73
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
«Мейрамхана
және мейманхана бизнесіндегі
бухгалтерлік есеп және
аудит» пәні бухгалтерлік есеп пен аудиттің теориясы мен тәжірибесінің негізі
ретінде түсінік береді. Бұл бағдарламада нарықтық
экономика жағдайында
бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы қабылданған халықаралық
принциптері, әдістері және тәсілдері қарастырылады, ол
мейрамхана және
мейманхана бизнесі саласының мамандарына қаржылық есептілікті жүргізу,
құра білу және оны талдай білу дағдыларын, ақпараттарды өңдеудің
заманауи әдістері мен құралдарын алуға көмектеседі.
Курстың негізгі мақсаты – болашақ бакалаврларды
бухгалтерлік есеп
пен аудиттің теориялық негізі (терминологиясы, мәні, әдістемесі, есеп пен
аудиттің ұйымдастырылуы), есептік ақпаратты өңдеу, құрастыру, пайдалану,
оларды талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастыру туралы қажетті
білім беру.
Бағдарлама негізгінде мынадай мақсаттар көзделген:
болашақ
балавриаттарды бухгалтерлік есеп пен аудиттің теориялық негіздеріне үйрету
(бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мазмұны, әдістемесі); бухгалтерлік
есептегі ақпараттарды өңдеу, жинақтау; және
олардың негізінде қаржылық
есептілікке талдау мен аудит жүргізудің тәлісдерін үйрету.
Бұл курсты аяқтаған соң студенттер білуге тиісті:
бухгалтерлік есептің тұжырымдамаларын, мазмұнын,
құрылу
тәртібін, қаржылық есептіліктің нысандарын, халықаралық және отандық
есеп стандарттарын;
бухгалтерлік
есеп
шоттары
мен
ақпараттарды
өңдеудің
технологиясын;
бухгалтерлік шоттарда шаруашылық
операцияларын көрсету
тәртіптерін.
Пререквизиттері: «Қонақжайлылық кәсіпорындарының экономикасы».
Постреквизиттері: «Мейманхана және мейрамхана менеджменті».