5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің


Тақырып 8. Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым



бет3/3
Дата31.12.2019
өлшемі312,5 Kb.
#54320
1   2   3

Тақырып 8. Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым. Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклор мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарасындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоканның қырғыз тарихына және фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылык-публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері.

Шоканның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзкарастары.



1

Тақырып 29. Абай. Шығармашылық емірбаяны. ұлы Абай мүрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. ұлы Абай шығармашылығына шешуші ықпал еткен үш арна. Жас шағындағы өлендері Азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар. Ән-елендері. Абай - қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. ұлы Абайдың аудармашылық-нәзиралык шығармалары-әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері

Поэмалары. Абай поэмалары — оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздык ой туғызатын шығармалар.

Қара сөздері. Абайдын қара сөздері - ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар.

Абай қара сөздерінің тақырып, мазмүн ерекшеліктеріне қарай түрлері, жанрлық түрлері. Тілі, стилі. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы.

Абай - қазақ сөз өнчріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиетінің негізін салған ұлы классик акын.


1

Тақырып 30. Абайдың ақын шәкірттері. Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және Шығыс. Абайдын өлең қүрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдьщ қазақ өленіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай акындығының айналасы, Абайдың ақындык мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі.

Ақылбай Абайүлы (1861-1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлені. "Дағыстан" ("Қисса-Жүсіп"), "Зүлыс", "Жармах батыр" поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп,жариялануы.

Мағауия Абайулы (1870-1904). Өмірі. Шығармалары. "Медғат-Қасым" поэмасы. Шығармаларынын басылым, зерттелу жайы.

Көкбай Жанатайұлы (1863-1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдьң "Абай - акындардың ұстазы" деген естелігі. "Абайға", "Дүтбайға", "Мұсажанға", "Сараң байға", т.б. арнау өлекдері. "Сабалақ" дастаны.

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. "Қалың мал туралы", "Еңбек туралы", "Ғылым туральг" дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек болысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылык өмірбаянындағы Шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан-Сара» айтысына қатысы.

1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




1 Семинар. Тақырыбы: XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны. Әдеби ағымдар мен бағыттар.

  1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай.

  2. Әдеби бағыттар мен ағымдар

  3. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын.

4. ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың түрлері. Шығу тегі. Назиралық дәстүр.

5. Ақындық дәстүрдің тууы мен өркен жайып, өсуі.

6. Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы.

7. Жаңа жазба әдебиет.




1

2 Семинар. ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері.

  1. ХІХ ғасырдағы суырып салма және жазба айтыстар

  2. Айтыстың зерттелуі. Айтыс өнерінің ғылыми-көркемдік негіздемесі

  3. Айтысты М.Әуезовтің ғылыми саралап, жіктеуі

  4. Біржан-Сара айтысы

1

3-семинар. Тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын.

  1. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығы

  2. Құлыншақ Кемелұлы шығармашылығы

  3. Майлықожа ақын мұрасы




1

4-семинар. Тақырыбы: Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы

  1. Сал-серілер мен әнші-ақындар және әдебиет тарихындағы ән-өлеңдер.

  2. Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларындағы үлттық тағылымы, көркемдік тіл кестесі мен лиризм.

  3. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлері, зерттелу, окытылу жайы.

  4. Әдебиет тарихындағы алар орны

  5. Жаяу Мұса өмірі, шығармашылық мұрасы.

  6. Ақан серінің шығармашылығы. Мағжанның «Ақан сері» мақаласы.

1

5 семинар. Тақырыбы: Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи өлеңдер

  1. Отарлық езгі және әдебиеттегі тарихи өлендердің дүниеге келуі.

  2. «Кенесары-Наурызбай» жыры.

  3. «Исатай-Махамбет» жыры.

  4. «Бекет батыр» жыры.

5. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі «Тарихи

өлендер»тарауы



1

6 семинар. Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының ақындық мұрасы

  1. М.Өтемісұлының өмірі.

  2. Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері

  3. Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия

  4. Махамбет шығармаларының жанрлық сипаты.

1

7 семинар. Тақырыбы: Шернияз Жарылғасұлының әдеби мұрасы

  1. Ақынның өмірбаяны.

  2. Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысы.

  3. Өлеңдерінің мән-мазмұны. «Баймағанбет сұлтанға» айтқаны

  4. Өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы.

  5. Шернияз өлеңдерінің көркемдік өрімі, тіл кестесі.

1

8- семинар. Тақырыбы: XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет

  1. Шығыс әдебиеті және қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың тууы.

  2. Діни-тәлімгерлік әдебиеттің жазба әдебиетті тудырудағы рөлі.

  3. Шығыстық қиссалар мен нәзирагейлік дәстүр.

4. Діни-тәлімгерлік бағыт өкілдері, шығармаларының басылуы, олардың зерттелу тарихы.

1

9-семинар. Тақырыбы: «Зар заман» әдебиеті. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы.

  1. Отарлық езгі және «Зар заман» әдебиетінің тууы.

  2. «Зар заман» әдебиетінің өкілдері мен олардың туындыларына тән
    белгілер, тіл ерекшеліктері.

  3. «Зар заман» әдебиетіндегі заман, адам, дәуір суреттері.

  4. М.Әуезовтің «Зар заман» әдебиетін зерттеудегі еңбектері.

  5. Шортанбайдың отаршылдық саясатқа наразылық толғаулары

1

10-семинар. Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы

  1. Дулат ақынның шығармашылығы.

  2. Отарлық езгі және Дулат өлеңдеріндегі азаттық танымдар.

  3. Ақын мұраларындағы заман, адам бейнесі.

  4. Шығармаларындағы туған жер, елдік, ерлік, бостандық тақырыптарының суреттелуі.

  5. Жаңа жазба әдебиетіне жол салуы, әдеби шығармаларындағы
    көркемдік тіл өрнектері.

  6. «Еспембет» поэмасы, мысалдары.

  7. Шығармашылығының зерттелуі.

1

11-семинар. Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасы.

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмірбаяны.

  2. Арнау өлеңдері.

  3. Айтыстары.

  4. Эпикалық шығармалары. Толғаулары. «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы атмекен зары. Жыршылық өнері.

  5. Мұрат шығармашылығының басылым жайы, зерттелуі




1

12-семинар. Тақырыбы: Жаңа жазба әдебиет

  1. Ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын - жазушылар
    шығармашылығының XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуындағы рөлі.

  2. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармашылығына өзек болған мәселелер.

  3. XIX ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ
    көзкарастар және оның реалистік жана жазба әдебиетті дамытудағы
    игі ықпалы.




1

13-семинар. Тақырыбы: Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым

  1. Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын
    зерттеуші, ағартушы ғалым.

  2. Ол — публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтык
    көзқарасындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

  3. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы
    зерттеу еңбектері.

  4. Шоқанның Қырғыз тарихына және фольклорына байланысты
    жазғандары, зерттеулері.

  5. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық
    көзқарастары.

1

14-семинар. Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы

1. Ы.Алтынсарин - ағартушы, үстаз-жазушы, этногроф, аудармашы.

2. Ы.Алтынсарин - қазақ мектебіне арналған түңғыш оқулықтың авторьк

3. Қазақтың халықтық әдет-ғүрыптары туралы жазған этнографиялық


еңбектері.

4. Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған макалалары.



1

15-семинар. Тақырыбы: Абай

  1. Хакім Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абай шығармашылығына шешуші ыкпал еткен үш арна.

  2. Абайдың аудармашылық-нәзиралық шығармалары - әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері.

  3. Поэмалары.

  4. Абайдың қара сөздері — ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне
    айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалары.

  5. Абай - қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба керкем әдебиеттің негізін салған ақын.

1



5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


    1. Шөже мен Орынбай айтыстарына әдеби талдау

    2. Біржан мен Сара айтысы төңірегіндегі дау-дамайлар, ғалымдардың

пікірлері

    1. Махамбет Өтемісұлының көркем әдебиеттегі бейнесі

    2. Ақан сері Қорамсаұлының көркем әдебиеттегі бейнесі

    3. «Назира» ұғымына конспект жасау

    4. «Зар заман» ұғымына конспект жасау

    5. «Кітәби ақындар» ұғымына конспект жасау

    6. Д. Бабатайүлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

    7. Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктері

    8. Махамбет өлендеріндегі жыраулық - акындык дәстүр.

    9. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің

ерекшеліктері.

    1. Абай шығармашылығына әсер, ықпал еткен үш арна.

    2. Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

    3. Сүйінбай арнауларын жаттау.

    4. Шернияздың шешендік өнері.

    5. Балуан Шолақ Баймырзаұлының шығармаларынан жатқа оқу.

    6. Ы. Алтынсарин өлеңдерінің тақырыптық , идеялық мазмүны

    7. С. Бөкеевтің көңіл - күй, филисофиялық лирикасы.

    8. Ә. Найманбаев дастандары.

    9. М. Мөңкеұлының «Қарасай - Қази» дастаны.

    10. М. Сұлтанқожаұлының толғау - термелері.

    11. Ш. Уәлиханов — ағартушы, демократ, тұңғыш ғалым.

    12. Б. Оңдасүлы толғауларындағы азаматтық, әлеуметтік әуендер.

    13. Абай өлеңдерінен үзінді оқы.

    14. Майлықожа айтыстары.

    15. Абай қара сөздерінің идеялық - тақырыптық ерекшеліктері.

    16. Абай - аудармашы.



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте


Тақырыптар

Көрнекі құралдар, плакаттар, лабораториялық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

Дәріс сабақ


Семинар сабақ

Лабораториялық сабақ

1

2

4

5

6




XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны. Әдеби бағыттар мен ағымдар.

XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны. Әдеби бағыттар мен ағымдар.




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Зерттеу еңбектермен жұмыс

Жазбаша, ауызша

ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері. Айтыстың зерттелуі.

ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері. Айтыстың зерттелуі.




Модульді оқыту технологиясы

Монографиялық зерттеулер оқу

Жазбаша, ауызша

Айтыс өнерінің көрнекті өкілдері. Шөже Қаржаубайұлы, Кемпірбай ақын, Орынбай Кертағыұлы

Айтыс өнерінің көрнекті өкілдері. Шөже Қаржаубайұлы, Кемпірбай ақын, Орынбай Кертағыұлы




Интерактивті тақта, кестелер, суреттер

Библиографиялық жұмыс

Жазбаша, ауызша

Сүйінбай Аронұлы, Сара Тастамбекқызы, Қашаған Күржіманұлы

Сүйінбай Аронұлы, Сара Тастамбекқызы, Қашаған Күржіманұлы




Баспасөз материалдар, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Баспасөз материалдарымен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Бақтыбай, Түбек, Нұрым Жаршағұлұлы, Марабай ақындар.

Бақтыбай, Түбек, Нұрым Жаршағұлұлы, Марабай ақындар.




Кітаптар, кесте

Айтыстарын зерделеу

Жазбаша, ауызша

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кәмелұлы, Бұдабай Қабылұлы шығармашылығы

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кәмелұлы, Бұдабай Қабылұлы шығармашылығы




Альбомдар, суреттер, интерактивті тақта

Туындыларындағы қарсылық сарынды анықтау

Жазбаша, ауызша

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы




бақылау тапсырмалары

«Үш жігіт», «Қасқыр» туындыларына теориялық талдау

Жазбаша

Базар Оңдасұлы өмірі мен әдеби мұрасы

Базар Оңдасұлы өмірі мен әдеби мұрасы




Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар

Шығармаларының мазмұнына талдау

Жазбаша, ауызша

ХІХ ғасырдағы сал серілер. Ән өлең, Өнерпаздық, сыршылдық сарын. Біржан сал Қожағұлұлы

ХІХ ғасырдағы сал серілер. Ән өлең, Өнерпаздық, сыршылдық сарын. Біржан сал Қожағұлұлы




Интерактивті тақта, теориялық зерттеулер

Әдеби-теориялық кітаптар мен зерттеулерді оқу

Жазбаша, ауызша

Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылғы.

Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылғы.




Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, баспасөз материалдары

Зерттеулерді саралау

Жазбаша, ауызша

Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы

Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы




Зерттеу еңбектері, Интерактивті тақта

Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Әсет Найманбайұлы

Әсет Найманбайұлы




Модульді оқыту технологиясыкесте

Ғалымдардың естеліктерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи жырлар. жанрлық сипаты, зерттелуі. Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай», Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры.

Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи жырлар. жанрлық сипаты, зерттелуі. Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай», Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры.




Бейнетаспалар, сызба нұсқа, үлестірмелі карочка

Әдебиет тарихы оқулықтарын оқу

Жазбаша, ауызша

Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы

Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы




дыбыс таспалар, сызба нұсқа

Әлем жазушыларының естеліктерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия.

Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия.




Кітаптар, альбомдар, музей мұрағаттары

Ғалымдардың, жазушылардың естеліктерін, жинақтарын оқу.

Жазбаша

XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет

XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет




Интерактивті тақта

Зерттеу еңбектермен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Жүсіпбек Шайхұсламұлы мен Ақылбек Сабалұлы

Жүсіпбек Шайхұсламұлы мен Ақылбек Сабалұлы




Компьютерде сызбалар, альбом, суреттер

Кітәби ақындар ұғымына конспект

Жазбаша, ауызша

Ақмола Мұхамедияров пен Шәді Жәңгіров

Ақмола Мұхамедияров пен Шәді Жәңгіров




Кестелер, суреттер

Библиографиялық жұмыс

Жазбаша, ауызша

Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы.

Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы.




Баспасөз материалдар, кітаптар, қималар

Баспасөз материалдарымен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы.

Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы.




Кітаптар, кесте, бейнетаспалар

Зар заман сарынын саралау

Жазбаша, ауызша

Дулат Бабатайұлы шығармашылығы

Дулат Бабатайұлы шығармашылығы




Интерактивті тақта

Поэмаларын оқу

Жазбаша, ауызша

Мұрат Мөңкеұлы

Мұрат Мөңкеұлы




бақылау тапсырмалары

«Үш қиян», «Қазтуған» шығармаларын талдау

Жазбаша

Шернияз Жарылғасұлы

Шернияз Жарылғасұлы




Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар

Азаттық сарындағы өлеңдеріне талдау жасау

Жазбаша, ауызша

Алмажан Азаматқызы

Алмажан Азаматқызы




Сын тұрғысынан ойлау

Әдеби-теориялық кітаптар мен зерттеулерді оқу

Жазбаша, ауызша

Әбубәкір Кердері, Ақмолла Мұхамедиярұлы

Әбубәкір Кердері, Ақмолла Мұхамедиярұлы




Альбомдар, суреттер, баспасөз материалдары

Қисса-дастандар оқу.

Жазбаша, ауызша

ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет

ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет




Зерттеу еңбектері, сызба нұсқа, үлестірме каточка

Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы




Суреттер, дыбыс таспалар, кесте

Ғалымдардың естеліктерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым

Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым




Модульді оқыту технологиясы

Әдебиет тарихы оқулықтарын оқу

Жазбаша, ауызша

Абай

Абай




Интерактивті тақта

Әлем жазушыларының естеліктерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Абайдың ақын шәкірттері

Абайдың ақын шәкірттері







Абайтанушы ғалымдар пікірлеріне зер салу




7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте



Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б.

10

12

83%

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы: Көп томдық. Т.17 -Астана: Астана полиграфия, 2010.- 320 б.

10

12

83%

Нар заман мен зар заман поэзиясы: (Асанқайғыдан Кердері Әбубәкірге дейін): Жыр- толғаулар.- Алматы: Раритет, 2007.- 375 б.

10

12

83%

Алтынсарин Ы. Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері- Астана: Алтын кітап, 2007.- 164б.-

10

12

83%

Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. Семей, 2010

10

12

83%




  1. ӘДЕБИЕТТЕР:

8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1.1 Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б.

8.1.2 Жанпейісова С.С. Қазақ прозасындағы әнші ақындар бейнесі:

Филология ғылымд. канд. дис. автореф. / әл- Фараби атын. ҚазҰУ.-

Алматы, 2010.- 30б.

8.1.3 Жүнісов С. Ақан сері: Роман. 1-2-кітап.-Алматы: Жазушы, 2008.- 397б.

8.1.4 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы: Көп томдық. Т.17 -Астана: Астана

полиграфия, 2010.- 320 б.

8.1.5 Қыраубаева А. Шығармалар жинағы. 5-томдық. Т.3. Шығыстық қисса-

дастандар.- Алматы: Өнер, 2010.- 342 б.

8.1.6 Махамбет.Жорық жырлары 2007.-404 б.

8.1.7 Нар заман мен зар заман поэзиясы: (Асанқайғыдан Кердері Әбубәкірге

дейін): Жыр- толғаулар.- Алматы: Раритет, 2007.- 375 б.

8.1.8 Сүйінбай А. Бөрілі менің байрағым: Жыр толғау, айтыстар, естеліктер.

–Алматы:, 2009.- 271 б.

8.2 Қосымша әдебиеттер:

8.2.1 Алтынсарин Ы. Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері-

Астана: Алтын кітап, 2007.- 164б.

8.2.2 Ахметов З. Таңдамалы. Т.1 Алматы: Ана тілі, 2008.- 279 б

8.2.3 Базар ж. Шығармалары. Қорқыт Ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті.-

Астана: Фолиант, 2008.- 379 б.- (Сырдария кітапханасы).

8.2.4 Баймыш Л.Қ. Орталық Қазақстан ақындары шығармашылығындағы

отаршылдыққа қарсылық көрінісі: Филология ғылымд. канд.... дис.

автореф. -Астана, 2010.- 30 с.

8.2.5 Ербай Т.М. Абай шығармашылығындағы Бұқар, Дулат, Шортанбай

дәстүрі: филолог. ғылымд. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд.

дис. автореф. - Алматы, 2009.- 30 б.

8.2.6 Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. Семей, 2010





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет