Санаторлық – курорттық ем – атеросклерозда жүргізілетін комплексті емнің маңызды шараларының бірі. Санаторий мен курорттың басты емдік факторлары: климат, теңіз ауасы, емдәм, минеральді сулар, фитотерапия, теңізге шомылу, терренкур, физиотерапия, бальнеотерапия, дене жаттығулары бұл аурудың барысына оң әсер етеді. Емге жолдаған кезде науқастың жалпы жағдайы церебральдік атеросклероздың ЖИА-ның, аяқ артериялары зақымдануының болу – болмауы ескеріледі. Санаторлық курорттық ем ең жылы маусымдарда (жазда, күздің басында) жақсы әсер етеді.
АГ-ның басты белгісі қан қысымының көтерілуі. АГ еркектердің 39,2 %-да әйелдердің 41,1 пайызында анықталады және жас ұлғайған сайын бұл синдромның саны да көбейе түседі.
АГ синдромының 77- 88 % -ы гипертония ауруының меншікті үлесіне тиеді. Соншалықты кең таралуынан бұл ауру “Адамзат тарихындағы инфекциялық емес пандемия” ретінде қаралуда.
АГ синдромы адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді. Оған шалдыққан 40 жастағы адамдар өмірінің орташа ұзақтығы небәрі, шамамен, 9 жыл құрайды. Бұл науқастарда жалпы өлім саны 2- 5 есе, ал жүрек тамыр ауруларынан өлім 2-3 есе жоғары. Систолалық артериялық қысымның әр 10 мм биіктеуі ми инсультін 10%-ға арттырады.
Этиологиясы. Қазіргі кезде АГ –ның даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі.
Этиологиясы. Қазіргі кезде АГ –ның даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі.
Тұқым қуалауға бейімділік. Егерде баланың ата-анасыда да АГ болса, онда балада даму мүмкіндігі 3 есе артық.
Нервілік – психикалық жарақаттар. (эмоциялық стресстер). Негізінде, АГ-ң теріс эмоцияларын тежей алатын ұстамды, жігерлі адамдар да жиі дамуы байқалған.
Кәсіптік зияндылықтар: құлаққа, көзге зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар.
Тамақтанудың ерекшеліктері: тұзды тағамға әуесқойлық, кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі. АГ мен сырқаттанатындар ас тұзын тәулігіне 25-30 гр-ға дейін қолданатыны анықталған. Бұлардың көпішілігі, тұз дәміне сезімталдығының төмендігінен, тағамды үнемі қосымша тұздауға әуес.
Эндокринді факторлар: егде жастағы эндокринді өзгерістер салдарынан шалдығу (климакс шағы).
Зиянды әдеттер: шылым шегу, ішімдікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б.биіктейді.