5В060400 «Физика» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет21/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша

Пререквизиттер
жалпы физика курсының ”Механика” бөлімін оқып игеру 
үшін студент орта мектеп бағдарламасына сәйкес физиканы және математиканы 
білуі қажет. Әсіресе, алгебра, геометрия, тригонометрия және векторлық 
талдауды орта мектеп көлемінде жеткілікті түрде білуі керек.
Постреквизиттер:
пәнді 
оқыту 
математикалық 
талдау, 
алгебра, 
аналитикалық геометрияны және физикалық заңдар мен физикалық есептерді 
түсіндіру барысында қолданылатын дифференциалдық және интегралдық 
теңдеулерді шешу әдістерін меңгеру арқылы оқытылады. 
«Механика» бөлімін табысты меңгерген соң студент «Жалпы физика» 
курсының келесі тарауларын оқи алады.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ 
Тақырыптың атауы
 

Кеңістік - уақыт 

Материалдық нүкте мен қатты дене кинематикасы 

Салыстырмалылық принципі 

Материалдық нүкте динамикасы 

Материалдық нүктелер жүйесінің динамикасы 

Жұмыс және энергия 

Қатты дене динамикасы. Статика 

Үйкеліс барысындағы қозғалыс 

Инерциалды емес санақ жүйелері 
10 
Тартылыс күші өрісіндегі қозғалыс 
11 
Соқтығысулар 
12 
Тұтас орта механикасының элементтері 
13 
Тербелістер мен толқындар 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 


Пәнді 
оқытудың 
негізгі 
мақсаты 
мен 
міндеттері 
механиканың 
бақылаулардың, күнделікті өмірдегі тәжірибелердің және арнайы жасалған 
эксперименттердің жалпылама қорытындысы екенін көрсету. Механика – 
эксперименттік ғылым болғандықтан және студенттерді бақылау, физикалық 
шамаларды өлшеу және эксперимент жасаудың негізгі әдістерімен таныстыру 
қажеттілігін көрсететіндіктен, пәнді оқыту физикалық демонстрациялар 
көрсетумен және жалпы физикалық практикумның лабораториялық жұмыстарын 
жасаумен қоса жүргізіледі. 
Механика адекватты математикалық түрде тұжырымдалған физикалық 
теория болғандықтан, студенттер алған теориялық білімдерін механиканың 
практикалық есептерін шығаруға пайдалана білуді игеруі қажет. Сондықтан, 
лекциялар жеткілікті түрде математикалық аппаратты пайдаланып оқылуы қажет 
және физикалық есептерді шығаруды үйрету үшін есеп шығаратын практикалық 
сабақтар қоса жүргізілуі керек. 
Физикалық зерттеу нысандары-материялық Әлем, материяның қозғалысын 
сипаттайтын физикалық заңдар, материяның құрылысы, оның қасиеттері және 
дамуы. 
Қазіргі Әлемнің құрылымы туралы негізі физикалық көзқарастар. 
Физикалық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Физикалық құбылыстардың 
моделдері. Гипотезалар және физикалық теориялар. Физика-тәжірибелік ғылым. 
Физика-сандық ғылым. Физикалық ұғымдар, физикалық шамалар, оларды 
классификациялау және өлшеу. Эталондар. Өлшем бірліктері жүйесі. Өлшем 
бірліктері жүйесіне қарасты физикалық заңдардың инварианттылығы. СИ 
Халықаралық бірліктер жүйесі (System International). 
Жалпы физика курсының бөлімдеріне шолу. Механиканың негізгі 
мәселелері. 
Физикалық теориялар, принциптер, заңдар-материялық Әлем туралы біздің 
шоғырланған біліміміз. Физикалық фундаменталь теориялардың, принциптердің 
және заңдардың мысалдары. 
Физикалық заңдардың негізінде және соларға сәйкес жиналған 
технологиялар, аспаптар, қондырғылар және әдістемелер-біздің Табиғатпен 
білікті әсерлесе білуіміздің шоғырланған жиынтығы. 
Табиғаттану ғылымы мен іскерлік-қоршаған табиғатпен бірге тұрақты 
дамуына қажетті адам баласының мәдениетінің ең негізгі элементтері-физикалық 
құбылыстар мен заңдарды зерттеудің негізгі себептері. 
Механика көптеген ежелгі ғылымдардың бірі, көптеген жаратылыстану және 
техникалық ғылымдардың бірі. Механика саласындағы жетістіктер техникадағы 
алға жылжуды, табиғат құбылыстарын терең түсінуді білдіреді. Оған физикалық 
зерттеулерді, математикалық және компьютерлік талдау мен модельдеудің кең 
спектрлерін қолдана отырып, инженерлік іс-әрекеттің ғылыми базасын жасаудағы 
жетекші рөл жатады. Ғарыш техникасының, авиацияның, гидротехниканы, 
машина және прибор құрастырудың, құрылыс индустриясының, кеме 
құрастырудың және өзге салалардың заңдарын терең түсіну механика заңдарын 
және дәл есептеуді білуге негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет