Банктің операциялық қызметі Операциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, банктер өз қарыздарын өтеу үшін, дивиденттерді төлеу үшін, операциялық мүмкіндіктерді сақтау және қаржыландырудың ішкі көздерін қолданбай-ақ жаңа инвестицияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті ақша ағымын өндіретін операциялардың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ақшаның алғашқы операциялық ағымының нақтры баптары туралы ақпараттар басқа ақпараттармен қосылғанда операциялық қызметтен түсетін болашақтағы ақша ағымын болжау үшін өте тиімді.
Бұл ағымдар таза табысты және шығынды анықтау кезінде есепке алынатын операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түскен ақша ағымына келесілер мысал болады:
-банктің қызметпен байланысты ақша түсімдері және төлемдер;
- лицензиясы бавр банктекрдің ҚР заңдарымен рұқсат етілген операцияларды жүргізумен байланысты ақша түсімдері және төлемдері;
- тауар және қызметтер үшін жабдықтаушыға төлемдер;
- қызметкерлерге олардың атынан төлемдер;
-ақшалай төлемдер немесе табыс салығын қайтару, егер олар қаржылық немесе инвестициялық қызметпен үйлеспейтін болса.
Қарыздарды ұсыну және салымдарды тарту банктің табыс әкелетін негізгі қызметіне жататындықтан операциялық қызмет ретінде жіктеледі.
басқа да заңды тұлғалардың үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпоырндарға қатысу үлесін сатып алуға арналған төлемдер;
басқа да заңды тұлғалардың үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатудан түскен ақшалай түсімдер ( ақша баламаларына жатпайтын және сатуға арналмаған).
Белгілі бір баптарды хеджерлеумен байланысты ақша ағымын сыныптау, хеджерленетін баптармен байланысты ағымдарды сыныптауға ұқсас.
Инвестициялық қызметпен байланысты ақша ағымы жоғарыда аталған активтерді сату кезінде ғана болуы мүмкін. Еншілес және
қауымдасқан ұйымдардың капиталына банктің салған инвестицияға байланысты ақша қайтымының нақты сомасы, бағынышты борыш, негізгі құралдар және материалдық емес активтер № 3 нысанның 3- қосымшасында «Инвестициялық қызмет» ашып көрсетіледі.