлардағы риторикалық мәдениет. Схоластика. Орта 
ғасырдағы университет пікірсайысының риторикасы мен практикасы. Орта 
ғасырлық араб-мұсылмандық және әль-Фараби логикасы. Қайта Өрлеу 
дәуіріндегі сендіре білу және сөз саптау өнері. Жаңа дәуір: Ф.Бэкон,
Б.Паскаль аргументтеу және шешендік туралы. Картезиандық логика.
«Өмір философиясының» риторикасы мен аргументтелуі: А. 
Шопенгауэр және Ф. Ницше. 
ХХ ғасырдағы Риторикалық Ренессанс. Х. Перельманның «Жаңа 
риторикасы». Ст. Тулминнің аргументтеу үлгісі. Нанымды дискурстың 
прагматикалық аргументтелуі және заманауи тәсілдері. 
Аргументтеудің логикалық негіздері 
Логика заңдары – дұрыс ойлау негіздері ретінде. Логика және 
риторика. Логостың басты ережесі. 
Тепе теңдік заңы. Қарама-қайшылықсыздық заңы. Үшіншісі жоқ заң. 
Жеткілікті негіз заңы. Формальды және диалектикалық логика – 
аргументтелген дискурстың басты тірегі. 
Аргументтеу құрылымы: тезис, аргументтер, демонстрация. Тезиске, 
аргументтерге, демонстрацияға қойылатын логикалық талаптар (ережелер). 
Ойдағыдай аргументтеудің алғышарттары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет