5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет32/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 
Тері иннервациясының аумағы. 
Үштік жүйкелердің бағандары
(n.trigeminus) 
• Көздік жүйке (n. ophtalmicus ) –жас, маңдай, танау кірпікті жүйкелер.
• Жоғарғы жақты (n. maxillaris ) –көз асты жүйкелер.
•Төменгі жақты(n. mandibularis ) – бет, шайнау, самай (терең және 
беткейлік), тілдік, жақаралық жүйкелер.
Көз астындағы жүйкені тежеу 
Көрсеткіштер: Мұрын аумағындағы, жоғарғы ерінде, жоғарғы жақ 
кеңсірігінің бөлімде және тістерде 2-ші малярға дейін операцияларда. 
Ірі мүйізді малды жансыздандыру техникасы (Н.В. Садовский). 
Көз астындағы жүйкенің орнын анықтап алу керек. Ол үшін орбиталық 
сызықты орбита сыртқы жақтарымен мұрын арқасынан паралельді өткізеді. 
Алдыңғы жақтың терісінен жеңіл табылатын 1-ші премалярасына 
перпендикулярды сызық. Екі сызық қосылған нүктеде көз астындағы жүйкені 
тауып алынады. Инені аборальды аттас каналы арқылы 3-4 см тереңдікке 
бірнеше жоғары қадалады. 10 мл 3%-дық новокаин ертіндісін 
инъекциялайды.
Ретробульбарлы новокаинді тежеу (В. А. Авроров бойынша)
Кератит, кератоконъюнктивит, көздiң қасаң қабығының ойлымында 
және қабынуында (ирит). 
Малды дайындап алғаннан кейін, инені жоғарғы қабақ сүйек 
орбитасының шетінен құлақ түбіне қарама-қарсы бағыттайды. Инені көз 
аламысы мен периорбита арасына бағыттайды: ірі қара малда-6-8 см 
тереңдікке, ұсақ малдарда -4-5 см 0,5%-ды новокаин ертіндісін, ірі қара малға 
15 мл-ге дейін, ұсақ малдарға 7-10 мл –ге дейін. Екінші инъекцияны дәл 
осылай бірақ төменгі қабақтан енгізеді. Қажет жағдайда тежеуді 4-5 күннен 
кейін қайталайды. 
 
Маңдай жүйкесін тежеу

Көрсеткіші: жоғарғы қабаққа және маңдайға операция жасағанда 
жасалды. 

Маңдай сүектің бет өсіндісінде көздік саңылауды табамыз. Осы 
жерден теріні теседі, сол саңылауға 5-10 мл 3%-ды новокаин ертіндісін 
енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет