5В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: 1 Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет2/16
Дата18.02.2017
өлшемі3,98 Mb.
#10350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



Байланыс туралы мәлімет:

Химия кафедрасының орналасқан мекен-жайы:

Алматы қ., Сейфуллин көшесі, INTRO №1 анатомия корпусы, №2 оқу корпусы, 3-ші этаж

Тел: 2926487 ішкі 7219



Пәннің саясаты:

  1. Студенттер кестеге сәйкес дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ-ға қатысуы тиіс.

  2. Сабақтарға ақ халатпен, кешікпей келуі керек. Сабақ үстінде байланыс телефонын өшіріп тастау керек.

  3. Сабақтарды жібермеу керек. Белгілі бір себептермен (ауруға байланысты) сабақты жіберген жағдайда қажетті құжаттар деканатға тапсырылады. Жіберілген барлық сабақтарды міндетті түрде өтеу қажет.

  4. Студенттер үнемі дәрістерге, практикалық сабақтарға, ОСӨЖ, СӨЖ-ға талаптарға сәйкес барлық тапсырмаларды орындап, дайындалуы керек.

  5. Орындалған тапсырмалар бойынша есептер оқытушыға уақытында тапсырылуы қажет. Бекітілген уақытынан кейін тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды.

  6. Емтиханға төмендегі студенттер жіберілмейді:

    • аралық бақылау жұмысын тапсырмағандар;

    • минималды өту балын жинамағандар;

    • жіберілген сабақтарды өтемегендер.


  1. БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Берілген бағдарлама медициналық оқу орнының «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Жоғары білімнің қазіргі жаңашыл шарттарына сәйкес шешуші міндеті болып іргелі оқыту табылады. Химия іргелі ғылым, сондай-ақ тірі ағзадағы процестерді тану және зерттеу құралы болып табылады. Сондықтан, медициналық мамандықтағы студенттер осы ғылымның негізгі идеялары, заңдары мен әдістерін жақсы игеруі қажет. Бағдарлама бойынша бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидты химия курсының аса маңызды тақырыптарының негізін қарастыру жоспарлануда.

«Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармокология, гигиенаның кейбір тарауларын меңгеруге теориялық базаны дайындайды және медицина-биологиялық, клиникалық пәндерді игергенде фундаментальды ғылымнан алынған ғылыми шешімді және зерттеудің жаңашыл әдістерін толық қамтуын қарастырады.

Жоғары медициналық білімді жетілдірудің маңызды міндеті болып пән аралық байланысты кеңейту және фундаментальды, медицина-биологиялық және клиникалық пәндердің интеграциясы болып табылады.



Пәннің мақсаты:

Студенттерде адам организмін зерттеуде біртұтас физика-химиялық, жаратылыс тану тұрғысынан шешім қабылдау, сондай-ақ ірі организмде жүретін маңызды биохимиялық процестер мен әр түрлі тепе-теңдіктердің химиялық және физика-химиялық аспектілерінің негізін қалыптастыру.


Пәннің міндеттері:

  • Тірі ағзада жүретін биохимиялық процестерді сипаттау үшін және ситуациялық есептерді шығара білу үшін физикалық және коллоидты химияның негізгі заңдылықтарын білуді үйрету;

  • Ерітінділердің концентрациясының сандық сипаттамасын, сонымен қатар олардың коллигативтік қасиеттерін, қышқыл мен негіз ерітінділерінің қышқылдығы жайлы, буферлік ерітінділердің әсер ету механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен биополимерлердің құрылымының олардың химиялық қасиетіне әсері жайлы түсінік қалыптастыру;

  • заттар, оның ішінде тірі организмдегі органикалық компоненттер мен дәрілік препараттардың химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру;

  • әдеби көзі мен мәліметтердің электронды базасымен жұмыс істеуге дағдыландыру.


Оқытудың соңғы нәтижелері

Пәнді оқып білу барысында студент келесі құзыреттілектерді игеруі тиіс:

        1. Білім

  • Химиялық термодинамиканың теориялық қағидалары, биоэнергетиканың негізі ретінде термодинамиканың 1 және 2 бастамаларын;

  • ерітінділердің құрамын анықтаудың негізгі әдістері;

  • ерітінділердің коллигативті қасиеттері, олардың организмдегі атқаратын ролі;

  • атомдар мен молекулардың құрылыс теориясын, комплексті қосылыстардың координациялық құрылыс теориясын, хелатотерапия туралы түсінік;

  • биогенді элементтер химиясын;

  • қышқылдық-негіздік тепе-теңдік мәнін және организмдегі буферлі жүйелердің функциясын;

  • тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясын;

  • жоғары молекулалы қосылыстар және биополимерлердің табиғаты мен физика-химиялық қасиеттерін;

  • органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатурасының ережесі;

  • химиялық реакциялардың типтері мен механизмін;

  • табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластарының электронды құрылысын,изомериясын;

  • биохимиялық процестерде өзара өзгеріске ұшыраудың негізі ретінде органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалды топтарының түрлі айналулар жолдары;

  • органикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің биологиялық белсенділікпен өзара байланысы;

  • тіршілік ету процестерінде биологиялық реттегіштер мен биополимердің атқаратын ролі.

        1. Тәжірибелік дағдылар:

  • химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білу, химиялық ыдыс пен негізгі құралды пайдалану, медициналық практикада қажетті физика-химиялық өлшеу әдістерін қолдану;

  • молярлы концентрация, моляльды концентрация, эквивалентті молярлы концентрацияны, еріген заттың мольдік үлесін және ерітінді титрін есептеу;

  • химиялық реакцияларлдың жылу эффектілерін есептей білу;

  • потенциометрлік рН өлшеуді жүргізе білу;

  • биополимерлердің ісіну дәрежесін анықтау;

  • криометрия әдісі бойынша төменгі молекулалы заттардың және ЖМЗ вискозиметриялық мәліметтер бойынша салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу;

  • органикалық молекулалардың биологиялық функциясын олардың құрылысы мен реакциялық қабілетімен байланстыра білу;

  • қанықпаған қосылыстар, аминқышқылдары, моносахаридтерды, молекулада пептидті байланыстың бар-жоқтығын, функциональды топтарды сандық анализдеу;

  • органикалық химияның теориялық негіздерінің тұрғысынан қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында органикалық қосылыстардың химиялық өзгерісін болжай білу.

  • берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу, ерітіндінің тығыздығын және рН анықтай білу;

  • берілген рН белгілі буферлі ерітіндіні дайындай білу, буферлік сыйымдылықты анықтай білу; биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;

  • органикалық қосылыстардың маңызды кластарының функционалды топтарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;

3. Коммуникативтік дағдылар

  • жолдастарымен ортақ тіл табыса білу, конфликтілік жағдайларда жол таба білу;

  • үлкен көлемдегі ақпараттарды меңгеріп, оның ішінен ең бастысын бөліп алу;

  • әлеуметтік қарым-қатынас мәдениетіне дағдылану;

  • алдына мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге барынша күш салу, ақпараттқа талдау жасай білу.

  1. Құқықтық құзыреттілік

  • қоршаған ортаны қорғай және техника қауіпсіздігі;

  • химиялық заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды қолдану қауіпсіздігін түсіне қолдану, талдау жасау барысында қолданылып отырған химиялық қосылыстың қасиеттерін жете білу, беймәлім бір жағдай болған жағдайда шұғыл көмек жасау ережелерін білу.

  1. Өзін-өзі жетілдіру

  • келешекте тәжірибеде химиядан алған білімін сауатты түрде пайдалану білу ерекшелігін түсіну;

  • анықтамалық және оқу әдебиеттерімен өздігінше жұмыс істей білу, оларды типтік есептерді шығаруда қолдана білу;

  • эксперименттік жолмен алынған мәліметтерді медицинада қолданылу жолдарын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беру, талдау нәтижелері бойынша реферат жаза білу.


Пәннің пререквизиттері: химия, физика, математика, биология пәндерінің мектептік курсы.

Пәннің постреквизиттері: молекулярлы биология, биохимия, фармокология, физиология, гигиена.
ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Термодинамика. Термохимия. Химиялық кинетика және катализ. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Буферлік жүйелер. Химиялық байланыстың табиғаты. Комплекстиі қосылыстар, биогенді элементтер. Тірі ағзадағы тотығу-тотықсыздану процестері. Беттік құбылыстар. Коллоидты жүйелер. Биополимер ерітінділері.

Көмірсутектер. Ароматты қосылыстар. Хюккел ережесі. Спирттер. Аминдер. Диазо- и азо қосылыстар. Альдегидтер мен кетондар. Карбон қышқылдары. Гетерофункционалды органикалық қосылыстар. Алифатты галоген орынбасушы қышқылдар. Гидроксиқышқылдар. Оксоқышқылдар. α-аминқышқылдары. Пептидтер. Белоктар. Көмірсулар. Гетероциклді қосылыстар. Алкалоидтар. Нуклеин қышқылдары. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. РНҚ и ДНҚ. Липидтер. Терпендер. Стероидтар.

ДӘРІСТЕРДІҢ, ОСӨЖ, СӨЖ және ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Апта




Бөлім


Тақырып

Өткізілу түрі және ұзақтығы

Дәрістер

Тәж. саб.

ОСӨЖ

СӨЖ

0

1

1-2

Тірі ағзада жүретін процестер– физикалық-химиялық интерпретация.

1










0

2

3-4

Сулы ерітінділер. Тірі ағза сұйықтықтарындағы тепе-теңдік.

1










0

3

5-6

Элементтер-органогендер. «Өмір металдары». Көміртек – органикалық қосылыстар негізі. Тірі және өлі табиғат арасындағы шекара қай жерде?

1










0

4

11-12

Атомдардың өзара әсері және биологиялық маңызды молекулаларда олардың берілу тәсілдері. Органикалық реакциялар мен реагенттердің типтері

1










0

5

14-16

Тіршілік процесіне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар

1










1

6

1-2

Химиялық реакциялар термодинамикасы мен кинетикасының негіздері. Бейтараптау реакциясының түзілу жылуын тәжірибелік жолмен анықтау. Реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері




2







1

7

1-2

Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакциялар кинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы







3




1

8

3

Ерітінділер: құрамын өрнектеу тәсілдері және коллигативтік қасиеттері. Концентрлі ерітіндіден сұйылтылған ерітінді дайындау




2







1

9

3

Ерітінді құрамының және оның коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамалары. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Осмос, гемолиз, плазмолиз







3




1

10

5

Атом құрылысы. Химиялық байланыстың табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық – биологиялық рөлі










7

1

11

4

Протолиттік тепе-теңдік және процестер. Ерітінді рН-н колориметрлік әдіс арқылы тәжірибелік жолмен анықтау. Ерітінділердің буферлік сиымдылығын анықтау




3







1

12

4

Күшті және әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің рН-н есептеу. Ағзаның буферлік жүйелері: құрылымы, әсер ету механизмі. Ацидоз. Алколоз







3




1

13

7-8

Беттік құбылыстар және дисперстік жүйелер. Мыс және темір иондарын хроматографиялық бөлу. Қағаз хроматографиясы әдісімен темір иондарын сапалы анықтау. Коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алу және олардың кейбір қасиеттерін зерттеу




3







1

14

7-8

Жылжымалы және жылжымайтын бөлу беттері аралығындағы адсорбция. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ.







3




1

15

6

Биогенді s-, p-, d- элементтер: олардың қосылыстарының медициналық- биологиялық маңызы










8

1

16

9

Тотығу-тотықсыздану процестері. Асқазан сөлін потенциометрлік титрлеу




3







1

17

1-9

Аралық бақылау №1







3




2

18

12-13

Көмірсутек гомофункционалды туындыларының реакцияға қабілеттілігі. Спирттердің, фенолдардың, аминдердің, альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының сапалы реакциялары




2







2

19

10-11

Органикалық қосылыстардың жіктелуі, изомериясы және номенклатурасы. Көмірсутектердің реакцияға қабілеттілігі










8

2

20

14

Тіршілік процесіне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар







3




2

21

18

Биополимер ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Ақуыздардың жалпы қасиеттері. Жоғары молекулалы заттардың ісіну процесін эксперименталды түрде анықтау. Пептидтер мен ақуыздарға сапалы реакциялар.




2







2

22

14

α-аминқышқылдарының биологиялық маңызды қасиеттері. Пептидтер







3




2

23

14

α-аминқышқылдары: жіктелуі, құрылысы, номенклатурасы.










7

2

24

15

Моносахаридтер: құрылысы, стереоизомериясы, цикло-оксотаутомерия, химиялық қасиеттері, биологиялық рөлі. Фелинг, Троммер, Селиванов реакциялары. Крахмалға түсті реакция




2







2

25

15

Олиго- және полисахаридтер. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер. Гомо- және гетерополисахаридтер: құрылысы, биологиялық рөлі







3




2

26

17

Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар. Зәр қышқылы мен оның тұздарының ерігіштігін зерттеу. Алкалоидтарды тұндыру реакциялары




3







2

27

17

Нуклеозидтер, нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы







3




2

28

16

Сабындалатын липидтер. Стериндер, стеридтер, стероидтар және олардың туындылары. Майларға реакциялар. Қанықпаған жоғары май қышқылдарын ашу реакциялары




3







2

29




Аралық бақылау №2







3




Барлығы

5

25

30

30


ПӘННІҢ ТАРАУЛАРЫ





пп

Пәннің тараулары



1

Химиялық термодинамика

2

Химиялық кинетика және катализ

3

Ерітінділер туралы ілім

4

Буферлік ерітінділер

5

Химиялық байланыстың табиғаты. Комплексті қосылыстар

6

Биогенді элементтер

7

Беттік құбылыстардың физикалық-химиялық негізі

8

Дисперсті жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттері

9

Тотығу-тотықсыздану процестері

10

Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатура. Изомерия. Атомдардың өзара әсері және биологиялық маңызды молекулаларда олардың берілу тәсілдері. Органикалық реакциялардың типі мен механизмі бойынша жіктелуі

11

Көмірсутектердің реакцияға қабілеттілігі. Радикалды орын басу реакциялары. Электрофильді орынбасу және қосып алу реакциялары

12

Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртегі атомындағы нуклеофильді орынбасу реакциялары

13

Карбонильді қосылыстардың нуклеофильді реакциялардағы реакциялық қабілеттері

14

Тіршілік процесіне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар

15

Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер

16

Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер

17

Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар

18

Жоғары молекулалы қосылыстар

3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:


  1. Студент СӨЖ тақырыптары бойынша конспект дайындайды.

  2. СӨЖ тақырыптары бойынша студент оқытушының тапсырмаларын орындауы, оларды талаптарға сай көркемдеуі және көрсетілген мерзімде оқытушыға тапсыруы, сонымен қатар оқытушының сұрақтарына жауап беруге, ұқсас тапсырмаларды орындауы тиіс.

  3. 4 тақырып бойынша студент оқытушының тапсырмасы бойынша талаптарға сай кроссворд құрастыруы керек.




  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- 288 б.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 400 б.

  3. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 992 б.

Қосымша:

  1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

  2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

  3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

  4. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  5. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

  2. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.




  1. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

  1. Дәрістер: әдеби шолу, тақырыптық және демонстрациялық материалды қолданылатын мәселелі дәріс.

  2. Практикалық сабақтар: семинарлар, есептер шығару, демонстарциялық тәжірибе, лабораториялық жұмыстарды орындау, жаттығуларды орындау, шағын топтарда жұмыс істеу.

  3. Оқытушының студенттермен өзіндік жұмысы: шағын топтарда жұмыс істеу, консультация, пікір алмасу, рефераттардың қорғалуы, тест тапсырмаларын орындау, жеке немесе топ бойынша тапсырмалардың орындалу тәжірибелерін талдау.

  4. Студенттердің өздігінен жұмысы: әдебиет, берілген мәліметтердің электронды қоры мен компьютерлік оқытатын бағдарламалармен жұмыс істеу, есептер шығару, глоссария құрастыру, тест тапсырмаларын орындау, эссе жазу, тақырыптық рефераттарды дайындау және оны қорғау.



6. БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Білімді бағалаудың әдістері:

Мақсат – теориялық материалды меңгеру деңгейін, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуін жүйелік түрде бақылау.

Студенттер үлгерімін бағалау критерийлері 2011 жылдың 27 қыркүйегінде ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінде бекітілген «Білім алушылардың оқу үлгерімін бағалау ережелері» құжатына сәйкес белгіленген.



Оқу үрдісін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес студенттердің білімі, тәжірибелік дағдылары, коммуникативтік дағдылары, құқықтық және өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі 100 балдық шкаламен бағаланады. Студенттердің білім деңгейін бағалаудың негізгі түрлері емтихан, күнделікті және аралық бақылау болып табылады.

Білімді бағалаудың әдістері:

Күнделікті бақылау: тест жазғызу, жазбаша/ауызша сұрау, програмдалған бағылау, есептер шығару, тапсырмаларды орындау нәтижелерін өңдеуін тексеру және т.б., шағын топтарда жұмыс істеу кезінде өзіндік және топтық бағалау.

Аралық бақылау: тест жазғызу, жазбаша/ауызша сұрау, програмдалған бақылау, есептер шығару.

Қорытынды бақылау: СӨЖ тақырыптарын қамтитын емтихан (жазбаша және /немесе ауызша түрде).

Тест тапсырмалары арқылы студенттің білімі және құқықтық құзыреттілігі бағаланады.

ІІ деңгейі – практикалық дағдыларды қабылдау, практикалық және коммуникативтік дағдылар бағаланады. Емтиханның екінші деңгейі кафедра меңгерушісімен бекітілген билеттер бойынша өткізіледі.

Студенттің семестр бойынша жинаған балы 50%-ге тең немесе одан артық болған жағдайда ғана емтиханға жіберіледі.


Химия пәні бойынша студенттердәі құзыреттіліктерін бағалау критерийлері
Дәрістер

  • Студенттің дәріске қатысуына және дәріс конспектілерінің бар болғанына балл қойылмайды, бірақ дәріс материалдарының сұрақтары аралық және соңғы бақылауға міндетті түрде енгізілетін болады.

  • Тәжірибелік сабақтар

  • Орындау критерийлері:

  • -тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу.

  • Білім құзырлылығын бағалау

  • 100% - Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланып, барлық сұраққа дұрыс және толық жауап бергенде.

  • 95% Студент сабақ тақырыбын терең түсініп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін көрсеткенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келгенде, нақты мысалдармен келтірілген теориялық фактілердің бәрін қамтығанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен, дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

  • 90% Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа сәйкес келгенде, теориялық материалды дұрыс таңдап алынған мысалдармен бекіте алғанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда. Формула жазғанда 1-2 болмашы қате жіберуге рұқсат етіледі.

  • 85% Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 2-3 болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына берген жауабында болмашы қате болғанда, формула жазғанда 2-3 болмашы қате жібергенімен, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

  • 80% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 3-4 болмашы қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, қисынды ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермесе де, негізгі түсініктерді келтіріп, формула жазғанда 3-4 болмашы қате жібергенімен, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда.

  • 75% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Тапсырмаларды орындау барысында 1-2 болмашы қате жібергенде. Зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, жұмыс хаттамаларын жазып, жұмыс бойынша дұрыс қорытынды жасай білгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда, формула жазғанда 4-5 болмашы қате жібергенде.

  • 70% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білім тереңдігі таяз, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және ары қарай бағдарламалық материалды меңгеруге қажет дағдыны білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындағанда, оның 80%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігінде (50-60%) қате жібергенде.

  • 65% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге қажет білімі жететін болса. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 70%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігі қатемен жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

  • 60% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 50%-ға жуығы ғана дұрыс орындалса. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулалар мен реакциялар қате жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

  • 55% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 25%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулаларды жаза алмағанда, реакци теңдеуін жазуға деген талпыну болғанда.

  • 50% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 10%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың ең болмағанда 1 сұрағына толық жауап бермегенде.

  • 45% Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) орындамағанда. Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде.




  • Химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері

  • 100% – Берілген жағдайлық есептерді толық интерпретациялағанда және зертханалық жұмыстарды сапалы түрде орындағанда.

  • 95% - Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды.

  • 90% Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

  • 85% Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

  • 80% Студент өз бетімен зертханалық жұмысты орындап, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырды, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасағанда қателесті. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

  • 75% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды, зертханалық жұмыс бойынша толық қорытынды жасамады. Өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

  • 70% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ дерлік.

  • 65% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер мен қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

  • 60% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын толтыруда қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, жұмыс қорытындысын қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

  • 55% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, оны қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

  • 50% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, жұмыс нәтижелерін қорғай алмайды.

  • 45% Студент сабақта болды. Тапсырманы орындамады, шағын топта жұмыс жасауға ынталанды, жұмыс бойынша қорытынды жасамады, хаттамалары толық емес, ескертулер бар.


Химиядан студенттердің құқықтық құзырлылығын бағалау критерийлері

  • 100 % - Студент қауіпсіздік техникасы бойынша материалды және биохимия саласындағы нормативті актілерді толық білгенде қойылады.

  • 95% - Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ережелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде қойылады.

  • 90 % Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Қосымша түсініктерде болмашы қателік болып, оны оқытушының ескертуінен кейін түзетсе, қойылады. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келеді.

  • 85% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Берген жауабында 2-3 қате болып,, оны оқытушының ескертуінен кейін түзетсе, қойылады. қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда қойылады.

  • 80% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Берген жауабында 3-4 қате болып,, оны оқытушының ескертуінен кейін түзетсе, қойылады.

  • 75% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрағына берген жауабы толық емес, дегенмен негізгі түсініктер келтірілгенде қойылады.

  • 70% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық емес және ретсіз, дегенмен сұрақты түсінетінін көрсете білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда қойылады.

  • 65% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Қойылған сұраққа толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жібергенімен сұрақты түсінгенін көрсете білгенде. Жазбаша бақылау сұрақтарына толық емес жауап беріп, бірақ негізгі түсініктерді келтіргенде қойылады.

  • 60% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылау сұрақтарына толық емес жауап беріп, бірақ негізгі түсініктер тапсырманың 50%-ында келтірілгенде қойылады.

  • 55% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Студент тапсырма бойынша жауап бере алмағанда, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жібергенде. Бірақ негізгі түсініктер тапсырманың 25%-ында келтірілгенде қойылады.

  • 50% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Студент тапсырма бойынша жауап бере алмағанда, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жібергенде. Бірақ негізгі түсініктер тапсырманың 25%-ында келтірілгенде қойылады. Бағдарламалық бақылау кезінде 1 сұраққа ғана жауап жазса, қойылады.

  • 45% Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде қойылады.


Химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері

  • 100 % — Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) нақты жауап береді және дүние танымы кең.

  • 95% - Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді және дүние танымы кең.

  • 90% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

  • 85% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

  • 80% Студент байсалды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

  • 75% Студент оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

  • 70% Студент сенімсіз жауап береді, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.

  • 65% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.

  • 60% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен тіл табысуы қиын, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, берілген сұрақтың 50 %-ына дұрыс жауап береді.

  • 55% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен сөйлескісі келмейді, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.

  • 50% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен қарым-қатынасы нашар, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.

  • 45% Студент әңгімелесуден бас тартқанда қойылады.


Химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері

Сөзжұмбақты бағалау критерийлері:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет