САБАҚТЫҢ ХРОНОМЕТРАЖЫНА МЫСАЛ
1
|
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)
|
5 мин
|
2
|
Тақырып бойынша семинар және пікірталас
|
25 мин
|
3
|
Лаборияториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
|
20 мин
|
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
4
|
Лаборияториялық жұмысты орындау
|
25 мин
|
5
|
Лабораториялық жұмыс нәтижелерін есептеу және қорғау
|
25 мин
|
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
6
|
Буферлік ерітінділердің әсер ету механизмін талқылау
|
25 мин
|
7
|
Тақырып бойынша бақылау
|
20 мин
|
8
|
Сабақты қорытындылау
|
5 мин
|
БАҚЫЛАУ
Білім.
Тәжірибелік дағдылар.
Бақылау әдістері:
Ситуациялық есептердің шығарылуын тексеру
Тест тапсырмаларын орындау
Бақылау сұрақтары
Судың иондық көбейтіндісі. Ортаның сутектік көрсеткіші.
Буферлік жүйе деген не? Қышқылдық және негіздік буферлік жүйеге анықтама беріңіз, мысал келтіріңіздер, құрамын көрсетіңіздер. Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі).
Қандағы буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз. Олардың ағза үшін маңызы қандай? Қандағы буферлік жүйелердің күштілігінің салыстырмалы сипаттамасын келтіріңіз.
Буферлік жүйелердің әсер ету механизмі. Ацетатты және аммиакты буферлік жүйелерді мысалға ала отырып буферлік жүйелердің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Буферлік ерітінділердің сутек иондарының концентрациясын, ортаның рН және рОН-н есептеу.
Ерітіндінің қышқыл мен негіз бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу.
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.32-52
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 575-611.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 67-85.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ҚОСЫМША:
Көрнекілікті эксперимент «БУФЕРЛІК ЕРІТІНДІНІҢ рН-ЫН КОЛОРИМЕТРЛІК ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ»
Жұмыстың мақсаты: рН мәні әртүрлі буферлік ерітінділер дайындап үйрену; колориметрлік әдіспен бақылау ерітіндісінің рН-ын тәжірибелік жолмен анықтау.
Жұмыстың маңызы:
Колориметрлік әдіспен ерітіндінің рН-ын анықтау зерттелетін ерітіндідегі индикатор бояуын сол индикатор қосылған бірнеше стандарт ерітінділерінің бояуымен көзбен шолып салыстыруға негізделген.
Стандарт ретінде әртүрлі сандық қатынастағы қышқылдар мен тұздардан буферлік қоспалар дайындайды, Гендерсон-Гассальбах теңдеуі бойынша әрбір қоспа үшін рН мәнін есептейді.
Жұмыстың орындалу барысы: Оқытушыдан бақылау ерітіндісі бар сынауық алыңыз. Зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын шыны таяқшамен әмбебап индикатор қағазының жолағына тамызыңыз. Индикатор қағазының бояуын стандартты рН шкаласымен салыстырыңыз.
Стандартты ерітінді ретінде дайындайтын буфер типін анықтаңыз. Төменде кестеде көрсетілген қышқылдар мен тұздардың көлемдік қатынастары үшін рН мәні ацетат буферлік қоспасында 4-тен 6-ға дейін, ал фосфат буферлік қоспасында 6-дан 8-ге дейін өзгеретінін ескеріңіз.
Егер зерттелетін ерітіндінің рН-ы шамамен 7-ге тең болса, онда қышқыл (NaH2PO4) және тұз (Na2НРO4) ерітінділерінің кестеде көрсетілген қатынастарын араластырып, бірнеше стандартты фосфат буферлік ерітінділерін дайындаңыз.
Егер зерттелетін ерітіндінің рН-ы шамамен 5-ке тең болса, онда қышқыл (СН3СООН) және тұз (СН3СООNa) ерітінділерінің кестеде көрсетілген қатынастарын араластырып, бірнеше стандартты ацетат буферлік ерітінділерін дайындаңыз.
5 буферлік қоспаны дайындап, рН мәндерін есептегеннен кейін, осы бес стандартты ерітіндісі бар сынауықтардың әрқайсысына 1-2 тамшы индикатор қосады (ацетат буферлік ерітіндісі үшін – метил қызылы, ал фосфат буферлік ерітіндісі үшін – бромтимол көгі).
Дәл сол индикаторды бақылау ерітіндісіне де қосыңыз. Бақылау ерітіндісі мен стандарттың бояуының сәйкес келуі, осы екі ерітіндінің де рН мәндерінің бірдей екенін көрсетеді.
Жұмыс нәтижелерін өңдеу:
Бақылау ерітіндісі мен стандарт ретінде таңдалған буферлік ерітіндісінің рН мәнін көрсетіңіз. Буферлік әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз.
Компоненттердің әртүрлі қатынастарындағы стандартты буферлік ерітінділердің [Н+] және рН мәндерін келесі формула бойынша есептейді:
және ,
мұнда
|
|
Са (Сs) -
|
қышқыл (тұз) ерітіндісінің концентрациясы;
|
Va (Vs) -
|
қышқыл (тұз) ерітіндісінің көлемі;
|
Ка -
|
қышқылдың иондану константасы
|
Алынған мәліметтерді кестеге толтырыңыз.
Сынауық №
|
Көлем, мл
|
Буферлік қоспа
|
Қышқыл
|
Тұз
|
Ацетат буфері
0,1М СН3СООН
0,1М СН3СООNa
Ка=1,810-5
|
Фосфат буфері
0,1М NaH2PO4
0,1М Na2НРO4
Ка=1,610-7
|
[Н+]
|
рН
|
[Н+]
|
рН
|
1
|
0,5
|
4,5
|
|
|
|
|
2
|
1,0
|
4,0
|
|
|
|
|
3
|
1,5
|
3,5
|
|
|
|
|
4
|
2,5
|
2,5
|
|
|
|
|
5
|
4,0
|
1,0
|
|
|
|
|
Қорытынды: Бақылау ерітіндісінің рН мәнін көрсетіңіз.
Көрнекілікті эксперимент «ЕРІТІНДІНІҢ БУФЕРЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ»
Жұмыстың мақсаты: Ерітіндінің буферлік сыйымдылығын қышқыл және негіз бойынша тәжірибемен анықтау.
Жұмыстың орындалу тәртібі: Бірінші және екінші колбаларға көлемдері бірдей компоненттерінің қатынасы 1:1 болатын 10 мл-ден екі ацетат буферлік ерітіндісін дайындайды (зерттелетін ерітінділер). Қышқыл және тұз ерітінділерінің концентрациялары 0,1 моль/л.
Үшінші және төртінші колбаларға натрий ацетаты мен сірке қышқылы ерітінділерін 1:9 қатынаста (3 колба үшін), 9:1 қатынаста (4 колба үшін) араластырады (куәгер ерітінділері).
Қышқыл бойынша буферлік сыйымдылықты анықтау. 1 және 3 колбаларға 5 тамшы метил қызыл сарысы ерітіндісін тамызады, ерітіндіні араластырады. 1 колбадағы зерттелетін ерітіндіні 3 колбадағы куәгер ерітіндісінің бояуымен бірдей бояу алынғанша 0,1М хлорсутек қышқылы ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу нәтижелерін кестеге жазады.
Негіз бойынша буферлік сыйымдылықты анықтау. 2 және 4 колбаларға 5 тамшы метил қызылы ерітіндісін тамызады, ерітіндіні араластырады. 2 колбадағы зерттелетін ерітіндіні 4 колбадағы куәгер ерітіндісінің бояуымен бірдей бояу алынғанша 0,1М натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу нәтижелерін кестеге жазады.
Жұмыс нәтижелерін өңдеу:
Колба
|
Ерітінді
|
|
Титрлеуге дейінгі
рН мәні
|
Титрант көлемі, мл
|
Титрлеуден кейінгі
рН мәні
|
В, моль/л
|
Қышқыл бойынша (индикатор – метил қызыл сарысы)
|
1
|
Зерттелетін
|
1:1
|
|
|
|
|
3
|
Куәгер
|
1:9
|
|
-
|
|
-
|
Негіз бойынша (индикатор – метил қызылы)
|
2
|
Зерттелетін
|
1:1
|
|
|
|
|
4
|
Куәгер
|
9:1
|
|
-
|
|
-
|
Титрлеуге дейін ерітіндінің рН-ын Гендерсон-Гассальбах теңдеуі бойынша есептейді. Қышқыл бойынша буферлік сыйымдылықты (Ва, моль/л) келесі формула бойынша есептейді:
.
Негіз бойынша буферлік сыйымдылықты (Вb, моль/л) келесі формула бойынша есептейді:
,
мұндағы
|
|
С(HCl) -
|
хлорсутек қышқылы ерітіндісінің молярлық концентрациясы, моль/л;
|
С(NaOH) -
|
натрий гидроксиді ерітіндісінің молярлық концентрациясы, моль/л;
|
V(HCl) -
|
титрлеуге кеткен хлорсутек қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл;
|
V(NaOH) -
|
титрлеуге кеткен натрий гидроксиді ерітіндісінің көлемі, мл;
|
Vб -
|
буферлік ерітіндінің көлемі, мл;
|
ΔрН -
|
рН(зерттелетін ерітінді) – рН(куәгер ерітіндісі).
|
Қорытынды: Қышқыл және негіз бойынша анықталған зерттелетін ерітіндінің буферлік сыйымдылығының мәнін көрсетіңіз.
№4 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫБЫ: Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер. Темір және мыс иондарын хроматографиялық әдіспен бөлу. Қағаздық хроматография әдісімен темір(ІІІ) иондарын сапалық анықтау. Коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алу және олардың кейбір қасиеттерін зерттеу
МАҚСАТТАРЫ:
адсорбция құбылысын сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;
хроматографиялық әдіспен иондарды анықтау және бөлудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;
дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, коллоидты ерітінділерді алу әдістері, мицелланың құрылысы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру;
электролиттің коагуляция табалдырығы мен оның коагуляциялау қабілетін есептей білуді үйрету;
дәрілік препараттарды, биологиялық сұйықтықтарды талдауда және соттық-медициналық сараптамада хроматографиялық әдістердің, сонымен қатар диализдің әртүрлі әдістерін медицинада қолданылу мүмкіндігін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
заттарды хроматографиялық бөлу процесінің және ионалмасу адсорбция процесінің мәнін, оның медициналық-биологиялық мақсатта қолданылуын түсіндіру;
қағаздық хроматография әдісімен темір (ІІІ) иондарын тәжірибелік жолмен анықтауды және бағаналық хроматография әдісімен иондарды бөлуді көрнекілікті көрсету;
электролиттің коагуляциялау қабілеті мен оның коагуляция табалдырығы есептеу дағдыларын қалыптастыру;
химиялық және физикалық конденсация әдістері бойынша коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алынуын, капиллярлық талдау әдісімен коллоидты бөлшектердің зарядын анықтауды, диализ әдісімен коллоидты ерітінділерді тазартуды көрнекілікті көрсету;
мицелланың формуласын жаза білуге және оны құрылысын түсіндіруге үйрету
тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Беттік құбылыстар. Адсорбция. Негізгі түсініктер.
2. Хроматографиялық талдау әдісінің негіздері. Хроматографиялық әдістердің жіктелуі. Биология мен медицинада қолданылуы.
3. Disperse systems: basic concepts, classification, properties.
4. Коллоидты ерітінділерді алу және тазарту әдістері. Мицелла құрылысы. Диализдің медицинада қолданылуы.
ОҚЫТУ әдістері:
1. Үйлескен түрде:
- материалды мәселелік түрде баяндау;
- кіші топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмысты орындау);
2. Компьютерлік технологияның қолданылуымен жүргізілетін оқытудың ойын әдісі
САБАҚТЫҢ ХРОНОМЕТРАЖЫНА МЫСАЛ
1
|
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)
|
5 мин
|
2
|
Тақырып бойынша семинар және пікірталас
|
20 мин
|
3
|
Лабораториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
|
25 мин
|
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
4
|
Лабораториялық жұмысты орындау
|
35 мин
|
5
|
Мицелланың құрылысын талқылау
|
15 мин
|
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
6
|
Лабораториялық жұмыстың нәтижелерін есептеу және қорғау
|
25 мин
|
7
|
Тақырып бойынша бақылау
|
20 мин
|
8
|
Сабақты қорытындылау
|
5 мин
|
БАҚЫЛАУ:
Бағаланатын құзыреттіліктер
Білім.
Бақылау әдістері:
Тест тапсырмаларын орындау немесе билет бойынша бақылау
Лаболраториялық жұмыс нәтижелерінің безендірілуін тексеру
Бақылау сұрақтары
Ионалмасу адсорбция және оның қолдану мүмкіндігін сипаттаңыз.
Хроматографиялық әдістер және олардың жіктелуі. Адсорбциялық және таралу хроматография әдістері неге негізделген? Иондардың адсорбциялануға қабілеттілігі мен олардың заряды бір-бірімен қалай байланысты болады?
Хроматографиялық әдістердің медициналық-биологиялық зерттеулерде және санитарлық-гигиеналық мақсатта қолданылуына сипаттама беріңіз.
Дисперстілік дәрежесі, фазалардың агрегаттық күйі, дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесу сипатына қарай дисперсті жүйелердің жіктелуін сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
Коллоидты жүйелер деп жүйенің қандай түрін айтады? Коллоидты ерітінділердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттерін дөрекі дисперсті жүйелер мен шынайы ерітінділердің қасиеттерімен салыстырып қараңыз. Тиндаль конусы деген не?
Коллоидты жүйелердің диспергациялық және конденсациялық алу әдістерінің мәні неде? Пептизация деген не?
Мицелланың құрылысы. ҚЭҚ, электротермодинамикалық потенциал, электрокинетикалық потенциал.
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.
В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.
Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 145-189.
Қосымша:
Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ҚОСЫМША:
Лабораториялық жұмыс
«МЫС(ІІ) ЖӘНЕ ТЕМІР(ІІІ) ИОНДАРЫН БІР-БІРІНЕН БАҒАНАЛЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН БӨЛУЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ТЕМІР(ІІІ) ИОНЫН ҚАҒАЗДЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ»
Жұмыстың мақсаты:
Мыс(ІІ) және темір(ІІІ) иондарын бір-бірінен бағаналық және қағаздық хроматография әдістерімен бөлу. Тағам өнімдеріндегі темір(ІІІ) ионын анықтау.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1 тәжірибе. Мыс (ІІ) және темір (ІІІ) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматография әдісімен бөлу
Диаметрі 1 см шыны түтіктен хроматографиялық бағана дайындайды: түтіктің төменгі жағына мақта қабатын (0,5 см) орналастырады, оның жоғарғы жағынан биіктігін 2,5-3 см етіп алюминий оксидін салады. Дайын болған бағананы штативте тұрған сынауыққа орналастырады.
Таза сынауыққа қоспа дайындайды: 1,5 мл 0,05 % CuSO4 ерітіндісі және 1,5 мл 0,05 % FeCl3 ерітіндісі. Осы қоспаны хроматографиялық бағанаға құяды. Тамшылау жылдамдығы онша тез емес. Қоспадағы компоненттер жеке аумақтаға бөлінгеннен кейін, бағана арқылы 3 мл 1 % калийдің гексацианоферратын(ІІ) жіберіп айқындау жүргізеді. Fe3+ иондары бар аумақ қарқынды көк түске боялады, ал Cu2+ иондары бар аумақ қоңыр түске боялады.
Реакция теңдеулері:
4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl
2CuSO4 + K4[Fe(CN)6] Cu2[Fe(CN)6] + 2K2SO4
Қорытынды: Мыс(ІІ) және темір(ІІІ) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматография әдісімен бөлу мүмкіндігін бағалаңыз.
2 тәжірибе. Тағам өнімдеріндегі темір(ІІІ) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау
Хроматографиялық қағаздан ені 6 см және ұзындығы 10 см жолақ қиып алады. төменгі шетінен 1 см қашықтықта қарындашпен жіңішке етіп сызық жүргізеді (старт сызығы). Жіңішке капилляр көмегімен старт сызығына зерттелетін ерітінді дақтың диаметрі 5 мм-ден аспайтындай етіп тамызады. Осы старт сызығына дақтан 2-3 см қашықтықта басқа капиллярмен 0,05 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін тамызады. Қағазды ауада кептіреді. Осылай дайындалған хроматографиялық қағаз жолағын, шеттері резина көмегімен ұстатылған екі таяқшаға бекітеді және еріткіштер қоспасы бар (этанол және сұйылтылған тұз қышқылы, 1:4) стақанға салады. Стақандағы еріткіштер қабатының қалыңдығы 1-1,5 см тең болуы тиіс. Қағаз жолағы сұйықтыққа 2-3 мм батырылып орналастырылуы тиіс. еріткіштер 7-8 см биіктікке көтерілгенде, жолақты стаканнан шығарады және карандашпен еріткіш көтерілген биіктікті белгілейді. Хроматографиялық қағазды ауада кептіреді. Темір(ІІІ) ионын анықтау үшін жолақты калийдің гексацианоферратымен(ІІ) дымқылдайды.
Қорытынды:Хроматограмманы салыңыз. Стандартты ерітінді мен зерттелетін ерітіндінің пішінін, түсін және старт сызығынан басталған ара қашықтығын салыстыра отырып, иондардың идентификациясы туралы қорытынды жасаңыз, темір(ІІІ) ионы бойынша ерітінділердің концентрацияларын салыстырыңыз.
ҚОСЫМША
Көрнекілікті эксперимент
«КОЛЛОИДТЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ»
Жұмыстың мақсаты: Коллоидты ерітінділерді алудыңжәне тазарту әдістемелерін меңгеру; коллоидты бөлшектердің зарядын және коагуляция табалдырығын анықтауды үйрену
1 тәжірибе.«Гидролиз реакциясымен темір(ІІІ) гидроксиді золін алу»
FeCl3+3Н2О→Fe(ОН)3+3НCl
Fe(ОН)3+3НCl→FeОCl+2Н2О
FeОCl-стабилизатор
FeОCl→ FeО++Cl-
Жұмыстың орындалу тәртібі:Сынауықтың жартысына дейін дистилденген су құяды және қайнағанша қыздырады. Осы қайнап тұрған суға 2-3 тамшы 2 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады және қызыл-қоңыр бояу пайда болғанша қайта қыздырады. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізеді.
Қорытынды: Алынған темір(ІІІ) гидроксиді золі мицелласының формуласын жазыңыз және оны алу әдісін көрсетіңіз.
2 тәжірибе.«Тотықсыздану реакциясымен күміс золін алу»
AgNO3+K2CO3→AgOK+KNO3+CО2↑
6AgOK+C76H52O46+3Н2О→6Ag+C76H52O49+6KOH
таннин флобафен
AgOK-стабилизатор
AgOK → AgО-+K+
Жұмыстың орындалу тәртібі:Сынауықтың жартысына дейін дистилденген су құяды, 1 мл 0,01М күміс нитраты мен 3-4 тамшы 0,1 % таннин ерітіндісін қосады. Содан кейін араластыра отырып қызылдау-қоңыр бояу алынғанша 1 % калий карбонатын қосады. Таннин мөлшері аз болғанда күміс золі қызыл сары-сары түске боялады. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізеді.
Қорытынды: Алынған күміс золі мицелласының формуласын жазыңыз және оны алу әдісін көрсетіңіз.
3 тәжірибе.«Берлин көгі золін алу»
4FeCl3+3K4[Fe(CN)6]→Fe4[Fe(CN)6]3↓+12KCl
Жұмыстың орындалу тәртібі:Екі сынауық алады. Бірінші сынауыққа 5 мл 0,05 % калийдің гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін құяды, пәрменді араластыра отырып, 3 тамшы 1 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады. Қою көк түске боялған золь түзіледі.
Екінші сынауыққа 5 мл темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін құяды, пәрменді араластыра отырып, 3 тамшы калийдің гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін қосады. Жасыл түске боялған золь түзіледі. Тиндаль конусын байқау арқылы екі сынауықта да коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізуге болады.
Қорытынды: Алынған көк және жасыл түсті берлин көгі золі мицеллаларының формуласын жазыңыз, стабилизаторды көрсетіңіз және олардың алыну әдістерін атаңыз.
4 тәжірибе.«Канифоль золін алу»
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Сынауыққа 5 мл дистилденген су құяды және 2 тамшы 2 % канифольдің спирттегі ерітіндісін қосады, сілкиді. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізуге болады.
Қорытынды: Әдістің маңызын сипаттаңыз.
5 тәжірибе.«Темір(ІІІ) гидроксиді тұнбасын пептизациялау»
FeCl3 +3 NH4OH Fe (OH)3+3 NH4CI .
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Сынауыққа 5 мл 2 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін құяды, аздаған бөліктермен тұнба түзілгенше 10 % аммоний гидроксиді ерітіндісін қосады. Алынған тұнбаны артық электролиттер толық жойылғанша, дистилденген сумен декантациялап жуады. Жуылған тұнбаға 15 мл дистилденген су қосады, араластырады және үш сынауыққа бірдей етіп бөледі. Бірінші сынауыққа пептизатор болып табылатын - 2 мл қаныққан темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады, екіншісіне - 2 мл 0,1М хлорсутек қышқылын қосады, ол Fe(ОН)3 әрекеттесіп, стабилизатор FeОCl түзеді, ал үшіншісіне – 2 мл дистилденген су қосады (бақылау тәжірибесі).
Ерітінділерді араластырады және 10 мин қалдырады. Белгіленген уақыт өткеннен кейін, байқалған өзгерістерді кестеге жазады.
№
|
Сынауық ішінде, мл
|
Қосылған
электролит
|
Пептизация
түрі
|
Мицелла формуласы
|
1
|
5
|
FeCl3
|
|
|
2
|
5
|
НCl
|
|
|
3
|
5
|
Н2О (бақылау)
|
|
|
Қорытынды: Түзілген зольдер мицеллаларының формуласын жазыңыз; пептизация типін көрсетіңіз, пептизация әдісінің маңызын сипаттаңыз.
6 тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ІІІ) гидроксиді золін тазалау»
Мақсаты: Диализ әдісін меңгеру.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Жартылай өткізгіш мембрана ретінде коллолийлі қапшыққа 3 мл жаңа дайындалған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды және оны дистилденген суы бар стаканға салып қояды. 15 мин өткен соң стакандағы судан сынама алады және онда хлорид-иондарының бар екенін бірнеше тамшы күміс нитраты ерітіндісін тамызу арқылы анықтайды. Салыстыру үшін екінші сынауыққа дистилденген судан алып, оған 1-2 тамшы АgNО3 ерітіндісін тамызады.
Қорытынды: Диализ әдісінің маңызын түсіндіріңіз.
7 тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау»
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Жарықтандырғыш қондырғы – ішкі жағы қара түске боялған және қабырғасында диаметрі шамамен 1 см болатын тесігі бар камера. Камераға күшті жарықтың көзі орналастырылған (қуаттылығы жоғары электрлік лампа). Коллоидты ерітіндісі бар кюветаны сәуле шоғырының жолына қояды. Дәл осындай тәжірибені шын ерітіндімен қайталайды.
Қорытынды: Көрген құбылыстарды сипаттаңыз. Себебін түсіндіріңіз.
8 тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау»
Мақсаты: Боялған зольдердіңі заряд таңбасын анықтау.
Әдістің маңызы:Сүзгі қағазы капиллярының қабырғалары суда сутек ионын бөліп шығарып, теріс зарядталады.
Оң зарядталған коллоидты бөлшектер капилляр қабырғаларында адсорбцияланады, ал су олар арқылы оңай өтіп кетеді. Нәтижесінде сүзгі қағазында үлкенірек түссіз су аумағы бар кішірек боялған дақ пайда болады.
Зольдердің теріс зарядталған коллоидты бөлшектері капилляр қабырғаларынан тебіледі, нәтижесінде сүзгі қағазында кішірек түссіз су аумағы бар үлкен боялған дақ пайда болады.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Сүзгі қағазына қашықтығы 1-2 см болатындай етіп, бір тамшыдан темір(ІІІ) гидроксиді, берлин көгі зольдерін және 2 % бояғыш ерітінділері: эозин, флуоресцеин, метилен көгін тамызады. Пайда болған боялған дақтардың сипатына қарай, олардың заряд таңбасын анықтау керек.
Қорытынды: Зерттелген зольдердің заряд таңбасын көрсетіңіз.
9 тәжірибе.«Темір(ІІІ) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау»
Мақсаты:
Темір(ІІІ) гидроксиді золінің коагуляциясына әртүрлі электролиттердің әсерін қарастыру, тәжірибелік мәліметтер бойынша олардың коагуляция табалдырығын есептеу.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Екі сынауыққа 1 мл-ден гидролиз реакциясымен алынған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды, бірінші сынауыққа тамшылата отырып, жайлап және араластыра отырып, зольдің бүкіл көлемінде лайлану пайда болғанша калий сульфаты ерітіндісін қосады. Екінші сынауыққа ұқсас түрде золь лайланғанша калийдің гексацианоферраты(ІІІ) ерітіндісін қосады. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазады.
Тәжірибенің нәтижелері:
Концентрация С(K2SO4)=0,1 моль/л
Концентрация С(K3[Fe(CN)6])=0,1 моль/л
Көлем 1 тамшы = 0,05 мл
Электролит
|
Золь көлеміVзоль, мл
|
Электролит тамшысының саны
|
Электролит көлеміVэл, мл
|
Коагуляция табалдырығыСk, ммоль/л
|
Электролиттің коагуляциялау қабілетіVк, л/ммоль
|
K2SO4
|
|
|
|
|
|
K3[Fe(CN)6]
|
|
|
|
|
|
Есептеңіз:
электролиттер үшін коагуляция табалдырығын
электролиттердің коагуляциялау қабілетін
Темір(ІІІ) гидроксиді золі мицелласының формуласын жазыңыз.
Қорытынды: Электролиттер үшін коагуляция табалдырығын көрсетіңіз, ион-коагулянттардың коагуляциялау қабілеттеріндегі айырмашылықты түсіндіріңіз.
№5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері. Асқазан сөлін потенциометрлік титрлеу
Мақсаттары:
гальваникалық элементтердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсініктерді қалыптастыру;
әр түрлі электродтардың электродты потенциалын есептей білуді және гальваникалық элементтердің ЭҚК-н анықтай білуді үйрету;
ағзадағы патологиялық өзгерістердің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін рН пен басқа физикалық-химиялық параметрлерді анықтау үшін қолданылатын электрохимиялық әдістерді қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
ОҚыту міндеттері:
I және II текті, тотығу-тотықсыздану электродты потенциалдардың құрылысы және олардың жұмыс істеу принципі жайлы түсініктерін кеңейту;
биологиялық сұйықтықтардың рН-н анықтауда потенциометрлік титрлеуді пайдалану мүмкіндігін көрсету;
ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын есептеу үшін интегралды және дифференциалды қисықтарды тұрғызу туралы ақпарат беру;
электродты потенциалдарды есептеу үшін Нернст және Нернст-Петерс теңдеулерін қолдануды үйрету;
электрохимиялық жүйелердің ЭҰК-н есептеу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Electrode. Electrode potential. Redox electrode potentials. Nernst equation.
Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, редокс-электродтар, ионселективті электродтар. Анықтауыш және салыстырушы электродтары. Хлоркүміс электроды – медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын салыстырушы электроды.
Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші.
Диффузиялық және мембраналық потенциалдар: пайда болу механизмі, биологиялық рөлі.
Потенциометрлік титрлеу. Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылуы.
Оқыту әдістері:
Үйлескен түрде:
- семинар;
- кіші топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмысты орындау).
Сабақтың хронометражы
1
|
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)
|
5 мин
|
2
|
Тақырып бойынша семинар және пікірталас
|
30 мин
|
3
|
Нернст теңдеуі бойынша потенциалдарды есептеу
|
15 мин
|
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
4
|
Лабораториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
|
25 мин
|
5
|
Лабораториялық жұмысты орындау
|
25 мин
|
|
ҮЗІЛІС
|
10 мин
|
6
|
Лабораториялық жұмыс нәтижелерін есептеп, қисықтар тұрғызу
|
25 мин
|
7
|
Тақырып бойынша бақылау
|
20 мин
|
8
|
Сабақты қорытындалау
|
5 мин
|
Достарыңызбен бөлісу: |