Сабақтың хронометражы
1
|
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру моменті)
|
5 мин
|
2
|
Пән саясатын баяндау және талқылау
|
5 мин
|
3
|
Техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру
|
10 мин
|
4
|
Материалды мәселелік баяндау және пікірталас
|
20 мин
|
5
|
Лаборияториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
|
10 мин
|
6
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
7
|
Лабораториялық жұмысты орындау және талқылау
|
25 мин
|
8
|
Жазбаша бақылау
|
20 мин
|
8
|
Сабақты қорытындылау
|
5 мин
|
Шағын топтармен жұмыс:
Оқытушының нұсқауымен студенттер үш топқа бөлінеді, әр топқа ситуациялық есептер беріледі.Тапсырманы орындау алдында сабақтың тақырыбы студенттермен ауызша талданады. Тапсырманың орындалуы шағын топтарда талданады, содан кейін студенттердің біреу жауабын айтады. Тапсырманы бірінші орындаған, екі топқа, тағыды бір тапсырмадан беріледі. Барлық тапсырмаларды орындаған, топтар, үздік деп саналады. Талдау кезінде оқытушы студенттердің жұмысын бақылап және коррекция енгізіп отырады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 197-216.
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 249-253.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Лабораториялық жұмыстар:
Студенттер хаттаманы толтырады (реакция химизмі және негізгі қортындылар). Оқытушы студенттердің жұмысын бақылыап, оларды практикалық дағдыларға үйретеді.
№ 1 ЖҰМЫС. ГЛЮКОЗАНЫҢ МЫС (II) ГИДРОКСИДІМЕН СІЛТІЛІК ОРТАДА ӘРЕКЕТТЕСУІ (СУЫҚТА)
Реактивтер: 1% глюкоза ертіндісі, 10% натрий гидроксиді ертіндісі, 2% мыс сульфаты ертіндісі Пробиркаға 1 тамшы глюкоза және 2-3 тамшы натрий гидроксиді ертіндісін таммызып шайқап, оның үстіне 1 тамшы мыс сульфатын қосады. Алғашқы кезде түзілген тұнба мыс гидроксиді Cu(OH)2 тез еріп, мөлдір көк түсті мыс сахараты түзіледі. Мыс (II) гидроксидінің еруі глюкозада гидроксил тобы бар екенін дәлелдейді. Қоспа ертіндіні келесі тәжірибеге қалдырыңыздар. Жүргізілген реакцияны, мыс глицератын (3 жұм.қара), және шарап қышқылының комплексті тұздарын алу реакцияларымен салыстырыңыздар.
Рекациятеңдеуін жазыңыздар.
№ 2 ЖҰМЫС. МЫС (II) ГИДРОКСИДІНІҢ СІЛТІЛІК ОРТАДА ГЛЮКОЗАМЕН ӘРЕКЕТТЕСІП ТОТЫҚСЫЗДАНУЫ (ҚЫЗДЫРУ КЕЗІНДЕ – ТРОММЕР РЕАКЦИЯСЫ)
Алдыңғы тәжірибеден алынған көктүсті мыс сахаратын қыздырыңдар. Не байқадыңыздар?
Сілтілік ортада глюкозаның молекуласының көміртегі тізбегі үзіліп, түрлі тотығу өнімдері түзіледі, олардың ішінен: глицерин, гликоль, құмырсқа қышқылдарын кездестіруге болады.
№ 3 ЖҰМЫС. ФЕЛИНГ РЕАКЦИЯСЫ.
Реактивтер: 1% глюкоза ертіндісі, Фелингреактиві.
Пробиркаға 1 тамшы глюкоза тамызып, оныңүстіне 2-3 тамшы Фелинг реактивін қосып қыздырыңдар. Не байқалады? Фелинг реактиві құрамында мыс (II) гидроксиді және сегнет тұзы кіретін күрделі комплексті қоспа ертінді. Кейде сегнет тұзының орнына мыс (II) гидроксидін ертіндіге ауыстыру үшін, глицерин (Гайнес рекативі) қолданады. Троммер реакциясына қарағанда Фелинг және Гайнес реактивтерінің артықшылықтары олармен қантты тез ашуға болады. Сонымен қатар глюкозаның аздығына қарамай, мыс (II) гидроксидінің комплексті қосылысы артық болса да қайнатқанда бүл інбейді, яғни қара тұнба мы (II) оксиді түзілмейді.
Фелинг және Гайнес рекативтері, клиникада кіші зәрден глюкозаны ашуға қолданылады.
№ 4 ЖҰМЫС. ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ФРУКТОЗАҒА ӘСЕРІ – СЕЛИВАНОВ РЕКАЦИЯСЫ
Реактивтер: 1% фруктоза ерітіндісі, Селиванов реактиві.
Пробиркаға 2-3 тамшы фруктоза тамызып және оның үстіне 1-2 тамшы Селиванов реактивін қосады. Пробиркадағы затты су моншасында қыздырады. Біразданкей інсұйықтық шие–қызыл түске боялады.
Кетогексоздарды тұз қышқылымен немесе күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда, резорцин мен конденсация өнімін беретін (шие–қызыл түсті), үш молекула су бөлініп гидроксиметилфурфурол түзеді.
№ 5 ЖҰМЫС. ДИСАХАРИДТЕРДІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ ҚАСИЕТТЕРІ
Реактивтер: 1% сахароза ерітіндісі, 1% мальтоза ерітіндісі, 1% лактоза ерітіндісі, Фелинг реактиві.
Бірінші пробиркаға 1 тамшы сахароза, екінші пробиркаға 1 тамшы мальтоза, үшінші пробиркаға 1 тамшы лактоза ертінділерін қосыңдар. Содан кейін барлық үш пробиркағада Фелинг реакциясын жүргізіңдер (3 жұм. қараңыз) және мыс (II) гидроксидімен қандай дисахаридтер тотықсыздандаратынын анықтаңыздар. Нәтижелерін кестеге енгізіңіздер (6 жұм. қараңыз).
Мальтоза үшін Фелинг реакциясының химизмін жазыңыздар.
№ 6. ДИСАХАРИДТЕРГЕ СЕЛИВАНОВ РЕАКЦИЯСЫ
Реактивтер: 1% сахароза ерітіндісі, 1% мальтоза ерітіндісі, 1% лактоза ерітіндісі, Селиванов реактиві.
Бірінші пробиркаға 2-3 тамшы сахароза, екіншіге – мальтоза, үшіншіге – лактоза ерітінділерін қосып, және осы ертінділерге Селиванов реакциясын жүргізіңдер (4 жұм.).
Алынған нәтижелерді салыстырыңдар және қортынды жасаңдар, қандай дисахаридтерде фруктоза бар екенін анықтаңыздар.
Дисахаридтердің қасиеттеріне қортынды жасап және жүргізілген реакциялардың нәтижелерін (5, 6 жұм.) таблицаға енгізіңіздер. Реакция нәтижелерін жүрсе оң (+), жүрмесе сол (-) таңбалармен белгілеңіздер.
Дисахаридтер
|
Реакциялар
|
Тотықсыздандыратын, тотықсыздандырмайтын дисахаридтер
|
Фелинг
|
Селиванов
|
Мальтоза
|
|
|
|
Лактоза
|
|
|
|
Сахароза
|
|
|
|
№ 7 ЖҰМЫС. САХАРОЗАНЫҢ ҚЫШҚЫЛ ӘСЕРІНЕН ГИДРОЛИЗДЕНУІ
Реактивтер: 1% сахароза ертіндісі, 10% күкіртқышқылы ертіндісі, 10% натрий гидроксиді ерітіндісі, Фелинг реактиві.
Пробиркаға 1-2 тамшы сахароза тамызып, 1 тамшы күкіртқышқылын және 5-6 тамшы су қосыңдар. Қоспаны 1 минут қайнатыңыздар. Одан кейін сілтімен нейтралдап, Фелинг реакциясын жүргізіңіздер (3 жұм.).
Сахарозаның гидролиз реакциясынжазыңыздар.
№ 8 ЖҰМЫС. ДИСАХАРИДТЕРДЕГІ ГИДРОКСИЛ ТОПТАРЫН АШУ
Реак.тивтер: 1% сахароза ерітіндісі, 1% мальтоза ерітіндісі, 1% лактоза ерітіндісі, 10% натрий гироксиді ерітіндісі, 2% мыс сульфатының ерітіндісі.
Үш пробирка алып, бір тамшыдан біріншіге 1 тамшы лактоза, екіншіге – мальтоза және үшіншіге – сахароза ертінділерін тамызып, олардың үстіне 2-3 тамшыдан натрий гидроксидінің ертіндісін қосып, шайқап және оған 1 тамшыдан мыс сульфатының 2% ерітіндісін барлық пробиркаларға қосыңыздар – реакция нәтижесінде көк түсті лактоза, мальтоза және сахароза алкоголяттары түзіледі.
Дисахаридтердің біреуімен мыс сахаратының түзілу реакциясын жазыңыздар.
№ 9 ЖҰМЫС. КРАХМАЛДЫ ИОДПЕН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТҮСТІ РЕАКЦИЯ.
Реактивтер: 1% крахмал ерітіндісі, Люголь реактиві.
Пробиркаға 1-2 тамшы Люголь тамызып оны ақшыл-сары түске дейін сумен сұйылтыңдар (ертіндіні келесі әдістерді жасау үшін сақтаңыздар).
Басқа пробиркаға 2-3 тамшы крахмал ертіндісін және 1 тамшы сұйытылған Люголь реактивін қосыңыздар. Ерітінді комплексті қосылысты түзе отырып көк түске боялады.
Егерде пробиркадағы ерітіндіні сулы моншада қыздырса – ерітінді түссізденеді, салқындатса қайтадан көк түске айналады.
Иодкрахмалды реакцияны, крахмалды және иодты ашуға қолданады.
№ 10 ЖҰМЫС. КРАХМАЛДЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҢ ӘСЕРІНЕН ГИДРОЛИЗДЕНУІ (ДЕКСТРИНДЕНУІ)
Реактивтер: 1% крахмал ерітіндісі, 10% күкіртқышқылыныңерітіндісі (9), Фелинг реактиві (8), лакмус қағазы, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі.
Пробиркаға 3 мл крахмал ертіндісін, 1 мл күкірт қышқылын құйып және қайнапжатқан су моншасына қойыңыздар.
Қыздыра бастағаннан 2-3 минуттан кейін қоспадан 1 тамшы ертіндіні алып, оны ішінде 2-3 тамшы сұйытылған Люголь реактиві бар (4, 5 жұм.) пробиркаға қосыңыздар. Крахмалы бар пробирканы қыздыра отырып, әрбір 1-2 минут сайын, 2-3 тамшы сұйытылған Люголь реактиві бар, пробиркадан басқа пробиркаға 1 тамшыдан ертінді алынып отырады. Алынған пробиркалардан иодпен реакция кезінде сынауықтардың түстерінің өзгереберетіндігін байқауға болады.
Осыдан кейін ерітіндіні суытып, лакмус арқылы сілтімен нейтралдап, Фелинг реакциясын жүргізіңдер (3 жұм.). Крахмалдың гидролизі кезінде бірқатар аралық өнімдерге – декстриндерге ыдырайды. Бұны схема ретінде былай көрсетуге болады:
Крахмал жәнеоныңдекстринденуөнімдері
|
Иодпен боялады
|
Крахмал
|
Көк түске
|
амилодекстриндер
|
Күлгін, қоңыр-күлгін
|
эритродекстриндер
|
ал-қызыл, қызғылт-сары
|
флаводекстриндер
|
Ашық сары
|
ахродекстриндер
|
Иодпенбоялмайды
|
Мальтодекстриндер
|
Мальтоза
|
глюкоза
|
Бақылау:
Осы сабақта бағалау компетенциясы тұрады:
«Білім» бағалау компетенциясы: шағын топтармен жұмыс істеу кезінде, ауызша сұраудың жауаптарымен, ( ситуациялық есептерді шығару), ауызша сұрау (билеттер және тесттер), үй тапсырмаларын тексеру (жаттығулар, тесттер) бойынша өткізіледі.
«Дағдылар» бағалау компетенциясы: ситуациялық есептердің, жаттығулардың нәтижелеріне интерпретация жасау біліктілігіне және практикалық сабақтың хаттамаларын толтыруын бақылау бойынша өткізіледі.
Жаттығулар
-галактопиранозаның және-фруктофуранозаның оксо формадан түзілу схемасын жазыңыз.
Д-маннозаның ,-аномерлерінің Хеуорс формулаларын жазыңыз.
Глюкозаның глюкон және глюкар қышқылдарына дейін тотығу реакциясын жазыңыз.
Галактозаның галактурон қышқылына дейін тотығуын және өнімнің декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Галактурон қышқылының оксо-және циклді түрлерін жазыңыз.
Маннозаның гидрлену реакциясын жазыңыз.
-ацетил-Д-маннозаминмен пирожүзім қышқылының алдольдық конденсациясының нәтижесінде ацетилнейрамин (сиал) қышқылын алыңыз.
Жартылай ацеталдық гидроксил тобының ерекше қасиеттері. Глюкопиранозаның метил спиртімен реакциясын жазыңыз (НСI-дың қатысуымен).
,Д-фруктофуранозаның 1,6-дифосфатының түзілу реакциясын жазыңыз.
№9 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫП: Биологиялық маңызды гетероциклды қосылыстар. Зәр қышқылының және оның тұздарының ерігіштігін зерттеу. Алкалоидтардың тұнбаға түсу реакциялары.
МАҚСАТЫ:
Гетероциклды қосылыстардың құрылысы, таутомериясы, қасиеттері, және биологиялық ролі туралы білімді қалыптастыру.
Алынған нәтижелер негізінде бейімділік дағдыларын және гетероциклды қосылыстар үшін көрнекілік реакциялар дағдыларын қалыптастыру.
ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
оқушы қабілетті болу керек:
Бір және екі гетероатомды бес, алты мүшелі гетероциклдарын және олардың туындыларының электрондық құрылыстарының ерекшеліктерін, таутомериясын, қасиеттерін, биологиялық ролдерін түсіндіре білу.
Конденсирленген гетероциклдың және олардың туындыларының құрылысының ерекшеліктері мен маңызын талдау.
Көрнекілік әдісті орындау кезінде жеке гетероциклдар мен алкалоидтардың құрылысы мен қасиеттері туралы білімді бекіту.
тақырыптың негізгі сұрақтары:
Гетероциктер. Анықтамасы. Жіктелуі.
Пиррол, фуран, тиофен, имидидозол, пиридин, пиразол, пиримидинның мысалымен гетероциклдардың қасиеттері мен электрондық құрылысы. Ароматтылық критериі.
Кислотно-основыные свойства пиррола и пиридина.
Пирролдың, пиридиннің тотықсыздану реакциялары.
Пирролдың, пиридиннің электрофильді орын басу раекциялары.
Пиримидиндік негіздер: урацил, тимин, цитозин. Құрлысы. Лактим-лактам таутомериясы.
Алкалоидтар. Никотин. Кофеин. Химиялық табиғаты жәен маңызы.
Никотин қышқылы және оның амиді (витамин В3) НАД+ және НАДФ коферменттерінің құрылымдық бірілігі. Маңызы. НАД+ - НАДН жүйесінің әсерінен және гидрид-ионының тасымалдануы туралы түсінік.
Конденсирленген гетероциклдар: пурин. Құрылысы.
Пуриннің гидрокси туындылары: а) гипоксантин және ксантин, лактим-лактам таутомериясы; б) зәр қышқылы. Құрылысы. Зәр қышқылының қышқылдық және орта тұздары.Таутомериясы.
Пуриннің амин туындылары: аденин, гуанин. Лактим-лактам таутомериясы. Олардың зәр қышқылына айналуы.
ОҚЫТУ әдістері МЕН ҚҰРАЛДАРЫ:
Әдіс үйлестірілген:
а) үйлестірілген сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша, сұрау)
б) үй тапсырмасын тексеру.
2. TBL әдісі
Құралдар: слайдтар, оқу кестелері, тақырып бойынша кестелер, тест тапсырмалары, билеттер
Сабақтың хронометражы
1
|
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру моменті)
|
5 мин
|
2
|
Пән саясатын баяндау және талқылау
|
5 мин
|
3
|
Техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру
|
10 мин
|
4
|
Материалды мәселелік баяндау және пікірталас
|
20 мин
|
5
|
Лаборияториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
|
10 мин
|
6
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
7
|
Лабораториялық жұмысты орындау және талқылау
|
25 мин
|
8
|
Жазбаша бақылау
|
20 мин
|
8
|
Сабақты қорытындылау
|
5 мин
|
Шағын топтармен жұмыс:
Оқытушының нұсқауымен студенттер үш топқа бөлінеді, әр топқа ситуациялық есептер беріледі.Тапсырманы орындау алдында сабақтың тақырыбы студенттермен ауызша талданады. Тапсырманың орындалуы шағын топтарда талданады, содан кейін студенттердің біреу жауабын айтады. Тапсырманы бірінші орындаған, екі топқа, тағыды бір тапсырмадан беріледі. Барлық тапсырмаларды орындаған, топтар, үздік деп саналады. Талдау кезінде оқытушы студенттердің жұмысын бақылап және коррекция енгізіп отырады.
ӘДЕБИЕТтер:
Негізгі:
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 255-277.
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 260-264.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Лабораториялық жұмыстар:
Студенттер протокол толтырады (реакция химизмі, негізгі қорытындылар). Оқытушы студенттердің жұмысын бақылап оларды практикалық дағдыларға үйретеді
№ 1 ЖҰМЫС. ПИРИДИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Реактивтер: пиридин, темір (III) хлоридінің 1% ерітіндісі, қызыл лакмус қағазы.
Пробиркаға 1 тамшы пиридин және 5-6 тамшы су қосып шайқаймыз.Пиридиннің тұнық ерітіндісі алынады, ол суда жақсы ериді. Пиридиннің өзіне тән өткір иісіне көңіл бөліңіздер (денатурат иісі). Пробирканы сәл еңкейтіп, лакмус қағазын пинцетпен ұстап пиридин ерітіндісіне батырыңыз. Қағаз көк түске боялады, яғни пиридин сумен негіз түзеді.
Осыдан кейін пиридин ерітіндісі бар пробиркаға 1-2 тамшы темір (III) хлориді ерітіндісін тамызыңыздар. Темірдің (III) қызыл күрең тұнбасы түзіледі..
Пиридиннің хлорлы сутекті тұзын алу схемасын жазыңыз.
№ 2 ЖҰМЫС. ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЗДАРЫНЫҢ СУДА ЕРІГІШТІГІ
Реактивтер: зәр қышқылы, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі, қаныққан аммоний хлориді, көмір қықыл газ.
Зәр қышқылы екі түрлі таутомерия түрінде кездеседі:
2.1.Пробиркаға күрекшенің ұшымен зәр қышқылынан азғантай салыңыз. Оған тамшылатып су құйып, пробирканы шайқаймыз.8-10 тамшы су тамызғаннан кейінде, ерігендігі байқалмайды. Зәр қышқылы суда тіпті ерімейді.
2.2. Осы лайлы ерітіндіге 1-2 тамшы натий гидроксидін қосамыз. Ертінді еріп тұнық түске айналады.Зәр қышқылының лактим түрі сілтімен әрекеттесіп жақсы еритін орта тұз түзеді (натрий ураты).
Зәр қышқылының орта тұз түзу реакциясын жазыңыз:
Тура айтқанда бұл тұз емес, енолят. Зәр қышқылының қышқылдық қасиеті фенолда әлсіз берілген.
2.3. Екінші пробиркаға 1 тамшы аммоний хлоридінің ерітіндісін қосыңыз. Ақ тұнба ертінде зәр қышқылының аммоний тұзы түзіледі. Ураттағы екі натрий ионы, екі аммоний ионына алмасады.
Аммоний уратының түзілу схемасын жазыңыз.
№ 3 ЖҰМЫС. ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫН АШУ (МУРЕКСИД ӘДІСІ).
Реактивтер: зәр қышқылы, концентрлі азот қышқылы, 10% аммиактың сулы ерітіндісі.
Фарфор пластинкаға күрекшенің ұшымен зәр қышқылынан кішкене салыңыздар, оның үстіне 1-2 тамшы азот қышқылын қосып жайлап кепкенше суалту керек. Суалтуды тартпа шкафының астында жүргізіңіздер. Кептірілгеннен кейін қалған қалдық ашық-қызыл түске боялады. Суытқаннан кейін бұл құрғақ қалдыққа 1 тамшы аммиак ертіндісін қосыңдар. Пурпур қышқылының аммиакты тұзы түзілуіне негізделген – мурексид (мурексидтік әдіс), яғни пурпурлі – күлгін түсті бояуды байқауға болады.
Мурексид әдісі зәр жолында пайда болған тастардың құрамындағы зәр қышқылын ашу жолында қолданылады.
Бұл әдіс кофеинді, теоброминді жәен пурин негіздерінің басқа туындыларын ашуға пқолданылады.
№ 4 ЖҰМЫС. НИКОТИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ (АЛКАЛОИД ТЕМЕКІЛЕРІ).
Реактивтер: никотиннің судағы ерітіндісі, Люголь реактиві, 5% танин ерітіндісі, на пикрин қышқылының қаныққан ерітіндісі, 1% фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісі.
4.1. Пробиркаға 2-3 тамшы никотин ерітіндісін және 1 тамшы фенолфталеин тамызыңыздар. Қоспа малина түске боялғаны байқалады.Екі аминдік азоты бар, никотиннің бір азоты «ароматтық сақина» құрамына кірмейді, сондықтан ол күшті негіздік қасиет көрсетеді:
Никотиннің формуласын жазыңыз:
4.2.Үш пробирка алыпи 3 тамшыдан никотин ертіндісін тамызыңыздар. Бірінші пробиркаға 1 тамшы Люголь реактивін қосыңыз. Қоспадан қызыл-күрең түсті тұнба түзілгені байқалады. Екінші пробиркаға 1 тамшы танин қосыңыз. Ақ тұнба түзіледі. Үшінші пробиркаға 1 тамшы қаныққан пикрин қышқылын қосыңыздар, сары тұнба түзіледі. Никотин иодпен, танинмен, пикрин қышқылымен әрекеттесіп, суда нашар еритін өнімдер түзеді. Бұл тұнба түзу реакциялары жалпы көптеген алкалоидтарға тән қасиет, келтірілген реактивтер басқа да алкалоидтарға жалпы реактив болып табылады.
Тұнба түзу реакциялары сот-медициналық зерттеу кезінде, алкалоидтармен улану күдік тудырғанда қолданылады.
Бақылау:
Осы сабақта бағалау компетенциясы тұрады:
«Білім» бағалау компетенциясы: шағын топтармен жұмыс істеу кезінде, ауызша сұраудың жауаптарымен, ( ситуациялық есептерді шығару), ауызша сұрау (билеттер және тесттер), үй тапсырмаларын тексеру (жаттығулар, тесттер) бойынша өткізіледі.
«Дағдылар» бағалау компетенциясы: ситуациялық есептердің, жаттығулардың нәтижелеріне интерпретация жасау біліктілігіне және практикалық сабақтың хаттамаларын толтыруын бақылау бойынша өткізіледі.
Ситуациялық есептер:
Гликоген биосинтезіне глюкозаның активті формасы қатысады. 1-фосфат-Д-глюкопиранозаның уридинтрифосфатпен әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Белгілі, реакция нәтижесінде дифосфат бөлінеді.
Гликолиздің стадиясының біреуіне глюкозаның АТФ-пен әрекеттесуі жатады. Реакция өнімдері:глюкоза 6-фосфат және АДФ. Реакция схемасын жазыңыз. Жаңа түзілген байланыс қалай аталады?
Глюкозаның биосинтезі кезінде, НАД+ коферментінің қатысуымен алма қышқылы қымыздықсірке қышқылына айналады. Реакция қай типке жатады, кофермент НАД+ қандай рол атқарады?
Келесі өзгерістердің схемасын жазыңыз: никотинникотин қышқылыникотинамид. Никотин қышқылы және оның амиді қандай витаминдер ботына жатады?
Пиридинді сульфирлеу реакциясын жазыңыз. Реакция механизмін көрсетіңіз. Алынған өнім қандай антивитаминге жатады?
Никотиннің лимон қышқылымен тұз түзу реакциясын жазыңыз.
Қәр қышқылы ағзадағы метаболизмнің соңғы өнімі болып табылады. Ол ағзада қандай реакциядан, қандай заттардың нәтижесінде түзіледі? Бұл реакцияны жазыңыз.
Зәр қышқылы қандай тұздар түзеді? Бұны қалай түсінуге болады? Зәр қышқылының аммоний гидроксидімен қышқылдық және орта тұздарының түзілу реакциясын жазыңыз.
№10 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫП: Сабынданатын липидтер, стериндер,стеридтер, стероидтар және олардың туындылары. Майларға реакциялар. Қанықпаған жоғар май қышқылдарын ашуға реакциялар.
МАҚСАТЫ:
Липидтердің жіктелуі, құрылысы, химиялық қасиеттері және негізгі қызметтері туралы түсінікті қалыптастыр.
Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттерінің көрнекілік дағдылары және алынған нәтижелер негізіндегі дағдыларды жетілдіру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
Оқушы қабілетті болады:
Жоғары қанықпаған май қышқылдарын ашуға көрнекілікті жұмыс жүргізу және липидтердің құрамына кіретін, жоғары май қышылдарының құрлысын талдау.
Фосфоглицеридтердің құрылысының жалпы схемасын сыза білуді меңгеру.
Липидтердің ағзадағы рөлін түсіндіру.
Сабынданбайтын липидтердің құрлысын талдау.
Жүргізілген реакциялардың нәтижелері бойынша студенттерді липидтердін жеке өкілдерінің қасиеттері мен құрылысына қорытынды жасай білуге үйрету.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
Липидтер жіктелуі.
Fatty acids - a component of natural lipids. Essential fatty acids - vitamins of group «F».
Триацилглицирендер. Жай және аралас майлар. Қатты сұйық майлар. Йодтық сан – майдың қанықпағандық мөлщері. Сабындану саны.
Фосфолипидтер. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін аминспирттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс.
Фосфоглицеридтердің құрылысы. Фосфатид қышқылы. Фосфатидилсериндер, фосфатидилэтаноламиндер, фосфатидилхолиндер. Бұл қосылыстардың бифилдігі.
Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттері: гидролизі (сабындану), тотығуы, гидрирлеу, йодпен жәнеа броммен әрекетесу рекациялары.
Стериндер: холестерин, эргостерин. Табиғатта таралуы. Биологиялық ролі.
Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуі.
Д2 және Д3 витаминдерінің түзілуі. Маңызы.
Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Дезоксихол қышқылы. Жұп өт қышқылдары: гликохол, таурохол қышқылдары.
ОҚЫТУ әдістері МЕН ҚҰРАЛДАРЫ:
Әдіс үйлестірілген
а) Үйлестірілген сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша, сұрау)
б) Үй тапсырмасын тексеру
2. Зияткерлік ойын «Липидтер»
Құралдар: слайдтар, оқу кестелері, тақырып бойынша кестелер, тест тапсырмалары, билеттер.
Сабақтың хронометражы
1
|
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру моменті)
|
5 мин
|
2
|
Пән саясатын баяндау және талқылау
|
5 мин
|
3
|
Техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру
|
10 мин
|
4
|
Материалды мәселелік баяндау және пікірталас
|
20 мин
|
5
|
Лаборияториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
|
10 мин
|
6
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
7
|
Лабораториялық жұмысты орындау және талқылау
|
25 мин
|
8
|
Жазбаша бақылау
|
20 мин
|
8
|
Сабақты қорытындылау
|
5 мин
|
Шағын топтармен жұмыс:
Оқытушының нұсқауымен студенттер үш топқа бөлінеді, әр топқа ситуациялық есептер беріледі.Тапсырманы орындау алдында сабақтың тақырыбы студенттермен ауызша талданады. Тапсырманың орындалуы шағын топтарда талданады, содан кейін студенттердің біреу жауабын айтады. Тапсырманы бірінші орындаған, екі топқа, тағыды бір тапсырмадан беріледі. Барлық тапсырмаларды орындаған, топтар, үздік деп саналады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Негізгі:
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 178-194, 269-300.
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 269-273.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Лабораториялық жұмыстар:
Студенттер протокол толтырады (реакция химизмі, негізгі қорытындылар). Оқытушы студенттердің жұмысын бақылап оларды практикалық дағдыларға үйретеді
№ 1 ЖҰМЫС. МАЙЛАРДЫҢ ЕРІГІШТІГІ.
Реактивтер: этил спирті, бензин, бензол, хлороформ, эфир,өсімдік майы.
Құрғақ жеті пробиркаға 1 тамшыдан өсімдік майын тамызыңыздар. Осыдан кейін 3 тамшыдан келесі еріткіштерді қосыңыздар:біріншіге – су, екінші және үшіншіге – спирт, төртіншіге – бензин, бесіншіге – бензол, алтыншыға – хлороформ, жетіншіге – эфир.
Барлық пробиркадағы қоспаны араластырыңыздар, ал үшінші пробиркадағы сұйықтықты қыздырыңыздар. Белгілеңіздер, қандай пробиркаларда майдың ерігендігі байқалды.
№ 2 ЖҰМЫС. МАЙДЫҢ САБЫНДАНУЫ.
Реактивтер: өсімдік майы, натрий гидроксидінің спирттегі ерітіндісі, қаныққан натрий хлоридінің ерітіндісі, 2% мыс сульфаты (II).
Пробиркаға 2 тамшы май және 3-4 тамшы сілтінің спиртті ерітіндісін қосыңдар. Араластырып және су моншасында 5 минуттай қыздырыңдар. Спирттің судағы ерітіндісінен сабынды бөліп алу үшін пробиркаға 6-8 тамшы натрий хлоридінің ерітіндісін ерітіндісін қосыңдар (сабынды май қылып алу). Суытыңдар. Жайлап декантациялау әдісімен ерітіндіні екінші пробиркаға құйыңдар. Бірінші пробиркада қалған сабынның түйіріне 2-3 мл су құйып қыздырыңдар. Пробирканы шайқағанда сабынның көбіктенгендігі байқалады. Осыдан кейін екінші пробиркаға 1-2 тамшы мыс сульфатын қосыңдар, ерітінді көк түске боялады, бұл глицериннің бар екендігін дәлелдейді (№7 жұм.).
Реакция химизмі:
№ 3 ЖҰМЫС. МАЙ ҚҰРАМЫНАН ҚАНЫҚПАҒАН МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫН АНЫҚТАУ.
3.1. Калий перманганатына әсері
Реактивтер: 0,1% калий перманганаты ерітіндісі, 10% сода ерітіндісі, өсімдік майы.
Пробиркаға 1 тамшы май, 1 тамшы сода ерітіндісі, 2-3 тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызып, шайқаңдар. Марганецтің тотықсыздануы барысында күлгін түс жоғалады, ал майдың құрамына кіретін, қанықпаған қышқылдар, этилен тәрізді тотығады.
Реакция схемасын жазыңдар:
Бақылау:
Осы сабақта бағалау компетенциясы тұрады:
«Білім» бағалау компетенциясы: шағын топтармен жұмыс істеу кезінде, ауызша сұраудың жауаптарымен, ( ситуациялық есептерді шығару),ауызша сұрау (билеттер және тесттер),үй тапсырмаларын тексеру (жаттығулар, тесттер) бойынша өткізіледі..
«Дағдылар» бағалау компетенциясы: ситуациялық есептердің, жаттығулардың нәтижелеріне интерпретация жасау біліктілігіне және практикалық сабақтың хаттамаларын толтыруын бақылау бойынша өткізіледі.
БАҚЫЛАУ:
Жаттығулар:
Триацилгицериндердің құрлысын жазыңыз:1) 1-олео-2,3-дипальмитиннің;2)1,2-дилинолено-3-стеариннің түзулу реакцияларын жазыңыз. Консистенциясы қандай?
Тристеариннің гидролиз реакциясын жазыңыз: 1)сумен; 2)натрий гидроксидімен. Түзілген өнімді атаңыз.
Серин,коламин, холин арасындағы генетикалық байланыстың схемасын жазыңыз.
Стеарин және олеин қышқылдарының қалдықтарынан құралған, глицеро-3-фосфаттаң лейцитиннің (фосфатидилхолин) түзілу реакциясын жазыңыз.Молекуланың полярлы және полярсыз бөлігін белгілеңіз.
Стеарин және линолен қышқылдарының қалдықтарынан тұратын, кефалиннің (фосфатидилсерина) құрлысын жазыңыз.
Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуін жазыңыз. Реакция механизмі.
Д3 витаминінің алынуының схема реакциясын жазыңыз.
Эргостериннің УК-сәуленің әсерінен жүретін реакция схемасын жазыңыз. Алынған витаминді атаңыз..
Глико- және таурохол қышқылдарының түзілу реакциясын жазыңыз. Олардың биологиялық ролі.
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Пән аты – химия, Him 1111
|
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»
|
Кафедра - химия
|
|
|
Құрастырғандар:
|
|
1 кредит (бейорганикалық химия)
|
доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
|
|
|
|
|
|
|
2 кредит (органикалық химия)
|
доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алматы, 2015 ж
Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.
Хаттама №1, «_____» _ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев
ОСӨЖ №1
ТАҚЫРЫП: Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакциялар кинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы
МАҚСАТТАРЫ:
Тірі ағзаны стационарлық термодинамикалық жүйе ретінде сипаттау
термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарын химиялық процестерде қолдана білуге және тірі ағзада жүретін реакция ерекшеліктерін ескеруге үйрету;
химиялық реакциялардың өздігінен жүру бағытын және жүйе параметрлері өзгеріске ұшырау кезінде химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжауға үйрету;
химиялық термодинамиканың негізгі заңдылықтары мен түсініктерін тірі ағзаға қолдану және ферментативті реакциялар кинетикасының ерекшеліктері мен адаптивті қайта тұрғызу принципін көрнекілікті қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
әр түрлі факторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгерісін есептей білу дағдыларын қалыптастыру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарының маңызын аша білуге үйрету;
термодинамикалық заңдылықтарды биохимиялық процестерді түсіндіруде қолдана білуге, тірі ағзаны термодинамикалық жүйе ретінде сипаттай білуге үйрету;
Гесс заңын, Вант-Гофф заңын (дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін анықтау әдісі), Ле Шателье принципін пайдалана отырып медициналық-биологиялық және фармацияда зерттеулер жүргізу әдістерімен таныстыру;
Михаэлис-Ментен теңдеуін пайдаланып, ферментативті катализ ерекшеліктерін және реакциялардың ретін анықтауды көрнекілікті көрсету;
әрекеттесуші заттар концентрациясы, жүйе қысымы және температураның өзгеруі барысында реакция жылдамдығынын өзгерісін есептей білу дағдыларына, химиялық тепе-теңдікті қарастыру үшін Ле-Шателье принципін қолдануды үйрету;
есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.
ӨТКІЗУ ТҮРІ:
қарастырылатын тақырыптың жекеленген сұрақтарын тереңдетіп оқу;
ситуациялық есептер шығару
жеке тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
есептер (оқытушың таңдауы бойынша беріледі)
С6Н12О6(қ) + 6О2(г) → 6СО2(г) + 6Н2О(с) Стандартты жағдайда глюкозаның тотығу реациясының өздігінен жүретіндігін термодинамикалық есептеулердің көмегімен дәлелдеңіздер. Энтальпия мен энтропияның стандартты түзілу мәндері:
∆Н0f(Н2О) = -285, 84 кДж/моль; ∆Н0f(СО2) = -393, 51 кДж/моль;
∆Н0f(С6Н12О6) = -1274, 45 кДж/моль; ∆S0f(CO2) = 213, 64 Дж/моль∙К;
∆S0f(Н2О) = 69, 94 Дж/моль∙К; ∆S0f(С6Н12О6) = 212, 13 кДж/моль∙К; ∆S0f(О2) = 205, 03 Дж/моль∙К.
Адам ағзасында метоболизм нәтижесінде түзілетін глицерин ары қарай CO2(г) мен Н2О(г) айналады. , ∆G0түз(глицерин) = - 480 кДж/моль, ∆G0түз(CO2(г))= -394,4 кДж/моль, ∆G0түз(Н2О(г))=-228,6 кДж/моль-ге тең деп алып, глицериннің тотығу реакциясының (∆G0реак ) өзгерісін есептеңіз.
Көміртек, сутек және этил спиртінің жану жылулары сәйкес - 393, 51; - 285, 84; - 1366, 90 кДж/моль-ге тең деп алып, этанолдың стандартты түзілу жылуын есептеңіз.
Тура реакцияның жылдамдығы 2СО + О2 = 2CO2 қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 4 есе арттырса?
Реакция 2NО + О2 = 2NO2 теңдеуі бойынша жүреді. Әрекеттесетін заттар концентрациясы (моль/л): С(NО) = 0,8; С(О2) = 0,6. Реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер оттектің концентрациясын 0,9 моль/л, ал азот оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л арттырса.
Температураны 40 градусқа арттырғанда, реакция жылдамдығы қаншалықты өзгереді, реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса?
353 К температурада реакция 20 секундта бітеді. Температура 293 К дейін төмендегенде реакция қанша уақытта аяқталады? Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5-ке тең.
БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары
Термодинамикалық жүйе: жіктелуі, күйі, параметрлері.
Термодинамиканың негізгі заңдылықтары: термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.
Термохимия – негізгі түсініктері мен заңдылықтары (Гесс заңы және Гесс заңынан шығатын салдарлар, Лавуазье-Лапласс заңы).
Тірі жүйе термодинамикасының ерекшеліктері. Термодинамикалық жүйенің стационарлы күйінің сипаттамасы. Энергетикалық қабысу принципі. Пригожин принципі.
Реакцияның молекулалығы және реті.
Реакцияның кинетикалық жіктелуі.
Ферментативтің катализ ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.
Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта тұрғызу принципі.
Тесттер
1. «Дәнекерленген ампуладағы NaCl-нің 0,9%-дық ерітіндісі» - бұл жүйе болып табылады
1) гомогенді
2) гетерогенді
3) оқшауланған
4) жабық
5) ашық
2. Стандартты жағдайда жәй заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сііңірілетін жылу
1) жану энтальпиясы
2) бейтараптау энтальпиясы
3) стандартты түзілу жылуы
4) стандартты ыдырау жылуы
5) стандартты түзілу энтальпиясы
3. Стандартты жағдайларға сәйкес келетін параметрлердің мәндерін таңдаңыз:
1) температура t = 25oC
2) температура Т = 298 К
3) температура Т = 273 К
4) қысым р = 101,325 кПа
5) қысым р = 1,0 атм
4. Термодинамикалық процестің өздігінен жүруі мүмкін болмайтын жағдайды таңдаңыз:
1) G > 0
2) G < 0
3) H > 0; S < 0
4) H = TS
5) H < 0; S > 0
5. Стационарлық жағдайда термодинамикалық жүйеге тән тұжырымдама
1) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де алмаспайды
2) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де үздіксіз алмасады
3) термодинамикалық параметрлердің мәні жағынан тұрақты градиенттері (шамалары) болады
4) жүйе энтропиясы ең аз шамаға өзгереді Si /z0
5) жүйе энтропиясы үнемі артып отырады Si /z > 0
6. aА + bB + cC = mM + nN реакциясындағы (m + n) көрсетеді
1) N заты бойынша реакцияның ретін
2) B заты бойынша реакцияның ретін
3) C заты бойынша реакцияның ретін
4) тура реакцияның жалпы ретін
5) кері реакцияның жалпы ретін
7. w = k кинетикалық теңдеуіне сәйкес келетін реакция реті
1) нөлінші
2) бірінші
3) екінші
4) үшінші
5) бөлшек
8. химиялық реакциясы динамикалық тепе-теңдікте болады, егер
1) А заты 50% -ға В затына айналған болса
2) А заты 10% -ға В затына айналған болса
3) бірлік уақытта А затының айналу жылдамдығы В затының айналу жылдамдығына тең болса
4) В затының А затына айналу процесі басталған болса
5) А затының В затына айналуы аяқталған болса
9. N2(г) + O2(г) 2NO(г) тура реакция берілген. Жүйе қысымын 5 есе арттырғанда тура реакция жылдамдығы
5 есе артады
5 есе кемиді
өзгермейді
25 есе артады
25 есе кемиді
10. Ферменттер
1) жоғары каталитикалық белсенділік көрсетеді
2) ерекшелігі жоқ
3) биохимиялық реакцияларға таңдамалы түрде әсер етеді
4) температураның үлкен аумағында белсенділік көрсетеді
5) рН-тың белгілі бір мәндерінде ғана белсенділік көрсетеді
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.4-31.
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 150-229.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 10-47.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
№2 ОСӨЖ
ТАҚЫРЫП: Ерітінді құрамының және оның коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамалары. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Осмос, гемолиз, плазмолиз
МАҚСАТТАРЫ:
ерітінділердің коллигативті қасиеттері туралы түсінікті қалыптастыру;
қанға изотонды болатын заттар ерітінділерінің концентрациясын есептеуді үйрету;
изотонды және гипертонды ерітінділердің медицинада қолданылуын негіздеу;
изотонды концентрацияны және осмостық қысымды есептеуге арналған есептерді шығару арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.
оқыту міндеттері:
Рауль заңы және одан шығатын салдарлардың, Вант-Гофф заңының физикалық-химиялық мәнін аша білу;
тірі жүйелердегі осмостың роліне (тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз, биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльдігі) қатысты мысалдарды келтіру арқылы көрнекілікті көрсету;
медициналық практикада изотонды және гипертонды ерітінділерді қолдану туралы ақпарат беру;
медициналық-биологиялық зерттеулерде еріген заттың молярлы массасын, диссоциациялану дәрежесі мен изотонды коэффициентін анықтау үшін криометрия, эбуллиометрия және осмометрия әдістерін пайдалану мүмкіндігін көрсете білу;
есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.
ОҚЫТУ әдістері:
Үйлескен түрде:
- семинар (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында оқу бағдарламасын топ бойынша талқылау);
- шағын топтарда жұмыс істеу;
- кейс-стади (ситуациялық есептерді шығару).
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР (оқытушының таңдауы бойынша)
Сілтімен күйіп қалған кезде терінің күйген жерін алдымен сумен жуады, сонан соң сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен бейтараптайды. Егер қышқылдың массалық үлесі 60%-ға тең болса, массасы 600г 1%-дық ерітінді дайындау үшін сірке эссенциясының қандай массасы қажет?
Аш адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының массалық үлесі орта есеппен 0,05%-ды құрайды. 0,5 л асқазан сөліндегі HCl зат мөлшерін есептеңіз. Асқазан сөлінің тығыздығы 1,005 г/мл.
Кальций хлориді медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 100 мл 3%-дық кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристалдық CaCl2∙6H2O және су қажет? (ρ=1г/мл) Ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?
Жасушаны қоршап тұрған ортадағы натрий хлоридінің гемолиз басталғандағы концентрациясы эритроциттердің осмостық тұрақтылығының (резистенттілігінің) көрсеткіші болып табылады. Адамның эритроциттерінде гемолиз натрий хлоридінің 0,4%-дық ерітіндісінде басталады, ал NaCl-ң 0,34%-дық ерітіндісінде «осмостық сандырақ (шок)» болады. Ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл деп есептеп, 37оС кезінде осы ерітінділердің осмостық қысымын есептеңіз.
Таза судың бетіндегі қаныққан бу қысымы 25оС-та 3,166 кПа-ны құрайды. Осы температурада 5%-дық карбамид (мочевина) CO(NH2)2 ерітіндісінің бетіндегі будың қаныққан қысымын табыңыз.
20оС температурада, құрамында 6,33г қанды бояйтын заты - гематин бар 100 мл ерітіндінің осмостық қысымы 243,4 кПа құрайды. Гематиннің молярлық массасын анықтаңыз.
БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары
Сұйытылған ерітінділердің коллигативті қасиеттері.
Раульдің бірінші заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар.
Осмос. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Тірі және өсімдік ағзаларында осмостың биологиялық ролі. Онкотикалық қысым.
Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттерінің ерекшеліктері. Изотонды коэффициент.
Изотонды ерітінді деген не? Қан плазмасына изотонды, медицинада қолданылатын ерітінділерге мысалдар келтіріңіз.
Гипер- және гипотонды ерітінділер деген түсініктерге анықтама беріңіз. Медициналық практикада гипертонды ерітінділердің қолданылуы неге негізделген? Жасушаны гипо- және гипертонды ерітінділерге батырғанда қандай құбылыстар байқалады? Тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз деген түсініктерге анықтама беріңіз.
Осмолярлық, осмоляльдік дегне түсініктерге анықтама беріңіз. Бұл шамалар қалай есептеледі?
Тесттер
1. Эквиваленттің молярлықконцентрациясы
1) формуласы бойынша анықталады
2) формуласы бойынша анықталады
3) формуласы бойынша анықталады
4) өлшем бірлігі - моль/л
5) өлшем бірлігі - моль/кг
2. Байланыстырғыш зат ретінде және іріңдеуге қарсы қолданылатын мырыш хлоридінің 5 грамын 100 грамм ерітіндіде еріткендегі мырыш хлоридінің молярлық және моляльдік концентрациясын анықтаңыздар. (ерітінді тығыздығы 1 г/мл)
1) С = 0,368 моль/л
2) С = 3,68∙10-4 моль/л
3) b = 3,87∙10-4 моль/кг
4) b = 0,387 моль/кг
5) b = 0,368 моль/кг
3. Тірі ағзада диффузия арқылы жүретін процестер
1) ағзадағы қорекьтік заттардың тасымалдануы
2) жүйке импульсінің жеткізілуі
3) биохимиялық реакциялардың жеделдетілуі және баяулатылуы
4) ағзаның ұлпалары мен мүшелеріне дәрілік заттарды жеткізу қызметі
5) метаболизм өнімдерінің тасымалдануы
4. Ерітіндінің коллигативті қасиеттері
1) еріткіш табиғатына тәуелді
2) еріген зат табиғатына тәуелді
3) температураға тәуелді
4) еріген зат бөлшектерінің санына тәуелді
5) еріген зат табиғатына тәуелсіз
5. Бейэлектролиттердің сулы ерітінділері
1) 100 0С-тан төмен температурада қайнайды
2) 100 0С-тан жоғары температурада қайнайды
3) 0 0С-тан төмен температурада қатады
4) 0 0С-тан жоғары температурада қатады
5) 100 0С-тақайнап, 0 0С-та қатады
6. Бір-біріне изотонды болатын ерітінділер
1) 0,1 моль/л Na2SO4
2) 0,1 моль/л NaCl
3) 0,1 моль/л К3РО4
4) 0,1 моль/л KCl
5) 0,1 моль/л глюкоза ерітіндісі
7. Қан плазмасына гипертонды ерітінділер
1) 10% NaCl
2) 0,9 % CaCl2
3) 0,1 % NaCl
4) 0,01 % NaCl
5) 0,9 % NaCl
8. Электролит ерітінділерінде
1) i >1
2) α > 1
3) i < 1
4) α ≤ 1
5) α = 0
9. Судың эбуллиоскопиялық константасы 0,520-ге тең. Калий хлоридінің 1 моляльдік ерітіндісі толық (100%) диссоциацияланды деп санағанда, оның қайнау температурасы тең болады
1) 100 0С
2) 99,48 0С
3) 100, 52 0С
4) 98,96 0С
5) 101,04 0С
10. Ішті жүргізетін препаратттардың (ащы тұз MgSO4∙7H2O және глаубер тұзы Na2SO4∙10H2O) әсерінен ағзада
1) осмос процесі жүреді
2) ішекте гипертондық орта пайда болады
3) ішекте гипотондық орта пайда болады
4) судың көп мөлшері жасушааралық кеңістіктен ішекке өтеді
5) су ішектен жасушашаралық кеңісмтікке қарай өтеді
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.4-31.
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 150-229.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 48-66.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ОСӨЖ №3
ТАҚЫРЫП: Күшті және әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің рН-н есептеу. Ағзаның буферлік жүйелері: құрылымы, әсер ету механизмі. Ацидоз. Алколоз
МАҚСАТТАРЫ:
ағзадағы протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;
Ағзаның буферлік жүйелері және олардың қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұруда атқаратын рөлі жайлы түсініктер қалыптастыру;
адам денсаулығының бір факторы ретінде - ағзадағы қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру механизмін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.
оқыту міндеттері:
қышқылдар, негіздер және буферлік ерітінділердің сутектік көрсеткішін рН-н есептеу білудің дағдыларын қалыптастыру;
буферлік жүйелер және олардың жіктелуі туралы түсінікпен таныстыру және ағзадағы буферлік жүйелердің мысалында буферлік әсер ету механизмінің мәнін ашу;
нормада және патология күйінде болатын адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН мәндерінің интервалдары туралы ақпарат беру;
қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіру, ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттау;
есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.
ОҚЫТУ әдістері:
- дискуссия (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау)
- есептер шығару;
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
Есептер (оқытушының таңдауы бойынша)
Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.
Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.
рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.
Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.
Массасы 0,5 г аскорбин қышқылының таблеткасын суда еріткенде алынған ерітіндінің көлемі 0,4 л-ге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің рН-н есептеп табу керек (аскорбин қышқылы үшін Ка мәні 8,0∙10-5).
100 мл қанға рН мәні 7,36-дан 7,00-ге дейін өзгерту үшін 36 мл 0,05н HCl ерітіндісін қосу қажет. Қанның қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу керек.
БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары
Бренстед - Лоуридің протолиттік теориясы. Бренстед - Лоури теориясына сәйкес қышқыл мен негізге анықтама беріңіз.
Нормада және патологияда адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәндері рН различных жидкостей человеческого организма в норме и при патологии. Неліктен ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажет?
Иондану дәрежесі мен константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық ролі қандай?
Ацидоз деген не? Метаболиттік және респираторлық ацидозды қандай себептер тудырады? Алкалозға түсініктеме келтіріңіз. Алкалоздың пайда болу себебіне не жатады?
Күшті және әлсіз қышқыл ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын қалай есептейді? Күшті және әлсіз негіз ерітінділеріндегі гидроксил иондарының концентрациясын қалай есептейді?
Тесттер
1. 25 °С-де бейтарап орта және таза су үшін
1) рН = 7
2) рН > 7
3) рН < 7
4) [Н+] = 10-7 моль/л
5) [Н+] < 10-7 моль/л
2. Егер Сн+ = 10-4 моль/л болса, Сон- (моль/л ) тең болады
1) 14
2) 10-14
3) 10-7
4) 10-10
5) 10-4
3. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісі үшін дұрыс тұжырым
1) [H+] = 10-11 моль/л
2) [OH-] = 10-11 моль/л
3) [H+] [OH-]
4) [H+] [OH-] = 10 -14
5) [H+] [OH-]
4. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 бір қышқылды әлсіз негіз ерітіндісі үшін иондану константасы Kb (моль/л) тең
1) 10-2
2) 10-3
3) 10-4
4) 10-5
5) 10-6
5. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану кончстантасы Ка =10-7 бір негізді әлсіз қышқыл ерітіндісі үшін иондану дәрежесі тең
1) 0,1
2) 0,01
3) 0,001
4) 10-4
5) 10-5
6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына кіреді
1) Na3PO4
2) Na2HPO4
3) NaH2PO4
4) Na3PO4
5) Ca3(PO4)2
6. 10 мл қанға 2 мл Сн(НСl) = 0,1 моль/л тұз қышқылын қосқанда рН 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгерді. Қанның буферлік сиымдылығын (ммоль/л) анықтаңыз
1) 200
2) 100
3) 50
4) 150
5) 75
7. 0,1 М құмырсқа қышқылының 200 мл ерітіндісіне 100 мл 0,1 М натрий формиатының 100 мл ерітндісін қосқанда (рК(НСООН) = 3,75) пайда болған ерітндінің рН-ң мәні тең
1) 4,40
2) 4,05
3) 3,75
4) 3,45
5) 2,65
8. Алкалоз кезінде
1) ағзаның реакция ортасы сілтілік бағытқа қарай ығысады
2) сутек иондарының концентрациясы артады
3) сутек иондарының концентрациясы кемиді
4) рН өзгермейді
5) рН артады
9. Фосфатты буферлік жүйеге HCl қосқанда
1) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды
2) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді
3) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды
4) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді
5) иондардың концентрациясы өзгермейді
10. Өкпеде СО2 мөлшерінің көбеюіне әкеліп соғатын, өкпенің тыныс алу қызметтерінің бұзылуынан туындайтын -бронхит, өкпе қабынуы тәрізді аурулар кезінде
1) метаболиттік алкалоз байқалады
2) респираторлық алкалоз байқалады
3) респираторлық ацидоз байқалады
4) метаболиттік ацидоз байқалады
5) таза ауада серуендеуге кеңес беріледі
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.32-52
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 575-611.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 67-85.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ОСӨЖ №4
ТАҚЫРЫП: Жылжымалы және жылжымайтын фазалар бөліну беттері аралығындағы адсорбция. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ.
МАҚСАТТАРЫ:
беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру және әртүрлі теориялардың көмегімен (Лэнгмюр, Фрейндлих, БЭТ) қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттауға дағдыландыру;
дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, тазарту әдістері, олардың қасиеттерін зерттеу жайлы, негізгі түсініктерді қалыптастыру;
дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттері туралы және олардың медициналық қолданылу мүмкіндігі жайында түсінікті қалыптастыру;
коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы және олардың коагуляциялану заңдылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
биологиялық жүйелерді - дисперсті жүйелер ретінде түсінікті қалыптастыру;
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;
адсорбцияның негізгі теориялары туралы ақпарат беру және Гиббс, Лэнгмюр, Фрейндлих теңдеулерін қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттау үшін үйрету;
дисперстік жүйелердің негізгі қасиеттерін (оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрокинетикалық) сипаттай білуге үйрету;
Панет-Фаянс, Ребиндер және пен Шульце-Гарди ережелерін қолдануды үйрету;
коагуляция, коллоидтық қорғау процестерінің мәнін және оның биологиялық рөлін түсіндіру;
электрофорездің, диализдің медициналық тәжірибеде қолданылуын түсіндіру және аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялардың медицинада қолданылуы туралы ақпарат беру.
ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:
- семинар (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау);
- есептерді шығару және жаттығулар орындау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
есептер (оқытушының таңдауы бойынша)
Ерітіндідегі новокаин мен кокаиннің концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін төмендегенде беттік керілу шамасы 6,9∙10-2 Н/м-ден 7,1∙10-2 Н/м-ге дейін, ал кокаин ерітіндісінде 6,5∙10-2 Н/м-ден 7,0∙10-2 Н/м-ге дейін көтерілді. 25оС температурада, берілген концентрация интервалында новокаин мен кокаинның сулы ерітінділерінің адсорбция шамаларын салыстырыңыз.
Күкірт қышқылын суда еріткенде адсорбция типін және шамасын анықтау керек (t = 18оС), егер H2SO4 судағы концентрациясы 2,33 моль/л-ді құрайтын болса, ал ерітіндінің беттік керілуі 75,20∙10-3Н/м-ге, судың беттік керілуі - 73,05∙10-3Н/м-ге тең болса.
Адсорбент бетіндегі сірке қышқылының адсорбциясы үшін Фрейндлих теңдеуіндегі константалар тең: К = 0,50 моль/г, n = 0,45. Тепе-теңдік концентрациясы 0,22 моль/л-ге тең болғандағы адсорбцияшамасын есептеп шығару керек.
4 л темір (III) гидроксидіні золінің коагуляциясы 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін (тығыздығы1,1 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.
Алюминий гидроксидінің золін дихромат-иондармен коагуляциялау табалдырығы 0,63 ммоль/л-ге тең. 1,5 л зольді коагуляциялау үшін (ρ=1,07 г/мл) 10%-дық калий дихроматының ерітіндісінің қандай көлемі қажет болады?
1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы 570 мл натрий хлоридінің 1,5%-дық ерітіндісін (тығыздығы 1,02 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді натрий-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.
Тапсырмалар (оқытушының таңдауы бойынша)
Золь мицеллаларының формулаларын жазыңыз:
барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;
күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;
гидролиз реакциясымен алынған темір (III) гидроксиді золінің;
адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;
пептизатор – темір (III) хлориді;
химиялық пептизация тәсілімен алынған темір гидроксиді (III) золінің;
пептизатор – хлорсутек қышқылы;
темір (III) хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;
калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;
калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;
калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің;
Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан оң зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K3PO4; Ca(NO3)2; CaCl2; BaCl2; Na2CO3.
Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан теріс зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K2CO3; NaNO3; CaCl2; FeCl3; NaCl.
БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары
Қандай құбылыстар беттік құбылыстар деп аталады? Адсорбция, десорбция, беттік активтілік, адсорбциялық тепе-теңдік деген үғымдарға анықтама беріңіз.
Жылжымалы бөліну беті аралығындағы адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік активті заттар. Биологиялық мембрананыің құрылымы.
Гиббс теңдеуін келтіріңіз. Оң және теріс адсорбция арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Беттік керілу изотермасы деп нені айтады? Адсорбция изотермасы деп нені айтады ? Дюкло-Траубе ережесіне анықтама беріңіз.
Жылжымайтын бөліну беті аралығындағы адсорбция. Ленгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз. Ленгмюр адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Фрейндлих адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Панет-Фаянс ережесінің мәні неде?
Қандай құбылыстарды электрокинетикалық деп атайды? Электрофорез бен электроосмос ұғымдарына анықтама беріңіз және құбылыстардың маңызын түсіндіріңіз.
Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Зольдердің коагуляциясын туғызатын факторлар. Коагуляция табалдырығы, коагуляциялау қабілеті. Коллоидты қорғау деген не? Коллоидты қорғау құбылысының биологиялық ролі. Щульце-Гарди ережесі.
Дөрекі дисперсті жүйелердің фазалардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі. Аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылатын дөрекі дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіз.
Тесттер
1. Беттік активтілік шамасы максималды болатын затты таңдаңыз
1) СН3СООН
2) С2Н5СООН
3) НСООН
4) С4Н9СООН
5) С3Н7СООН
2. Беттік активті емес затқа (БАЕЗ) жатады
1) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде өзгертпейді
2) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде төмендетеді
3) ер-ді = o
4) ер-ді > o
5) Г 0
3. Панет-Фаянс ережесі бойынша ерітіндіден AgCl кристалдары бетіне адсорбцияланатын иондар:
1) К+
2) Сl-
3) Ва2+
4) Аg+
5) SО42-
4. Қанның ұюын алдын алу мақсатында қанды консервілеу кезінде Ca2+ иондарын кетіруге көмектеседі
1) хроматоргафия
2) электрофорез
3) диализ
4) молекулалы адсорбция
5) ион алмасу адсорбциясы
5. Уланғанда және метеоризмде активтендірілген көмірдің қолданылуы негізделген қабілет
1) артериальы қысымды жоғарылату
2) артериалды қысымды төмендету
3) полярлығы аз заттардың газдарын және молекулаларын адсорбциялау
4) капиллярлар қабырғаларының өтімділігін арттыру
5) ерітіндімен иондар бойынша алмасу
6. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золіне сәйкес келетін мицелла формуласы
1) {m(АgВr) n К+(n-х)Cl-}x+ хСl-
2) {m(АgВr) n Br-(n-х)K+}x- хK+
3) {m(АgВr) n SO42- 2(n-х)Na+}2x- хNa+
4) {m(АgВr) n Ag+(n-х)NO3-}x+ хNO3-
5) {m(АgВr) n J-(n-х)K+}x- хK+
7. Мицелланың формуласын жазуда потенциаланықтаушы иондар таңдалатын ереже
1) Шульце-Гарди
2) Вант-Гофф
3) Панет-Фаянс
4) Менделеев-Клапейрон
5) Дюкло-Траубе
8. Ақуыздардың лиофобты зольдердің тұнбаға түсіп және тамырлар қабырғаларында холестеринді түйіндақтың жинақталуына кедергі жасау қабілеті аталады
1) коагуляция
2) седиментация
3) коацервация
4) коллоидты қорғау
5) синерезис
9. Коагуляциялау қабiлетi ең жоғары ионды таңдаңыз:
1) K+
2) Al3+
3) Na+
4) Ca2+
5) Ba2+
10. Оң зарядталған бөлшектері бар зольді коагуляциялау әсері жоғары ионды таңдаңыз
1) K2SO4
2) NaNO3
3) CaCl2
4) FeCl3
5) K3РO4
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 145-189.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ОСӨЖ №5
ТАҚЫРЫП: Аралық бақылау №1
МАҚСАТТАРЫ:
бейорганикалық, физикалық және коллоидты химияның зерттелген тараулары бойынша студенттердің білімін бағалау;
есептерді шығаруда игерген дағдыларын бақылау;
биологиялық және медициналық маңызды зерттелген сұрақтарды қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
аралық бақылау тақырыптары бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;
ағзада жүретін процестердің негізгің заңдылықтары мен мәнін термодинамикалық, кинетикалық, протолиттік тепе-теңдік және т.б. тұрғыдан түсіну деңгейін бақылау
электрохимия негіздерін, беттік құбылыстардың физика-химиялық негізі мен негізгі түсініктерін, хроматографиялық талдау негіздері бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;
дисперсті жүйелердің жіктелуі, алыну, тазарту әдістерімен физика-химиялық қасиеттерінен сұрақтар бойынша студенттердің білім деңгейін тексеру;
комплексті қосылыстар мен биогенді элементтердің биологиялық рөлі және қосылыстарының медицинада қолдануы бойынша сұрақтарды қарастыру;
жоғарыда аталған тақырыптардың медициналық-биологиялық аспектісін қарастыру;
жаңа терминдерді игеру деңгейін бақылау.
ОҚЫТУ әдістері:
Үйлескен түрде:
- жазбаша бақылау;
- әңгімелесу
БАҚЫЛАУ
Бағаланатын құзыреттіліктер:
Білім.
Коммуникативтік дағдылар.
Бақылау әдістері:
Жазбаша тапсырманы орындау.
Есептерді шығару, оқытушының сұрағына жауап беру
Бақылау сұрақтары
Ерітінділер теориясының негізгі түсініктері. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері: массалық үлес, молярлық масса, эквивалентті молярлы концентрация, мольдік үлес, моляльді концентрация, ерітіндінің титрі.
Бейэлектролиттердің және электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар. Осмос. Осмос. Осмостық және онкотикалық қысым. Вант-Гофф заңы. Биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльділігі. Осмостың биологиядағы және медицинадағы рөлі.
Электролиттік диссоциация. Аррениустің электролиттік диссоциациялану теориясы. Бренстед–Лоури протолиттік теориясы.Сутектік көрсеткіш рН – орта қышқылдығының сипаттамасы ретінде. Оствальдтың сұйылту заңы.
Тірі ағзадағы электролиттер. Қалыпты жағдайда және патология кезіндегі адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәні. Ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажеттілігі.
Буферлік жүйелер. Анықтамасы, жіктелуі, құрамы. Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі). Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмі. Буферлік сыйымдылық.
Қандағы буферлік жүйелер, олардың ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі биологиялық рөлі. Қандағы буферлік жүйелердің күштілігінің салыстырмалы сипаттамасы. Ацидоз. Алкалоз.
Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық жүйелердің жіктелуі. Термодинамикалық жүйенің күй жағдайлары. Термодинамиканың бірінші заңы.
Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Лавуазье-Лаплас заңы. Гесс заңы мен одан шығатын салдарлар. Тағамдық өнімдердің калориялығын есептеу принциптері.
Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Гиббстің бос энергиясы - процестің өздігінен жүру критерийі ретінде. Энтальпиялық және энтропиялық факторлар.
Тірі ағза термодинамикасының ерекшеліктері. Стационарлы термодинамикалық жүйенің сипаттамасы. Энергиялық қосарлану принципі. Пригожин принципі.
Химиялық реакция жылдамдығы. Реакцияның орташа және шынайы жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Массалар әрекеттесуші заңы. Вант-Гофф ережесі.
Реакцияның молекулалығы және реті. Әр түрлі ретті реакциялар үшін кинетикалық теңдеулер. Реакция ретін анықтау.
Ферментативті катализ. Ферментативті катализдің ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.
Химиялық тепе-теңдік күйі. Химиялық тепе-теңдік тұрақтысы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта құру принципі.
Биогенді элементтер. Биогенді элементтердің жіктелуі. Биогенді элементтердің атомдар құрылысының ерекшеліктері.
s-, p-, d- элементтері, қасиеттері мен оның қосылыстарының медициналық-биологиялық рөлі. Экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстардың құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар.
Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық рөлі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия.
Электрод. Электродты потенциал. Нернст теңдеуі. Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, редокс-электродтар, анықтауыш және салыстырушы электродтары, ионселективті электродтар.
Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші.
Диффузиялық және мембраналық потенциалдар: пайда болу механизмі, биологиялық рөлі.
Беттік құбылыстар. Жылжымалы фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік-активті заттар.
Жылжымайтын фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Лэнгмюр және Фрейндлих теңдеулері. Ерітіндіден адсорбцияның негізгі заңдылықтары. Ионалмасу адсорбциясы. Медицинада қолданылуы.
Хроматографиялық талдау әдістері. Биология мен медицинада қолданылуы.
Дисперсті жүйелер. Дисперсті жүйелердің жіктелуі. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері. Мицелла құрылысы.
Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлық-кинетикалық, электрокинетикалық, оптикалық Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.
Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері: диализ, электродиализ, ультрасүзгілеу. Диализдің медицинада қолданылуы.
Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы мен олардың коагуляциясы. Коллоидты қорғау. Ағзадағы атқаратын рөлі.
Дөрекі дисперсті жүйелер: аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялар. Медицинада қолданылуы.
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- 288 б.
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 992 б.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ОСӨЖ №6
ТАҚЫРЫП: Тіршілік процестеріне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар
МАҚСАТЫ:
Гомофункционалды қосылыстардың химиялық қасиеттері туралы білімдерін қолдана отырып, гетерофункционалды қосылыстардың реакция схемаларын шығруды үйрену.
ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:
Студент үйрене білуі керек:
Негізгі гетерофункционалды органикалық қосылыстардың формулаларын дұрыс жазу және халықаралық, рационалды номенклатуралары бойынша атай білуді.
Гетерофункционалды қосылыстардың функционалды топтарына қарай химиялық қасиеттерін анықтай білуді.
Оқытушының берген ситуациялық есептерінің тиімді шығару әдістерін таңдауды.
Студентті кәсіби әдебиеттерді оқуға және интернеттен ақпаратарды іздеуге ынталандыруды.
ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ :
Тақырыптың сұрақтарын оқу ;
Типтік тапсырмаларды орындау;
Оқытушыдан кеңес алу;
Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:
Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.
Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.
БЕРІЛЕТІН материал:
Тапсырмалар:
Гидроксибутан қышқылының структуралық және оптикалық изомерлерін жазыңыз. Оларды халықаралық және рационалды атымен атаңыз.
Келесі қосылыстарды атаңыз:
1) 2) 3)
Бұл қышқылдардың қайсысын мыс гидроксидімен (II) анықтауға болады? Реакциясын жазыңыз.
Схема бойынша реакцияларын жазыңыз: этаноламин холинацетилхолин
Сүт қышқылы мен -гидроксимай қышқылының тотығу реакцияларын жазыңыз. Түзілген өнімдерді атаңыз.
НАДНты қолдана отырып глиоксаль және пирожүзім қышқылдарының тотықсыздану реакцияларын жазыңыз.
Ацетосірке қышқылының қандай таутомерлік түрі бром суымен әрекеттеседі? Реакциясын жазыңыз.
Қымыздықсірке қышқылының(оксобутанди) және ацетилкофермент А-ның альдолдық конденсациялану типтегі реакцияларын жазыңыз.
2-оксопентанди (-кетоглутар) қышқылындағы қай карбоксил тобы оңай декарбоксилденеді, неге? Реакциясын жазыңыз.
Келесі түр өзгерістердің реакцияларын жазыңыз: фумар қышқылы алма қышқылы қымыздықсірке (оксобутанди) қышқылы .
Салицил қышқылының температураға шыдамдылығы, ацетилсалицил қышқылының түзілу реакциясы. Бұл реакция қандай функционалды топтың әсерінен жүреді?
ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:
Әдіс - құрастырылған:
1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);
2) үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 235-238.
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 160-177.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Сұрақтар:
Оптикалық изомерия. Энантиомерлер. Д және L қатары. Диастереомерлер. Рацемат.
Аминоспирттер: этаноламин, холин, ацетилхолин. Биогенді аминдер туралы түсінік. Дофамин, норадреналин, адреналин және олардың гормондар, нейромедиаторлар ретіндегі биологиялық маңызы.
Гидроксиқышқылдар: гликоль, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары.
Альдегидо - және кетоқышқылдар: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздықсірке, α- кетоглутар қышқылы – маңызды метаболиттер.
α-, β-, γ – гидроксиқышқылдардың карбоксил топтары арқылы реакцияға түсуі: 1) тұз түзуі; 2) күрделі эфирлер түзуі; 3) амидтер түзуі; 4) декарбоксилденуі.
α-, β-, γ – гидроксиқышқылдарының гидроксил топтары арқылы реакцияға түсуі: 1) тұз түзуі, тотығуы; 2) жәй және күрделі эфирлер түзуі; 3) О-ацил туындыларын түзуі.
Оксоқышқылдардың карбонил топтары арқылы реакцияға түсуі:тотықсыздану реакциясы.
Ацетосірке қышқылының мысалында кето-енолдық таутомерия.
Бензол қатарының гетерофункционалды органикалық қосылыстары. Салицил қышқылыжәне оның туындылары. П-аминобензой қышқылы.
Тесттер:
1. Гетерофункционалды қосылыстар деп аталады:
1) молекуласында 2 бірдей функционалды топтары бар
2) молекуласында 3 бірдей функционалды топтары бар
3) молекуласында 4 бірдей функционалды топтары бар
4) молекуласында әртүрлі функционалды топтары бар
5) ) молекуласында 1 функционалды тобы бар
2. Гетерофункционалды қосылыстар:
1) Этанол.
2) Глицерин
3) Фенол
4) Этаноламин
5) Этиленгликоль
3. Алма қышқылы систематикалық номенклатура бойынша аталады:
1) 2 – гидроксибутанди қышқылы
2) Бутан қышқылы
3) 2 – оксобутан қышқылы
4) Бутанди қышқылы
5) Бутенди қышқылы
4. Ассиметриялық көміртек атомы бар қосылыс:
1) CH3 – CH – COOH
ﺍ
NH2
2) CH3 – CH2 – CH – CH3
ﺍ
Br
3) (CH3)2 CН– CH – CH2 – COOH
ﺍ
OH
4) HOOC – CH2 – CH(OH) – CH2– COOH
5) HOOC – CH2 – CH2 OH
5. Мына айтылған пікірлердің энантиомерлер үшін қайсысы дұрыс:
имеют одинаковые физические свойства, за исключением знака вращения плоскости поляризованного света
имеют одинаковую абсолютную величину удельного вращения
молекулы имеют различные химические свойства
молекулы хиральны
имеют различные биологические свойства
6. Лимон қышқылындағы фунционалды топтар:
– ОН, – СООН и – NH2
– ОН и – NH2
– ОН и – СООН
– NH2 и – СООН
– СОNH2
7. Шарап қышқылының тұздары аталады:
1) цитраттар
2) тартраттар
3) лактаттар
4) оксалаттар
5) бензоаттар
8. Глиоксал қышқылы О=СН-СООН мен күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісі әрекеттескендегі түзілетін өнім:
қымыздық қышқылы
көмірқышқыл газы мен су
сірке қышқылы
дигидроксибутанди қышқылы
метан мен су
9. Ацетилсалицил қышқылының гидролизінде түзіледі:
фенол, натрий салицилаты
фенол, салицил қышқылы
сірке қышқылы, салицил қышқылы
сірке альдегиді, салицил қышқылы
сірке қышқылы, салицил альдегиді
10. Салицил қышқылының сірке қышқылымен әрекеттескендегі түзілген күрделі эфирінің аталуы:
метилсалицилат
фенилсалицилат
ацетилсалицил қышқылы
n-аминосалицил қышқылы
этилсалицилат
ОСӨЖ №7
ТАҚЫРЫП: α-Амин қышқылдарының биологиялық маңызды касиеттері. Пептидтер.
МАҚСАТЫ:
α-Амин қышқылдарының құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттері туралы білімді пептидтердің түзілуінде қолдана білу
ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:
Білім алушының мүмкіндігі бар:
α-Амин қышқылдарының құрылыстарына қарай реакцияға түсу қабілеттіліктерін салыстыруға.
α-Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді пайдалана отырып белоктарға, пептидтерге, α -амин қышқылдарына сапалық реакциялар жасау нәтижесіне қарай тұжырым жасай білуге.
Оқытушы ұсынған α-амин қышқылдарынан пептидтердің түзілу схемасын жаза білуге.
α-Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесін біле отырып ортаның рНна қарай белок молекуласының зарядын анықтай білуге.
ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ :
Тақырыптың сұрақтарын оқу ;
Типтік тапсырмаларды орындау;
Оқытушыдан кеңес алу;
Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:
Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.
Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.
БЕРІЛЕТІН материал:
Тапсырмалар:
Аланиннің а) СН3I, б) NaOH, в) HNO2, г) этанолмен реакцияларын жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар.
Изолейциннің, глутамин қышқылының дезаминдену реакцияларын жазыңдар.
Трипептидтердің түзілу реакцияларын жазыңдар: 1) Цис-Вал-Асп; 2) Гли-Про-Лиз. Трипептидтердің қышқылдық-негіздік ортасын анықтаңдар.
Трипептидтің, мысалы Гли-Вал-Фен (глицилвалилаланин) қышқылдық-негіздік гидролизін жазыңдар .
Трипептид глутатионның (-Глу-Цис-Гли) түзілуін жазыңдар. Биологиялық маңызы.
Бас миындағы нейропептидтің құрылысын - Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер. Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?
Неге глутамин қышқылының ұнтағын ішкеннен кейін ауызды натрий гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен (рН~8) шаю қажет, егер глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі 3,2 ге тең болса?
ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:
Әдіс - құрастырылған:
1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);
2) үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.
Сабақтың хронометражы
Мазмұны
|
Әдістемелік жабдықтар
|
Уақыты, мин
|
1.Кіріспе (ұйымдастыру кезеңі)
|
|
5
|
2.Оқытушыдан кеңес алу
|
Силлабус,
Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау
|
25
|
3.Студенттің жеке жұмыс жасауы
|
Ситуациялық есептер
(таратылатын материал)
|
20
|
Үзіліс 10 минут
|
4.Берілген тапсырмалардың нәтижелерін оқытушымен бірге талдау
|
|
15
|
5. Қиын тапсырманы талдау
|
Жаттығулар,
Тестік тапсырмалар
|
10
|
6.Жазбаша сұрау
|
Тестік тапсырмалар
|
20
|
7.Қорытындылау
|
|
5
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 239-248.
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 230-254.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Сұрақтар:
1) Амин қышқылдарының бифункционалды химиялық қасиеттері.
-СООН тобының реакциялары:
а) Аспарагин, глутамин қышқылдарының мысалында амидтердің түзілуі
б) триптофан мен гистидиннің декарбоксилденуі.
2) -SH тобының реакциялары:
а) цистеиннің жұмсақ тотығуы. Бұл реакцияның биологиялық маңызы.
б) цистеиннің соңынан декарбоксилдену реакциясы жүретін қатаң тотығуы .
Студенттердің назарын декарбоксилденгенде биогенді аминдердің түзілетініне; дисульфидтік байланыстың түзілетініне аудару қажет.
3) -NH2 тобының реакциялары:
дезаминдену:
а) тотықсызданбай;
б) тотықтыра;
в) гидроксилдену.
4) Метиламин, аланиннің НСI мен тұз түзуі.
5) -ОН тобының реакциялары:
а) тотығуы;
б) күрделі эфирлердің түзілуі.
6) - амин қышқылдарына тән ерекше реакциялар:
а) биполярлы ионның түзілуі;
б) пептидтердің түзілуі. Номенклатура. Пептидтік топтардың электрондық және кеңістіктік құрылысы.
7) Трипептид глутатионның түзілуін жазу. Маңызы.
8) Пептидтердің қышқылдық-негіздік гидролизі.
Тесттер:
Қандай - аминқышқылы тотыққанда дисульфидтік байланыс түзеді:
метионин (- амино-- метилтиомай қышқылы)
цистеин (- амино-- тиопропион қышқылы)
аланин (- аминопропион қышқылы)
аспарагиновая (аминоянтар қышқылы)
валин (- аминоизовалериан қышқылы)
Сериннің (α-амино-β-гидроксипропион қышқылы ) құрылысы мен қасиеттеріне айтылғандардың қайсысы сай келеді:
декарбоксилденгенде этаноламин түзіледі
күрделі эфир түзеді
гетероциклді α-аминқышқылына жатады
тотыққанда 2- амино - 3-оксопропан қышқылы түзіледі
алмастырылмайтын α-аминқышқылдарына жатады
Қандай α-аминқышқылдары фосфор қышқылымен күрделі эфир түзеді:
глицин
серин
валин
фенилаланин
тирозин
Серин (α-амино-β-гидроксипропион қышқылы)қандай реакцияларға қатысады:
декарбоксилдеу
пептидтің түзілуі
дезаминдеу
лактамның түзілуі
жай эфирлеодің түзілуі
Тотыға дезаминдену кезінде аланиннен (2-аминопропан қышқылы) түзіледі:
1) HOOC – C(O) – CH2 – OH
2) CH3 – CH2 – COOH
3) CH3 – C(O) – COOH
4) HOOC – CH2 – CООH
5) HOOC – CH2 – CН=О
Трипептидте қанша пептидтік байланыс бар:
1) 1
2) 2
3) 3
4) 4
5) 5
Глициннің (аминосірке қышқылы) формуласын таңдаңыз:
СН3 – СН(NН2) – СООН.
NН2 – СН2 – СН2 – ОН.
NН2 – СН2 – СН2 – СООН.
СН3 – СНОН – СН2 – NН2.
NН2 – СН2 – СООН.
Мына аталғандардың ішіндегі қандай қосылыстар дипептид түзеді:
CH3 – CH(NH2) – COOH
CH3 – CH2 – CH2 – NO2
HO – CH2 – CH2 – CONH2
HO – CH2 – CH2 – CH2 – NO2
H2N – CH2 – COOH
Мына трипептидтің атын дұрыс таңдаңыз:
O O
║ ║ O
H2N–CH2–C–NH–CH–C–NH–CH–C
│ │ OH
CH–CH3 CH2SH
│
CH3
цистеинилвалилглицин
цистеинвалинглицин
глицилвалилцистеин
валилглицилцистеин
глицилвалилцистеинил
Мына трипептидті атаңыз:
гли-сер-вал
ала-сер-лей
вал-сер-иле
ала-сер-вал
ала-гли-вал
ОСӨЖ №8
ТАҚЫРЫП: Олиго- және полисахаридтер. Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер. Гомо- және гетерополисахаридтер. Құрлысы. Биологиялық ролі.
Мақсаты:
Олиго- және полисахаридтердің қасиеттері, құрлысы туралы білімді қалыптастыру.
ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
Көмірсулардың жіктелуі және құрлысы.
Моносахаридтердің стереоизомериясын, жіктелуін, қасиеттерін, құрлысын талдау.
Дисахаридтердің жіктелуін және қасиеттерін, құрлысын талдау.
ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:
тақырыптың сұрақтарын оқу;
типтік тапсырмаларды орындау;
оқытушымен консультация;
оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.
2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.
ТАРАТЫЛАТЫН материал:
Тапсырма:
Лактоза, мальтоза және сахарозаның түзілу реакциясын жазыңыз. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілген, гликозидтік байланыстарды атаңыз.
Лактоза, мальтоза, сахароза дисахаридтердің қай түріне жатады және оны қандай сапалық реакция арұылы дәлелдеуге болады?
Лактозаның -метилгликозидінің түзілу реакциясын жазыңыз.
Лактозаның сірке қышқылының артық мөлшерімен әрекетесу реакциясын жазыңыз.
1) Фелинг реакциясы; 2) гликозидтер түзу; 3) жәй және күрделі эфирлер түзу реакцияларындағы сахароза, мальтоза, лактозаның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
,Д-глюкопиранозаның екі молекуласынан алуға болатын барлық дисахаридтерді атаңыз.
Гетерополисахаридтердің гомополисахаридтерден айырмашығы қандай?
Хондроитин-6-сульфатының дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз.
Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз.
Гепариннің дисахарид фрагменті түзілу схемасын жазыңыз. Ағзада гепарин қандай роль атқарады?
ОҚЫТУ әдістері:
Әдіс- үйлескен түрде:
үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).
Үй тапсырмасын шығару.
Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 254-259.
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 217-229.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
БАҚЫЛАУ:
Сұрақтар:
Күрделі көмірсулар - олигосахаридтер. Жіктелуі.
Дисахаридтер: тотықсыздандыратын (мальтоза, лактоза), олардың құрлысы, байланыс түрі, бос гидроксил тобына байланысты реакциялар.
Тотықсыздандырмайтын дисахарид (сахароза), құрлысы, қасиеттері, байланыс түрлері. Сахароза неге Троммер, күміс айна реакцияларына түспейді?
Полисахаридтер. Химиялық табиғаты. Гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер, өкілдері.
Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Крахмалдың маңызы және қолданылуы.
Амилозаның құрлысы. Амилозаның кеңістіктік құрылымы. Амилозаның дисахаридтік фрагменті.
Амилопектиннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі.
Крахмалдың физико-химиялық қасиеттері. Крахмалды декстринденуі. Сапалық реакция.
Гликоген. Құрамы. Гликогеннің біріншілік құрлымы.
Гликогеннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі. Гликогеннің қасиеттері. Сапалық реакция.
Клетчатка (целлюлоза). Клетчатканың біріншілік құрылымы. Құрлысы. Целлюлозаның биозды фрагменті.
Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гиалурон қышқылы ағзада қандай функцияны орындайды?
Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Хондротинсульфаттардың биологиялық ролі.
Гепариннің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гепариннің маңызы.
Тесттер:
1. Моносахаридтерге жатады:
1) рибоза
2) сахароза
3) фруктоза
4) галактоза
5) крахмал
2. Дисахаридтерге жатады:
1) сахароза
2) целлобиоза
3) мальтоза
4) дезоксирибоза
5) амилоза
3. Мальтозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:
1) глюкоза және галактоза
2) глюкоза және манноза
3) галактоза және фруктоза
4) глюкозаның 2 молекуласы
5) глюкоза және фруктоза
4. Лактозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:
1) глюкоза және галактоза
2) глюкоза және манноза
3) глюкозаның 2 молекуласы
4) галактоза және фруктоза
5) глюкоза және фруктоза
5. Сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:
1) глюкоза, галактоза
2) глюкозаның 2 молекуласы
3) глюкоза және фруктоза
4) галактоза, манноза
5) глюкоза, манноза
6. Берілген қосылыстардың ішінен дисахаридті таңдаңыз:
1) целлобиоза
2) амилопектин
3) гликоген
4) амилоза
5) гиалурон қышқылы
7. D-глюкозаның әлсіз тотығуы нәтижесінде түзіледі:
1) глюкон қышқылы
2) глутар қышқылы
3) глюкурон қышқылы
4) глюкар қышқылы
5) гиалурон қышқылы
12. D-глюкозаның күшті тотығуы нәтижесінде түзіледі:
1) глюкар қышқылы
2) глюкон қышқылы
3) глюкурон қышқылы
4) гиалурон қышқылы
5) гликозид
9. Лактозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:
1) α-1,4-гликозидтік
2) β-1,4-гликозидтік
3) β-1,3-гликозидтік
4) α-1,6-гликозидтік
5) α-1,2-гликозидтік
10. Сахарозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:
1) α-1,4-гликозидтік
2) β-1,4-гликозидтік
3) β-1,3-гликозидтік
4) α-1,6-гликозидтік
5) α-1,2-гликозидтік
ОСӨЖ №9
ТАҚЫРЫП: Гемнің, нуклеозидтердің, нуклеотидтердің құрылысы. Нуклеин қышқылдарынын біріншілік құрылымы.
МАҚСАТЫ:
Нуклеозидтер, нуклеотидтер және олардың туындыларының әртүрлі өкілдері құрылыстарының ерекшелігі мен маңызы туралы білімді қалыптастыру.
ДНҚ мен РНҚ-ң ұйымдастыру құрылысыны туралы білімді қалыптастыру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
Оқушының қабілеттілігі:
Оқытушының нұсқауымен, нуклеотидтер, нуклеозидтер құрылыстарының схемасын көрсету.
Гемнің құрылысын қарастыру
Тірі ағзадағы нуклеин қышқылының ролін түсіндіру.
ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:
тақырыптың сұрақтарын оқу;
типтік тапсырмаларды орындау;
оқытушымен консультация;
оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.
2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.
ТАРАТЫЛАТЫН материал:
Тапсырма:
Дезоксицитидил қышқылы (дЦМФ) және гуанил қышқылының (ГМФ) түзілу реакцияларын жазыңыз.
Тимидин - 5’ – монофосфат (ТМФ), тимидин - 5’- дифосфат (ТДФ) тимидин - 5’-трифосфаттің (ТТФ) түзілу реакцияларын жазыңыз. Олардың маңызы.
Циклды УМФ-тың (уридин-3’, 5-циклофосфат) түзілу реакциясын жазыңыз.
Полинуклеотид тізбегінде мононуклеотидтер бірімен-бірі қалай байланысады. Аденозин-5-монофосфат (АМФ) пен цитидин - 5 - монофосфатты (ЦМФ) мысалға алып, олардың өзара байланысуын көрсетіңіз.
ОҚЫТУ әдістері:
Әдіс- үйлескен түрде:
үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).
Үй тапсырмасын шығару.
Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 265-268.
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 278-291.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Сұрақтар:
Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік
Нуклеозидтер. Нуклеин негізінің көміртек қалдығымен байланысының сипаттамасы. Нуклеозидтер гидролизі.
Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Номенклатурасы. Макроэргтік байланыс.Маңызы.
Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз.
Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ, маңызы.
Нуклеин қышқылдары. Құрылымының жалпы схемасы. Нуклеин қышқылдарының түрлері. Маңызы. Рибонуклеин (РНҚ) және дезоксирибонуклеин (ДНҚ) қышқылдары. Құрамының ерекшеліктері. Полинуклеотид тізбегіндегі қалдықтарының арасындағы байланыстың сипаты. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.
Тесттер:
Алкалоидтарға жатады:
1) кофеин
2) ксантин
3) хинолин
4) пиридин
5) никотин
2. Пиримидин туындылары:
1) пиррол
2) пиридин
3) тимин
4) пирролидин
5) цитозин
3. Пурин туындылары:
1) гуанин
2) ксантин
3) никотин
4) зәр қышқылы
5) тимин
4. Нуклеозид құрамына гуанин қандайтаутомер күйінде болады:
1) кетон
2) еноль
3) лактам
4) лактим
5) цикло
5. ГДФ-ты(гуанозин-5/дифосфат) фосфорлау кезінде қандай байланыс түзіледі?
1) ангидридтік
2) күрделі-эфирлік
3) амидтік
4) N-гликозидтік
5) O-гликозидтік
Достарыңызбен бөлісу: |