6 Апта. Отбасы және қазіргі заман


Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу



бет21/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отырғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінін бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғылыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалық, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Казіргі уақытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр. Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышарттар, атап айтсақ, әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль тұрғысында тыйым салулар немесе әрқилы кінәлаушылықтар жойылды. Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сақтаудағы отбасына тән ішкі алғышарттардың маңыздылығы артады.
Әлеуметтану зерттеулері көрсеткеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр түрлі өзара шиеленістер (жанжал) ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеленістер бой көрсете бастайды.
Оның біріншісі — психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады. Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыс-керістен, бір-біріне тиісуден, ашушаңдықтан құралады. Мұндайда ата-ана өзінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді.
Үшіншісі — әлеуметтік - рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасындағы ымырашылдық, сыйласымды пен тұрақтылықтың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық - тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу, отбасылық укладтың жөн - жосықсыздығы секілді көріністер.
Төртінші — әлеуметтік-мәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік кұндылықтарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.
Қай деңгейде болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге орай пайда болуына байланысты оларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның алғашқысы - отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған себептер. Екінші топтағы себептерді тәуекел етудің алғышарттары деп атайды. Өйткені некеге отырғанға дейінгі қыз бен жігіттің танысуы кезінде қалыптасқан іңкәрлік сезім мен сыйластық ажырасуды біршама тежейді. Тәуекелдің алғышарттары адамның кемел тұлғалығына, оның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне, некеге отыру кезіндегі шарттарына тікелей байланысты. Тәуекелдік алғышарттарға: ерлі-зайыптылардың білімі мен жас мөлшеріндегі айырмашылықтар; ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнемдікке салынуы; некеге, жалпы отбасына немқұрайлы, жеңіл-желпі қарауы; некеге аса жас кезінде тұрудың себептері, бір-бірін жете танып-білудің ұзаққа созылмауы; некеге отыруға ата-аналардың қатаң қарсы болуы; өзара келісімсіз, қысыммен некеге отырулар жатады. Бұл алғышарттардың қалай жүзеге асып жатқаны бірлесіп өткізген ғұмырларының алғашқы жылында - ақ езін байқата бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет