Лекция 7-8. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Стандарттау жұмыстарын жүргізу барысында стандарттау объектілеріне нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар нормативтік құжат түрінде өңделеді.
«Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
2. Қазақстан Республикасының техникалық- экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері
3. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар
4. Халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттерінің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану
Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Бұл жұмысқа өнімнің технологиясын әзірлеуші, оны шығарушы және тұтынушылардың, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушы қоғамдарының өкілдері, Мемстандарттың мамандары шақырылуы мүмкін.
Стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған.
1-кезең – жұмыстарды ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу;
2-кезең – стандарттың жобасын (I- редакциясын) әзірлеу және оны пікір беруге жіберу;
3-кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу;
4-кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу;
5-кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу;
6-кезең – стандартты басып шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |