&&&
###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі
5 кесте
№ р/б
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Жиыны
1-рейтинг
|
1
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
ТМ1
|
|
ТМ2
|
|
МБ1
|
300
балл
|
2
|
Баллдар
|
|
|
|
150
|
|
120
|
|
30
|
3
|
Кеңестер
|
OF
|
OL
|
OL
|
OF
|
OF
|
OL
|
OF
|
OF
|
№ р/б
|
Апталар
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Жиыны
2-рейтинг
|
|
1
|
Бақылау түрі
|
|
ТМ3
|
ОС
|
|
|
ТМ4
|
МБ2
|
300
балл
|
2
|
Баллдар
|
|
75
|
75
|
|
|
120
|
30
|
3
|
Кеңестер
|
OL
|
OL
|
OF
|
OF
|
OL
|
OF
|
OF
|
Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;
OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес
&&&
$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
&&&
$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1.
Тақырыбы: Қазақ этнолингвистикасы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
«Этнолингвистика» термині жайлы қысқаша түсінік
Этнолингвист ғалымдардың еңбегіне қысқаша шолу
«Этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» және т.б. терминдерге қысқаша түсінік
&&&
$$$002-002-001$3.2.2.1«Этнолингвистика» термині жайлы қысқаша түсінік
Этнолингвистика — этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да — «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол — этностың инсандык һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Осыған байланысты этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген үғым-түсініктерге ерекше мән береді. Өйткені бұлар жай термин ғана емес, бір таяқтын екі басы сияқты, бір-біріне етене қатысты, бірінсіз бірінің күні жоқ бір тұтас құбылыстың көрінісі іспетті. Бұл «этнолингвистика» терминінің атынан да, кұрамынан да (грекше ethnos — «халық» және латынша lingua — «тіл» > французша inguistigue — «тілтану») айқын көрініп тұр.
Алайда бұл термин ғылым саласында көптен бері-ақ қолданылып келе жатса да, оның дәл осымағынасы бірден қалыптаса қойған жоқ әрі ол туралы пікірталастар әлі күнге дейін жалғасуда; олар негізінен этнолингвистиканың зерттеу обьектісіне және басқа ғылым салаларымен қатысына байланысты болып келеді.
Алайда этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып келе жатқан ғалымдардың (В. Гумбольдт, B. Вундт, А. А. Потебня, Г.Шухардт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ т.б.) өздері де о бастан-ақ этнолингвистиканың «Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да, олардың өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде бір жерден шыға алмай жүргендігі мәлім. Мәселен, этнолингвистиканың аяқ тірер бір тағаны — «этносты» кейде «этнос» деуден қашқақтап, сан саққа жүгіртіп, біресе «мәдениет», біресе «тарих пен әлеуметтік жағдай» деп, оның шеңберін тарылтып, бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге түседі. Мәселен, Фердинандт де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өзойын «халыктың салт-дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл, керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады» деп тұжырымдады. Жалпы дұрыс пікір. Бірақ этнос тілінде өз көрінісін табатын тек оның салт-дәстүрі ғана емес қой.
Сол сияқты, Э. Сепир де этнография, салт-дәстүр, мифология т. б. осы сияқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символдық қызметімен шектеп керсеткісі келеді. Ал, кейінгі кезде (АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста «этносты» «Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканын, баламасы ретінде антропология («адам туралы ғылым») терминінің қолдану үрдісі де байқалып отыр. Тағы бір пікір: Этнолингвистиканы тек «көне дүниені» зерттеуші ғылым деп танып, оларды байырғы халық тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеу. Мұны негізінен орыс ғалымдарына (Н. И. Толстой, В. Н. Топоров, В. В. Иванов, А. Ф. Журавлев т. б.) тән дәстүр десе де болады. Көненің көзіне көбірек көңіл бөлу үрдісі қазақ этнолингвистерінен де байқалады. Саясатта: этнолингвистика — қоғамдағы этнос тілінің жағдайын білдіреді. Міне, көріп отырғанымыздай, «этнолингвистиканы мақсат-мүддесі мен зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері айқын, төрт аяғынан тік тұрған ғылым» деп айтуға әлі ерте.
&&&
$$$002-001-002$3.2.1.2Этнолингвист ғалымдардың еңбегіне қысқаша шолу
Тiл фактiлерi тұнып тұрған тарих. Себебi, әртүрлi заттардың, құбылыстардың аты-жөнi, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрi де кейiнгi буындарға тек тiл деректерi арқылы ғана, яғни сол халық тiлiндегi сөздер мен сөз тiркестерi, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегiлер арқылы ғана келiп жетуi мүмкiн. Халықтың жалпы рухани өмiрiн, талай ғасырлық тағылым жүйесiн, ата-салтын, елдiк қасиетiн, ұлттық болмысқа тiкелей қатысты байырғы сөз қазынасын қайта түрлендiруде ерекше орын алатын тiл бiлiмi саласының бiрi – этнолингвистика. Өйткенi этно, фитотұрақты тіркестердiң өмiрге келуi, қолданыс ерекшелiктерi, халықтың өмiр туралы сан алуан пайым-байқауларынан, ойға түйгендерiнен әртүрлi қарым-қатынастар барысында айқындалатын сезiм, айшықты ой, психологиялық жай-күйi т.б. факторлар негiзiнде пайда болуына этнолингвистика ғана толық та жан-жақты жауап бере алады. Тiл бiлiмi тарихын зерттеушiлер этнолингвистикалық зерттеулердiң кейбiр көрiнiстерi И.Г. Гердерде (XVIII ғ.), В. Гумбольдтте (XIX ғ.), яғни «Гумбольдтовское понятие «народного духа» лежит в основе этнолингвистики, считающей каждый язык воплощением особой этнической культуры, народного духа, национального мировоззрения и языкового гения»,– деген пікіріне қатысты болғанын, бiрақ этнолингвистика жаңа бағыт ретiнде XX ғ. басында пайда болғанын жазып, оны жазба тiлi жоқ америкалық үндiстердiң тiлi мен мәдениетiн зерттеген этнограф ғалымдар Ф. Боас және Э. Сепир аттарымен байланыстырады. Э.Сепир: «Чрезвычайно важно, чтобы лингвисты, которых часто обвиняют – и обвиняют справедливо в отказе выйти за пределы предмета своего исследования, наконец, поняли, что может означать их наука для интерпретации человеческого поведения вообще. Нравится ли им или нет,но они должны будут все больше и больше заниматься различными антропологическими,социологическими ипсихолингвистическимипроблемами которые вторгаются в область языка», – деп көрсеттi .Сепирдiң ықпалымен «этнолингвистика» тiл ғылымында термин ретiнде орнықты.
Қазақ тiлi этнолингвистикасы жайында академик Ә.Т. Қайдар: «Қазақ тiл бiлiмiнде ғылымның бұл саласы бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Сондықтан да бұл бiздер үшiн әрi жаңа, әрi тың проблема болып саналады. Ана тiлiнiң ұшан-теңiз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазынасын, мүмкiндiгiнше, толық меңгерiп, ел игiлiгiне айналдыруды мақсат ететiн ғылым салаларының бiрi – осы этнолингвистика болса керек»– дей келiп, оның мақсатын, тиiмдi тәсiлдерiн алғаш рет талдап таратып және «Этнолингвистика – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тiл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени мұра ретiнде атадан балаға, әулеттен нәсiлге үзiлмей ауысып келе жатқан дәстүрлi мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнiн ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тiл бiлiмiнiң күрделi де құнарлы саласы» ,– деп нақты әрi тұжырымды анықтама бередi. Ал Н.И.Толстой: «Этнолингвистика халықтың рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, біріне-бірі «тәуелділігін», астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Осы тұрғыдан қарағанда, тіл тек қатынас құралы емес, сонымен қатар этникалық (халықтық, ұлттық) мәдениеттің көрнекі позициядағы негізгі формаларының бірі болып табылады» ,–деп, атап өтеді.
&&&
$$$002-001-003$3.2.1.3«Этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» және т.б. терминдерге қысқаша түсінік
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің — этнос және оның тілінің — ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойыңдау, «Этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Енді осы «этнос» деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай, этнолингвистика мақсатына орай «этнос болмысы» деген ұғыммен алмастыруымыздың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық уәжсияқты. Біріншіден, біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын анықтағымыз келеді; екіншіден, этностуралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа (мәс., этнология, антропология, археология, этнография т. б.) ғылымдар дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды.
Сонда,«этнос болмысы» деп нені түсінеміз? Біздің пайымдауымызша, «этнос болмысы» — этностыңұлттық бейнесі,тарихи тұлғасы және ол туралы реальды шындық (реальная действительность). Басқаша айтқанда: «этнос болмысы» дегеніміз—этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген, өмір-тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани-мәдени қазынасы».
Этнос туралы осыншама мол деректер мен мағлұматтарды тек тіл ғана өз бойына сыйғызып, сары майдай сақтап, шашпай-төкпей ұрпағына жалғастыра алады. Осы қасиетіне байланысты тіл феноменін– «тіл әлемін» этностың өзін танып-білудің қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Бұл ұғымның ауқымына тілдің барлық қасиеті түгел сыйып түрғандай этностың дүниеге келуіне ұйытқы болған да — тіл, рухани-мәдени өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып-білудің өлшемі де — сол тіл. Осының бәрі «тіл әлемінен» табылады, «Адамтану», «Қоғамтану», «Табиғаттану» деп аталатын ғылым салаларының қалыптасуына негіз болатын да, біле білсек, осы «тіл әлемі».
Сонымен, «тіл әлемі дегеніміз — этнос болмысына қатысты мыңдаған, тіпті миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі.
Міне, осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толықмеңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлай еніп, оны игеріп, танып білу, жүйелей түсіп, жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың ең басты міндет-мақсаты болмақшы.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі — барлық жағдайда да этнос тілі. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т. б. салалар.
Бұл пәндерді өз ретінде 1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мыс., мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрология, дінтану, педагогика, дидактика т. б. осы сияқты) қоғамдық-әлеуметтік пәндер және 2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты (мәс., этимология, диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология, лексикография т. б.) лингвистикалық пәндер деп үлкен екі топқа бөліп қарауға болады. Этнолингвистика мен социолингвистика да, экстралингвистика мен психолингвистика да, міне, осы кейінгі топқа жатады.«Тіл әлеміне», «тіл қазынасына», «тіл құдіретіне» т. б. — соқпай кете алмайтын аталған пәндерден этнолингвистика да бөлініп, жарылып өз алдына оңаша тұра алмаса керек. Осыған байланысты этнолингвистиканы «пәнаралық ғылым саласы» деп есептейтін ғалымдар да (М. М. Копыленко т. б.) бар.
Бірақ пайымдап қарасақ, аталмыш пәндердің этнолингвистикамен қатыстығы бірінші (қоғамдық) топтағы пәндермен зерттеу объектісіне байланысты болса, екінші (лингвистикалык) топтағы пәндермен зерттеу тәсіл-әдістеріне байланысты екен. Демек, объектіге (этнос тіліне) қатысты екі топтың екеуіне де ортақ объект және өзара мүдделестік бар деген сөз, бірақ олар бірін-бірі ауыстыра алмайды, өйткені олардың алдына қойған өз максат-мүддесі бар және олар бірдей емес. Солай бола тұрса да, этнолингвистика бұл екі топтын екеуімен де ыңғайына қарай үйлесіп, этнос болмысын танып-білуге қажетті әр пәннің өз тұсынан айқындап, саралап үлгірген деректерін өз елегінен өткізіп, өзінше пайымдап, пайдалануға тырысады.
&&&
$$$002-001-100$Дәріс №1Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Этнолингвистика тарихы
Тіл мен халықтың байланысын қалай түсіндіресіз?
Халықты қандай тілдік мағыналық бірліктер арқылы тануға болады?
Ә.Т. Қайдаров этнолингвистика туралы
&&&
$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2
Тақырыбы: Қазақ этнолингвистикасының басқа пәндермен байланысы, өзіндік ерекшеліктері
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі
Этнолингвистика және мәдениеттану.Этнолингвистика және этнография. Этнолингвистика және этимология
Қазақ этнолингвистикасының өзіне тән ерекшеліктері
&&&
$$$002-002-001$3.2.2.1Этнолингвистиканың зерттеу объектісі
Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этностың тілі десек, оңдағы мақсаты — сол тіл арқылы этностың болмысын танып-білу болады. Алайда, бұл баршаға түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, нақтылай келгенде, ол туралы әр түрлі көзқарастың барлығы, әркімнің әр түрлі бағытта әрекет етуі байқалады. Бір жағынан бұл заңды да құбылыс. Өйткені қай ғылым саласы болмасын, өзінің қалыптасуы дәуірінде ең алдымен бағыт-бағдарын, өз концепциясы мен принциптерін, зерттеудің тәсіл-әдістерін анықтап алуға тырысады. Сондықтан да этнолингвистиканын, объектілері мен мақсат-мүддесін айқындаудағы бұл тәрізді әр түрлі көзқарастарды сол ізденістердің жолдары деп қараған жөн.
Осы орайда, қазақ этнолингвистикасының да қалыптасу барысында айқындала бастаған өзіндік дәстүрі мен үрдісі, зерттеу объектісі мен әдіс-тәсілдері, ұстанған принциптері жоқ емес.Енді соларға тоқталып өтейік.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі — барлық жағдайда да этнос тілі екендігі айтылды. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т. б. салалар.
Бұл пәндерді өз ретінде 1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мыс., мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрология, дінтану, педагогика, дидактика т. б. осы сияқты) қоғамдық-әлеуметтік пәндер және 2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты (мәс., этимология, диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология, лексикография т. б.) лингвистикалык, пәндер деп үлкенекі топқабөліп қарауға болады. Этнолингвистика мен социолингвистика да, экстралингвистика мен психолингвистикалар да, міне, осы кейінгі топқа жатады.
Ендігі мәселе: бір объекті төңірегіне шоғырланған соншама пәннің өзінше меншікті үлесі мен бірлесе отырып шешетін мәселесінің қатынасын айкындап алған да артық емес. Бұл, әрине, өз алдынажеке мәселе. Біздің айтайық деп отырғанымыз, этнолингвистиканын осы пәндермен ара қатынасы жайында. Өйткені өзіндік мақсат-мүддесі бола тұрса да, бір ортақ объектіге — «тіл әлеміне», «тіл қазынасына», «тіл құдіретіне» т. б. — соқпай кете алмайтын аталған пәндерден этнолингвистика да бөлініп, жарылып өз алдына оңаша тұра алмаса керек. Осыған байланысты этнолингвистиканы «пәнаралық ғылым саласы» **** деп есептейтін ғалымдар да (М. М. Копыленко т. б.) бар.
Бірақ пайымдап қарасақ, аталмыш пәндердің этнолингвистикамен қатыстығы бірінші (қоғамдық) топтағы пәндермен зерттеу объектісіне байланысты болса, екінші (лингвистикалык) топтағы пәндермен зерттеу тәсіл-әдістеріне байланысты екен. Демек, объектіге (этнос тіліне) қатысты екі топтың екеуіне де ортақ объект және өзара мүдделестік бар деген сөз, бірақ олар бірін-бірі ауыстыра алмайды, өйткені олардың алдына қойған өз максат-мүддесі бар және олар бірдей емес. Солай бола тұрса да, этнолингвистика бұл екі топтын екеуімен де ыңғайына қарай үйлесіп, этнос болмысын танып-білуге қажетті әр пәннің өз тұсынан айқындап, саралап үлгірген деректерін өз елегінен өткізіп, өзінше пайымдап, пайдалануға тырысады. Енді, этнолингвистиканың кейбір қоғамдық және лингвистикалык пәндермен нақтылы карым-қатынасына тоқталып өтейік.
&&&
$$$002-002-002$3.2.2.2Этнолингвистика және мәдениеттану.Этнолингвистика және этнография. Этнолингвистика және этимология
Этнолингвистика және мәдениеттану(культурология). Этносты танып-білуге тұс-тұсынан атсалысып, өзіндік үлесін қосушы Коғамдық ғылым салаларының бірі — мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі үғым.
Этнос мәдениеті ғылыми тұрғыдан былай анықталып жүр: «Этнические культуры — эти особые исторически выработанные способы деятельности, благодаря которым обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов к условиям окружающей их природной и социально-культурной среды». Бұл - мәдениет — әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір-тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология – осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы — тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойыңдайды. «В языке народ выражает себя полнее и многостороннее, чем вчем-либо другом – не только в последнем своемположении, но и исторически. Все, что естьу народа в его быте и понятиях, и все, что народ хочет сохранить и своей памяти, выражается и сохраняется языком».**** Бұл пікірден біз этнолингвистикамен мәдениеттің тіл әлемінде айқын көреміз. Алайда осыған қарап олардың зерттеу объектісін біріктіріп жіберіп, бір ғылым депқарауға да, өзіндік ерекшеліктері бар этнолингвизмдер мен мәдени лексиканың арасына тепе тендік белгісін қоя салуға да болмайды. Оның басты себептері: біріншіден, этнолингвистика этнос болмысына қатысты «тіл әлемін» түгел қамтуға тырысса, мәдениеттану пәні өз міндетін «мәдениет» ұғымымен ғана шектеуге тиіс; демек, ол, қанша күрделі, ауқымды болса да, «бүтіннің бөлшегі іспетті дүние»; екіншіден, мәдениеттану мәдениет түрлерінің (әдебиет, жазу-сызу, қолөнер, ән-күй өнері т. б.) пайда болуын, қалыптасуын, дамуын, өзіндік ерекшеліктерін талдап, таратып айтуды негізгі міндетім деп санаса, этнолингвистика барша мәдени лексиканы іштей сала-салаға жіктеп, жүйелеп, мүмкін болғанынша толық жинап алып, тілдегі өзінің нақыш-өрнегімен сөйлете білу, сан алуан ұғым-түсініктердің мән-мағынасын ашып, номинация, дифиниция түрінде сипаттап, этностық таным-талғам тұрғысынан түсіндіруді мақсат етеді. Демек, бұл ортақ бір объектіні мәдениеттану мен этнолингвистика әр түрлі бағытта, деңгейде және мүдде-мақсатпен қарастырады деген сөз.
Этнолингвистика және этнография. Бұл екеуінің тоқайласар тұсы этнос болмысының сүбелі саласы — заттық бағалықты (материальные ценности) зерделеуге байланысты. Бұл екеуіне де ортақ объект — «тіл әлеміне» тән көл-көсір мол дүние. Алайда осыған қарап, этнолингвистика мен этнографияны да бір-бірімен алмастыруға болмайтын сияқты. Олардың өзара сыбайластығымен қатар «ортақ» терінін пұшпағындай өз тәсілімен илейтін еншісі де жоқ емес. Бұл әсіресе тіл фактілерін пайдаланудан айқын көрінеді.
Зерттеушілердің көбі этнолингвистика мен этнографияны «мақсат-мүддесі ортақ, бағыт-бағдары бір, бір таяқтың екі басындай егіз ғылым» деп қарайды. Бүл пікірді кезінде өзіміз де қолдаған едік. Алайда «тіл әлемін» тәптіштеп зерттеу барысында бүл пікірге де сын көзбен қарау керектігіне көзіміз жеткен сияқты. Оның басты себебі: екеуіне ортақ объект — этнос тілі болғанымен, оны екеуінің зерттеу тәсілі мен тереңдік деңгейі бірдей емес. Мәселен, «Киіз үй» деген обьектіні алсақ, этнографтар да, этнолингвистер де оның құрамын (суйегін, киізін, бау-шуын), бөлшек-бөліктерін (шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық, узік, тундік, басқұр, белдеу, желбеу т. Б.), сондай-ақ оларды жасау технологиясын сөз етуге міндетті. Алайда киіз үйге қатысты тіліміздегі бұлардан басқа жүздеген атаулар мен мыңдаған қосымша үғым-түсініктерді тәптіштей жинап, этнос тұрғысынан талдап, тарату этнолингвистердің ғана міндеті болса керек. Мәселен, «шаңырағың биік болсын!», «керегең кең болсын!», «қара шаңырақ», «ақ босаға», «табалдырықты баспа!» сияқты көптеген танымдық сипаттағы тілдік бірліктердің табиғатына үңілу тек этнолингвистердің ғана құзыретінде. Қорыта келгенде, этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографияға қарағанда этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланып, олардың тілдік мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.
Қоғамдық пәндермен этнолингвистиканың ара қатынасы осылай болса, лингвистикалық пәндермен болатын бұл қатынас сәл басқашалау. Олардың бір-екеуін қарастырып көрейік.
Этнолингвистика және этимология. Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы күңгірттенген бірліктердін мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында мұндай фактілерді «халықтық этимология» (оны «жалған этимология» деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді «еркін» жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этиимологиялык бір деректін өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмін. Мысалы, көне де байырғы «бөрі» сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, кырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып қалуына байланысты «қарышқыр» деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.
Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше, этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш— фонетикалық, семантикалық және морфологиялык, — принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі түрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
Бұл — лингвистикалық пәндердің этнолингвистика аясында болатын өзара табиғи байланысы. Дәл осы тәрізді астарлас байланысты біз этнолингвистика мен қазақ диалектологиясы арасынан да айкын көреміз. Өйткені этнолингвистика әдеби тіл аукымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т. б.) тіл ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес. Бұл — этнолингвист ғалымдар этнос болмысын танып-білуге қатысты жарияланған диалектологиялықматериалдарды да, өз тұсынан жинаған фактілерді де пайдаланады деген сөз.
&&&
$$$002-002-003$3.2.2.3Қазақ этнолингвистикасының өзіне тән ерекшеліктері
Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы күңгірттенген бірліктердін мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында мұндай фактілерді «халықтық этимология» (оны «жалған этимология» деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді «еркін» жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этиимологиялык бір деректін өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмін. Мысалы, көне де байырғы «бөрі» сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, кырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып қалуына байланысты «қарышқыр» деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.
Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше, этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш— фонетикалық, семантикалық және морфологиялык, — принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі түрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
Бұл — лингвистикалық пәндердің этнолингвистика аясында болатын өзара табиғи байланысы. Дәл осы тәрізді астарлас байланысты біз этнолингвистика мен қазақ диалектологиясы арасынан да айкын көреміз. Өйткені этнолингвистика әдеби тіл аукымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т. б.) тіл ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес. Бұл — этнолингвист ғалымдар этнос болмысын танып-білуге қатысты жарияланған диалектологиялықматериалдарды да, өз тұсынан жинаған фактілерді де пайдаланады деген сөз.
Міне, қазақ этнолингвистикасы осы тәрізді басқа да лингвистикалық пән салаларымен (фразеология, паремиология, ономастика, терминология, социолингвистика т. б,) тығыз байланыста дамитынын көреміз. Оны зерттеу өз алдына жеке мәселе.
&&&
$$$002-002-100$Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Этнолингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы қалай көрінеді?
Отандық этнолингвистиканың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
Қазақ этнолингвистикасының негізін салған кімдер?
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |