6 Апта. Отбасы және қазіргі заман


Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады



бет25/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады.
Оның бірінші тобында - тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің жоқтығы, немесе соған ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, содан барып екеуінің еріксіз бөлек тұруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңдер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді. Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуын, отбасындағы өрескелдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуын, қызғаншақтықты, күмәншылдықты жатқызуға болады. Осы топтағы ең басты алғышарттардың бірі - ерлі-зайыптылардың бір-біріне өрескелдігі мен өзара сыйласушылығы. Күйеулері маскүнемдікке салынған, әздеріне өрескел қылық көрсеткен, ұрып-соғып қорлаған, қорқытқан және т.б. әрекеттерге барған ер адамдардың әйелдері осы себептерге орай ажырасады. Ер адамдар үшін, әдетте, әйелдер өрескелдік танытса, онда бұл басқаша мазмұнға ие болады. Бұл дегеніміз — ең алдымен күйеуін сыйламау, оның қабілетіне сенбеу, оның не нәрсеге қызығатындығымен есептеспеу, өндірістегі немесе кәсіби кызметіндегі табыстары мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарау, сөгіп - мұқату, ұсақ-түйек қамқорлық жасағансу, күйеуінің достарына құрметтің көрсетілмеуі және т.б. Екеуінің өмірге деген көзқарастарының әр түрлі болуы, мінез-құлықтың сәйкеспеуі деп аталатын алғышарттар, міне, тікелей осындай көріністермен ұштасып жатыр. Бұл әйелдерге қарағанда ер адамдар үшің аса маңызды. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзге шөп салуын, ажырасуға бірден-бір себепкер болған жаңа отбасын құруға ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардың араласуын жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет