1 Стандарттаудың құқықтық негіздері
2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрылымы.
Лекцияның қысқаша конспекті
Стандарттаудың құқықтық негіздері.
Стандарттаудың құқықтық негіздері алғашқы рет 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңында бекітілген болатын.
1999 жылы бұл Заң Қазақстанның дамуы және нарықтың реформа жүргізуге байланысты қайта құрылып, жаңа «Стандарттау туралы» Заңы қабылданған. Бұл заңға 10.06.2003 ж. өзгерістер мен толықтырулар негізілген.
2004 ж. қараша айында қабылданған Қахақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес «Стандарттау тыралы» Заңының күші жойылды. Кейбір баптары ғана уақытша күшінде қалды.
«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестедің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
Сонымен бірге бұл Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (процестерге) қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы реттейді:
техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;
мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығын.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де ноормативтік құқықтық актілерден тұрады.