5В071700 – «Жылуэнергетика» мамандығы үшін студенттерге арналған пәннің бағдарламасы семей



бет5/7
Дата04.10.2020
өлшемі155 Kb.
#63900
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды:




30




15

45




3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


Осы тарауда студенттің берілген пәнді оқып үйренуін қамтамасыз ететін кеңестер мен түсіндірмелер берілген. Курстың бір бөлігі студенттің өздік оқып үйренуі мен жүретінің ескеру керек.

Әдістемелік ұсынымдар:

а) Пәнді оқып үйренуге қажетті уақытты жоспарлауға және оны ұйымдастыруға керекті ақыл-кеңестер.

Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының 60-70%-і бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 % қана, ал қалған 70-85 %-і студенттің оқытушының қадағалауымен жүретін өздік жұмысына (СОӨЖ) және тек студент өзі ғана жасайтын СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) жұмсалатының ескерту керек.

Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық ақпараттың көлемі күннен күнге өскендіктен дәрістін мазмұнын кеңейтіп және оған қойылатын талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің студенттің пәнді оқып үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп. Бірақ діәріс алушы дәріске иек артып алмауы шарт. Дәріс өздік жұмысты алмастыра алмайды. Сондықтан студент дәріске өз бетімен дайындалуы керек. Ол оқулықтан немесе басып шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің мазмұнымен танысып, оны ар қарай дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде 20-40 минуттан кем болмауы қажет. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабаққа және зертханалық жұмысқа дайындық пәнді оқып үйренуде студенттің білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.

Екі сағаттық тәжірибелік сабағына кемінде бір сағат дайындалу керек. Тәжірибелік сабағына дайындықты тексеру әр сабақ тың басында болатының студент білуі керек. Тәжірибелік сабағында көрсетілген өздік жұмыстың творчествалық элементі ескерусіз қалмайтының студент білуі керек. Тәжірибелік сабағында есепті әр студент оқытушының қадағалауымен өзі жеке шығарады. Студенттің жұмысы аралық үлгерімді тексеру арқылы жүреді, сондықтан студент әрбір жіберілген (босатылған) сабақтың оған тигізер залалы үлкен екенін естен шығармауы керек. Егер студент белгілі бір себеппен жұмысты дер кезінде тапсыра алмаса онда бұл оның сынақ немесе емтиханды тапсыруына үлкен әсер ететінің білуі керек. Сынақ пен емтиханға дайындықтың нәтижесіне ұзақ уақыт бойы жасалған өздік жұмыстың арқасында жетеді.

б) Студенттің іс-әрекетінің жүру барысын сипаттау.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқып үйренуді тақырыптарды бірінен соң бірін оқу арқылы жүргізуі керек: алдымен берілген тақырыптың мазмұнымен және оған арналған әдістемелік нұсқаумен жақсылап танысып,содан кейін осы тақырыпқа қатысты материалды оқулықтан оқуы керек. Материалды оқып үйрену кезінде сұрақтың түпкі мәнін ашып алуы, тек содан кейін ғана оның нақтылы ерекшеліктерін талдауға кірісу керек.Оқып үйренетін құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін анық көзге елестету қажет.

Формуланы дәлелдеп шығаруда оныңфизикалық немесе техникалық мәніне аса көп көңіл аудару керек. Пәндегі пайдаланылатын математикалық амалдар физикалық және техникалық есептерді шешуге қолданылады. Теориялық материалдарды оқып зерттегенде, әсіресе есептерді шығарғанда шамалардың өлшем бірліктерінекөңіл аудару қажет, себебі ол шаманың физикалық мәнін көрсетеді.

Әр тақыраптың материалын қарап шығып сол бойынша конспект құру қажет.

в) Оқу әдістемелік комплекстің (ОӘК) материалдарын пайдалануға арналған кеңес.

Студент оқу материалдарымен бірінші рет таныса отырып, оның берген жаңалықтарын, ерекшелік нысандарын қабылдап, сол арқылы пәннің негізгі жағдайын түсінуі керек.

Оқу процесіндегі негізгі рольге оқытушының материалдарды түсіндіруі және пайдаланылатын көрнекті құралы жатады. Ары қарай жаңадан алынған ақпарат бұрынғы алынған білімдермен араласып, олардың арасында пайдалы байланыс құралына айналады. Сонда барып студентда оқытылатын пән бойынша белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.

Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу материалдарын жалпы түрде меңгеріп оны күнделікті жұмыста, өмірде пайдалануға дайын тұрады.

г) Оқулықтар мен қосымша оқу құралдарымен жұмыс істеуге арналған кеңес.

Егер студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз түрде берілген деп есептесе немесе онда берілген материалды оқып зерттеу қиын екенін білсе, онда ол берілген басқа оқулықтардағы немесе қосымша құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты дұрыс таңдаудың алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Егер негізгі оқулықтарда берілген мтериал жеткіліксіз болса, онда қосымша оқулықтарды пайдаланғаны жөн.

Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.

Берілген тақырып бойынша оқулықтарды және басқа ғылыми көпшілікке арналған материалдарды оқұыған соң, конспект құру керек. Онда пайдаланылған оқулықтардын реттік нөмірі, беті, кестелері және т.б. берілгендері көрсетілуі шарт.

Емтиханға (сынаққа) дайындыққа керекті кеңестер

Әртүрлі факторлерді еске сақтауды, процестердің принципін көрсететің заңдылықтарды жатқа айту, немесе берілген материалдарды өз сөзімен жеткізу сұрақ тарына жауап бере алуды үйрену және жалпы принциптерді жаңа жағдайда қолдана алуды үйрену. Студент объекті оның құрамдас бөліктеріне жіктей және керісінше құрамдас бөліктерін бүтіндей объектіге айналдыра білуі керек. Бұл процестер ерекше ойлау процестерін (жопарлау, байланысты, заңдарды құру) тлап етеді. Идеалардың, жұмыстардың құндылығын дайын немесе жаңадан жасалған критерилер мен стандарттар көмегімен қарастыра білу және басқалардың алдында өзінің көз қарасынқорғай білу студентға емтиханды, сынаты жақсы тапсыруға көп көмегін тигізеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет