8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылыдқ оқу жоспарының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс істеу ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғары оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы.
|
2
|
1,2,3,4,5,11
|
9.Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны және жабдықтау мәселесі. Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, теледидар, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды.
|
1
|
1,5,10,11,13
|
Семинар сабақтары
|
1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі – әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттілігі. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де толып жатқан тәсілдері, амалдары, жылдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі.
|
2
|
1,2,3,4,5,11
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |