5В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: 1 Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет3/16
Дата18.02.2017
өлшемі3,98 Mb.
#10350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

50% – мұқаба беті жоқ, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиетке ескертулер жасалып жәнетекст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

  • 45% – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ бар, бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар, қойылған талаптарға сай жауаптар жоқ болғанда.


    Презентацияны бағалау критерийлері:

    • 100 %- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда да орындалса да барлық талаптар есепке алынғанда.

    • 95% Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Презентация басқа бағдарламаларда да орындалса да барлық әдебиеттер толық есепке алынбағанда.

    • 90% Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде сұрақтардан болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, жүйелі дұрыс ойлай алғанда және презентацияда тек негізгі әдебиеттер қолданғанда.

    • 85% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 15слайдтан көп қолданып, қателіктер жіберіп, 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

    • 80% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және 6-7 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

    • 75% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 15слайдтан көп, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес және ескі әдебиеттерді қолданғанда.

    • 70% слайд саны 6-7, сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, әдебиеттер саны аз(3-4), немесе ескі әдебиеттерді (2000жылға дейінгі) қолданғанда.

    • 65% слайд саны 6-7, сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер, схемалар мен графиктер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаған, 1-2 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

    • 60% слайд саны 6-7, студент сабақ тақырыбы бойынша көптеген қателер жібергенде, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, әдебиеттер саны аз(1-2), немесе ескі әдебиеттерді (2000жылға дейінгі) қолданғанда.

    • 55% мұқаба беті жоқ, слайд саны 4-5, студент сабақ тақырыбы бойынша көптеген қателер жібергенде, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, әдебиеттер саны аз(1-2), немесе ескі әдебиеттерді (2000жылға дейінгі) қолданғанда, қолданған әдебиеттерге сілтемелер жоқ, презентацияның сапасы төмен, бір слайдта көп жол бар, дайындалуы талаптарға сәйкес келмегенде.

    • 50% – мұқаба беті жоқ, кесте толтырылған бірақ толық емес, дұрыс құрастырылмаған әдебиеттер толық емес 2 әдебиет ғана бар немесе ескі әдебиеттер келтірілген (2000жылға дейінгі)

    - 45 %– СӨЖ ді тапсырмағанда немесе СӨЖ бар бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар қойылған талаптарға жауаптар жоқ болғанда.
    Конспектіні бағалау критерийлері:

    • 100 %- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

    • 95 % – барлық қойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал қосымша әдебиеттерді толық пайдаланбағанда.

    • 90 %- барлыққойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал негізгі әдебиеттерді ғана қамтиды.

    • 85 % – жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, 6-7 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

    • 80%- жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, қателіктер жіберіліп, 5- 6 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

    • 75 %- жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, қателіктер жіберіліп, 5-6 әдебиеттерді қолданып, одан да қателіктер жібергенде, және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі әдебиеттерді қолданғанда, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

    • 70 % - жазылған бет сандары 6-дан немесе 5-тен көп, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

    • 65 % - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

    • 60 % - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

    • 55 %- - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері , сызбалары мен сыба нұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

    • 50 % – конспект сандары 5-ке дейін, және конспект СӨЖ-дің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

    • 45% – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай емес болғанда.


    Квантталған текстер мен тест түрінде берілген әртүрлі тапсырмаларды бағалау критерийлері:

    • 100 % – қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде

    • 95 % – барлық қойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал негізгі әдебиеттерден алынғанда.

    • 90 % – қойылған талаптарды толық орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап берілгенде, бірақ сенімсіздік болғанда. Материал тек негізгі оқулық әдебиеттерден алынғанда.

    • 85 % – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 8-9 болғанда.

    • 80% СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 8-9 , бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

    • 75%СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, немесе ескі әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 6-7 , бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

    • 70 % – бастапқы тексті жоқ, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 4-5, бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

    • 65% % бастапқы тексті жоқ, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 4-5, бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

    • 60 % бастапқы тексті жоқ, негізгі әдебиеттерге сілтемелер жоқ немесе ол дұрыс жасалмаған, кванттауға керек материал СӨЖ-дің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 2-3 және бір- екі түрі болғанда.

    • 55 %мұқаба беті жоқ,бастапқы тексті жоқ, негізгі әдебиеттерге сілтемелер жоқ немесе ол дұрыс жасалмаған, кванттауға керек материал СӨЖдің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент сұрақтарға жауап бере алмай, қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар болмағанда.

    • 50 % – мұқаба беті жоқ,бастапқы тексті жоқ және кванттау көзіне библиографиялық сілтеме жоқ, квантталатын текст СӨЖдің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент сұрақтарға жауап бере алмай, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар болмағанда.

    • 45 % – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай болмағанда.




    Апта

    Тақырып

    Бағалау тәсілдері

    Аралық бақылау.

    Білім

    Тәж. дағдылар

    Коммун. дағдылар

    Құқық комп.

    СӨЖ

    1

    Химиялық термодинамика. Химиялық кинетика және катализ




    тест







    пікірлесу




    2

    Ерітінділер туралы ілім




    тест

    Сит.

    тапсырма












    3

    Протолиттік тепе-теңдік. Буферлік ерітінділер




    тест

    Сит.

    тапсырма








    +

    4

    Беттік құбылыстардың физикалық-химиялық негізі. Дисперсті жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттері




    тест













    5

    Тотығу-тотықсыздану процестері

    Жазбаша бақылау

    тест




    Пікірлесу




    +

    6

    Көмірсутек туындыларының реакцияға қабілеттілігі. Гетерофункцио-налды қосылыстар




    тест










    +

    7

    Биополимерлердің физикалық-химиялық қасиеттері.

    α-аминқышқылдары






    тест










    +

    8

    Моносахаридтер. Олиго- және полисахаридтер




    тест

    Жаттығу орындау










    9

    Гетероциклді қосылыстар

    Нуклеин қышқылдары






    тест

    Жаттығу орындау










    10

    Липидтер

    Жазбаша бақылау

    тест




    Пікірлесу










    Қорытынды

    2

    10

    8

    2

    1

    4


    *Өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі күнтізбелік жоспар бойынша СӨЖ қабылдау барысында, силлабуста көрсетілген СӨЖ—ге қойылатын талаптарға сәйкес қабылданады.

    Бағалардың градациялық шекарасы


    Әріптік жүйе бойынша бағалау

    Пайыздық құрамы бойынша %

    Қалыптасқан дәстүрлі жүйе бойынша

    А

    95-100

    ҮЗДІК

    А-

    90-94

    В+

    85-89

    ЖАҚСЫ

    В

    80-84

    В-

    75-79

    С+

    70-74

    ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

    С

    65-69

    С-

    60-64

    D+

    55-59

    D

    50-54

    F

    0-49

    ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ


    7. КОНСУЛЬТАЦИЯ МЕН ЕМТИХАНДАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУ УАҚЫТЫ:

    • Консультацияны дәріскер оқу кестесіне сәйкес өткізеді.

    • Емтихандар оқу кестесіне сәйкес өткізіледі.



    ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

    Пән - химия, Him 1111
    мамандық - 5В130100 - «Жалпы медицина»
    Кафедра – химия
    Құрастырушылар:

    Кредит 1 (бейорганикалық химия)

    доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.


    Кредит 2 (органикалық химия)

    доцент., х.ғ.к. Алмабекова А.А.


    Алматы, 2015 г.
    Дәрістің қысқа курсы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, бекітілген.

    Хаттама № ___, «___» ______ 2015 ж.

    Кафедра меңгерушісі, профессор _________________ Н.У. Алиев

    Дәріс №1
    ТАҚЫРЫП: Тірі ағзада жүретін процестер – физикалық-химиялық интерпретация


    МАҚСАТЫ: Химиялық термодинамика мен химиялық кинетиканың негізгі түсініктері және заңдарымен танысу, оларды ағзадағы биохимиялық процестердің жүру заңдылықтарын қарастыру үшін қолдана білу. Беттік құбылыстардың медицина мен биологиядағы маңызын сипаттау
    ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

    1. Адам термодинамикалық жүйе ретінде. Тірі ағзаның термодинамикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Пригожин принципі

    2. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктерінің биохимияда қолданылуы.

    3. Тірі ағзадағы катализ. Ферменттер биохимиялық процестердің катализаторлары ретінде. Ферментативті реакциялар кинетикасының ерекшеліктері.

    4. Беттік құбылыстар. Хроматография негіздері және оның медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылуы.


    ДӘРІС тезисТЕРІ:

    Химиялық термодинамика – тірі ағзадағы зат және энергия алмасу процестерін зерттейді.

    Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның бір түрден екінші түрге берілу және энергияның сақталу заңы. Оның аналитикалық өрнегіне сәйкес реакциялардың жылу эффектісін, ішкі энергияның өзгерісін және термодинамикалық жүйенің сыртқы ортаға қарсы жұмысын есептеуге болады. Термодинамиканың екінші заңы термодинамикалық процестің жүру бағытын сипаттайды.

    Термодинамикалық тұрғыдан тірі ағза стационарлық күйдегі, ашық гетерогенді термодинамикалық жүйе болып табылады. Тір ағза үшін жүйе параметрлерінің тұрақтылығы, уақыт аралығында энергия және зат алмасу процестерінің үздіксіз және өзгеріссіз болуы тән.

    Тірі ағза тіршілігі температура мен қысым тұрақты кезде, яғни изобаралық-изотермиялық жағдайларда мүмкін болады. Тірі ағза тіршілігін сипаттау үшін Гибстің бос энергиясы мен энтропия түсініктері қолданылады. Пригожин принципі бойынша стационарлық күйдегі термодинамикалық ашық жүйеде қайтымсыз процестердің жүру барысындағы энтропияның пайда болу жылдамдығының мәні берілген жағдайларда ең аз оң шамаға ұмтылатындығын энтропияның ұлғаюымен және төмендеуімен жүретін процестердің қосарласа жүруімен түсіндіруге болады.

    Химиялық кинетика - химиялық реакциялардың жылдамдығын, олардың әртүрлі факторларға тәуелділігін,сол сияқты реакцияның жүру механизмін зерттейтін химияның бір бөлімі. Химиялық кинетиканың негізгі постулаты - химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігін сипаттайтын әрекеттесуші массалар заңы. Химиялық реакцияның жылдамдық тұрақтысы – бұл реакцияның меншікті жылдамдығы. Кинетикалық қисық – бұл реакцияның реті және реакцияның жылдамдық тұрақтысы анықталатын әрекеттесуші заттар концентрациясының уақытқа байланысты эксперименттік тәуелділігі химиялық реакцияның молекулалығы және реті ұғымымен сипатталады. Реакцияның реті кинетикалық қисық негізінде эксперименталды анықталады.

    Ферменттер – бұл тірі ағзалардағы химиялық реакцияларды жылдамдататын ақуыз молекулалары. Ферментативтік катализ өте жоғары каталитикалық белсенділігімен, субстратқа және катализденетін реакцияға спецификалық (талғамды) әсер етуімен, орта рН-ы мен температура өзгерісіне сезімталдығымен сипатталады. Адам ағзасындағы ферменттердің оңтайлы белсенділігі 310-313 К температурада (температуралық оптимум) байқалады. Ферментативтік реакциялардың кинетикалық заңдылықтары Михаэлис-Ментен теңдеуімен жазылады. Ферментативтік реакциялардың ерекшеліктері реакция жылдамдығының субстрат концентрациясына сызықтық тәуелділігі болып табылады.

    Барлық биологиялық жүйелер бірі-бірінен бөліну бетімен шектелген бірнеше фазадан тұратын гетерогендік жүйелер болып табылады. Фазалардың бөліну бетінде беттік керілу, адсорбция тәрізді түрлі беттік құбылыстар байқалады. Бұл құбылыстар заттарды идентификациялау үшін, сонымен қатар бірқатар клиникалық, токсикологиялық, диагностикалық, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін медицина мен биологияда кеңінен қолданылатын хроматографиялық әдіс негізіне жатады.



    КӨРНЕКІ материал:

    1. Презентация (слайдтар)


    ӘДЕБИЕТТЕР:

    Негізгі:

    1. Сейтембетов Т.С. Химия. -А.: Білім, 1994.-223б.

    2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.

    3. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2009.- 42-47 б.

    4. Есімжан А. Жалпы химия практикумы. -А., 2004.-296б.

    5. Құлдыбаев М.М., Ихсанов және т.б. Биогенді элементтер. -А., 1995.-112б.

    6. Абдрахманова Р.М. и др. Бионеорганическая и биофизическая химия: Задачи и упражнения. -А., 1995.-120б.

    7. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.

    8. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.

    9. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. -М.: ВШ, 2003.-560б.

    10. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. –СПб.: Химиздат, 2001. -152 бет.

    Қосымша:

    1. Қоканбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.

    2. Аханбаев К. Жалпы және анорганикалық химия. А.: Санат, 1999.-123бт.

    3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық химия практикумы. –А.: Мерсал, 2000.-160б.

    4. Мекеев Е.Е. Биобейорганикалық және биофизикалық химия практикумы. -А., 1 бөлім, 1990.-110б.

    5. Мекеев Е.Е. Биобейорганикалық және биофизикалық химия практикумы. –А., 2 бөлім, 1991. -820б.

    6. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и коллоидная химия. -М.: ВШ, 1990.-487б.

    7. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов / Под ред. А.И.Ермакова –М.: Интеграл-Пресс, 2006.-728 б.


    Дәріс №2
    ТАҚЫРЫП: Сулы ерітінділер. Тірі ағза сұйықтықтарындағы тепе-теңдік.
    МАҚСАТЫ: Ағза тіршілігіндегі ерітінділер рөлін айқындау. Қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану тепе-теңдіктерінің медициналық-биологиялық маңызымен және ерітінділердің коллигативтік қасиеттерімен таныстыру.
    ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

    1. Су әмбебап еріткіш ретінде. Ағза тіршілігінде ерітінділердің маңызы. Шынайы, коллоидты және дөрекі дисперсті ерітінділер.

    2. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері және осмостық шиеленіс теориясы. Биологиялық жүйелердегі осмос және осмостық қысымның рөлі.

    3. Протолиттік тепе-теңдік және қышқылдық-негіздік гомеостазды бір қалпында ұстап тұру үшін буферлік жүйелердің атқаратын рөлі.

    4. Биохимиялық тотығу-тотықсыздану процестерінің ерекшеліктері. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың медициналық-санитарлық тәжірибеде қолданылуы.


    ДӘРІС тезисТЕРІ:

    Адам ағзасының 60 % судан құралады. Оның 42 % ішкі жасуша сұйықтығы, қалған бөлігі – сыртқы жасуша сұйықтығы. Су – бұл тек ортаны беріп қана қоймайды, ол белсенді тіршілік процесіне қатысушы. Егер адам ағзасы 20 % суды жоғалтса, онда жасушада қайтымсыз өзгерістер болады да адам өледі.

    Ерітінді – бұл екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын, олардың арасында әрекеттесу болатын ауыспалы құрамды термодинамикалық тұрақты гомогенді жүйе. Ерітінді түзілгенде агрегаттық күйі өзгермейтін компонентті - еріткіш, ал басқа компоненттер – еріген заттар деп аталады. Бірдей агрегаттық күйдегі компоненттерде – еріткіш деп ерітіндіде көп мөлшерде болатын заттарды айтады. Диффузия – концентрацияларында айырмашылық болғанда және ерітіндінің бүкіл көлемі бойынша концентрацияның өздігінен теңелуіне әкелетін, еріген зат және еріткіш бөлшектері ауысатын өздігінен бағытталған процесс. Ерітінділер электр тогын өткізу қабілетіне байланысты электролиттер және бейэлектролиттер, еріген заттың мөлшеріне байланысты қанықпаған, қаныққан және аса қаныққан, еріген зат бөлшектерінің мөлшеріне байланысты шын және коллоидты болып бөлінеді.

    Дальтон, Генри және Сеченов заңдарының биологиялық мәні, қысым өзгергенде қандағы газдардың ерігіштігінің өзгеруі ауыр ауру түрлерін тудыруы мүмкін.

    Коллигативтік қасиеттерге ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының төмендеуі, ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы, ерітіндінің қату температурасының төмендеуі, осмостық құбылыстар жатады. Барлық коллигативтік қасиеттер ерітіндідегі бөлшектердің санына тәуелді. Ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі Рауль заңымен сипатталады. Рауль заңынан шығатын салдарлар ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы мен қату температурасының төмендеуін сипаттайды. Осмостық қысымның мәнін Вант-Гофф заңы бойынша есептейді. Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттерін сипаттау үшін диссоциацияланғанда ерітіндіде бөлшектер санының артатынын ескеретін изотондық коэффициентті енгізеді.

    Осмос – жартылай өткізгіш мембрана арқылы концентрациясы төмен ерітіндіден концентрациясы жоғары ерітіндіге қарай еріткіш молекулаларының (диффузия) біржақты өту құбылысы. Осмос нәтижесінде жасушаға судың түсуі және жасуша аралық құрылымдар реттеледі. Жасушаның серпімділігін (тургор) қамтамасыз ететін ұлпалардың иілгіштігі және мүшелердің белгілі бір форманы сақтауы осы осмостық қысымға негізделген. Осмостық қысымға қатысты ішкі жасуша сұйықтары гипо-, изо- және гипертонды ерітінділер болып үшке бөлінеді. Эритроцитті гипертонды ерітіндіге салғанда жасушаның плазмолизі, эритроцитті гипотонды ерітіндіге салғанда жасушаның гемолизі болады. Бұл құбылыстарды болдырмау үшін инъекцияға және көзге тамызуға арналған ерітінділерді изотондайды.

    Ағзадағы көптеген реакциялар рН-ң белгілі бір мәнінде жүреді. Протолиттік гомеостазды бір қалпында ұстап тұратын жүйе тек қана физиологиялық емес, сонымен қатар буферлік әсер, ионалмасу, диффузия тәрізді физикалық-химиялық механизмдерден тұрады. Ағзаның негізгі буферлік жүйелеріне гидрокарбонатты, гемоглобинді, фосфатты, ақуызды, аммиакатты буферлік жүйелер жатады. Ацидоз және алкалоз түсініктері биологиялық сұйықтықтар рН-ң қалыпты жағдайынан ауытқуын сипаттайды.

    Ағзада тотығу-тотықсыздану процестері сатылай жүреді. Олардың әрқайсысының өзінің қалыпты потенциалы болады және негізінде ферменттер немесе коферменттердің қатысында жүреді.


    КӨРНЕКІ материал:

    Презентация (слайдтар)


    ӘДЕБИЕТТЕР:

    Негізгі:

    1. Сейтембетов Т.С. Химия. -А.: Білім, 1994.-223б.

    2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.

    3. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2009.- 42-47 б.

    4. Есімжан А. Жалпы химия практикумы. -А., 2004.-296б.

    5. Құлдыбаев М.М., Ихсанов және т.б. Биогенді элементтер. -А., 1995.-112б.

    6. Абдрахманова Р.М. и др. Бионеорганическая и биофизическая химия: Задачи и упражнения. -А., 1995.-120б.

    7. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.

    8. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.

    9. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. -М.: ВШ, 2003.-560б.

    10. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. –СПб.: Химиздат, 2001. -152 бет.

    Қосымша:

    1. Қоканбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.

    2. Аханбаев К. Жалпы және анорганикалық химия. А.: Санат, 1999.-123бт.

    3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық химия практикумы. –А.: Мерсал, 2000.-160б.

    4. Мекеев Е.Е. Биобейорганикалық және биофизикалық химия практикумы. -А., 1 бөлім, 1990.-110б.

    5. Мекеев Е.Е. Биобейорганикалық және биофизикалық химия практикумы. –А., 2 бөлім, 1991. -820б.

    6. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и коллоидная химия. -М.: ВШ, 1990.-487б.

    7. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов / Под ред. А.И.Ермакова –М.: Интеграл-Пресс, 2006.-728 б.

    Дәріс №3
    ТАҚЫРЫП: Элементтер-органогендер. «Өмір металдары». Көміртек – органикалық қосылыстар негізі. Тірі және өлі табиғаттың арасындағы шекара қай жерде?
    МАҚСАТЫ: Элементтер-органогендер, «өмір металдары» және токсиканттар жайлы түсінік қалыптастыру. Элементтер және олардың қосылыстарының тірі ағза үшін атқаратын рөлі, ерекшеліктері мен олардың медициналық тәжірибеде қолданылуы жайлы түсініктерді кеңейту.
    ДӘРІС ЖОСПАРЫ:


          1. Химиялық элементтердің жіктелуі және олардың адам ағзасы мен қоршаған ортада таралуы.

          2. Элементтер-органогендер мен олардың қосылыстарының атқаратын рөлі. Көміртек – органоген №1.

          3. «Өмір металдары» және олардың биологиялық маңызы.

          4. Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық тәжірибеде қолданылуы.


    ДӘРІС тезисІ:

    Бүгінгі таңда адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді жіктеудің түрлі жолдары бар. Ең көп тараған жіктелу түрін В.И.Вернадский ұсынған, ол бойынша элементтер макроэлементтерге (ағзадағы мөлшері >0,01%), микроэлементтерге (ағзадағы мөлшері 10-5 10-3 %), ультрамикроэлементтерге (ағзадағы мөлшері <10-5 %) жіктеледі.

    Функционалдық рөлі бойынша биогенді элементтерді келесі топтарға бөлуге болады: 1) ағзаның негізгі органикалық қосылыстарын түзуге қатысатын органогендер – элементтер; 2) ағзаның электролиттік фонын құрайтын элементтер; 3) ағзаның тасымалдау және реттеу функцияларына қатысатын элементтер.

    Тірі ағзалардың химиялық құрамы жер қыртысы мен теңіздің химиялық құрамымен тығыз байланыста болады. Табиғи іріктеу нәтижесінде тірі жүйелердің негізін тек қана алты элемент құрайды. Органогендерге оның түзетін байланыстарының айрықша алуан түрлілігі тән. Оның бұл ерекшелігін тірің ағзалардағы биомолекулалардың көп түрлілігі айқындайды.

    Органогендер негізінде суда еритін қосылыстар түзеді, бұл олардың құрамында 60% -дан астам суы бар тірі ағзада концентрленуіне септігін тигізеді.

    Адам ағзасындағы құрамына орай көміртек макроэлементтер қатарына жатады (21,15%). Ол ағзадағы барлық ұлпалар мен жасушалардың құрамында ақуыздар, майлар, дәрумендер, гармондар т.с.с. түрінде кездеседі. Қосылыстарда көміртек басқа органогендермен кәдімгідей берік ковалентті байланыс түзеді, дегенмен бұл байланыстар қозғалысқа, тасымалдануға қабілетті. Нәтижесінде бұл байланыстардың реакциялық қабілеттілігі артуымен қатар тұрақтануы да мүмкін. Көміртекқұрамдас қосылыстардың бұл ерекшелігі олардың биологиялық маңызы болып табылады.

    Ағзадағы «өмір металдары» үлесі 2,4% құрайды. Ағзада бұл металдарың иондары бос күйінде немесе биолигандалармен байланысқан ион-комплекстүзушілер түрінде болады. Ең берік комплекстерді d-элементтер түзеді. Тірі ағза тіршілігі үшін ең маңызды Mn, Fe, Co, Cu, Zn, Mo комплексті қосылыстары. Биогенді Na, K, Ca, Mg s-элементтер тек қана белгілі құрылымдағы лигандалармен ғана әлсіз комплексті қосылыстар түзе алады.

    Комплексті қосылыстардың полидентантты лигандалармен өте беріктігі хелатты эффект деп аталады. Макроциклді лигандалар үшін бұл эффектінің орасандығы соншалық, олар тіпті сілтілік және жер сілтілік металдардың иондарымен де берік комплекстер түзе алады (мәселен, хлорофилл).

    Ауыр металдардың улылығы көп жағдайда биобейорганикалық қосылыстардың түзілуімен түсіндіріледі. Егер мұндай комплекс биогенді металмен түзілген комплекске қарағанда мықтырақ, берігірек болса, онда ағзаның қалыпты тіршілігі бұзылады.
    КӨРНЕКІ материал:

    Презентация (слайдтар)


    ӘДЕБИЕТТЕР:

    Негізгі:

    1. Сейтембетов Т.С. Химия. -А.: Білім, 1994.-223б.

    2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.

    3. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2009.- 42-47 б.

    4. Есімжан А. Жалпы химия практикумы. -А., 2004.-296б.

    5. Құлдыбаев М.М., Ихсанов және т.б. Биогенді элементтер. -А., 1995.-112б.

    6. Абдрахманова Р.М. и др. Бионеорганическая и биофизическая химия: Задачи и упражнения. -А., 1995.-120б.

    7. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.

    8. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.

    9. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. -М.: ВШ, 2003.-560б.

    10. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. –СПб.: Химиздат, 2001. -152 бет.

    Қосымша:

    1. Қоканбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.

    2. Аханбаев К. Жалпы және анорганикалық химия. А.: Санат, 1999.-123бт.

    3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық химия практикумы. –А.: Мерсал, 2000.-160б.

    4. Мекеев Е.Е. Биобейорганикалық және биофизикалық химия практикумы. -А., 1 бөлім, 1990.-110б.

    5. Мекеев Е.Е. Биобейорганикалық және биофизикалық химия практикумы. –А., 2 бөлім, 1991. -820б.

    6. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и коллоидная химия. -М.: ВШ, 1990.-487б.

    7. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов / Под ред. А.И.Ермакова –М.: Интеграл-Пресс, 2006.-728 б.

    Дәріс №4
    ТАҚЫРЫБЫ: Органикалық қосылыстардың құрлымының теориялық негізі және олардың реакциялық қабілеттіліктерін анықтайтын факторлар.
    МАҚСАТЫ:


    1. Органикалық қосылыстардың көп түрлігі туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру және көміртегінің – изомерияға қабілеттілігін қасиеттерінің көптүрлігіне тәуелді екендігінен көрсету.

    2. Студенттерді қосылыстардың реакциялық қабілеттіліктерін, олардың электрондық және кеңістіктік құрылымдарымен байланыстарын үйрету.

    3. ИЮПАК жүйесі бойынша органикалық қосылыстардың атауларын құрастыру дағдыларын жетілдіру.

    4. Органикалық реакциялардың механизмдері мен типтері туралы студенттердің негізгі білімдерін қалыптастыру.


    ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

    1. Органикалық қосылыстар дегеніміз? Органикалық қосылыстардың жіктелуі.

    2. Органикалық қосылыстардың изомериясы мен номенклатурасы.

    3. Индуктивтік жәнемезомерлік электрондық эффектілер.

    4. Органикалық реакцияларыдң типтері мен реакция механизмдері.


    ДӘРІС тезисІ:

    Органикалық химия – олар тәуелді болатын, органикалық қосылыстар (ОҚ) және заңдар туралы ғылым.ОҚ негізгіэлементі–көміртек.Қазіргі уақытта органикалық қосылыстардың 5 млн. түрі белгілі. ОҚ көптүрлігі мынадай себептермен негізделген:1) көміртек атомның төрт жәй, және қой байланыс түзуге қабілеттілігі; 2) түзу және тармақталған, тұйық тізбекті қосылыс түзуге икемділігі. Органикалық қосылыстардағы байланыстардың негізгі түрі коваленттік байланыс, яғни байланысатын атомдардың электрондарының жұптасуынан түзілетін химиялық байланыс болып табылады. Коваленттік байланыстың екі түрі болады:σ- (сигма)жәнеπ- (пи)байланыс. ОҚжануарлар мен өсімдіктер ағзаларындағы тіршілік көзінің тасмалдаушысы болып табылады.ОҚ көміртегі тізбегінің құрылымына (көміртек қаңқасы) және молекуладағы функционал топтардың табиғатына қарай жіктеледі. ОҚ көміртегі қаңқасының құрылымына қарай: ациклді–ашық тізбекті және циклды-тұйық тізбекті болып екі топқа бөлінеді. Молекуладафункциональды топтардың болуы –кластарға бөледі.

    Органикалық қосылыстар үшін изомерия құбылысы тән. Изомерлербұл құрамыбірдей, құрлымы әртүрлі заттар. Изомерлер екі топқа бөлінеді: структуралық және стереоизомерлер. Стереоизомерлер молекуладағы атомдардың кеңістіктегі орналасумен ажыратылады.Витамин А көру процесіне қатысады.Оның 9-цис-изомерінің активтілігі5 есе төмен. Олл-транс-ретинол (активтілігі100%). 9-цис-ретинол (активтілігі 22%). Келтірілеген мысалдар заттың биологиялық активтілігі мен кеңістіктегі құрылымы арасындағы байланысты көрсетеді.

    Әр бір қосылсты атауға мүмкіндік беретін ережелер жүйесін- номенклатура деп аталады. Қазіргі кезде ИЮПАК жүйелі номенклатурасы қолданылады. (IUРАС - теориялық және қолданбалы химияның Халықаралық одағы). Бірақ органикалық химияда әсіресе табиғи қосылыстар амин қышқылдары, көмірсулар, алкалоидтар, стероидтар үшін тривиалды аттары сақталады. ИЮПАК номенклатурасы ережелері негізінен орын басушы және радикалды-функционалдық номенклатураларынан құрылған.

    Қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі молекуладағы электрондар тығыздығының орналасуына байланысты болады. Органикалық қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің, электртерістілігі (ЭТ) бірдей емес, яғни атомдары өзара байланыстыратын валенттік электрондарды тарту қабілеті әртүрлі болып келеді. Электртерістілігі әртүрлі атомдар байланысқан кезде клваленттік байланыстың электрондық тығыздығы электртерістілігі жоғары атомға қарай ығысады.Орынбасушының электрондық әсерінің –байланыстар тізбегі арқылы берілуін индуктивтік эффект (І) деп атайды.Орынбасушының электрондық әсерінің π-байланыс қабысу жүйесі арқылы берілуін мезомерлік эффект (қабысу эффекті - М) деп атайды.Қандағы гем 26-π-электронды қабысу жүйесі бар (11 қос байланыстары және пирролдың атом азотынан 2 жұп электроннан тұратды) негізіненгетероциклды жүйе порфиннен тұрады. Қабысу энергиясы 840 кДж/моль.

    Органикалық реакциялар бірнеше әдіспен жіктеледі. Соңғы нәтижесіне қарай және субстрат пен реагенттің байланыстарының өзгеруіне қарай бөлінеді. Реакция нәтижелерінің соңғы нәтижелеріне байланысты органикалық реакциялар төмендегідей негізгі типтерге бөлінеді: а) орын басу реакциялары (S белгісі); б) қосып алу реакциялары (А белгі) және оларға қарсы реакциялар айырылу жәнеи элиминдеу (Е белгі); в) қайта топтасу, бұл нәтижесінде белгілі бір атомдардың немесе топтардың молекула ішінде орын ауыстыруына әкелетін реакциялар. Субстраттағы байланыстың үзілуіне қарап барлық химиялық реакциялар радикалды, ионды және келісімді болып бөлінеді. Коваленттік байланыстың гомолиттік үзілуі кезінде радикалдар, гетеролиттік кезінде – электрофилдер (Е) және нуклеофилдер (N) түзіледі. Электрофильді орын басу реакциялары (SE) ароматты қосылыстарға тән, ал электрофильді қосып алу реакциялары (АЕ) қанықпаған көмірсутектерге тән. Нуклеофильді орын басу реакциялары (SN), спиртге, галогентуындыларына және карбон қышқылдарына тән, ал нуклеофильдіқосып алу реакциялары (АN) альдегидтер мен кетондарға тән.

    Заттың химиялық реакцияға қатысу қабілетін және әрекеттесу жылдамдығын оның реакциялық қабілеті деп атайды. Субстраттың реакциялық орталығына неғұрлым зарядтың шамасы көп болса, солғұрлым реакция тез жүреді, яғни оның реакциялық қабілеті жоғары болады.
    КӨРНЕКТІ материал: слайдтар, кестелер, схемалар.
    ӘДЕБИЕТТЕР:

    Негізгі:


    1. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. Биоорганическая химия. - М., 2006. – С. 24-47, 85-99.

    2. Асанбаева Р.Д. Учебно-методическое пособие по биоорганической химии для самостоятельной работы студентов 1-го курса. - Алматы. 2004.– С. 17-25.

    3. Асанбаева Р.Д., Салыкова Ш.Г. Практикум по биоорганической химии. -Алматы. 2003.– 47 с.

    4. Асанбаева Р.Д., Илиясова М.И., Салыкова Ш.Г. Методическое пособие по биоорганической химии для самостоятельной работы студентов 1 курса лечебного, педиатрического санитарно – гигиенического и стоматологического факультетов. - Алматы. 2003.– 50 с.

    Қосымша:

    1. Иванов В.Г. и др. Органическая химия, М., 2005.

    2. Райлс А. и др. Основы органической химии, М.,1983.

    3. Степаненко Б.Н. Курс органической химии, М., 1981.

    4. Артеменко А.Н. Органическая химия. Теоретические основы, углубленный курс. М., 1997.

    5. Шабаров Ю.Ф. Органическая химия: учебник для ВУЗов. М., 1996., т 1-2.

    Дәріс №5
    ТАҚЫРЫБЫ: Тіршілік процесіне қатысатын, гетерофункционалды қосылыстар.


    МАҚСАТЫ:

    1. Гетерофункционалды қосылыстардың биологиялық ролі және реакциялық қабілеттілігі, құрлысы, жіктелуі туралы білімді қалыптастыру.

    2. Нуклеотидтердің және сабынданатын липидтердің, пептидтердің құрылым схемаларының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.


    ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

    1. Гетерофункционалды қосылыстар – аминді спирттер, амин фенолдары, гидроксиқышқылдары, амин қышқылдары, оксоқышқылдары, фенол қышқылдары. Құрлысы. Номенклатурасы. Маңызы.

    2. Көмірсулар. Жіктелуі. Маңызы.

    3. Липидтер. Жіктелуі. Маңызы. Липидтердің құрамына кіретін, табиғи жоғары май қышқылдары.

    4. Пиримидин және пурин негіздері,құрлысы, таутомерия. Нуклеозидтер, нуклеотидтер және олардың туындылары, маңызы.


    ДӘРІС ТезисІ:

    Биологиялық процестерде аралас функционалды қосылыстардан тұратын, негізінен гетерофункционалды қосылыстар. Олар аталады: 1) ағзада зат алмасуға қатысатындықтан, заттар, метаболиттер; сонымен бірге 2) дәрілік препараттардың маңызды топтарының басшысы.

    Гетерофункционалды органикалық қосылыстарға жатады: аминді спирттер, амин фенолдар, гидроксиқышқылдары, амин қышқылдары, оксо- және фенол қышқылдары және тағыда басқа органикалық қосылыстар. Химиялық қасиеттеріне сәйкес келетін көп функциональды туындылардың қасиеттерімен анықтайды. Бірақ молекулада бір уақытта әртүрлі функцияның болуы, биологиялық функцияларды қамтамасыз ету үшін, осы заттармен орындалатын, өте маңызды, ерекше химиялық қасиеттерді тудыруға алып келеді.

    Белоктардың функциялары әртүрлі. Белоктар катализаторлар немесе, ферменттер, клеткада химиялық реакциялардың жүруін қамтамасыз етеді; транспортты белоктар ағзаға заттарды тасымалдауға қатысады; қорғағыш белоктар ағзаның иммунитетін реттейді; белоктар тағамның негізгі компоненті болып табылады. Көптеген белоктар мен пептидтер дәрілік заттар ретінде қолданылады, олар ферменттер, гормондар, антибиотиктер. Белоктар мен пептидтер α-амин қышқылдарынан құралған. Белоктардың қасиеттерін көптеген жағдайда α-амин қышқылдарының құрлысымен және химиялық қасиеттерімен анықтайды.

    Көмірсулар және олардың туындылары, күрделі химиялық өзгерістерге түсетін, зат алмасуға белсенді түрде қатысады. Олардың ыдырауы кезінде, ағзаның тіршілік көзін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын, көптеген мөлщерде энергия бөлінеді. Көмірсулар нуклеин қышқылдары, коферменттер, витаминдер сияқты және т.б. маңызды биоорганикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Көмірсулар мен олардың туындыларын дәрілік заттар ретінде қолданады.

    Липидтер ( грек тілінен аударғанда «lipos» – майлар) биологиялық мембрананың негізгі құрылымдық компоненті болып табылдады. Клеткада мембрананың құрамына кіре отырып, олар клеткадағы зат алмасуға әсер етеді. Липидтер тіршілік нәрін ұстап тұруға қажетті, эндогенді су көзі, энергия көзі болып табылады (биологиялық тотығу нәтижесінде түзілген ,су). Майлар ішкі ағзаны механикалық бұзылулардан қорғайды. Сыртқы ортаның температура өзгерісіне қарамай, жылуды нашар өткізгіш бола тұра, дененің температурасын ұстап тұруға ықпал етеді.

    Табиғи липидтердің құрамына кіретін , қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, 16, 18, 20 көміртек атомын құрайды. Екі, үш және көптеген қос байланыстары бар жоғары май қышқылдары және жартылай қанықпаған май қышқылдары жануарлар ағзасында синтезделмейді.Оларды ағзаға тамақпен бірге кіргізеді. Сондықтан бұл қышқылдарды (линол, линолен, арахидон), алмастырылмайтын деп атайды ( F тобының витаминдері). Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері олардың құрамына кіретін, жоғары май қышқылдарының түріне тәуелді. Күрделі липидтердің ішінде көп тарағаны фосфоглицеридтер. Олар негізінен, клетка мембранасында болады, тек олардың аз бөлігі май жиналатын құрамында байқалады.

    Нуклеин қышқылдары, ақпаратты тасымалдау, тұқым қуалаушылық белгілерін сақтау,белоктардың биосинтезін бақылаушы ретінде маңызды ролді атқарады. Бұл гидролиздену нәтижесінде пуриндік (аденин және гуанин) және пиримидиндік (урацил, тимин, цитозин) негіздер, пентозалар (рибоза және дезоксирибоза), фосфор қышқылын түзетін жоғары молекулалы органикалық қосылыс.

    Нуклеотидтер, оларды тағы мононуклеотидтер деп атайды, сонымен қатар олар нуклеин қышқылының полинуклеотид тізбегінің мономерлері болып табылады, әсіресе АТФ түзгенде, нуклеозиддифосфат, нуклеозидтрифосфаттың туындыларынан мол энергия түзіледі - ағзада энегрия көзі болып табылады. Макроэргикалық байланыс үзілгенде, жай күрделі-эфирлік байланысқа қарағанда, энергия 3 ретке көп бөлінеді. Нуклеотидтер және олардың туындылары, коферменттердің құрамына кіретін және коферменттердің туындылары болуы мүмкін. Онда, мысалы, олар кофермент А және тотығу-тотықсыздану ферменттерінің коферменттерінің құрамыны кіреді: НАД+ (никотинамидадениндинуклеотид) және НАДФ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат). Нуклеотидтердің циклды формаларыда үлкен роль атқарады, соның ішіндегі гормондардың әсер ету механизміне қатысатын, циклді АМФ.

    Маңызды тіршілік процесіне қатысатын, биоорганикалық заттар, көбінесе өздерін хиралды молекулалар түрінде көрсетеді. Ағзада амин қышқылдарының, көмірсулар, липидтердің және басқада биологиялық активті молекулалардың анықталған бір бөліктері ғана сіңіріледі және синтизделінеді.


    КӨРНЕКІТІКТІ материал: слайдтар, кестелер.
    ӘДЕБИЕТТЕР:

    Негізгі:

    1. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. Биоорганическая химия. - М., 2006. – С. 47-53, 64-85, 179-181, 233-245, 255-278, 314-464, 469-483.

    2. Асанбаева Р.Д. Учебно-методическое пособие по биоорганической химии для самостоятельной работы студентов 1-го курса. - Алматы. 2004.– С. 88-100, 100-125.

    3. Асанбаева Р.Д., Салыкова Ш.Г. Практикум по биоорганической химии. - Алматы. 2003.– С. 22-35, 43.

    4. Асанбаева Р.Д., Илиясова М.И., Салыкова Ш.Г. Методическое пособие по биоорганической химии для самостоятельной работы студентов 1 курса лечебного, педиатрического санитарно – гигиенического и стоматологического факультетов. - Алматы. 2003.– 50 с.

    Дополнительная:

    1. Иванов В.Г. и др. Органическая химия, М., 2005.

    2. Райлс А. и др. Основы органической химии, М.,1983.

    3. Степаненко Б.Н. Курс органической химии, М., 1981.

    4. Артеменко А.Н. Органическая химия. Теоретические основы, углубленный курс. М., 1997.

    5. Шабаров Ю.Ф. Органическая химия: учебник для ВУЗов. М., 1996., т 1-2.


    САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

    (практикалық, семинар, лабораториялық)



    Пән аты – химия, Him 1111


    Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»


    Кафедра - химия







    Құрастырғандар:




    1 кредит (бейорганикалық химия)

    доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.



















    2 кредит (органикалық химия)

    доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.






































    Алматы, 2015 ж
    Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (практикалық, семинар, лабораториялық) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
    Химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылды « » 2015 ж., хаттама №1.


    Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

    №1 Тәжірибелік сабақ
    ТАҚЫРЫБЫ: Химиялық реакциялар термодинамикасы мен кинетикасының негіздері. Бейтараптау реакциясының түзілу жылуын тәжірибелік жорлмен анықтау. Химиялық реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсері.
    МАҚСАТТАРЫ:


    • Химиялық термодинамика мен кинетиканыңі негізгі түсініктерін қалыптастыру;

    • бейтараптау реакциясы мысалында химиялық реакцияның түзілу жылуын тәжірибелік жолмен анықтауды үйрету;

    • химиялық реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін тәжірибелік жолмен дәлелдеу;

    • химиялық тәжірибенің жүргізілу принциптері мен оның нәтижелерін талдауға дағдыландыру;

    • құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру.

    ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

    • химиялық термодинамика мен кинетиканың негізгі түсініктері жайлы ақпарат беру;

    • нақты есептерді шығаруда қажет болатын әртүрлі термодинамикалық параметрлердің стандартты шамасын табу үшін анықтамалық әдебиетпен жұмыс істей білуге үйрету;

    • бейтараптау реакциясының түзілу жылуын тәжірибелік жолмен анықтай білуге, реакцияның стандартты энтальпиясын есептей білуге және оны анықтамалық мәнімен салыстыра білуге үйрету;

    • жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде химиялық реакция жылдамдығына температура мен әрекеттесуші заттар концентрациясының әсерін сипаттай білуге үйрету;

    ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

      1. Химиялық лабораториядағы техника қауіпсіздігі.

      2. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері.

      1. Classification of thermodynamic systems

      1. Реакцияның стандартты жылуын тәжірибелік жолмен анықтау.

      2. Химиялық реакция жылдамдығы. Массалар әрекеттесуші заңы. Вант-Гофф ережесі.

      3. Химиялық реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін тәжірибелік жолмен дәлеледеу және реакция ретін анықтау.


    ОҚЫТУ әдістері:

    1. Үйлескен түрде:

    - материалды мәселелік түрде баяндау (студенттерде гипотезаларды ұсыну, алдын-ала қорытындылар және ойларын түйіндей білуді дамыту);

    - әңгімелесу (құқықтық компетенцияны қалыптастыру мақсатында пәннің саясатын және техника қауіпсіздігінің ережелерін бірге талқылау);

    - шағын топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмыс жасау және оның нәтижелерін талдау).

    2. Ойын түрінде оқыту әдісі «Молекулааралық бәсеке»



    САБАҚТЫҢ ХРОНОМЕТРАЖЫНА МЫСАЛ

    1

    Кіріспе бөлім (ұйымдастыру моменті)

    5 мин

    2

    Пән саясатын баяндау және талқылау

    5 мин

    3

    Техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру

    10 мин

    4

    Материалды мәселелік баяндау және пікірталас

    20 мин

    5

    Лаборияториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау

    10 мин

    6

    ҮЗІЛІС

    10 мин

    7

    Лабораториялық жұмысты орындау және талқылау

    25 мин

    8

    Жазбаша бақылау

    20 мин

    8

    Сабақты қорытындылау

    5 мин


    БАҚЫЛАУ

    Бағаланатын құзыреттіліктер:

    1. Құқықтық құзыреттілік

    2. Білім.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет