Роботталған жүйелерде, тізбектерде, телімдерде болатын ерекше қауіптіліктер
Өндірістік үрдістердегі кешенді автоматтандырудың негізгі құралдардың бірі ретінде ӨР кеңінен пайдалану, ӨР түрлеріне, қолдану саласына және өндіріс түрлеріне, жіктелуіне, механикаландырылған, автоматтандырылған кешендер, телімдер, тізбектер құрамындағы ӨР пайдалану барысында пайда болатын потенциалды қауіптіліктер есебіне және бағалауға байланысты талап етіледі.
Апаттар немесе келеңсіз жағдайларға әкеп соғатын ОС, КС және АС түзетін негізгі физикалық қауіпті өндірістік факторлар – қозғалмалы бөліктер, ӨР орындаушы құрылғылары, жылжымалы бұйымдар, дайындама, өңдеуші құрал-саймандар болып табылады.
Өнеркәсіптік робот – күрделі жүйе немесе әмбебап қолданылатын (жылжымалы, портальды, консольды сызықты орын ауыстырумен, автономды қозғалатын және т.б.) бірнеше осьті (аз дегенде – үшеу) автомат, қозғалу бұрыштары немесе жолдары, сонымен бірге оның тізбектелген іс-қимылдары алды-ала программаланып және сезімтал элементтермен басқарылады.
Еңбекті қорғау тұрғысынан ӨР – бұл автомат, қоршаған орта және адам өмірі, денсаулығы үшін қолдану кезінде аз мөлшерде әлеуметтік рұқсат етілген қауіптіліктер (қауіп төндіру, зиян келтіру) болады. Қарапайым машиналар мен жабдықтарды пайдалану барысында, егер қауіпті белдемдер жұмыс орындарының, өтпелер немесе өткелдер (мысалы, заттардың көпірлі көтергіштер көмегімен орын ауыстыруы) үстінде орналасса, онда механизмдердің орындалу іс-қимылдары үнемі адамдардың бақылауында болады, ал ҚЖ, КЖ және АЖ механизмдерді дұрыс қолданабағанда немесе оларда ақаулықтар болғанда және адамдар қате жіберген кезде ғана пайда болады. Роботтың аса қауіпті белдемі деп оны қоршаған кеңістікті айтамыз, онда адамның болуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті. Қауіпті белдемнің өлшемі ең бірінші роботтың орындаушы тетігінің жұмыс белдемінің шекарасына, өңделетін заттарды, құрал-сайманды сенімді ұстап тұру қабілетіне байланысты. Өнеркәсіптік роботтардың қауіпті белдемдерін анықтаудың төмендегідей әдістері бар: «центрлес шеңберлер» әдісі роботтардың қауіпті белдемдерінің шекарасын немесе көлденең проекциялардағы манипуляторларды анықтауда неғұрлым тиімді болып табылады. Әдіс манипулятордың қозғалыс радиустарын анықтайды; «кеңістіктік тор» РТК қауіпті белдемдерінің шекараларын, тік және көлденең проекциялардағы роботтанған телімдерді анықтау үшін қолданылады. Бұл әдісте квадраттар торына робот қолдарының әрекетінің қауіпті телімдерінің габариті енгізіледі.
Роботтарды пайдалану кезінде пайда болатын барлық ерекше қауіптіліктер қауіпті еңбек жағдайы және адамның қауіпті іс-әрекетінің қиысуынан болып табылады. Сондықтан өнеркәсіптің әртүрлі салаларында роботтарды қолдану кезінде біліктілікті талап етпейтін физикалық еңбектер, жарылыс қауіпті, зиянды, радиактивті, қатты қызған немесе төменгі температураға дейін суыған материалдармен жұмыс істегенде немесе тасымалдағанда, көп жағдайда тек роботтарда немесе роботтанған өндірістік жүйелерде болатын ерекше қауіптіліктерді үрдістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін анықтайды.
4.4.1 Роботтарды тасымалдау, орнату және монтаждау кезіндегі қауіптерге олардың конструкцияларындағы, құрастырудағы, ұстау қозғалғыштығындағы, манипулятор және т.б. ерекшеліктерін жатқызуға болады. Консольды роботтарда мысалы, ауырлық центрі роботтың сүйемелді тіреуішінің орталық осіне сәйкес келмейді. Мұндай ӨР, орнату және монтаждау кезінде оларды тік қойып тасымалдаудау барсында өте қауіпті. Сонымен бірге еркін орын ауыстыратын ұстағыштар, иінтіректер, манипулятордың буындары, консоль жарақаттану қаупін туғызады және монтаждау жұмысын орындау мен тасымалдау барысында бұл түйіндерді алдын-ала орнықтыруды талап етеді.
4.4.2 Роботтарды жұмысқа дайындау және оларды реттеу кезінде, олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, позициялау (тұрақтандыру), реттеу, ішкі баптау, ақырғы ажыратқыштарды калибрлеу, амортизаторлар, қозғалысты шектеу, тежегіштер және басқа элементтер кезінде пайда болатын қауіптерді ерекше қауіптерге жатқызуға болады. Бұл операциялар көп жағдайларда қауіпті белдемдерде немесе биікте жұмыс істеу барысында адамдардың қатысуын талап етеді. Егер роботты ажыратпаған жағдайда, ұстағыш құрылғыларды айырбастау операциялары құрал-саймандарды өңдеу, орындаушы элементтерді профиалктикалық жөндеу, басқа жабдықтар және механизмдермен қолданыстағы жүйедегі роботтардың қозғалысын реттеу аса қауіпті болып табылады.
4.4.3 Қазіргі кезде қолданылатын әдістерге тәуелсіз қауіпті белдемдерде, ереже бойынша адамдардың қатысуымен роботтарды жарақтау барысындағы оларды программалау, оқыту, қайта реттеу, программаларды түзету операцияларын ерекше қауіптілікке жатқызуға болады. Бұл мақсаттар үшін программалау тілдерін келешекте қолдануда, әсіресе жоғары біліктілігі жоқ немесе бұл салада тәжірибесі аз қызметкерлермен жасалған түзетулер, өзгерістер, программаларды қайта реттеу сияқты операцияларды орындау барысында қызметкерлерді жарақаттандыру қаупі ұзаққа сақталады. Сонымен бірге күтпеген ҚЖ, КЖ және АП пайда болу ықтималдығын анықтау өте қиын.
4.4.4 Роботтарды тестік сынақтан өткізу оларды функционалдық жағдайын және қателерді түзетуін немесе пайдалану барысында жинақталған берілген программадан ауытқуын тексеруді қарастырады. Мұндай сынақтар роботтардың орындаушы құрылғыларының орын ауыстыру жылдамдығы 0,3 м/с дейін, затпен немесе затсыз, толық жүктемемен немесе жүктемесіз, пісіруші роботтардың электродына электр тоғынның жіберілмеуінде немесе бояушы роботтардың тозаңдатқыш-пистолеттеріне лактың берілуінде өтеді.
Тестілеу сынағы кезіндегі ерекше қауіптілікке адамдардың қауіпті белдемде болуы кезінде, робот орындайтын қозғалыстың дәлдігін бақылау және тексеру операциясын жатқызуға болады. Бұл сынақтар мен түзетулерді автоматты режімдегі роботтардың жұмыс істеу барысында жүргізу мүмкін емес. Әрбір нақты жағдайларда сынақ жүргізбес бұрын ҚЖ, КЖ және АЖ түзуге қабілетті аса қауіптілікті бөлшектеп оқыту қажет және олардан қорғау шараларын білу керек.
4.4.5 Операторлардың роботтардың жұмысқа дайындығын немесе жекелеген функционалдық тораптарды тексеруі кезінде бейтарап элементтерді, өнеркәсіптік роботтардың негізгі функционалды тораптарын қолмен сапасыз және немқұрайды тексеруін, автоматты жұмыс істеу режіміне көшіру алдындағы басқару жүйесін және бақылау-өлшеу аппаратураларын ерекше қауіптілікке жатқызу керек.
4.4.6 Автоматты режімде жұмыс істеп тұрған роботтың жұмыс істеу барысындағы, роботты жабдықтауда адамдар орындайтын: қалдықтарды жинау, бөлшектерді, дайындамаларды тиеу және түсіру, өңделетін заттардың сапасын тексеру және т.б. операцияларды ерекше қауіптілікке жатқызу керек. Бұл операциялар роботың қызмет аясына жатпағанмен, олар жұмыс белдемінде роботтың қолының қимылы болып адамдармен жиі орындалады және сәйкесінше қорғау құралдарын талап етеді.
4.4.7 ӨР жұмысындағы ескерілмеген (кенеттен) болған істен шығу ерекше қауіптілікке жатады. Мұндай істен шығудың негізгі себептеріне: бақылау-өлшеуіш аппаратураларындағы, басқару жүйесіндегі (32,7%), сондай-ақ роботтың жекелеген тораптарындағы ақаулықтар (11,5%); ақаулықтар, орындаушы элементтердің істен шығуы: ұстағыш, өңдеуші құрал-саймандар, пісіруші құрылғылар және басқа тораптар (9,2%); бақылаусыз қалдыру, программаланбаған іс-қимыл және роботтың әрекеті: жүйедегі қысқа тұйықталу, энергияның бөтен көзі т.б. (5,4%); операциялық қателіктер және программалаудағы қателіктер (9,7%); тозу, үйкелу, тораптарда, түйіндестіру элементтерінде нақтылықтың жоғалуы (7,8%); өңделетін заттармен құрал-саймандардың үйлеспеуі (22,3%); басқа да себептер (1,4 %) жатады.
Қазіргі уақытта 70% аса роботтардың бір істен шығуына жұмыс көлемінің уақыты 1000 артық емес сағатты, ал 28,7% – 100 артық емес сағатты құрайды. Шетелдің үздік ӨР істен шығуына жұмыс көлемінің уақыты орташа 2,5 мың сағат құрайды. Бұл көрсеткіштер қазіргі заманға сай өнеркәсіптік роботтардың жоғары деңгейдегі қауіптілігін олардың сенімсіздігін растайды және сәйкесінше қорғау құралдарын әзірлеу үшін олардың түріне, үлгісі мен қолдану саласына байланысты нақты және ерекше қауіптіліктерін анықтау қажеттігін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |