2. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі. Сол өнердің бертін келе бірте-бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ алысы, қара көріністері, ондағы әдеби-тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары. Әдебит пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері.
|
1
|
1,5,10,11,13
|
3. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы «Серке» (1907), «Қазақ газеті» (1917), «Қазақстан» (1911-1913), «Қазақ» (1913-1918) газеттері және «Айқап» журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері.
|
1
|
1,5,8,9,12
|
4. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәні. 1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991 ж.) оның мазмұы-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер.
|
2
|
1,5,10,11,13
|
5. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. Сөз өнері туындаларының пайда болу, даму, толысу, жаңару-жаңғыру сатыларын пайымдайтын ғылыми зерттеу еңбектері, талдамалары және қол жеткен тың теориялық тұжырым-байламдары негізге алынып, нәтижесінде мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің жаңарып, заман талабына орай түрленіп отыратындығы. Мұндай үздіксіз ізденістердің әдебиет пәнін оқыту барысында белгілі бір өтілетін әдеби тақырыптардың ішкі табиғатына қарай сан қырлы амалдар, жолдар мен тәсілдерді өмірге әкелетіндігі.
|
2
|
1,2,3,4,5,11
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |