Роботтанған өндірістік үрдістерді, икемді өндірістік жүйелерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің негізгі принциптері және әдістері
Роботтанған өндірістік үрдістерді немесе икемді өндірістік жүйелерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің негізгі принциптері апаттық және басқа келеңсіз жағдайларды туғызатын ҚЖ, КЖ және АЖ болу ықтималдылығын азайту (әлеуметтік-рұқсат етілген қауіп) немесе болдырмау болып табылады.
Апаттар және өндірістік жарақаттанулардың болуы туралы қабылданған түсінікке сәйкес ӨР, РТК, ИӨЖ, ГАП қолдану барысында бұл принциптерді жүзеге асыру тек қана қызметкерлердің жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы, технологиялық тәртіптерді сақтау, өндірістік жабдықтардың, телімдердің, жүйелердің эргономикалық негізделген құрылымдарын қолдану, нақты бір жұмыс ортасы жағдайында жұмыс істеу барысында барлық техникалардың жоғары сенімділікте болуы, адамдар үшін ыңғайлы еңбек жағдайын жасау кезінде ғана мүмкін болады.
Бұдан басқа роботтанған өндірістерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің маңызды принциптерінің бірі экономикалық мақсатқа лайықтылық принципі болып табылады. Абсолюттік қауіпсіздік – бұл тек қазіргі заманғы техникалардың дамуы деңгейінде кез-келген өндірістік үрдістердің қалайтын жағдайы екенін ескере отырып, еңбекті қорғауда аздаған шығындар шығару арқылы ӨР, РТК, ИӨЖ, ИАӨ талап ететін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін қорғау құралдарын және жұмыстарын ұйымдастыру формалары технологияларын таңдап алу қажет. Бұл принципті жүзеге асырудың негізгі формалары орындаушы механизмдерге, құрылғыларға, машиналарға және т.б. адамдардың толық энергетикалық, көліктік, технологиялық, логикалық фукнцияларды беруін қарастыратын, роботтанған өндірістік үрдістердің қауіпсіздік деңгейін басқару және бақылауды, автоматталған, бейімделген диагностикалық жүйелерді кеңінен пайдалану және әзірлеу, адамдар жоқ немесе жаңа, неғұрлым қауіпсіз технологияларға, өндірістік үрдістерге өту болып табылады.
Бұл принциптерді жүзеге асыру төмендегі қажеттіліктерді қарастырады:
- адаммен ӨР немесе роботтанған жүйелер арасында мүмкін болатын байланыстарды бағалау және сәйкестендіру (анықтау) барысында жүйелік талдау әдісін қолдану;
- өндірістік үрдістердің қауіпсіздік жағдайын (деңгейін) бағалау;
- нақты бір өндірістік үрдістерге қолданылатын арнайы және жалпы талаптарды әзірлеу үшін жобаланатын немесе роботтанған кешенді (жүйелерді) қолдануда қауіпсіздік деңгейінің сандық көрсеткіштері, нормативтік мәнге негіздеу және таңдау;
- технологиялық үрдістерді, машиналарды, жабдықтарды, өндірістік ғимараттарды жобалау және ӨР, РТК, ИӨЖ және ГАП қолдану барысында оларды орындауды қамтамасыз ету.
Роботтанған өндірістік үрдістер, кешендер немесе жүйелерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің негізгі әдісі - үрдістің қауіпсіздік деңгейін сипаттайтын берілген шектегі параметрлердің сандық мәндерінде қамтамасыз етілетін және орналасатын оперативті басқару жүйелері мен программаларды пайдалану, кешенді, ғылыми-техникалық программаларды әзірлеуді қарастыратын программалық әдіс болып табылады.
ӨР, РТК біріктірілген қауіпсіздік көрсеткіштері ретінде өндірістік программалардың орындаудағы ықтимал көрсеткіштер немесе берілген уақыт барысындағы өндірістік жарақатсыз және апатсыз болатын жекелеген операциялар, сондай-ақ осы уақытта мүмкін болатын келеңсіз жағдайлар туғызатын математикалық шығындар және оларды ескертуге жұмсалатын шығындар қолданылады. Бұл көрсеткіштер талап етілген қауіпсіздік деңгейінің өндірістік жүйелер қол жеткізген дәрежесін сипаттайды және роботтанған өнеркәсіп объектісінің сапасын әлеуметтік бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды сандық бағалау және идентификациялау тәртібі төмендегі жағдайларды білуге мүмкіндік беретін шын мәнінде аса қауіпті жүйелік талдаудың бір кезеңін көрсетеді:
- зиянды әсер ететін өндірістік қалдықтармен және дайын өнімдермен, жартылай өңделген өнімдермен, дайындамалармен, бастапқы материалдармен жұмыс істейтіндердің тікелей байланысы қаншалықты жойылғанын (толығымен, жартылай);
- жабдықтардан, үрдістер және операциялардан болатын қауіпті және зиянды факторлар, аталған факторлар болмағанда немесе аз қарқында болғанда технологиялық үрдістерді, оның учаскілерін, жекелеген операцияларды, жабдықтарды айырбастау мүмкіндігі қандай екенін;
- қауіпті немесе зиянды өндірістік факторларды болдырмау үшін келешекте механикаландыру, кешенді автоматтандыру, жекелеген операцияларды немесе үрдістерді қашықтықтан басқаруды қолдану мүмкіндігі қандай екенін;
- жабдықтың қымталу дәрежесі; жұмыскерлердің ұжымдық қорғау құралдарының тиімділігі;
- еңбек ету мен демалу барысында қолданылатын тәртіп бірсарындылық пенгиподинамияны болғызбауы мүмкін бе, олар қаншалықты еңбек ауырлығын шектейді;
- әрекеттегі бақылау жүйесі және технологиялық үрдістерді басқару, сонымен бірге өндірістік жабдықтарды аппатық ажырату жүйесі жұмыскерлерді тиімді қорғауды қамтамасыз ете ала ма;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болу көздері болып табылатын өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру және жою уақытымен жүзеге асырыла ма;
- өндірістік ғимараттарда және жұмыс орындарында қауіпті және зиянды факорлардың деңгейінің талап етілген қалыпқа (норма) сәйкестігі, еңбек жағдайы картасы не үшін құрастырылады;
- әрекеттегі технологиялық жобалау нормаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жұмыс орындарын ұйымдастыру және өндірістік жабдықтарды орналастыру;
- құрылыс нормалары мен ережелері бекіткен жұмыс орындарындағы жарықтандыру көрсеткіштері мен деңгейінің сәйкестігі;
- тасымалдау құралдары мен көлік коммуникациясы қауіпті және зиянды факторлады болдырмау, қажетінше механикаландыру және тасымалдауды автоматтандырумен қамтамасыз ете ала ма;
- жұмыскерлердің кәсіби дайындығының дәрежесі және оның жұмыс сипатына сәйкестігі;
- жұмыс жағдайы және қабылданған технология барысында қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен қорғайтын жұмыскерлердің қолданып жүрген жеке бас қорғау құралдарының сәйкестігі.
Қауіптіліктерді сәйкестендіру барысында жабдықтардың нормативтік құжаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауға ерекше назар аударылады. Сонымен төмендегі элементтер, түйіндер және қорғаушы құрылғылар тексеріледі:
- жабдықтардың құрылымдары;
- жұмыс органдарын қоршайтын құрылғылар;
- түйіндер мен жетек элементтерін, механизмдерді қоршайтын құрылғылар;
- басқару және реттеу органдары; дабыл (сигнал) беруші және бұғаттау құрылғылары;
- дайындамаларды беретін құрылғылар; жөндеу, монтаждау, пайдалану барысында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғы;
- электр тоғы әсерінен қорғау құралдары;
- қалдықтарды, зиянды заттарды ұстауға және бағыттауға, сонымен бірге оларды жоюға және тасымалдауға арналған құрылғылар.
Сонымен сарапшылардың талдау жұмыстары үш кезеңде жүргізіледі:
- бірінші кезеңде талдау процесіне ұсынылатын, еңбекті қорғау туралы нормативтік-техникалық құжаттарды үйрену негізінде банк мәліметтері формасындағы, қолданыстағы әдістер мен қауіпті және зиянды әсерлерден қорғау құралдары, еңбекті ұйымдастырудың қауіпсіз және жедел бақылау формаларындағы нақты талаптар көрсетіледі;
- екінші кезеңде осы талаптарды негізге ала отырып, қауіптіліктерді сәйкестендіру жүргізіледі;
- үшінші кезеңде – олардың сандық бағалануы.
Дайындық жұмыстарының кең көлеміне қарамастан, бағалау үрдісі күрделі емес, ал бағалау материалдарын ЭЕМ көмегімен өңдеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |