Қауіпсіздік техникасы бойынша сұрақтар
1. Лабораторияда тілім-тілім кесілген натрийді қалай сақтайды?
2. Өнеркәсіптік санитарияда химиялық заттарды жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті жіберілетін концентрация (ШЖК) мәндерімен сипатталады. ШЖК (формальдегид үшін) = 0,5 мг/м3, қауіптілік класы – 2 нені білдіреді?
3. Күшті қышқылдармен күйік алғанда алғашқы көмек көрсетудің қандай шаралары жедел көрсетіледі?
4. Егер бірден қан тоқтамай жатырса, қан тоқтататын мақтаның бір уысын жапсырады. Оны лабораторяда гигроскопиялық мақтаны қай ерітіндісіне батырып дайындайды?
5. Қандай қосылыстармен уланғанда антидоттар – меркаптоқосылыстар (унитиол, димеркаптоянтарь қышқылы және т.б.) қолданылады?
АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ
Термодинамикалық жүйе. Қоршаған ортамен байланысуына қарай, фазалар саны бойынша термодинамикалық жүйелердің классификациясы. Негізгі түсініктері мен заңдары.
Термодинамикалық жүйенің күйі: тепе-теңдіктегі, стационарлы, ауыспалы.
Термодинамикалық жүйенің параметрлері: негізгі, күй функциялары, экстенсивті және интенсивті параметрлер.
Термодинамикалық жүйенің күй функциялары: ішкі энергия, энтальпия, энтропия, изобара-изотермиялық потенциал.
Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изобаралық және изохоралық процестердің жылуы.
Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық есептеулер.
Стандартты түзілу жылуы. Жану жылуы. Бейтараптану жылуы.
Лавуазье-Лаплас заңы.
Гесс заңы және одан шығатын салдарлары. Термохимиялық есептеулерді химиялық және биохимиялық процестердің энергетикалық шамалары үшін қолдану.Тағам өнімдерінің калориялығын санау принциптері.
Химиялық реакция жылдамдығы. Орташа және шынайы реакция
жылдамдықтары.
11. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар: әрекеттесуші заттар табиғаты, реагенттер концентрациясы (әсер етуші массалар заңы), температура (Вант-Гофф ережесі, Аррениус теңдеуі), катализатор қатысы.
12. Реакция реті. Нөлінші, бірінші, екінші және үшінші ретті реакциялардың кинетикалық теңдеулері.
13. Реакция молекулалығы.
14. Катализ. Каталитикалық процестердің негізгі заңдылықтары.
15. Ферментативті катализ. Ферментативті катализдің ерекшеліктері.
16. Михаэлис – Ментен теңдеуі көмегімен ферментативті реакция жылдамдығын сипаттаңыз.
17. Реакциялардың кинетикалық классификациясы. Реакциялар: қарапайым, күрделі, қайтымды, параллельді, кезектес, қосарланған, тізбекті.
18. Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдіктің әрекеттесуші заттар концентрациясы, реагенттер концентрациясы, температура, қысымның өзгерісі кезінде жылжуы.
19. Ерітінділер. Ерітінділердің классификациясы.
20. Газдардың сұйықтарда еруі. Генри, Дальтон және Сеченов заңдары.
21. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері.
22. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Рауль заңы және одан шығатын салдар.
Осмос. Вант- Гофф заңы. Осмостық және онкотикалық қысым.
Осмостың медицина мен биологиядағы ролі. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Гемолиз. Плазмолиз.
Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері.
Электролиттік диссоциациялану теориясы. Оствальдтің сұйылту заңы.
Күшті электролиттер теориясы.
Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш рН.
Ағзадағы буферлік жүйелер. Буферлік әсер ету механизмі.
Буферлік ерітінділердің рН-ын есептеу. Гендерсон-Гассельбах теңдеуі.
Буферлік сыйымдылық.. Буферлік сыйымдылыққа әсер ететін факторлар.
Биогенді элементтердің жіктелуі.
Биогенді элементтер атомдары құрылысының ерекшеліктері.
Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.
Химиялық байланыс типтері және валеттілік байланыс әдісі тұрғысынан оларға сипаттама беру.
Вернердің координациялық теория тұрғысынан комплексті қосылыстардың құрылысы: комплекс түзуші, оның кординациялық саны, дентанттылығы, ішкі сфера және сыртқы сфера.
Комплексті қосылыстардың классификациясы. Комплексті косылыстардың изомериясы.
Комплексті қосылыстардың номенклатурасының негізгі принциптері.
Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Біріншілік және екіншілік диссоциациялануы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары.
Хелаттар. Хелаттардың медицинада қолданылуы.
Металлферменттер мен биокомплекстердің құрылысы. Олардың биологиялық ролі.
Комплексті қосылыстардың санитарлы-гигиеналық анализде қолданылуы.
Электрод. Электродтық потенциал. Электродтық потенциалдың түзілу механизмі. Нернст теңдеуі.
Электродтар классификациясы: І және ІІ текті электродтар, анықтаушы және салыстырушы электродтар. Хлоркүміс электроды – медициналық-биологиялық зерттеулердегі салыстырушы электрод.
Тотығу-тотықсыздану электродтық потенциалы. Редокс-электродтар.
Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күші.
Диффузиялық және мембрандық потенциалдардың пайда болу механизмі. Олардың биологиялық ролі.
Ион таңдамалы электрод. Биологиялық сұйықтықтарда иондар концентрациясын анықтау үшін қолданылуы.Шыны электроды – сутек иондарының концентрациясын анықтайтын анықтаушы электрод.
Потенциометрлік титрлеу. Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылуы.
Беттік құбылыстар. Адсорбция. Негізгі түсініктері.
Қозғалмалы фаза жанасу бетіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі.
Беттік активті заттар. Беттік қабаттағы молекулалардың бағытталуы. Биологиялық мембраналар құрылысы.
Қозғалмайтын фаза бөлу бетіндегі адсорбция. Лэнгмюр және Фрейндлих теңдеулері.
Ерітіндіден адсорбцияланудың негізгі заңдылықтары. Ионалмасу адсорбциясы. Медицинада қолданылуы.
Хоматографиялық талдау әдісінің негіздері. Биологияда және медицинада қолданылуы.
Дисперсті жүйелер. Негізгі түсініктері. Дисперсті жүйелердің дисперсті дәрежесі, дисперсті фаза мен фисперсті ортаның агрегатты күйі, дисперсті фаза мен фисперсті ортаның өзара әрекеттесу күші бойынша классификациясы.
Коллоидты ерітінділердің алыну әдістері.
Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлы кинетикалық, электркинетикалық, оптикалық қасиеттері.
Мицелланың құрылысы.
Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері.
Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.
Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Коллоидты қорғау. Ағзадағы ролі.
Дөрекі жүйелер: суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылуы.
Жоғары молекулалы қосылыстардың табиғаты және құрылысы бойынша классификациясы.
Ісіну. Шекті және шексіз ісіну. Ісіну дәрежесі.
ЖМЗ ерітінділерінің тұрақтылығы. Қоймалжыңдану, тұзсыздану, тиксотропия, синеризис, коацервация. Биологиялық мәні.
ЖМЗ ерітінділерінің осмостық қысымы. Галер теңдеуі. Плазма мен қан сары суының онкотикалық қысымы.
Доннанның мембраналық тепе-теңдігі.
Ақуыздардың изоэлектрлік нүктесі (ИЭН) және оны анықтау әдістері.
ЖМЗ ерітінділерінің тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі. Қанның және тағы басқа да биологиялық сұйықтықтардың тұтқырлығы.
органикалық химия
Көмірсутектер, жіктелуі.
Органикалық қосылыстардың кластары.
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы, изомериясы.
Органикалық қосылыстардың конфигурациясы мен конформациясы.
Органикалық реакциялардың типі мен механизмі.
Субстрат, реагент, реакциялық орталық. Түсініктеме.
Электр терістілікке түсініктеме, атомдардың полярлығы.
Индуктивтік және мезомерлік электрондық эффектілер.
Ашық және тұйық қабысу жүйелері. ,- қабысу, р,- қабысу.
Ароматтылыққа түсініктеме.
Қаныққан көмірсутектерге тән радикалды орын басу реакциясы (галогендеу реакциясы). Реакция механизмі.
Қаныққан көмірсутектердің пероксидтік тотығу реакциясы.
Қанықпаған көмірсутектерге тән, электрофильді қосып алу реакциясы (галогендеу, гидрогалогендеу, гидратациялау реакциялары). Реакция механизмдері.
Қанықпаған көмірсутектердің тотығу және тотықсыздану реакциялары.
Ароматты көмірсутектерге тән электрофильді орын басу реакциялары (нитрлеу, сульфирлеу, галогендеу, алкилдеу реакциялары). Реакция механизмі. Электронодонорлы және электроноакцепторлы орын басушылардың электрофильді орынбасу реакциясындағы арендердің реакциялық қабілетілігіне әсері.
Бренстед теориясы бойынша органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі.
Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, аминдердің жіктелуі мен номенклатурасы
Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, аминдердің химиялық қасиеттері.
Біріншілік, екіншілік спирттердің тотығу реакцияларын жазыңыз.
Екі атомды фенолдардың тотығу реакциялары.
Тиолдардың тотығу реакциялары: жұмсақ, қатты.
Гидроксил және амин топтары бар, қосылыстардың химиялық реакциялары.
Альдегидтер, кетондардың органикалық табиғатына байланысты жіктелуі. Құрлысы. Номенклатура.
Карбон қышқылдарының радикалдың және карбоксил тобының санына қарай жіктелуі. Құрлысы. Номенклатурасы.
Карбонил, карбоксил топтарының және карбоксилат-ионының құрлысы.
Альдегидтердің тотығуы және альдегидтер мен кетондардың тотықзыздануы.
Альдегидтер мен кетондарға тән, нуклеофилді қосып алу реакциялары.
Карбон қышқылдарына тән, нуклеофилді орын басу реакциялары.
Карбон қышқылдарының қышқылдық қасиеттері.
Карбоксил тобының саны мен өзара орналасуына байланысты қышқылдардың декарбоксилдену қабілеті.
Көмір қышқылының туындылары: мочевина, гуанидин. Мочевинаның гидролизі.
Гетерофункционалды қосылыстар. а) амин спирттері; б) гидрокси – және амин қышқылдары; г) альдегид – және кетонқышқылдары. Құрлысы, номенклатура.
Хиралды молекулалар, оптикалық изомерия.
α-, β-, γ – гидрокси және амин қышқылдарының карбоксил, гидроксил және амин топтары бойынша жүретін реакциялары.
Оксоқышқылдарының карбонил және карбоксил топтары бойынша жүретін химиялық қасиеттері.
Гидрокси – және амин қышқылдарының арнайы реакциялары.
Кето – енолдық, лактам – лактим таутомериясы.
Фенолқышқылдары. Салицил қышқылы және оның туындылары.
Ароматты амин қышқылдары. П-аминобензой қышқылы және оның туындылары.
-амин қышқылдары. Жіктелуі. Құрлысы. Номенклатурасы.
-амин қышқылдарының химиялық қасиеттері: дезаминдену; қосымша функционалды топтары бойынша (гидроксил, тиол) реакциялары; пептидтердің түзілуі.
Пептидтер. Номенклатурасы.Пептиктік топтың электрондық және кеңістіктік құрылымы.
Глутатионның тотығу және тотықсыздану кезіндегі ролі.
Пептидтердің қышқылдық және негіздік гидролизі.
Ақуыздың бірінші реттік құрылымы.
Көмірсулар жіктелуінің маңызы.
Моносахариттер, жітелуі, құрлысы. Фишер формуласы
Цикло – оксотаутомериясы. Хеуорс формуласы. Гликозидтік гидроксил.
Көмірсулардың стереоизомериясы. Энантиомерлер. Диастереомерлер. Эпимерлер. , - аномерлері.
Моносахриттердің химиялық қасиеттері.
Дисахаридтер. Жіктелуі.
Тотықсыздандыратын дисахаридтер, құрамы, байланыс түрі, бос гликозидтік гидроксил тобы бойынша реакциялары. Толленс, Троммер және Фелинг реакциялары.
Тотықсыздандырмайтын дисахарид, құрамы, байланыс түрі.
Полисахаридтер. Жіктелуі. Гомополисахаридтердің өкілдері: крахмал, гликоген, клетчатка. Құрамы, құрлысы, қасиеттері.
Гетерополиссахаридтердің өкілдері: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар, гепарин. Олардың құрамы, құрлысы, қасиеттері.
Липидтер. Жіктелуі.
Табиғи липидтердің құрамында кездесетін негізгі жоғары май қышқылдары, олардың құрылысы.
Алмастырылмайтын жоғары май қышқылдары – «F» тобының витаминдері.
Триацилглицериндер. Жай және аралас майлар. Қатты және сұйық майлар.
Иодтық сан – майлардың қанықпағандығының көрсеткіші.
Фосфолипидтер, жіктелуі, биологиялық ролі.
Фосфоглицеридтердің құрылысының жалпы схемасы. Фосфатид қышқылы.
Фосфоглицеридтердің құрамында кездесетін амин спирттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс.
Фосфатидилсериндер, фосфатидилэтаноламиндер, фосфатидилхолиндер. Құрылысы. Олардың бифильдік қасиеттері.
Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттері: гидролизі (сабындану реакциясы), тотығуы.
Стериндер, жіктелуі.
Холестерин, эргостерин, құрылысы. Табиғатта таралуы, биологиялық ролі.
Д2, Д3 витаминдері. Құрылысы, маңызы.
Өт қышқылдары (хол, дезоксихол). Құрылысы, маңызы. Жұп өт қышқылдары.
Гетероциклдер. Анықтамасы. Жіктелуі.
Электрондық құрылымы, пиррол, фуран, тиофен, имидазол, пиразол, пиридин, пиримидинның мысалдарымен гетероциклдердің қасиеттері. Ароматтылықтың критериі.
Пиримидин, пиримидиндік негіздер.Құрлысы. Лактим-лактам таутомериясы.
Алкалоидтар, анықтамасы, жіктелуі. Никотин, никотинамид, никотин қышқылы. Құрылымы, маңызы.
Органикалық қосылыстардың тотығу – тотықсыздану реакциясының ерекшелігі. Гидрид – ионының тасымалдануы туралы түсінік және оның НАД+ - НАДН жүйесіне әсері.
Конденсирленген гетероциклдар: индол, хинолин, пурин. Құрлысы.
Пуриннің гидрокси туындылары: а) гипоксантин және ксантин, лактим-лактам таутомерия түрі; б) кофеин, химиялық табиғаты және маңызы; в) зәр қышқылы. Құрлысы, зәр қышқылының қасиеттері. Таутомериясы.
Пуриннің амин туындылары, олардың химиялық табиғаты. Олардың зәр қышқылына айналуы.
Нуклеозидтер.Олардың құрамы, құрлысы.
Нуклеотидтер. Құрлысы.
Нуклеотидтердің ди- және три фосфор туындылары, олардың биологиялық ролі. Макроэріктік байланыс.
Циклды АМФ, құрлысы және биологиялық ролі.
Нуклеин қышқылдарының жалпы құрылымының түзілу жоспары (полинуклеотидтер).
РНК және ДНК- ның құрамының ерекшеліктеріне түсініктеме. Олардың бірінші реттік құрлысы.
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ
Химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білу.
Химиялық ыдыс пен негізгі құралды пайдалану, медициналық практикада қажетті физика-химиялық өлшеу әдістерін қолдану.
Еріген заттың молярлы концентрациясын, моляльды концентрациясын, эквивалентті молярлы концентрациясын, мольдік үлесін, ерітінді титрін және химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеу.
Берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу, ерітіндінің тығыздығын және рН анықтай білу.
Берілген рН белгілі буферлі ерітіндіні дайындай білу.
Буферлік сыйымдылықты анықтай білу.
Биологиялық сұйықтықтарға потенциометрлік рН өлшеуді жүргізе білу.
Хроматографиялық анализ жүргізу.
Адсорбция шамасын есептеу.
Коллоидты ерітінділерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
Коллоидты ерітінділердің коагуляция таьбалдырығын анықтау.
Биополимерлердің ісіну дәрежесін анықтау.
Криометрия әдісі бойынша төменгі молекулалы заттардың салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу.
ЖМЗ вискозиметриялық мәліметтер бойынша салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу.
органикалық химия
Органикалық қосылыстарды көміртегінің қаңқасының құрылысы және функционалдық топтар бойыншажіктей білу.
Химиялық номенклатура ережелерін қолдана білу. Құрылымдық формуласы бойынша атын атай білу және биологиялық маңызды органикалық қосылыстардың негізгі класстарының аты бойынша құрылымдық формуласын жаза білу.
Биологиялық маңызды органикалық қосылыстардың молекулаларынан хиральді орталықты және кеңістіктік құрылымын анықтай білу.
Құрылымы бойынша молекулада реакциялық орталықты,сипаттамасын: қышқылдық, негіздік, электрофильдік немесе нуклеофильдік анықтай білу және қоршаған ортаның белгілі бір жағдайындағы органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттілігін сапалы бағалау.
Қос байланысты, , молекула құрамындағы пептидтік байланысты, диол фрагментін,альдегид тобын, алкалоидтарды,тотықсызданатын және басқа қасиеттерін дәлелдейтін сапалық реакцияларды жүргізе білу.
Эксперимен нәтижелерін анализдей және өңдей білу. Құжаттарды дұрыс жүргізу түрлері: конспектілеу және тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар хаттамасын дұрыс толтыра білу.
Химиялық ыдыстарды қолдана білу және химиялық экспериментті жүргізу ерекшеліктері.
Химиялық лабораторияда қауіпсіз жұмыс жүргізу ерекшеліктері (күйдіргіш, улы. ұшқыш органикалық қосылыстармен, қыздырғыш құралдармен).
беттің -ші беті
Достарыңызбен бөлісу: |