«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


$$

«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін

2-009-000.2.9 Дәріс №9


бет27/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9
Тақырыбы: Өсімдік атауларынан төрт түлікке қатысты жасалған тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы
Дәріс жоспары:

  1. Жылқы малына қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаттамасы

  2. Халық санасында төрт түлiкке байланысты қалыптасқан ұғым-түсініктердің тұрақтылығы. Қой, түйе, сиыр малына қатысты ТТ-ң этнолингвистиклық сипаттамасы

  3. Малшылық кәсiпке байланысты жер бетiнiң түгіне, мал азығына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестер

&&&
$$$002-009-001$3.2.9.1Жылқы малына қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаттамасы
Қазақ халқы үшiн төрт түлiк малдың бабын табу, жер-судың ыңғайына қарай жайлау, қыстау, күзеу арасында көшiп-қонып жүрудiң де табиғаттың жұмбақ сырларын, тылсым күшiн түсiнiп, соған орай алдын-ала әрекет жасап дағдыланған жылдар бойғы тәжiрибесiнiң түйiнi жатыр. Әр айдың оты, жер-жердiң шөбi басқа тiркесiнен күн күркiреп, көк дүркiреп көктеуiнен, пiсiп-жетiлiп, ұрық шашуы, қуаруына дейiнгi табиғи өзгерiстерiн қалт жiбермей бағып, уақытына тән сипатын қадағалап табиғаттың осы құбылыстарына сай, алдындағы малының жағдайын ойлаған малшы қауымның өмiрлiк зердесi көрiнедi.
Барлық көшпендiлердiң халықтық байлығының бiрден-бiр көзi мал екенi белгiлi. Көшпелi халықтың бақ-дәулетi малының амандығына тәуелдi. Бақ-дәулетi мен игiлiгiнiң қайнар көзi мал болған соң, ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» деп сұрайтын. Әр елдiң сәлемдесу салты-халықтың ұлттық сипатының айқын бiр көрiнiсi сияқты. Жалқау, енжар түрiк сәлемдескенде: -Кәйфiңiздесiз бе? /Кәйф-тынығып, дем алу, дүниенiң рахатын көру/ - деп сұрайды. Ал аспан асты патшалығының бiтiк көз баласы сiзге күндiз кездессе де, түнде кездессе де бәрiбiр: «Чели фани маю?»/, яғни қарныңыз тоқ па?,- деп сұрайды. Қырғыздың сәлемдесiп, амандық сұрауы да ерекше: «Мал-жан аман ба?»-дейдi олар деп көрсетедi Ш. Уәлиханов. Осы бiр ауыз сөздiң өзiнен қазақ өмiрiнде малдың орны ерекше екенiн ұғуға болады. Малдың күшi, сүтi, жүнi, қылы, етi, терiсi-халықтың тағамы, киiмi, баспанасы, үй жиhазы-өмiрiнiң тiршiлiгiнiң негiзi. Төрт түлiк малдың болмысын табиғаттан бөлмей, жаратылыс заңдылықтарымен сабақтастыра бақылап, терең таныған бабаларымыз өз санасында соларға қатысты мифтiк, фәлсапалы мәдени танымдар мен ұғымдар қалыптастырған. Осыған орай тыйым сөздерден мысал келтiрейiк: малды қу шыбықпен, болмаса қабығы түскен қу ағашпен, тiптi, от көсеген ағашпен де айдауға болмайды. Себебi, малдың сүтi күйiп кетедi. Сыпырғышпен малды ұруға болмайды, жас шыбықпен айдау керек. Мұндағы қу ағаш, қабығы түскен, жартылай күйген ағаштар қайта көктеп өнiм бермейтiн болғандықтан малды осылармен жасқайтын болса, малдың өнiмi болмай, сүтi қайтады деген ырымнан туса керек. Сол сияқты қой түлiгiнiң мiнезiне қарап, ауа-райын болжау да ұлттық болмыс ұғымдарына жатады. Мысалы, күздiң соңында немесе қыстың бас кезiнде өрiстен қайтқан қойлар аузына бiр-бiрлеп шөп тiстеп келсе, қысында жұт болады; күзде қой отары тау беткейiне үнемi жайылғыш келсе, жұт болады деп жориды жылдар бойғы тәжiрибесiнен түйiндеген шопан.
Сөйтiп, қазақ халқы малдың түрлi ерекшелiктерi мен қасиеттерiн көрсететiн сөздерге басқа халықтарға қарағанда бай дейтiн болсақ, онда сол малға азық болып табылатын өсiмдiк түрлерi мен олардың атауларына, солардан туындаған ТТ-ге де соншалықты бай екенiне күмән жоқ.
Осындай ұлттық болмыс ұғымдарынан, ғасырлар бойы түйген ойдың, тиянақты пiкiрдiң негiзiнде төрт түлiкке қатысты қалыптасқан өсiмдiкке байланысты тұрақты тiркестерге тоқталып, iшкi мазмұнына үңiлiп көрейiк.
«Жылқы-малдың патшасы» дейтiн қазақтың көшпелi тұрмысындағы жылқының орны ерекше. Ендi осы жылқы малының табиғи ерекшелiктерiне байланысты жасалған ТТ-терден мысал келтiрейiк. Халқымыз шаруашылық пен мәдениетте түр мен түстi де ұмытпаған. Малға байланысты айтылатын түстiң өзiндiк, тәлiмдiк, ұғымдық ерекшелiктерi көп. Соның бiрi-жылқының түсiне қатысты айтылатын тобылғы торы, тобылғы меңдi торы ат тiркестерi. Тобылғы дегенiмiз тұрмыста әр түрлi қажеттiлiктерге қолданылатын қызыл күрең түстi бұта. Ал осы тiркестердiң қалыптасуына бейнелеуiш негiз болған жылқы малының түсiнiң тобылғы бұтасы түстес болуы. Сонымен қатар тобылғының бүрiн үгiп берiп, бие сүтiмен сусындатып, ат та жаратқан.
Ал ат қара тiл болғанда фразеологизмiнде тiкелей өсiмдiк атауы аталмаса да, ерте көктемде жаңа шыққан отқа жылқы аузы iлiккен кездi бiлдiредi. Бұл тiркеске балама ретiнде шөптiң ең әдепкi шыққан маңызына, алғашқы уызына семiрген ат турасында айтылатын ат раңетiн алды //ат раңын алды// раң жеген жылқыдай тiркестерi және сүмбiле жұлдызы көрiнетiн сарша /тамыз/ айының аяғында шөп құнарланып, күш-қуаты арта түсуiне байланысты жылқы малы тез қоңдалып, қунағанын нақтылай түсетiн сүмбiле туар сүмпиiп, ат семiрер жұнтиып мақалын да айтуға болады. Бұл мақалдың мәнiсi малшы қазақтың осы жұлдыздың туатын мезгiлiн, ат сүйiп жейтiн шөптiң нәрлiк қасиетiн дәл аңғаруында. Тiркестердiң өмiрге келуiне жаздың нағыз бел ортасында шөптiң әбден пiсiп жетiлiп, малдың бiршама қоң жинап, көк шалғында жылқы ойнар дейтiн кезiне дөп келуi себепшi болып тұр.
«Делбе болған жылқыдай» тiркесiнiң пайда болуына жылқының миына құрт түсiп ауырғандағы күйi тiрек болған. Ауру жылқы екi көзi шарасынан шыға осқырынып, пысқырып, маңайына жан жуытпай, тарпынып, басын сiлки беретiн көрiнедi. Қазақта сөз ұқпай, адамның ойына сыйғысыз әрекеттер жасап, онысына ұялып, есеп те бергiсi келмейтiн адамды жақтырмағанда «ой, делiқұлы» деп жатса, ерекше шабыттанып, арқасы қозып, шулы бiр әрекетке iлесе кеткiсi келiп тұрған адам жайлы «делебесi қозып тұр»деп жатады. «Делбе жұқса, қырады. Жылқыға қырғыншылығы соншалық, әр жүзiнен тiрi қалатындары бiр де екеу ғана екендiгiне көз әбден жеткен. Көктем-iндеттiң таралып жұғатын кезi. Iндет белгiсi: тұтқиыл кiсiнейдi, зымырап шаба жөнеледi. Көзiне қарамайды, жарға соғылып, тастан ұшып өледi. Ұстайын десе тiстейдi, жолатпайды. Емдеуi: кедiргек, кердерi, салжау, таткермек [57.428]. Делбе сөзi монғол тiлiнде дэлбэ-1. (гүл) жапырақша. 2. цулбур-шылбыр, цулбур өвс-өс. таспажапырақ, жыланқияқ [58.691]; якут т. даlбi-сильно до последней крайности, совъсъмъ, раз-/бить/; даlбi а ыла -сильно запыхаться [59.687]; түркмен т.: -кемақыл, дәли, тентек [60.642] дегендi бiлдiредi. Осы мысалдардан көрiп отырғанымыздай «делбе» сөзi 1.з.е. арба, шанаға жегiлген көлiктi жөнге салып, жүргiзiп отыратын қайыс бау, божы; 2. Бас айналдыратын, сандырақтатып, ауыртатын дерт (маникальное состояние); 3. өс. жiңiшке, ұзын, қияқ тәрiздес таспажапырақ шөп. Бұдан шығатын қорытынды «делбе» деп аталатын таспажапырақ шөптi iндет кезiнде бұл аурумен ауырмаған жылқыға қайнатып, шелектеп iшкiзiп, қазақи ем қолданып, жылқыны шылбырға, тiзгiнге бағынатын қалыпқа келтiредi. Сондықтан осы ауруды емдейтiн шөп-делбе шөп деп аталады. Әрбiр өсiмдiктiң өз басында көптеген iшкi-сыртқы, мәндi-мәндi белгiлерi болады. Белгiлi бiр өсiмдiкке ат қоярда сол белгiлерiнiң адам санасында берiк орнығып қалған ерекше бiреуi уәж болып таңдалынады. Яғни, әлгi өсiмдiкке ат қою үшiн, оның ең басты белгiсi негiзге алынады. Сол белгi бүкiл қоғам мүшелерiне ортақ болуы керек және заттың ең басты қасиеттерiн қамтуы қажет. М.М.Копыленко: «Мотивированность опирается не только на семантику той или иной части слова, но и на какой либо конкретный признак растения, на основе которого произошло наименование» [61.107] деп көрсетсе, Б.Қалиев өзiнiң «Лексикосемантическая и морфологическая структура названии растений в казахском языке» деген еңбегiнде көптеген өсiмдiк атаулары атқаратын қызметiне байланысты туындағанын айта келiп, оларды бiрнеше топқа бөледi. Соның бiрi өсiмдiктiң емдеу қасиетiне байланысты екенiн атап көрсетедi. Сонымен, делбе шөп атауының шығуына «делбе» ауруына қарсы ем жасайтын қасиетi себепшi болып тұр деп ойлаймыз. Делбе болған жылқыдай тiркесi о баста жылқыға қатысты айтылса да, олар түптеп келгенде адамның iс-әрекетiн сипаттауға бағышталып тұр. Мысалы, Жамбыл атамызға сәлем беруге барған Бауыржан Момышұлы мен Сәбит Мұқанов алдарына сыйлы ас – бесбармақ келсе де, Жәкеңнiң сөзiне ұйып, мақұлдап, бастарын изеп, табаққа қол созбай отыра бередi. Сонда Жәкең: – Делбе болған жылқыдай мына қызталағың неғып отыр, ет жемей, – деген екен.

&&&
$$$002-009-001$3.2.9.2Халық санасында төрт түлiкке байланысты қалыптасқан ұғым-түсініктердің тұрақтылығы. Қой, түйе, сиыр малына қатысты ТТ-ң этнолингвистиклық сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет