6 Апта. Отбасы және қазіргі заман



бет14/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.
Отбасылары коғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар кызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті кызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз кызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтенді) жатады.
Бұл кызметтер коғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз кызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микро ахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен коғам арасындағы
байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.
Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз кызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай кызмет түрлері де модификациялады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.
Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік) жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш баладан болуы керек, сонда ғана халықтың саны азаймайды. Алайда, бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың санының артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдарда қалыптасқан қағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жақсы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді берулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен қағидаларында басқа да үлкен өзгерістер байқалды, соның ішінде материалдық - экономикалық себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға шықты. Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35—40 жаста) бала туу санның азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақтары мен халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы экономикалық дағдарыс украин, орыс, беларус, неміс, корей, татар диаспораларының нәрестелі болуына аса кері өсер етті. Бұларда адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы, т.б. себептер ата-аналардың коғам алдындағы ерлі - зайыптылық парыздарын орындау арқылы әмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет