Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
|
«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған
|
35-4-3
|
3.0 нұсқа
|
16 беттің 9- беті
|
7.29 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі. Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
7.30 «Ескерту» сөзі абзацтан, бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
7.31 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.
7.32 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
7.33 Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жеке жолға жазған дұрыс. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жақтарында бір бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол (=) белгісінен кейін немесе (+) плюс, (-) минус, (х) көбейту, (:) бөлу немесе басқа да математикалық белгілерден кейін келесі жолға жалғастырылады, мұндайда белгі келесі жолдың басында қайталанады. Формуланы көшіру кезінде көбейту операциясын белгілейтін белгі ретінде «х» белгісі қолданылады.
7.34 Белгілер мен сандық коэффициенттердің мағынасын түсіндіру олар формулада қандай тәртіпте көрсетілсе, сондай тәртіппен формуланың астына орналастырылады.
7.35 Формулаларды барлық дипломдық жұмыс (жоба) шегінде жолдың оң жақ шетінде дөңгелек жақша ішінде араб цифрларымен ретпен номерлеген дұрыс.
7.36 Мәтінде формулалардың номеріне сілтеме жақша ішінде беріледі. Мысалы (1)-ші формулада.
7.37 Әрбір бөлімге реттік (сандық) формула жасауға болады. Онда реттік нөмірмен бірге, бөлім нөмірі нүктемен ажырытылып реттік нөмір жазылады. Мысалы (3.1)
7.38 Пайдаланған әдебиетке сілтеме тік жақшада беріледі.
7.39 Диплом жұмысы (жобасы) мәтіндегі сілтеме ретіне қарай, пайдаланған әдебиеттер туралы мәлімет рет-ретімен беріледі.
7.40 Қосымша диплом жұмысының (жобасының) келесі бетінен бастап жалғасы ретінде ресімделеді.
7.41 Диплом жұмысындағы (жобасындағы) қосымшаларға сілтеме болу қажет. Қосымшалардағы сілтемелер мәтіндегі ретімен беріледі.
7.42 Әр қосымшаны жол ортасына «Қосымша» деген сөзбен оның мәнін ашатын атауымен бірге жаңа беттен бастап жазылады.
Қосымшаға тақырып қойылуы керек, ол мәтінге қатысты алғанда симметриялы болатын жеке жолда бірыңғай бас әріптермен жеке жолда жазылады.
Егер диплом жұмысы (жобасы) бір ғана қосымшаға ие болса, оны мәнін арнайы айырықшалау қажет емес.
7.43 Қосымша диплом жұмысының өзге бөлімдерімен ортақ жалғаспалы түрде нөмірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |