9 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ
9.1. Диплом жұмысының (жобасының) қорғау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 18 науырызындағы №125 бұйрығымен бекітілген Ағымдық бақылау, аралық және қорытынды бақылауды өткізу ережесі негізінде анықталады.
9.2. Диплом жұмысы (жобасы) ашық түрде МАК мәжілісінде, комиссия құрамының кемінде жартысы қатысқан жағдайда қорғалады.
Диплом жұмысын (жобасын) қорғау ашық формада ұйымдастырылады, оған студенттер мен кафедра оқытушылары қатысады. Қорғауға ғылыми жетекшісі, дипломдық зерттеу жазылған базадағы өндіріс өкілдері, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылуы мүмкін.
9.3. Студент диплом жұмысын (жобасын) қорғау үшін МАК алдында 15 минуттан артық емес уақытта хабарлама жасайды.
9.4. Қатысып отырғандардың барлығы сұрақ түрінде немесе сөз сөйлеу арқылы диплом жұмысын (жобасын) талқылауға қатыса алады.
9.5. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірлер мен сын-пікірлерді (рецензияларды) оқиды (ғылыми жетекшісі қатысқан жағдайда өзі пікірін оқуына болады). Пікірде ескертулер болса, студент ашық түрде уәждеме айту керек.
9.6. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау қорытындысы балдық-рейтингілік әріп жүйесімен бағаланады. Сонымен бірге теориялық сапасы, ғылыми, практикалық дайындығы ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағасы назарға алынады.
9.7. Диплом жұмысының (жобасының) нәтижесі хаттамамен мемлекеттік аттестациялық комиссия шешімімен әр студентке жеке рәсімделеді және өткізілген күні жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |