1. ҚОЛДАНЫС АЯСЫ «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған.
2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-08.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен тәжірибелік дағдылар туралы түсінік беріледі. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипарттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектердің де назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болады.
Қазақ әдебиетінің орта мектепте жүргізілу тарихы мен теориялық тамырларын студенттер дәрістерді тыңдау үстінде қандай мәселелердің қозғалып жатқанын дұрыс аңғарып отыруы аса маңызды жай. Сондықтан, бағдарламаның тақырыптарының бір-бірінің заңды жалғасындай болып шығуына жете көңіл бөлінді. Мазмұн сабақтастығы, мәселелердің туындау рет-реттілігі сақталды. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» бакалавриат сатысының 3-курсында жүргізіліп, дәрістік және семинар түрлерін қамтиды.