5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет243/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

 
 


EZAEZZT 
2208 ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ
ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ
Көлемі - 3 кредит
Автор: 
Көкебаева Г.К. - дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану 
кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Пікір жазғандар
:
 
Сманова А.М. – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті тарих кафедрасының доценті 
Мырзабекова Р.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану 
кафедрасының профессоры
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы» базалық пәнінің 
типтік бағдарламасы 5В020300 – Тарих мамандығының жалпыға бірдей міндетті 
мемлекеттік стандартына негізделіп жасалған.
Жаңа тарих батыс қоғамының саяси, экономикалық, әлеуметтік және 
мәдени өмірінде болған маңызды үдерістерді бейнелейді. Бұл дәуірдің мерзімдік 
шектері XVIІ ғасырдың ортасынан бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 
дейінгі уақытты қамтиды. Жаңа дәуірде адамдар шіркеу мен діннің қысымынан 
босап, еркіндік алады, секуляризация үдерісі зайырлы ойлаудың дамуына және 
зайырлы мемлекеттің қалыптасуына әкеледі. Бұл кезеңде капитализмнің 
қалыптасуы және ары қарай өзгеруі, оның жаңа сапалы сатыға өтуі
индустриалдық өркениеттің түкпілікті қалыптасуы іске асады. Өнеркәсіптік 
революция, индустриаландыру, урбандану, демографиялық секіріс, халықтың 
миграциясы қарқынының өсуі Батыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық 
дамуының маңызды нышандарына айналады. XIX ғасырдың соңғы ширегінде 
өндірістің монополиялануы іске асты, бұл қоғамның әлеуметтік-мүліктік 
жіктелуін, әлеуметтік және корпоративтік қайшылықтардың өсуін күшейтіп, 
социалистік және рвеолюциялық қозғалысқа жол ашты. Жаңа дәуірдің бірінші 
кезеңіндегі халықаралық қатынастардың дамуы Вестфален жүйесінен Вена 
жүйесіне көшумен сипатталады. ХХ ғасырдың соңғы үштігінде әлемді 
территориялық жағынан бөлісудің аяқталуы Батыстың отарлар мен тәуелді 
елдерді қайта бөлісуге ұмтылған ірі мемлекеттерінің арасындағы 
қайшылықтардың күшеюіне әкелді. Осы кезеңде Европаның екі қуатты әскери-
саяси одаққа – Үштік Одақ пен Антантаға бөлінуі басталады. Олардың 
бәсекелестігі халықаралық аренада бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі 
кезеңдегі барлық оқиғалардың барысын анықтады, ал бірінші дүниежүзілік 


соғыс жаңа дәуірді аяқтады және Еуропаның саяси картасындағы түбірлі 
өзгерістерді туғызды.
Аталған пәнді оқытудың алдында өтілетін пәндер:
Ежелгі дүние тарихы; 
Ежелгі Шығыс тарихы; Орта ғасырлар тарихы; Азия және Африка елдерінің орта 
ғасырлар тарихы; Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы. Бұл пәндер 
тарихтың өткен кезеңдері бойынша нақты материал береді, мұның өзі жаңа 
заманның тарихи құбылыстары мен оқиғаларына салыстырмалы талдау жасауға 
негіз болады.
Қатар оқытылатын пәндер және олардың осы пәнмен өзара байланысы:
Философия; Әлеуметтану; Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы; 
Қазақстанның жаңа тарихы. Студенттердің «Философия» мен «Әлеуметтану» 
пәндері бойынша алған білімдері Ағартушылық идеяларын, ХIХ ғ. қоғамдық-
саяси ой-түйіндерін оқудың теориялық негізі болады. Көрсетілген тарихи пәндер 
бойынша студенттердің алған білімдері олардың «Еуропа және Америка 
елдерінің жаңа тарихы» пәнінен алған білімін әжептәуір толықтырады, сол 
арқылы әлем халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара 
ықпалдастығы айқын дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет