НЕГІЗГІ БӨЛІМ Кәсіби қазақ тіліндегі «Тарих» мамандығының пәндік негіздеріне кіріспе Гуманитарлық бағытта жиі қолданылатын ғылыми ұғым атаулары мен
арнайы лексиканың қолданылу аясын, жазба нұсқаларын кәсіби мақсатта игеріп,
жұмсай білудің өзектілігі. Тарихи дерекқор материалдарының қазақ тілінде
ауызша және жазбаша түрде сапалы жеткізілуін қамтамасыз ететін тәсілдерді
меңгеру. Қазақ тіліндегі немесе қазақ тілінде жеткізілуі тиіс тарихи мәтіндердің
мазмұнын ашып, талдай білу дағдыларын жетілдіруді ұйымдастыру.
Кәсіби қазақ тілі тарихшы маманның коммуникативті құзіреттілігін
қалыптастыруда ерекше орын алады. Бұл пән ғылыми танымдық мақсаттағы
қабілеттілікті арттырады. Тарихи тұжырымдық–методологиялық ұстанымдар
мен тарихи зерттеу бағыттарындағы ғылыми тілдік аппараттың қалыптасу
қажеттілігін тудырады. Тарихи ұғымдар мен түсініктердің қазақ тіліндегі кәсіби
баламаларының жаңа қолданысы. Қазіргі қазақ тіл білімінің ғылыми-іскери
лексикасы мен стилистикасын меңгерудің маңызы.