№ 3 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Ревматизм.Атеросклероз. Артериалды гипертензия.
Ревматизм
Ревматизм
Ревматизм (ревматикалық қызба) – осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококтың әсерінен дамитын және жүрек – тамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік ұлпаның жүйелік инфекциялық – аллергиялық ауруы.
Ревматизм көбіне балалық және жасөспірім шақта, шамамен 7-15 жас аралығында басталады.
Этиологиясы. Стрептококк ағзаға мұрын, көмейден енеді. Ревматизмнің алғашқы шабылуы және оның, қай жаста болсада, барлық рецедивтері стрептококтың қатысуымен жүреді. Бірақ, стрептококтық инфекциямен аурығандардың барлығы ревматизммен ауырмайды (0,3-3% ғана).
А.Н.Нестеров ревматизм дамуының 3 кезеңін айырған:
Латентті – стрептококтық инфекциядан кейін 2-4 аптада өтетін кезең
Ревматизмнің алғашқы шабылуы. Аурудың барлық белгілері кездеседі, дер кезінде емдесе, өзгерістер қалмай, толық сауығуы мүмкін.
Ревматизмнің қайталамалы өршулерінің кезеңі. Дерттің рецидив түрінде қайталанып жүрек ақауын, жүрек шамасыздығын дамытады.
Ревматизмде клиникалық белгілерін 2 топқа бөлген: жүректің және жүректен тыс тобы.
Жүрек белгілері:
Жүрек белгілері:
Ревматизмдік кардит (ревмокардит) – белсенді ревматизмнің негізгі белгісі-миокард пен эндокардтін зақымдануы.
Ревматизмдік миокардит ревматизмнің негізгі, кейде жалғыз ғана белгісі. Науқастарда жалпы жағдайы бұзылып, әлсіздік, ентігу, кардиалгиялар, жүрек қағу пайда болады.
Алғашқы объективті симптомдары: тахикардия, брадикардия, тыныс алу аритмиясы, жүректің көлемінің ұлкеюі, жүрек тондарының әлсіреуі немесе тұйықталуы. Жүрек ұшында систолалық шудың естілуі. Рентгенде миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі байқалады.
Ревматизмдік эндокардит –жүре дамитын жүрек ақауларының басты себебі (80%), негізгі белгісі жүрек ұшында және Боткин нүктесінде состолалық шу, жүрек шегарасының солға кеңеюі, жүректің ауырсынуы, лабильді қозғыштық дене қызуының көтерілуі.