Қазақтың тарихи қалыптасқан дәстүрлi шаруашылық кәсiбi – көшпелiлiкке негiзделген мал шаруашылығы екенi белгiлi. Осы шаруашылықпен айналысу, осыған сай еңбек тәжiрибесi, әдетi, салты, мiнез-құлқы, бiр сөзбен айтқанда рухани келбетi, сол негiзгi кәсiбiнен туындайды.
Қой шаруашылығы қазақтың көшпелi шаруашылығының негiзi болып табылады, кең байтақ жердiң шөбi мен суын тиiмдi пайдаланудың ең бiр ұтымды тәсiлi. Әрине, қойдың күйлi болуы қойшыда, оның өрiстi дұрыс таңдай, жақсы шөптi тани және сол шөптi құнарлы кезiнде қойына жегiзе бiлуiнен, қойдың табиғи қажетiне сәйкес дұрыс кесте жасай бiлуiнен. Қойдың күйi құмалағынан бiлiнедi: егер қойдың құмалағы жатқан жерiнде құрғақ болып, шашылып жатса, қойдың бабы ойдағыдай болмағаны. Керiсiнше, құмалағы ұйысып, бiрiне-бiрi жабысып жатса, қойдың күйiнiң жақсы екенiн бiлдiредi. Сондықтан, малдың өрiске өз еркiмен барып, өз еркiмен жайымен жайылып қайтуы оңды. Малдың бабын бiлмегендiктен, шұрайлы өрiстi дiттемегендiктен, тәжiрибесi аз немесе өз жанын күткен шопан қойды үркiтсе, тез айдаса, итпен қуалап, иiре берсе, мал қатты терлеп жатын орынға аш оралады. Сол үшiн өрiстегi қой өз еркiмен тарыдай бытырап, алаңсыз жайылмаса, күн бата өрiстен өз еркiмен қайтпаса, малдың тойынбағаны. Тiптi, малдың шетi жайылса да, орта шенiндегiлер ылғи да шала құрсақ қайтады. Шетi өрiстей бергенде, ортасы шұбырынды болады. Әсiресе, кезi кеп сәтi түскенде, яғни сасыр басы сарғая, ел көшедi жайлауға дегендей көшi-қон кезiнде ұзақ жерге шұбыртып, үркiндi ғып, қатты айдау, қой, қозыны титықтатып, күйiн кетiрiп жiбередi. Оты нашар, асфальт жолдың бойын ала жан-жақтан қаумалай атпен құрықтап, итпен қуалай, шулай айдаған мал шұбырынды болады. Не шөпке жарымай, не қанып су iше алмай, ұзақ айдау көрiп, шаң қапқан малдың өзi де, төлi де екi бүйiрi түсiп, солықтап, өкпесi қабынады. Мал шығыны болады. Осындай шұбырындыдан болатын шығынды қазақ халқы өте ауыр дерт қатарына жатқызады [67.37]. Малдың осы жағдайын тап басқан дана халқымыз Бидайды қуырған, малды шұбырған құртады деп бiр-ақ сөзбен тұжырымдаған.
Сиыр бағу көшпелiлердiң отырықшы өркениетiне ауысуына бiрiншi қадам болып табылады [69.115]. Бұл жолда ең әуелi еңбек түрi өзгередi. Сиырды жаю басқа малды жаюдан өзгешелiгi шамалы болса, шөп шабу, пiшен шабу, пiшен жинау, оны кептiру, маялау, қыстауға тасу-мүлде өзге еңбек түрi. Сиыр сулы жерде өсетiн өсiмдiктердi жақсы жейдi, өзi де кем дегенде күнiне үш рет су iшедi. Сондықтан, сиыр шөл және шөлейт жерлерден гөрi шалғын шөптi, мол сулы жерде өсiмтал. Өлеңдi жерде өгiз семiредi деген тiркес осыған байланысты туса керек. Өлең-olah-лужайка /трава/ су жағасына, сулы, сазды жерге шығатын шөп, шабындық жер деген мағынада жұмсалады [80.383]. Бұл сөз көптеген түркi тiлдерiне ортақ сөз болып табылады. Әрине, тарихи, мәдени қарым-қатынас болған тiлдерде, сөз жоқ, ауыз-түйiс болмай тұрмайды. Э.В.Севортянның зерттеулерiне қарағанда «өлең» сөзi түркi тiлдерiнен монғол тiлiне ауысқан көрiнедi. Түркi тiлдерiндегi өлең сөзiнiң барлық лексикалық мағынасының негiзiнде Севортян сөздiгiнде толық этимологиялық талдау берiлген. Осы сөздiкте негiзiнде өлең сөзiнiң түркi және алтай тiлдерi арасында кең тарағанын байқаймыз. Оған төмендегi мысалдардан көз жеткiзуге болады. Өлең /olем –түркi, қаз.,хак.,туф.тiлдерiнде; өлең/olоh қырғ., алт., тiлдерiнде де бар сөздер. Берер мағыналары: 1. Шөп-түркi тiлдерiнде «соны шөп» /свежая трава/; ноғ.,баш., тат., ұйғ.-жұмсақ шөп /мягкая трава; құм., хак.,-боз, селеу /ковыль/ як. тiлiнде-бидайық, еркек шөп /пырей/; қаз., қыр.- жұғымдылығы шамалы шөп-өлең шөп; азербай.,- ағынды суы жоқ жерде өсетiн шөп түрi. 2. Нәрлi шөп /сочное растение/- тат., шағ. 3. Мал азықтық шөп /сено/ -құм.: алтай тiлдерiнде-жұмсақ шөп /мягкое сено/. 4. Шалғындық /лужайка ДТС/; шалғын /луг/- түрк. т. көкорай, көгал деген ұғымды бiлдiрсе, Будагов сөздiгiнде мурава /зелень/ деген мағынаны бiлдiредi. 5. Жасыл /зеленый/-көк шөп. 6. Өрiс /пастбище/-түрк. шұрайлы, шүйгiн жер /место изобилующее зеленью/, жасыл алаң /зеленое поле/. 7. Батпақты, сазды жер /плодородная почва/ . 8. Сулы, дымқыл. 9. Дала. 10. Шөл дала
Ал орнықтылық пен сабырлылықты бiлдiретiн қазақтың көш көлiгi, дала кемесi аталатын түйе атауының қатысуы арқылы жасалған ӨБТТ де аз емес. Мысалы, бiр ғана түйе түлiгiнiң сүйсiне жейтiн, республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында, яғни ағашы аз тау бөктерлерiнде, құмда жиi өсетiн, жартылай бұталы, тiкенектi, көп жылдық тiкендi өсiмдiк – жантаққа қатысты қалыптасқан ТТ қаншама. Мысалы, түйенiң сүйген асы-жантақ, тиiннiң сүйген асы-жаңғақ; жар басындағы жантақты, жаннан безген нар жейдi; түйенiң жантақ жемесе, тiлi қышиды; түйе алтын артып жүрсе де, жантақ жеуiн қоймайды; түйе жантақ жегiсi келсе, мойнын созады т.б. Бұл мақалдарда кiм болса да өзiнiң табиғатына сiңiстi болған, қолайына жағатын iстi атқаруға бейiм болатыны, үйреншiктi әдетiне басатыны жайлы айтылып тұр. Яғни, тiршiлiк иесi тәжiрибе жинайды, оны топтап жинақтайды, саралап түйiндейдi, оны қорытындылайды. Осы қазынасын орайы келсе, өзгелерге таратып, игiлiгiне жаратады. Халық қашан да ойшыл, бiлгiр. Ол жалпы болмыстың ғана емес, өмiрдiң әр саласының қыр-сырына терең бойлайды. Мысалы, ақсақ түйенiң аузына жел айдаған қаңбақ түсер тiркесiнiң берер түсiнiгi, әркiмнiң өз несiбесi бар,өз кәсiбi бар, тiршiлiк иесi өз пендесiн өлтiрмейдi деген моральды бiлдiрсе керек.
&&&
$$$002-006-003$3.2.6.3Малшылық кәсiпке байланысты жер бетiнiң түгіне, мал азығына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестер
Малшылық кәсiпке байланысты қазақтар жер бетiнiң түгiне, әсiресе, мал азығына қажеттi шөптерге ерекше мән берiп, оларды жан-жақты таныған. Неше алуан шөп тектес «өсiмдiктердi әртүрлi қасиетiне қарап-ақ от, боз от, жасық от, көк от, қара от деп бiрнеше топқа бөлiп қарайды. Ақ от – тұщы шөптердiң жалпы атауы. Қазан ұрып, күздiң ақ жауынына шайылған күзеудiң шөбi. Жылқы малының сүйiп жейтiнi – бидайық, бетеге, қоңырбас, ебелек, изен сияқты шабындық шөптер – боз от. Бозды жерге жылқы семiрер тiркесi соның айғағы. Қара от – жусан, көкпек, баялыш, кекiре, мия, соран, теке сақал, итсиген т.б. ащы шөптердiң жалпы атауы. Қара отқа жататын шөптер тым ащы болғандықтан оларды жаз айларында онша сүйiп жемейдi. Олардың қуаты күз ортасына қарай күшейедi де қыста кейбiреулерi бастарына дән жинап, оның дәнi қыс бойы сабағында сақталады әрi малға құнарлы жем болады. Оны жеген мал тез семiредi. Қара отқа жататын мияның қой малы үшiн жұғымды екенiн оның емдiк қасиетiн миялы жерде мал азбайды, мияның мал семiртер шөп екенiн айқындай түсетiн миялы жер май болар тiркестерi қалыптасқан. Жасылот – сазды жерде өсетiн құмай, мысыққұйрық, шым секiлдi өлең шөптердiң жалпы атауы. Жасыл отты сиыр малы сүйсiнiп жейдi. Ал көк от – көктемде көгерiп, құлпырып тұратын көк балауса, көкорай шалған, көк майса, көрпекөк iспеттi шөптердiң жалпы атауы [75]. Сол сияқты В.В.Радлов түркi халықтарында «от» сөзiнiң қатысуымен көптеген тiркестер қалыптасқанын көрсетедi. Мысалы, janamak от (osm) – көкөнiс салат; сыл ан от (Те1.) – су шөбi; шыш от (Те1.) – арам шөп; корух оту (Ad.A) – шабындық шөп; чоl оту (дала шөбi); очу от –үйбидайық; балык оту (osm) әйтеуiр бiр өсiмдiк (какое-то растение); дурак оту (osm) – аскөк; бурун оту (osm) мұрын оты (нюхательный табак); от о1оң – барлық шөп [10.1099].
Жалпы от сөзi – көк шөп /зелень, трава/ [80.373] мал азығы болатын өсiмдiк деген мағынада түрк., азерб., гак., құм., ноғай, тат., өзб., қырғ., қазақ тiлдерiне ортақ сөз [81.481]. Жердiң оты деген түсiнiкпен кең мағынада қолданылғанын көне түркi жазу нұсқаларынан көруге болады. Бұл сөздiң ертеректе азық, ас деген де мағынасы болғанын М.Қашқари сөздiгiндегi атқа от бергiл, от iштiң деген мысалдардан көруге болатынын жазады С.Кеңесбаев. Ондағы от деген сөз ас, тамақ деген мағынада қолданылған. Осы күнге ас iштiм, атты отқа қойдым делiнсе де, атқа от бердiм деген сияқтылар тiлдiң нормасына жат көрiнедi. Өйткенi, бұл сөздiң мағынасы: тарайып, бұрынғы мағынаның бiрнеше мәнi жоғалып кеткен [68.50]. Түсiндiрме сөздiкте «от-малға азық боларлық шөп» деп көрсетiлген. Қазiргi кезде де от сөзi осы мағынада қолданылып жүр. Мысалы, «Жердiң шөбi таусылды дегендi, оты қашты; бiреудiң жерiн мекендедi, баспаналады, арқа сүйеп күнелттi-отын оттап, суын сулады, отын оттап, суын iштi; мал жайылымы болды, тойынды-оты қанды; жайылымы бiр, өрiсi бiр, тағдыры бiр- оты ортақ; /Мысалы, Жемге жетпей тоқтайтын алты Әлiм мен 12 ата Байұлы Қаратауды айнала көшiп емес, қоныс аударып қана жүрген қоңырат- өзегi бiр, оты ортақ бүкiл қазақ- бәрiң кiнәлiсiң! [82.61]; аттың белiн алғызып, шөпке жайып алды, атын азын-аулақ отқа қойды – ат шалдырды //атын оттатты; шөп жей алмады, жайылмады, ауруға ұшырады – оттан қалды; жайылымға жiбердi, отқа жiбердi./ Мысалы, Өз атын мiнсе, қайтер едi? Суытып отқа жiберейiн деп тұрғанда, қинап тастайды-ау![83.63]; мал тiсi тимеген – отын шалған емес /Мысалы, Көшпелi елдiң төрт түлiгi жайылып, шыңындағы отын шалған емес [84.27] деген фразеологизмдер соның айғағы.
Сол сияқты қаптап өскен қалың шөптi, көрпеот десе, оның жаңадан жетiлу барысын откөрпелендi деп атайды. Жаппай жиын-терiн жасап, жемiстерiн терiп алғаннан кейiн жетiлген /бiрлi-жарым қалып қойған/ жемiстердi көрпе иемiш деп атайды, яғни ол басқалардан гөрi кешiгiп барып пiскен жемiс. Өсiмдiк атаулыға байланысты «көрпе» сөзiн «жас», «жаңа» /свежий/ яғни көрпе от /свежая трава/, көрпе иемiш /св.фрукты/, ат көрпелендi /лошадь ела св.траву/, откөрпелендi /появилась св.трава/ [85.137] деген мағынада қолдануға болады.
Ал мал аузына еркiн iлiнетiн күзгi көктi қазақ шаруалары күзгi алшын деп атайды. Себебi, жерге шық түскеннен бастап, күзгi жаңбыр, қара суық, қар араласқан маусымда кейбiр жерлер аяқ астынан жылына қалады да шөптiң қайта көктейтiн кезi болады. Осындай өрiсте ұзағырақ жайылған мал денесiне жартылай үсiк шалған көктiң нiлi сiңе жайылады. Көктемгi көк нiлi де мал денесiне қатты сiңедi. Ыстық күндегi жаз көгi малға ас болып қан-сөлiн толтырып, ет-майын бiтiредi. Ал көк алшын [67.33] малдың етiн көбiктендiрiп, босатып аздырады. Әсiресе, салқындау келетiн тау алқымындағы күзгi көк жаман.
Күндiз көктеп, түнде жартылай үсiген көк нiлi малдың қаны мен сөлiне, етi мен майына, сүйегiне сiңген сайын мал денесi суық тартқыш келедi. Күзгi алшын жеп, суық суды күнде iшкен мал ылғи да суықсырап, қоңылтақсып, тоңғақ болады.
Сонымен, мал баққан қазақ шаруасы көктiң жер бетiн жарып шыққаннан бастап, күзде қар астында қалғанына дейiнгi кезеңiн қадағалап, әр айдың отыбасқа дегендей әр уақыттағы өсiмдiктiң ерекшелiгiн тап басып тауып, келер ұрпағы iстiң мән-жайына қанық болсын деп, ат қойып, айдар тағып, өсиет, уағыз, ескертпе ретiндегi тұжырымын ТТ ретiнде ұрпағына мирас еткен.
Жоғарыда қарастырылған өсiмдiк атауларынан жылқы, түйе, сиыр, қой түлiгiне қатысты жасалған ТТ-ден байқағанымыздай адамдар мен үй жануарларының мiнез-құлықтарында ортақ қасиеттердiң бар екенiн көремiз. Яғни, тура және ауыспалы мағынада қолданылатын жануарлардың аты, адамдардың мiнезiн образды түрде беруге лайықты қызмет атқарады. Ол жайында К.М.Гюулумянц: «Объектами сопоставления, естественно, являлись животные: они всего более напоминали человека: здесь далекие психологические основы животного аналога» [86.109] дейдi. Себебi, оларды адамның өзi айқындап, бейнелеуiштiк негiз тұрғысынан ауыс мағынада беруiнде. Тұрақты тiркестердiң күрделi табиғатының дамуы, оның шығу төркiнiн айқындау, тiлдiң өзiнiң бай деректерiнде, осыншама рухани байлықты бойында сақтаған халықта [87.109].
Сонымен, бiз төрт түлiктiң қатысуымен өсiмдiк атауларынан қалыптасқан ТТ-дi әртүрлi аспектiде қарастырдық. Бұдан шығатын қорытынды, адамзат баласының әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi XX ғасырға тұяқ iлiктiргенге дейiн бұл далада игiлiк атаулы тек малдың тұяғымен жасалуға болатындығы едi.
Қысы қатты, жазы ыстық байтақ дала, суы тұщы, шөбi шүйгiн ен дала тек малдың тiсiне ере бiлсең ғана құт-мекен болғандай. Тіршіліктің басқа жолын таңдау – тылсым табиғатқа ата-бабамыздың тәуелділігін көрсетер еді. Көкжиекке сұғына жол шегiп, оң-солын тани бастаған ұрпақ көшпелi ғұмырға бiржола ден қойды, сөйтiп, ұлы дала көшпелi елдiң тiршiлiк, тiрлiгi ғана емес, рухани әлемiне де айналды. Оны бiз, ең алдымен, тiл байлығынан, тiлдегi қалыптасқан ТТ-ден көремiз.
&&&
$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің орны қандай, төрт түлікке қатысты қандай тіркестерді білесіз?
Тобылғыны шаруашылықта қалай пайдалантын болған?
Өсімдікке қатысты тұрақты тіркестерді зерттеген қандай тілші ғалымдарды атаай аласыз?
Төрт түлікке қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестерді Ә.Қайдардың жүйесі бойынша қай топқа жатқызуға болады?
Сиыр малына қатысты тұрақты тіркестерді атаңыз, олардың мәнін қалай түсіндіруге болады?
Түйе малына қатысты қандай байлаулы ассоциациялар, мағыналар орын алған?
&&&
$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10.
Тақырыбы:Шығыс қазақстан аймағындағы этноаталымға қатысты топонимдердің этнолингвистикалық сипаты
Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы .Этноаталымға қатысты топонимдерді тарихи-мәдени және этнографиялық аспектіде қарастыру
Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды кезеңге бөліп қарастыру
Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты
&&&
$$$002-010-001$3.2.10.1Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы .Этноаталымға қатысты топонимдерді тарихи-мәдени және этнографиялық аспектіде қарастыру.
Қазақ ономастикасының құрамдас бөлігі қазақ тіліндегі жер-су атаулары да қазақ халқының ғасырлар бойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігері. Себебі күнделікті өмірде мыңдаған топонимдер тілдік қолданыс барысында қарым-қатынасқа түсіп, әрбір адамның өмірінде белгілі дәрежеде қызмет атқарады.
Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдар көптеген ғалымдар еңбегінің зерттеу нысаны ретінде де алынып, болмаса зерттеу тақырыбының аясында бірнеше аспектіде қарастырылып келеді. Қазақтың географиялық атауларын қарастарған Г.К. Қонқашпаевтың, Т. Жанұзақовтың орындауында жарық көрген айтулы еңбектің бірі – 300 топонимнің мән-мағынасын ашып, түсініктерін, этимологиялық негіздерін көрсеткен көлемді «Атажұрт» атты еңбегін; Көкшетау өңірі топонимдерін лингвистикалық тұрғыдан саралаған О.А. Сұлтаньяевтың; Оңтүстік Қазақстан топонимдерін тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттеген Қ. Рысбергенованың, Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тау аттарының тілдік, экстралингвистикалық, этномәдени сырларын ашып, талдаған Б. Бияровтың, сондай-ақ Қазақстан топонимикасын іргелі түрде зерттеген, кандидаттық, докторлық диссертациялар, сөздіктер монографиялар дайындаған топонимдерді шығуы мен дамуы, қалыптасуы тарихынан және этимологиялық аспектіде қарастырған Ә. Абдрахмановтың және т.б. ғалымдардың еңбектерін халықтың тарихи жадынан өлшеусіз мәлімет беретін қайнар көз екендігін атап өтуге болады. Дегенмен, Шығыс Қазақстан аймағындағы этнотопонимдерді арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырған Ә. Абдрахмановтың «Қазақ этнотопонимикасы» тақырыбындағы еңбегінен басқа зерттеу жұмысы жоқтың қасы.
&&&
$$$002-010-002$3.2.10.2Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды кезеңге бөліп қарастыру
Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды бірнеше кезеңге бөліп, бірінші, жоңғар шапқыншылығынан кейін қойылған атаулар деп қарастыруға болатын сияқты. Мысалы, Майлының шаты, Майлыекең шаты, Қабанбай шаты, Садыр көлі, Майлы төбесі, Үлкен Майлы, Кіші Майлы атты жер атауларыныңболуы сол кез тарихынан хабар беріп тұрған дереккөздердің бірі. Халық жадында Қабанбай мен Боранбай батырлардың серігі Майлының жерленген жері, зираты және соған қатысты жер атаулары сақталған. Бүгінгі Ақжар елді мекенінен 60 шақырымдай жерде, тау ішінде қазақ-жоңғар соғысында қаза тапқан жауынгерлер жерленген қорымның шетінде тұрған Майлы батырдың зиратын жергілікті халық көрсетіп бере алады және сол маңдағы екі асу «Үлкен Майлы», «Кіші Майлы» деп аталатынын жазады өзінің «Тағылым» атты еңбегінде Қарпық Егізбай. Ұлан ауданының жеріндегі атақты Сібе көлдерінің (бес көл) бірі «Садыр көлі», ал оның жанындағы төбе «Майлы төбесі» деп аталады. Олардың неге осылай аталғандығын сұрағанда жергілікті тұрғындар, бұл жерде Қабанбай бастаған қазақ қолы жоңғарлармен қиян-кескі шайқасқа түсіп, қазақ әскерінің тегеуіріне төтеп бере алмаған жоңғарлар жеңіліп, қашуға мәжбүр болған дейді. Соғыс аяқталғаннан кейін Майлы батыр бес көлдің біреуінің жанында әскерімен бірнеше күн еру болыпты. Сол күндері батыр көл жанындағы төбенің басына шығып, азат етілген әсем өңірге шаттана көз тастайтын көрінеді. Халық кейіннен ол кісі шығып жүрген төбені «Майлы төбесі», жанындағы көлдердің бірін «Садыр көлі» атандырған көрінеді. Майлы батыр Найманның Төрт Төлегетай тобына кіретін Садыр руының анда табынан шыққан. Майлы Жанақұлы 18ғ. Қазақ-жоңғар соғысы қаһармандарының бірі, бүкіл садырдың ұранына айналған [89, 55]. Ата-баба жерін жаудан азат еткеннен кейін де қаншама жерге айғақталатындай атаулар қойылып жатты.«Біздің тобықты мұнда келген кезде, бұрын келіп, қалмақты қуған найман, матайлар Шыңғыс бөктерінде екен, уақтар Ертіс жағасында екен. Тобықтыны азып-тозып келген ел деп, матайлар малына зорлық қыла берген соң, тобықты матаймен жанжалдасып бұрынғы арғынның ата қонысы Шыңғысты өзіміз аламыз деп, матайды қуып, Шыңғысқа орнықты», – деп көрсетеді Шәкәрім қажы [90, 82].Матай, сыбан, тобықты арасындағы даулы территория Кеңгірбай би, Құнанбай қажы беделінің арқасында соңғыларының пайдасына шешіліп отырғаны көпшілікке мәлім. Бұл деген сөз – жаңа қоныстанған жерге жаңаша атау беру деген сөз. Сондай бір гидроним – Ділдә өзені. Құнанбайдың бұл жерге атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің шөпшегінің, яғни өз келінінің атын қоюының түбінде уақыт өте келе әйтеуір бір туындауға тиіс даудың алдын алудың алыстан ойластырылған шарасы жатыр. Себебі, кейін наймандар жер даулап, билер сотына жүгінетін болса, аз ата тобықтымен емес, қабырғалы арғынмен сөз ұстаспақ. Бұл жерде әр нәрсені арыдан ойлайтын Құнанбай бірінші кезекте осы деректі ескеріп, өзенге ұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәның атын әдейі бергізіп, жер иеленудің, өзен бойын иеленудің шешуі қиын қисынын кейін дау тудырмайтындай етіп реттеп қояды.
Екінші, жер дауына байланысты шыққан географиялық атаулар деп қарастыруға болады. Шаған өзені бойын иелену үшін болған тайпааралық қақтығыстарға байланысты шыққан жер атауларын көптеп келтіруге болады. Мысалы: Қарабас батырдың бейіті, Жанан батырдың көз жасы, Шор қашқан, Шор шапқан, Кеңгірбайдың тас үйгені т.б. Берілген атаулардың соңғысына тоқталсақ, жерге байланысты рулар арасындағы бақайластықтан туған қақтығысты көреміз. Кеңгірбай би (тобықты) тарақты, керейден жерін алған соң, керейге қолданған әдісін қолдана отырып, біртіндеп уақтар алған жерді босатып ала береді. Доғалаң, Шұнай, Аршалы, Ащысуды босатып, уақтардың бір шетін Семейтау, Көкенге, екінші шетін Тышқаннан асырып қуып тастайды. Осы тұста әбден мезі болған әрі қалған жерінен қауіптенген уақтар бітім жасасуды сұрап, екі жақ күнін белгілейді. Бірақ Кеңгірбай бітім болатын күнге қарсы түнде өзі бастап барлық азаматтарын ұйымдастырып түйеге тас артып тасып, Көкеннің күншығыс жағындағы Семейтаумен екі ортадағы қоңыр дөңге көп қылып кісіге ұқсаған оба соқтырады. Оның арасына бірнеше салт аттыға буылған қарағанды сүйреттіріп жүргізіп қояды. Сол қалың шаңның ішіне өркешті түйелерді ары-бері дамылсыз айдатып отырады. Таңертең уақтар қараса, қарсы жақтағы төбе басы қаптаған адам, будақ-будақ шаң. Мұны көрген уақтар: «Кеңгірбай бізді алдап түнімен бүкіл арғыннан қол жинап әкелген екен. Бізді шаппақ қой», – деп ойлап қонысын тастап қашады. Сол жер осы күнге дейін «Кеңгірбайдың тас үйгені» деп аталады [91, 58].Жоғарыда келтірілген мысалдардан топонимдік атаулардың көп жағдайда қай руға қарасты екендігін аңғарамыз.
Үшінші бір топонимдер ерен еңбегімен немесе бойындағы ерекше қасиетінің ел арасына таралуына қатысты халықтың жадына сіңісті болғандықтан тарихта қалған атаулар болып табылады. Мысалы: Кененің өретасы– Кене (сегіз ағайынды Жәментіктің үлкені) (тума) ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Россия-Цинь империяларының шекара жігін белгілеуге қатысқан билердің бірі. Оған осы үшін Қызай жерінен «Кененің өретасы» атанған арнаулы қоныс сыйға берілген (найман) [92, 33].
Кешудің қара өткелі (қыржының бір табы) – Кешу атақты батыр, Қабанбайдың бас сардарларының бірі болған. Кешу батыр ұзақ жасап, қартайып өлген. Денесі Ақмолада жерленсе керек. Есіл өзенінің қазіргі Ақмола тұсындағы же 52]. Мәкиле дарасы – Қаракөлдің арғы, Мұзтаудың бергі жағында Мәкиле дарасы деген үлкен жайлау бар (қазір Ресейге қарайды). Қаратай елінде бетің-жүзің демейтін, ешкімнің көңіліне қарамайтын, сөзі қылыштай өткір, қорғасындай салмақты Мәкиле дейтін атақты би болған (найман) [94, 14].Дара сөзі топонимдік аталым құрамында тек Қатонқарағай ауданында ғана кездесетін сияқты. Дара сөзімен тіркесіп келген Шәкен дарасы, Шәнген дарасы деген тау, көл атаулары да осы аудандағы гидроним мен ороним.
&&&
$$$002-007-003$3.2.3.Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты
Тағы бір топ топонимдік этнонимдер халықтың басынан өткен белгілі бір тарихи оқиғалардан елес береді. Мысалы: Қаратай қырылған. 1932 ж. Қом деген өзеннің бойында қаратай елінің адамдары босқа атылып қырғынға ұшырағандықтан, жердің аты Қаратай ауған, Қожамбет ауған, Төртуыл ауған, Өтей ауған, Самай ауған аталып кеткен (найман) [95, 270].1916 жылы патша үкіметінің қазақ азаматтарын соғысқа апарып окоп қаздырмақшы болған жарлығы, 1917 жылғы төңкерістен кейінгі халық басына келген күйзеліс, тәркілеу кезіндегі сорақылықтар өр наймандарды атамекенінен қатты дүрліктіріп қозғалтады. «Қаратай ауған», «Қожамбет ауған», «Төртуыл ауған», «Өтей ауған», «Самай ауған» деген жер атаулары жуас елдің басына келген пәле «ақтабан шұбырындыдан» кем соқпағанын, халықтың ұлар-шу күйзелгенінің бір көрінісі іспеттес[95, 8-9].
М.Жанболатұлының «Тобықты – Шыңғыстау шежіресі» еңбегіндегі Шыңғыстаудағы тарихи мәні бар орындар мен табиғаты көркем жерлер тізбесінде берілген 163 атаудың 10 пайызы этнотопоним (Бөкенші ауылы, Мотыштың Ақшиі, Самай адырабы, Олжай қорымы, Момын сайы, Әнеттің қызылшоқысы т.б.) [99, 145].«Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары»деген еңбектегі берілген 894 географиялық атаудың ішінде ру-тайпа атауларымен аталған топонимдер он шақты, ал сол ру-тайпаның белгілі адамдарының, яғни би, батыр, ақындарының атымен аталған атаулар саны жиырма шақты ғана. Аталған 894 топонимнің 348-і өзінің орыс тіліндегі лексика-грамматикалық ерекшеліктерін сақтаған географиялық аталымдар (Ермаковка – Зырян ауданы, Афанасьевка – Үржар ауданы, Белоусовка, Быструха – Глубокое ауданы, Буркотово – Таврия ауданы, Дарственное – Күршім аудан) [99]. Отыз бес пайызы өзге тілде берілген атауларды екшеу, сұрыптау Шығыс Қазақстан облысындағы ономастикалық комиссия құрамына болашақта біраз міндеттер жүктейтініне сеніміміз мол.
Ру-тайпа, оларға қарасты таптарынан шыққан атақты адамдар есімінен қалыптасқан топонимдер көрсетілгеннен көбірек болуға тиісті-ақ, бірақ әртүрлі себептермен, атап айтқанда, біріншіден, Кеңес үкіметі кезіндегі ата тектен безінген саясатқа мойынсұнған уақытта қаншама жер-су атаулары өзгертілді, қайта аталды (Жаңа үлгі, Жаңа талап, Жаңа ауыл т.б ); екіншіден, малдың ыңғайымен көшіп-қонып жүретін қазақ ауылының бүгінгі таңда шаруашылық тәсілі өзгергендіктен, қаншама жаз жайлауы, қыс қыстауы, күз күзеуінің аттары (Бұқашай қуысы, Шабанбай, Маралқашқан, Ақан шаты, Кең аша, Бұғылы, Май қоңыр, Ақ топырақ т.б.) халық жадынан өшті. Ен жайлап туған жерінің төсінде еркін жүріп-тұрып, сол атамекен қонысының, төр жайлауының, кер жайлауының тұнығынан қанып су ішпеген соң, оның табиғатының өзіне ғана тән ерекшелігі, құпиясы, қасиеті көкейінде жатталып, жүрегінде ұяламаған соң, ол жердің тарихы да, жарамдылық құндылығы да, эстетикалық ләззаты да солғындап, бейтараптанады. Үшіншіден, бұрын ру атауымен аталып келген болыстықтарды 1878 жылы жер атына ауыстыру туралы арнайы нұсқау беріледі. Бұның өзі қазақтың дәстүрлі рулық туыстығын, қарым-қатынасын бұзудың, жоюдың бір әрекеті еді (Мысалы, Қоңыр Көкше тобықты болысы жер атауымен Мұқыр болысы, Күшік тобықты – Шыңғыс және Қызылмола, Мәмбетей тобықты – Шаған болысы, Жүзбенбет тобықты – Бұғылы болысы т.б.) [91,48].
«Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары» деген еңбекте ру-тайпа атауына байланысты он шақты аталымға: Атығай, Қазымбет (Үржар ауданы), Жантікей (Тарбағатай ауданы), Малтүгел (Аягөз ауданы), Мамай (Көкпекті ауданы ), Терістаңбалы (Күршім ауданы), Самай, Бөкенші (Семей қалалық әкімшілігі) «ру атауынан қойылған елді мекен атауы», «...болмаса этнотопоним», «этноним» деген түсініктемелер берілген, яғни этнотопоним деп нақтылап жазу үшін әлі де біраз зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігі анық. Дегенмен, осы топонимдерді этнотопоним деп есептеуге негіз бар. Себебі: он екі абақ керейге қарасты жантікей руының атақонысы қатарлас, төскейлес жатқан Тарбағатай, Ақсуат аудандары; малтүгел руының атажұрты деп Аягөз, Ақсуат аудандары; қазымбет руының қоныс тепкен жері деп Үржар аудандары есептеледі. Сонымен бұл атаулар ру-тайпаның атақонысы, атажұрты болғандығы этнотопоним ретінде қалыптасуына негіз болған. Көптеген географиялық атаулардың қалыптасуына малына, еліне жайлы жер іздеуде діттеген жерінен шыққан мекенге ат басын бұрып, осы жерді жаудан қорғаймын деген серттің белгісіндей найза шаншып, сол жерді қоныс етуі де негіз болған. Мысалы, ... Барақбай батырдың кезінде көнші (найман – мұрын –көнші) Тарбағатай тауында болыпты. Батыр жорықта жүргенде Жанболат (найман – мұрын) үркітіп, көнші Көл Жайсаң жаққа көшіп, алды көлге таяп қалғанда Барақбай батыр көшті қуып жетіп тоқтатып: – Алған беттерің бізге қоныс болмайды. Маған сенгендерің соңымнан еріңдер, – деп Ақсуат жаққа бет алыпты. Содан бір қыратқа келіп найзасын шаншып: – Осы жер біздікі болады, мен өлсем, осы қыратқа қойыңдар, – депті.
Кейіннен Қалбада жайлауда жатқанда Барақбай қайтып, мәйітін былғарыға тігіп, сол айтқан жеріне әкеліп қойыпты. Дөңгелек зираты әлі күнге бар деседі, қырат Барақбай қыраты аталады. Ақсуат ауылының қасындағы «Қызыл жұлдыз» елді мекенінің солтүстік жағында, алыс емес дейді өткен ғасырлардан сыналай өтіп, бүгінгі күнге жеткен шежіре. Жалпы Барақбай батыр туралы мағлұмат аз. Ел аузынан мына бір сөз ғана жеткен: Қойгелді мен Барақбай, құдайым артық жаратты-ай [ 100, 54]. Айтылған тақылеттес мысалдарды қазақ халқының тарихынан көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Жанан батырдың көз жасы (тобықты), Қарабас батырдың бейіті (тобықты), Жаман басы, Батыр басы ( тарақты). Берілген «Батыр басы» деген жер атауына тоқтала кетсек, тағы да бір тарих беттерін парақтағандай боламыз. Байғозы батыр ел қыстаудан жайлауға көшіп бара жатқанда Жаман өзенінің бойында, 1810 жылы көктемде 97 жасында қайтыс болады. «Япырау, не қыстауда емес, не жайлауда емес, орта жолда ауырып қалдыңыз-ау!» – дегенде, батыр: «Маған қазақ жерінің жаттығы жоқ, өлсем Жаманның қасына қойыңдар », – депті. Жаман руы тарақты ертеде өлген белгілі адам екен, өлген соң басына кең, биік күмбез соғылады. Бұл жер сол Жаман деген байдың әрі қыстауы, әрі жайлауы болса керек, өзен де сол кісінің атымен, күмбезі тұрған жер де «Жаман басы» деп аталады. «Белгілі кісінің жанына қойған соң, сіздің атыңыз аталмай қалады ғой», – дейді батырға. «Атағым Жаман байдан аспаса несіне батыр атанғаным!» – депті сонда Байғозы. Кейін өзен Жаман атында қалыпты да, қорым «Батыр басы» атаныпты. Тарақты Байғозы – Абылай ханның белгілі қолбасшыларының бірі. Қазақтың жерін, еркіндігін жоңғар-қалмақ хонтайшыларынан, басқыншыларынан, шапқыншыларынан қорғасқан атақты батыр [101, 32-33].
Шығыс Қазақстан аймағындағы топонимдер құрамында осы өңірлерді ежелден мекендеп келе жатқан ру-тайпа және сол ру-тайпалардың құрамындағы белгілі адамдардың атына байланысты қойылған этнотопонимдерді кездестіретініміз сөзсіз. Бұл топтағы атаулар аталған өңірдегі жергілікті тұрғындардың өмір тіршілігінен, тарихи-әлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тұрғыда мол деректер береді. Атап айтқанда, ру-тайпаға қатысты географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары туралы мәлімет алудың бірден-бір дереккөзі. Сондықтан Шығыс Қазақстан аймағындағы этнотопонимдерді арнайы зерттеудің нысаны етіп алып, этнолингвистикалық аспектіде қарастыру болашақ зерттеулердің алар межесі болмақ.
Шығыс Қазақстан аймағындағы топонимдер құрамында осы өңірлерді ежелден мекендеп келе жатқан ру-тайпа және сол ру-тайпалардың құрамындағы белгілі адамдардың атына байланысты қойылған этнотопонимдерді кездестіретініміз сөзсіз. Бұл топтағы атаулар аталған өңірдегі жергілікті тұрғындардың өмір тіршілігінен, тарихи-әлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тұрғыда мол деректер береді. Атап айтқанда, ру-тайпаға қатысты географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары туралы мәлімет алудың бірден-бір дереккөзі. Сондықтан Шығыс Қазақстан аймағындағы этнотопонимдерді арнайы зерттеудің нысаны етіп алып, этнолингвистикалық аспектіде қарастыру болашақ зерттеулердің алар межесі болмақ.
&&&
$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Қазақ тіліндегі ономастикалық атауларды зерттеген ғалымдары атаңыз?
Бүгінгі таңдағы жер-су атауларына қатысты елімзідегі қалыптасқан жағдай қандай?
Өз туған жеріңнің атауының тарихи-мәдени, этнографиялық уәжін білесіз бе?
Қазақ жеріндегі жер-су атауларын кісі есімдерімен атаудың астарында қандай халықтық таным жатыр?
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |