Мысалға ас тұзын қарастырайық . Ac тұзы натрий мен хлордың иондарынан (яғни зарядталған атомдарынан)" тұрады (NaCl). Бұл екі элементтің иондары кезектесіп орналасып, куб форма құрады. Кубтың сегіз бұрышы бар, соның төртеуінде натрий, қалған тәртеуІнде хлор орналасқан. Сондай-ақ, шыны сияқ ты мөлдір ақ тастың, яғни кварц кристалының формасы алты қырлы болады. Ол силиций мен оттегінен тұрады, яғни оны силицийдің қос тотығы (SіО2) дейді. Кварц ірі мәлдір кристалл түрінде болса, оны тау хрусталі немесе сутас деп атайды. Темір тотығын магнетит деп атайды (Ғе3O4). Оның кристалы сегіз жақты, алты бұрышты формада болады. Анар кристалы он екі жақ ты болады.