№6 ДӘріс тақырыбы: Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру


Жүректен тыс зақымдануының белгілері



бет2/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,75 Mb.
#159426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Жүректен тыс зақымдануының белгілері.

Жүректен тыс зақымдануының белгілері.

  • Ревматизмдік полиартрит – буындардың зақымдануы. Ерекшелігі: ірі буындар симметриялы түрде зақымданады, ауырсынудың көшпелілігі, қабынуға қарсы емнен тез жойылуы, буындардың толық қалпына келуі. Бұл синдром 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
  • Объективті белгілері: буындар қызарған, ісінген, ыстық, деформация, қимылдың шектелуі.
  • Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы - кіші хорея: клиникалық белгілері біртіндеп дамиды. Алдымен астенизация, көңіл күйінің тұрақсыздығы, ашуланшақтық, агрессия немесе пассивтілік, селқостық, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы, сабаққа деген үлгерімнің төмендеуі. 8-10 күннен кейін гиперкинездер дамиды – еріксіз, ретсіз қимылдар. Қимылдың дискоординациясы дизартрияға, жазудың, мимиканың еріксіз бұзылысына әкеледі.
  • Бүйректің зақымдануы: аз уақытта протеинурия, гематурия, бірақ сирек кездеседі.
  • Терінің зақымдануы: сақиналық эритема, ревматизмдік түйіндер және түйінді эритемамен білінуі мүмкін. Сақиналық эритемада теріде сақиналар тәрізді қызғылт эритемалық дақтар, кейде бірнеше сағатқа ғана пайда болып жойылады. Сақиналық эритеманы көргенде бірден ревматизм диагнозын қоюға болады.

Ревматикалық түйіндер коллагенге бай аймақтарда, сіңірлердің бойында буындардың сыртында орналасады, көлемі тары дәніндей, оларды табу үшін осы жерлерді қолмен мұқият сипап тексеру керек. 1-2 айдан кейін тарап кетеді.

  • Ревматикалық түйіндер коллагенге бай аймақтарда, сіңірлердің бойында буындардың сыртында орналасады, көлемі тары дәніндей, оларды табу үшін осы жерлерді қолмен мұқият сипап тексеру керек. 1-2 айдан кейін тарап кетеді.
  • Тексергенде: жалпы қан анализінде - лейкоцитоз, ЭТЖ-ның көтерілуі, диспротеинемия, С–реактивті белоктың пайда болуы, Сиал қышқылдарының мөлшерінің көбеюі. Антистрептококты антиденелердің титрінің көтерілуі. ЭКГ-да өзгерістер: гипертрофия, миокардтағы зат алмасу процестерінің бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет