ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
«Бекітемін»
Политехникалық институтының
директоры, а.ш.ғ.д., профессор
_____________ А.Ә.Шомантаев
«____» ___________2013ж.
|
5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы
бойынша оқу бағдарламасының
АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТ
Кафедра мәжілісінде бекітілген
№ __ хаттамасы,
«____» ___________2013ж.
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.
___________ Т.Ж.Жұмағұлов
|
ҚЫЗЫЛОРДА, 2013ж
5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы
бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Университет 5В070800-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 26.04.2004 æ № 361 бұйрығымен берілген 26.04.2004 жылғы АА № 0000034 мемлекеттік лицензиясы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.
Берілетін дәреже/біліктілік: Мұнай газ ісі бакалавры академиялық дәрежесі;
Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат;
Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар:
Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – орта білім. Бакалавриатқа азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес анықталады;
Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/ оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі:
Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті техникалық мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, мұнай газ саласы бойынша теориялық білімі жоғары және тәжірибелі құзыретті мамандарды тәрбиелеу.
5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.
Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы (бір жылдағы 60 ECTS кредиті)
Пәннің коды, шифры
|
Пән атауы
|
Қазақстандық кредит саны
|
ECTS бойынша
|
|
Жалпы білім беру пәндері
|
47
|
61
|
Міндетті компонент
|
КТ 1101
|
Қазақстан тарихы
|
3
|
5
|
Inf 1105
|
Информатика
|
3
|
5
|
ETD 1106
|
Экология және тұрақты даму
|
2
|
3
|
OТ 1102
|
Орыс тілі
|
6
|
9
|
ShT 1103
|
Шетел тілі
|
6
|
9
|
Fil 1104
|
Философия
|
3
|
5
|
Ale 2107
|
Әлеуметтану
|
2
|
3
|
Saya 2108
|
Саясаттану
|
2
|
3
|
KN 2110
|
Құқық негіздері
|
2
|
3
|
TKN 2111
|
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
2
|
3
|
Базалық пәндер
|
Міндетті компонент
|
Mat (1) 1201
|
Математика
|
6
|
9
|
Fiz (1) 1203
|
Физика
|
3
|
5
|
Таңдау компоненті
|
MGIN 1201
|
Мұнай газ ісінің негіздері
|
2
|
3
|
CGIG 1202
|
Сызба геометриясы және инженерлік графикасы
|
3
|
5
|
Him 1207
|
Жалпы химия
|
2
|
3
|
Базалық пәндер
|
|
Міндетті компонент
|
13
|
20
|
Fiz (ІІ) 1203
|
Физика ІІ
|
2
|
3
|
K(O)КТ 2205
|
Кәсіби (орыс) қазақ тілі
|
2
|
3
|
K(O)КТ 3205
|
Кәсіби (орыс) қазақ тілі
|
2
|
3
|
KBShT 2206
|
Кәсіби бағытталған шетел тілі
|
2
|
3
|
KBShT 3206
|
Кәсіби бағытталған шетел тілі
|
2
|
3
|
ЕКТК 4211
|
Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
|
3
|
5
|
|
Таңдау компоненті
|
63
|
105
|
ТК 2201
|
Жалпы мұнай геологиясы
|
3
|
5
|
ТК 2203
|
Қолданбалы механика
|
3
|
5
|
ТК 2204
|
Материалдар кедергісі
|
3
|
5
|
ТК 2205
|
Жерасты гидромеханикасы
|
3
|
5
|
ТК 2206
|
Мұнай кәсіпшілік жабдықтары
|
3
|
5
|
ТК 2207
|
Жалпы гидравлика
|
3
|
5
|
ТК 2208
|
Мұнай газ ұңғымаларын бұрғылау
|
3
|
5
|
ТК 2210
|
Термодинамика және жылу техникасы
|
3
|
5
|
ТК 2215
|
AutoCAD және CREDO негіздері
|
3
|
5
|
ТК 2203
|
Жерасты гидромеханикасы
|
3
|
5
|
ТК 2207
|
Жалпы және мұнай геологиясы
|
3
|
5
|
ТК 2208
|
Мұнай газ ұңғымаларын бұрғылау
|
3
|
5
|
ТК 2210
|
Экономика және өнеркәсіпті ұйымдастыру
|
3
|
5
|
ТК 2212
|
Ұңғыманы гидродинамикалық зерттеу
|
3
|
5
|
ТК 2213
|
Кәсіпшілік геофизикасы
|
3
|
5
|
ТК 3206
|
Мұнай газ саласындағы стандарттау
|
3
|
5
|
ТК 3208
|
Жалпы және мұнай геологиясы
|
3
|
5
|
ТК 3209
|
Мұнай газ ұңғымаларын бұрғылау
|
3
|
5
|
ТК 3211
|
Экономика және өнеркәсіпті ұйымдастыру
|
3
|
5
|
ТК 3212
|
Еңбекті қорғау
|
3
|
5
|
ТК 3214
|
Кәсіпшілік геофизикасы
|
3
|
5
|
Кәсіптентендіру пәндері
|
|
Міндетті компонент
|
14
|
22
|
MSKOK 2301
|
Мұнай газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау
|
3
|
5
|
MGSKOK 3301
|
Мұнай газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау
|
3
|
5
|
MZhTK 3302
|
Мұнай газ қондырғыларын коррозияға қарсы қорғау
|
2
|
3
|
MSKOK 4301
|
Мұнай газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау
|
2
|
3
|
GZZhN 4305
|
Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері
|
2
|
3
|
UZh 4306
|
Ұңғыны жөндеу
|
2
|
3
|
|
Таңдау компоненті
|
34
|
50
|
ТК 2301
|
Мұнай кен орындарын игеру
|
3
|
5
|
ТК 2302
|
Мұнай газ саласындағы техника мен технология
|
4
|
6
|
ТК 2305
|
Бұрғылау ерітінділері
|
3
|
5
|
ТК 2306
|
Шельф кен орындарын меңгеру
|
3
|
5
|
ТК 3301
|
Мұнай кен орындарын игеру
|
3
|
5
|
ТК 3305
|
Шельф кен орындарын меңгеру
|
3
|
5
|
ТК 3306
|
Мұнай газ саласындағы техника мен технология
|
4
|
6
|
ТК 4302
|
Скважина өнімдерін жинау және дайындау
|
3
|
5
|
ТК 4303
|
Мұнайгаз саласында ЭЕМ қолдану
|
2
|
3
|
ТК 4304
|
Қабаттың мұнай бергіштігін арттырудың техникасы мен технологиясы
|
3
|
5
|
|
Жалпы кредит саны
|
171
|
258
|
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: KT 1101
Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Жусупов С. – тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Қазақстанның ежелгі тарихы туралы, қола дәуірі жайында мәлімет беру. Орта ғасырдағы түргештер, қарлұқтар, оғыздардың мәдении өмірінен түсініктеме беру. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің тарихын талдау. Қазақстанның қазіргі кезеңі мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы мәлімет беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: -
Курстың/пәннің мазмұны: Ерте мемлекеттік құрылымдар. Түрік қағанаты. Қазақстанның экономикалық, мәдени өмірі. XI-XIII ғ. басындағы Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ хандығы. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей XIX-XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Азамат соғысы жайында Қазақ совет мемлекетінің құрылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Өлкедегі Совет мемлекетінің құрылуы. Индустрияландыру. Хрущев реформалары, Қазақстандағы қайта құру саясаты. Қазақстан Тәуелсіздік жолында қоғамдық-саяси даму. ҚР сыртқы саясаты.
Ұсынылатын әдебиет:
1.ҚР тәуелсiздiгi туралы декларация, 1990
2.ҚР Конституциясы А., 1995
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997, 11 қазан.
4. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы 10 жыл, А., 2002
5.Назарбаев Н.Ә.Инновациялар мен оқу – бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi студенттерiне арналған лекциясы (26 мамыр, 2006).
6. Қазақстан тарихы, Атамұра баспасы. 2010ж. 4-5 том.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің атауы: Информатика
Пәннің коды: Inf 1105
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші профессор: Жалмурзаева А.
Курстың мақсаты: студеттердің ақпараттарды алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қәзіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады.
Деректемелері/Пререквизиттері: мектеп көлеміндегі математика және информатика
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
«Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Есептеуіш техника және программалау. О.Камардинов, А., РБК, 1997,
2. Информатика /Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой. – М. Финансы и статистика, 2001
3. Информатика /Практикум по технологии работы на компьютере/ Под ред.
Н.В.Макаровой. – М. Финансы и статистика, 2001,
4. Информатикадан 30 сабақ. Е.Қ.Балапанов, Б.А.Бөрібаев, Шартарап, 2000
5. Информатика А.Шәріпбаев, - А., Қазақ университеті, 1992
6. Информатика М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева, -А., 2004
7. Хомоненко А.Д. Основы современных компьютерных технологий. СПб. Корона Принт,
1998
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің атауы: Экология және тұрақты даму
Пәннің коды: Etd 1106
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 2
Дәріс беруші профессор: Жиенбаева Л.
Курстың мақсаты: Экологияның теориялық және практикалық сұрақтарын болашақ мамандардың игеруіне бағыт беру, қоршаған ортаны қорғауда болашақ мамандардың өз үлестерін қосуға баулау, табиғи ресуртарды тиімді пайдалану, тірі ағзалардың қоршаған ортамаен қарым-қатынастарын және олардың биосферамен тікелей байланысын оқытады.
Деректемелері/Пререквизиттері: -
Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның эволюциясы. Биосфера және ноосфера туралы В.И. Вернадскийдің ілімі. Тірі зат концепциясы. Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. Биосфераның қазіргі күйі. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік. Тұрақты даму принциптері мен стратегиялары. Тұрақты дамудың бірден - бір аспектілерінің бірі табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану. Табиғи ресурстардың жіктелуі. Табиғатты тиімді пайдалану. Экологиялық таза альтернативті энергия көздерін пайдалану. Биосфераның тұрақсыздығының туындауына антропогендік факторлардың әсері. Тұрақты даму және қазіргі таңдағы әлеуметтік-экологиялық мәселелер. Тұрақты даму және табиғатты қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері мен принциптері. Қоршаған ортаны қорғаудың бір формасы қорғалатын территориялар. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы экологиялық өзекті мәселелер.
Достарыңызбен бөлісу: |