12.2. Банк табыстарының жіктемесі Банк табыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және мыналардани тұрады :
- төмендегілер бойынша сыйақы (мүдде)алумен байланысты:
Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
Ұлттық және басқа банктерде орналастырылған депозиттер;
Ұлттық банк қайта қаржыландыруы үшін жарамды қазынашылығы міндеттемелер мен басқа да өтімділігі жоғары бағалы қағаздар;
Сатуға арналған бағалы қағаздар ;
Басқада бағалы қағаздар;
Баскқа банктерге орналастырылған салымдар;
Басқа банктер ұсынған қарызждар;
Клиенттерге берілген қарыздар;
Капиталға және бағынышты борышқа инвестиция;
-банктің келесі қызметтері бойынша комиссиялық табыстары:
Аударым операциялары;
бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
шетел валюталарын сату-сатып алу;
сақтандыру операциялары ;
шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу;
басқалары;
-пай,акция және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
-клиенттердің банкке есеп айырысу және кассалық қызмет көрсеткені үшін төлемдері,клиеттердің телеграфтық (пошталық)және тағы басқа шығындардың орнын жабуы;
-шетел валютасын,бағалы қағаздарды сату-сатып алудан түсім;
-шетел валютасын,бағалы металдарды және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан түскен табыс;
-кәсіпорындарға,ұйымдарға,банктерге халыққа көрсетілген басқа да қызметтер үшін,соның ішінде инкассация үшін төлем;
-банк активін сатудан түскен түсім;
-банк шығындарының орнын жабу сомалары;-
-алынған айып пұлдар, өсім пұл,тұрақсыздық төлемі және басқа да экономикалық санкциялар,соның ішінде есеп айырысу операцияларын орындау ережелерін бұзғаны үшін клиенттерден алынатын айып пұлдар,сонымен қатар,мерзімінде жеткізбеу корреспонденцияны жоғалтқаны үшін байланыс кәсіпорынынан алынған айыппұлдар;
-банк меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін табыс, сонымен қатар мәмілеге сәйкес факторингтік және форфейтинктік операцияларды жүзеге асырудан түсетін түсім;
-банк алатын басқа да түсімдер:сатылған макулатура, меттал сынығы, өңделген пломба, банк көлігін пайдалану,істтен шыққан материалды қалдық заттар ретінде өткізуден түскен табыс, негізгі қорлар жоюдан түсімдер, жұмысшыларғаеңбек кітапшасын және оларға қосымша бет(вкладыш) беруден алынатын сомалар,түгендеу кезінде анықталған артықнегізгі қорлар, баланстан балансқа ауыстыру тәртібі бойынша қабылданған инвентарь құны (сыйға тарту) және т.с.с.
-күтілмеген жағдайлар салдарынан туындаған басқа да күтілмеген табыстар.