Лекция 6. Стандарттаудың құқықтық негіздері
Стандарттаудың құқықтық негіздері алғашқы рет 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңында бекітілген болатын.
1999 жылы бұл Заң Қазақстанның дамуы және нарықтың реформа жүргізуге байланысты қайта құрылып, жаңа «Стандарттау туралы» Заңы қабылданған. Бұл заңға 10.06.2003 ж. өзгерістер мен толықтырулар негізілген.
2004 ж. қараша айында қабылданған Қахақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес «Стандарттау тыралы» Заңының күші жойылды. Кейбір баптары ғана уақытша күшінде қалды.
«Техникалық реттеу туралы» Заңы Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестедің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
Сонымен бірге бұл Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (процестерге) қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқару техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Қомитетке (ары қарай Мемстандарт) жүктелген.
Мемстандарт атқару үкіметінің салааралық үйлестіруді, сондай-ақ стандарттау, метрология, сәйкестікті растау және аккредиттеу облысында реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органы болып табылады.
«Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Мемстандарт немесе оның бағынысындағы ұйымдар арқылы стандарттау саласында төмендегі негізгі функцияларды орындайды:
1) мемлекеттік стандарттарды және техника-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттау жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағындаесепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығару туралы ақпаратты жариялайды;
5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;
6) стандарттау жөніндегі ноормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.
Стандарттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар қатысуы мүмкін. Мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар өз құзіреті шегінде стандарттау облысында жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді және осы жұмыстарды орындау үшін тиісті стандарттау жөніндегі бөлімшелер мен қызметтер құруы мүмкін. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар атқарады. Стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тағайындаған тәртіп бойынша аттестациядан өтуі керек.
Кәсіпорындар және мекемелердің стандарттау жөніндегі қызметтер өз құзыреті шегінде стандарттау облысында ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми- техникалық басқаруды жүзеге асырады. Бұл мақсатта олар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және басқа өнімді, көрсетілетін қызметтерді, өндірістік процестерді, оның ішінде өндірісті басқару процестерін стандарттау және унификациялау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар нәтижелері сапа жүйесін және экологиялық басқару жүйесін енгізу арқылы іске қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |