Озық стандарттау - стандарттау объектілеріне қазіргі күнгі практикада қол жеткен ноормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау.
Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдің ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің дамуына кедергі болып қалуы мүмкін. Стандарттар техникалық прогрестің дамуына кедергі болмау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек.
Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80-жылдары бекітілген аудио компакт- дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт-дисктер шығарылмай тұрып алдын ала әзірленген болатын. Осы шара компакт-дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын (совместимость) қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |