«5В070300- ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған әдістемелік нұсқау


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті



бет11/17
Дата01.08.2020
өлшемі190 Kb.
#76017
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
МУ дип жум ИС 2014

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған

35-4-3

3.0 нұсқа

16 беттің 8- беті

7.16 Диплом жұмысына (жобасына) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, сызбалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттар талаптарына сай болуы тиіс.

7.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасында орналасуы тиіс.

7.18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1

7.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндірілетін мәліметтері болуы мүмкін. Сурет астындағы мәтін бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. «Қазақ» сөзі бойынша ассоциациялық өріс

7.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында басынан аяғына дейін нөмірлеуде «... 2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «....1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

7.21 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

7.22 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

7.23 Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

7.24 Көп жол мөлшеріндегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кесте нөмірі көрсетіледі. Мысалы, «1-кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды,

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

7.25 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларында) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады: егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай – тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, белгілердің, басқа да символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

7.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

7.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

7.28 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет