9.
Ядролық физиканың негізгі саласындағы шет тіліндегі кәсіби
терминология.
10.
Заманауи физиканың заманауи дамуының перспективтерін және
принциптерін шет тілінде талқылау.
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҮЛГІЛІ
ТАҚЫРЫПТАР ТІЗБЕСІ
Семинарлық сабақтарды шетел тілі оқытушылары жүргізеді.Бұл семинар
сабақтарына шетел тілінде дәріс оқитын мамандық профильдегі кафедра
оқытушылары тартылады. Мамандық профильдегі оқытушылар шетел тілінде
презентация немесе интерактивтік формада болашақ мамандықтың базалық
түсініктері, негізгі принциптері және бағыттары туралы семинар-сабақ өткізеді.
Практикалық сабақтарда шетел тілі оқытушылары кәсіби білім мазмұнындағы
материалдарымен сапалы меңгеру мақсатында жұмыс жүргізеді.
Шетел тілі оқытушыларының міндеті студенттердің таңдалған мамандық
құзіреттілігін дамыту және қалыптастыру.
Оқыту үдерісі практикалық нәтижеге жетуге бағдарланған коммуникативтік
тәсілді пайдалануға негізделеді, яғни: терминологиялық лексиканы меңгеру,
мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу және аудару, кәсіби-маңызды ақпаратты алу,
нақты кәсіби салаларында және жағдайларында қарым-қатынас жасау, мақалалар,
хабарлар және баяндамалар жазу, әдебиеттерді аннотациялау.
Достарыңызбен бөлісу: