Байланысты: Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман
Ажырасудың үлкен бөлігі 40 жастың мөлшеріне тура келеді. Бұл кезде олардың балалары ер жетеді де, енді солар үшін ғана отбасын ажырасудан сақтап қалудың кажеттілігі болмайды, оның үстіне ерлі-зайыптылардың кез келгені басқа бір адаммен көңіл жарастырып, екінші отбасын құрауы мүмкін. Екеуара бас қосып, түтін түтеткен алғашқы бес жыл ішінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиі кездеседі. Отбасында балалардың болуы некенің бұзылмауына тікелей ықпал етеді. Көп балалы отбасыларда, яғни 3-4 балалары барларда ажырасу пайызы басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен болады.