5В071700 – «Жылуэнергетика» мамандығы үшін студенттерге арналған пәннің бағдарламасы семей



бет3/7
Дата04.10.2020
өлшемі155 Kb.
#63900
1   2   3   4   5   6   7

Пәннің мақсаты – кәсіби қарым-қатынас үшін қажет негізгі техникалық терминологиялық лексика минимумын меңгерту; оқушыларды аударма практикасының теориялық негіздерімен таныстыру және аударма білігі мен дағдыларын қалыптастыру, кәсіби мамандығы шеңберінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.

1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

- сөздік-анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу;

- жалпы ғылыми және нақты кәсіби сипаттағы мәтіндерді қарап шығу, іздеу, зерттеу мақсатында оқу;

- мәтіннің тақырыбын, көтерген мәселесін, қорытындысын анықтай алу;

- мәтіннің мағыналық (себеп-салдарлық, мезгілдік, шарттық) бөліктері мен объективтік және субъективтік ақпаратын ажырата білу;

- кәсіби сипаттағы ақпаратты ауызша және жазбаша хабарлау, баяндама жасау, пікір алмасу барысында өз пікірін дәлелдей алу;

- оқу және арнайы мамандықтар мәтіндері түріндегі техникалық ақпаратты аудару;

- өз мамандығы шеңберіндегі кәсіби терминдерді пайдалана білу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру.
1.5 Оқыту нәтижелері:

Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



білуі қажет:

- аударма теориясы, аударма түрлері;

- аудармашыға қойылатын талаптар;

- терминжасам тәсілдері;



меңгеруі қажет:

- аударматанудың терминологиялық аппараты;



игере білуі керек:

- ЖЭ мамандығының терминологиялық минимумын;



істеу білуі керек:

- терминологиялық, түсіндірме сөздіктермен;



түсіне білуі керек:

- ғылым және техниканың нақты тілін түсініп, ғылыми-техникалық терминдерді әңгіме барысында сауатты;

болуы керек:

- кәсіби саласы бойынша жағдаяттарға, ақпараттарға қатысты өз көзқарасын білдіру, талқылау, пікірталас туралы түсінігі



ие болу керек:

- белгілі бір тақырып бойынша эссе жаза білу дағдыларына.


1.6 Курстың пререквизиттері:

- Қазақ тілі;


1.7 Курстың постреквизиттері:

- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге үйрету.


2 САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ
Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны 1 кесте көрсетілген.
1 кесте - Пәннің мазмұны. Сабак түрлері бойынша сағаттарды бөлу


№ тақырып

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Әдебиеттер


Д

ТС

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет