Сабақтың мақсаты: банк аралық корреспонденттік операциялардың мәнін, түрлерін
меңгерту.
Сұрақтар: 6.1. Банк аралық клиринг есебі.
6.2. Электронды аударымдардың банкаралық жүйесінің мәні
Түйінді түсініктер: банк аралық операциялар, клирингтік операциялар, электрондық ақша, электрондық қол, электрондық аударымдар.
6.1. Банкаралық клиринг есебі Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды жақсартудың басты бағыты-банкаралық клирингі дамыту болып табылады.
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесін ұсынады. Банктік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспондентік шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі көтеріледі. Оған баруға негіз болған басты ерекшелігі-шынайы ақшаға деген қажеттілік.
Клирингтің екі үлгісі (моделі) қарастырылады: ақша қаржыларын алдын ала депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалық клирингьің екінші үлгісі есеп айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған, бірақ қаржыларды алдын ала депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында қытысушылардың ең болмаса, біреуінде дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның қаржы табуға мүмкіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижесі тоқталады. Классикалық үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы айналымдылығынң жылдамдығын және деңгейін ұлғайтуға, қаржылардың бірінші үлгіде резервтеуді талап ететін түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірінші үлгіде есептік операциялар алдын ала депозиттелген қаржыларды қолданып жүргізіледі. Осы дерек сенас қатысушыларына нәтижені өзгерту мүмкіндігінсіз өзара есеп кепілдігін береді. Аталған жағдайда клиринг мекемесі банк ретінде қатысушы-банктердің депозиттік шоттарын, өзіне жинай отырып қызмет етеді. Соған сәйкес, клирингті бірінші модель бойынша жүзеге асыру үшін жұмылдырылған қаржылары болуы керек.
Банкаралық клирингті ұйымдастырудың бай тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Германияда жинақталған.
Банктерде құжат айналымын жетілдіру және шығындарды азайту әдістерін іздестіру үнемі жүргізіледі. Болашағы бар нысандардың бірі-чектер трансакциясы, яғни чектің әрекетін одан әрі өңдеу үрдісінде оның деректерін магнитті жеткізушілерге жазу арқылы тоқтату. Бұл мәліметтер компьютерге енгізіледі, одан соң мәліметтерді таратуға немесе автоматты есеп айырысу палатасына жолдауға (клиринг палатасына) қолданылады. Чектің өзі микрофильмденеді немесе банк мұрағатында сақталады, не болмаса жойылады. Бұл чектерді өңдеу немесе сұрыптауға байланысты шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Клиринг бойынша есеп айырысу кезінде корреспондент банктер арасында келесі өткізбелер құрылады:
Банк мекемесінде корреспондент банк есебіне төлем құжаттарын төлеу кезінде мынадай жазба жасалады:
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»;
Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»;
Корреспондент банктерден клиентура есебіне төлемдер түскен кезде, мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»;
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары».
Клиринг бойынша таза позицияны анықтау кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады.
Жіберілген қаржыдан түскен қаржы артқан кезде:
Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттары»;
2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»;
Кт 1551 «Басқа банктермен есеп айырысу».
Түскен қаржыдан жіберілген қаржы артқан кезде:
Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»;
1551 «Басқа банктермен есеп айырысу»;
Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттары».
Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы біріншісінің қарыз міндеттемесі болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ көп жақты талаптарға ие міндеттемелер кезінде де қолданылады. Бұл кезде маңыздысы клирингтің әр қатысыушысының барлық қатысушыға қатысты қарыз талаптарын және олардың алдындағы міндеттемелерін ескеруіне және олар кезеңмен жағымды және жағымсыз шамада өтелуінде. Шынайы ақшамен тек есептелмеген ақша төленеді (өтеледі). Бұл кезде ескеретін нәрсе: клиринг қатысушылары арасында жүзге жуық және одан көп операциялар жүргізіледі, олардың әрқайсысы бойынша құжаттар өтеу үшін клиринг орталығына түседі және қатысушылардың дербес шоты бойынша есептеледі.
Клирингтік техникалық орталық бірнеше клирингтік сеанстар жиынтығын ұсынады: реттеуші және қорытындылаушы сеанстарды және төлемдерді өңдеудің барлық үрдісін қамтиды-тексеру, есептеу, сальдолау, жөнелтуші мен алушыны ақпараттау.
Клирингтің ерекешелігі:
-шынайы ақша қаржыларына деген қажеттіліктің аздығы;
-өз міндеттемелері өз кінарат-талаптарын өтеу арқылы есеп айырысуды жеделдету;
Клирингтің кемшіліктері:
-клирингтің сеансқа қатысу үшін өзара қарсылама міндеттемелердің болу қажеттілігі;
-бірінші үлгі клирингін жүзеге асыру кезінде қаржыларды міндетті түрде депозиттеу;
-өзара есеп айырысудың оңьайлы нұсқасы, бірақ бұл нақты төлемдерді жүзеге асыруға сәйкес келмейді. Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) қарсылама төлемдер қағидасын қолданады, төлемдерді жүзеге асыру уақыты бір операциялық күнге тең.
Бүгінгі күні ҚРҰБ облыстық басқармаларында құрылған 14 клирингтік палата қызмет етуде. 2000жылы БТЖ арқылы 472,1 млрд теңге сомасына 3742,4 мың трансакция өткізілген.
БТЖ-да 1999 жылдың үшнші тоқсанындпа төлемдердің қысқаруы 1999 жылдың 1 тамызында Ұлттық банктің клирингтік талаптарының жабылуымен байланысты болды.
6.2. Электронды аударымдардың банкаралық жүйесінің мәні
Халықаралық сауда-қаржылық айналымда SWIFT электронды төлемдер жүйесі қолданылады.
SWIFT (Society for World-Wide Interbank Telecommunikations)-Әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қауымдастығы-қаржылық телекоммуникация саласында жетекші халықаралық ұйым болып табылады. SWIFTқызметінің негізгі бағыты банктер үшін жедел, сенімді, шешімді, құпия және санкцияланбаған кіруден қорғайтын телекоммуникациялық қызметті ұсыну және қаржылық ақпаратты алмасу әдістемелері мен нысандарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізу.
1950-жылдардың аяғында халықаралық сауданың күрт өсуі нәтижесінде банктік опеарциялар саны көбейе бастады. Банктер арасында қалыптасқан байланыс (пошта, телеграф) банктік ақпарат көлемі мен қызметін келістіре алмады. әр банктегі әр түрлі банктік рәсімдер құжаттар сәйкессіздігін туғызды, банкаралық операцияларды өткізудегі қателіктерді қайталап түзетуге көп уақыт жұмаслды. Қағаз жеткізушілердегі ақпараттың шексіз өсуіне қалыпты реакция автоматтандыру болып табылады. Біанктік автоматтандыру жүйесінің даму қарқынына байланысты банктік жүйелер арасындаөағазсыз ақпарат алмасу қажеттілігі туындады. Сол кездегі іс қағаздарының ерекшеліктері мен құрылымындағы айырмашылығы жеткілікті сенімді деңгейде жұмыс істейтін интегралды байланыс жүйесі мен ақпараттық өңдеуді ұсына алмады. Сонымен банкаралық қатынастарда стандарттау жүйесі болмады.
Жұмыстың неғұрлым тиімді құралдарын іздестіру 1960- жылдардың басында америкалық және еуропалық банкті халықаралық банк ісінде стандарттау жүйесін қалыптастыру мақсатында пікірталасқа жиналуға мәжбүр етті. Мұнда соңғы мақсат ретінде компьютерлерді қолдану, банктік ақпараттарды жолдаудың неғұрлым сенімді, жылдам және қауіпсіз жүйесін құруда телекоммуникация құралдарын қолдану туралы шешім қабылданды. Жоба незіне келесі талап алынған:
-төлем операциялары қағаздың қатысынсыз неғұрлым тиімді жүзеге асуы укерек;
-банктер арасында ақпарат алмасу тікелей коммуникация құралдарын қолдану арқылы неғұрлым жеделдетілуі тиіс;
-типтік банктік тәуекелдік төмендетілуі тиіс (мысалы, жоғалтулар, төлемдерді қателесіп жолдау, төдем тапсырыстарының жалғандығы және т.б.)
өз қатысушыларына тәулік бойы жоғары жылдамдықта банктік ақпарат алмасуын, санкцияланбаған қорғау және бақылау деңгейін бар қызметті қамтамасыз ететін халықаралық жоба құру ұсынысы 1968 жылы жасалды. Одаг сәл кешірек, 1972 жылы бұл ұсыныс ресми түрде жобаға рәсімделді. Сол жылы банктік ақпаратты айырбастаудың пайдалы жүйесін құру бойынша ұсыныстар түсті.
Олар:
-жүйе халықаралық торап құру және қызмет көрсетудің тораптық қызметіне негізделуі тиіс;
-үрдерістерді стандарттауға, сондай-ақ хабарлар пішімін станттау, банктерді торапқа қосу әдістері мен жабдықтарын стандарттау;
-құны 0,15 доллар тұратын хабарды жолдау кезінде, пайданы қамтамасыз ету үшін жүйе күніне 70 банктің қатысумен 100000-нан кем емес хабарды өңдуі тиіс;
Жүйе екі тәуелсіз және бір-бірімен байланысты тарату орталығын және әрбір қатысушы елде байланыс концентраторларын иемденуі тиіс.
1673 жылы мамырда 15 елдің 239 банкі Бельгия заңдылығына сәйкес қаржылық ақпаратты алмасудың нысанды әдістерін даярлау және стандартталған хабарларды қолданып деректерді жолдаудың халықаралық торабын құру мақсатында SWIFT құрылды. Келесі төрт жыл ұйымдщастыру және техникалық мәселелерді шешугеарналды, ал 1977жылы 9 мамырдаторап ресми түрде ашылды. Жыл соңында мүше-банктер 586-ға дейін өсті (513). Олар күнделікті трафикті 500000 хабарға дейін жеткізді.
SWIFT –бұл иелері мүше – банктер болып табылатын акционерлік қоғам. Қоғам Бельгияда тіркелген (штаб пәтері және тұрақты қызмет етуші органдары Брюсельге жақын Ла-Ульп қаласында орналасқан) және Бельгия заңы бойынша әрекет етеді. Жоғары органы –мүше банктердің және оның өкілдерінің жалпы жиналысы (Бас ассамблея). Барлық шешім ассамблея қатысушыларының көпшілік дауысымен: бір акция-бір дауыс қағидасымен қабылданады. Директорлар кеңесінде жетекші орынды батыс Еуропа және АҚШ елдері банктерінің өкілдері иемденеді. Акция саны ұсынылатын хабарлар трафигіне сәйкес таратылады. Акцияның басым саны АҚШ, Германия, Щвейцария, Франция, Ұлыбританияда.
Ұлттық заңға сәйкес халықаралық банкітік опрецияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк SWIFT мүшесі бола алады. Мүше банктермен қатар SWIFT торабын пайдаланушылардың тағы екі санаты бар: қауымдастырылған мүшелері және қатысушылары. Біріншілер санатында мүше банктер филиалдары және бөлімшелері қызмет етеді. Қауымдастырылған мүшелер акционер бола алмайды және қоғам ісін басқаруға қатысу құқынан айырылған. SWIFT аталмыш қатысушылары- әрқилы қаржылық институттар (банктер емес): торапқа қатысуға 1987 жылдан рұқсаты бар делдалдық және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар.
SWIFT-ке ену екі кезеңнен тұрады: қоғамға мүше болуға банктің дайындығы және қоғамның іскер мүшесі ретінде банктің торапқа қосылу дайындығы. Бірінші кезеңде банк SWIFT-ке келесі құжаттар кешенін толтырып жолдайды: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның шығындарын (операциялық шығындарды) қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен байланысқа жауапты тұлғаның мекенжайы,банктік хабарлаулар кестесінің сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжаттарды талқылайды және банкті қоғамға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Кандидат банк бір жолғы жарнаны төлеуге және қоғамның бір акциясын иемденуге құқық алады.
SWIFT –ке кіру үшін 400000 Бельгия франкін (мүше банктер үшін) және қауымдастырылған мүшелері 200000 бельгия франкін бір кезектік жарнаны төлеу керек. Сонымен қатар мүше банктер құны 55000 бельгия франкі тұратын бір акцияны сатып алуға міндетті. Екінші кезең банктің торапқа қосылуымен байланысты. Осы кезеңде барлық техникалық мәселелер шешіледі, коммуникациялық жабдықтар алынады (оның құны жүз мыңдаған американ долларын құруы мүмкін), қызметкерлерді оқыту жүзеге асырылады.
Торапқа ену күндері тұрақты: бұл наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсанның бірінші дүйсенбілері. Тәжірибе көрсеткеніндей, банктің SWIFT жүйесіне қатысу шығындары әдетте бес күнде өтеледі.
SWIFT жүйесі тартылатын әр елде қоғам өзінің аймақтық әкімшілігін құрайды.
Отандық банктер SWIFT-ті негізінен шетелге төлем жасауға қолдануда, бірақ соңғы кезде қазақсатндық банктерге арналған хабарлар көбейе түсуде.
SWIFT-мүше болу неғұрлым кең және белсенді қаржылық және экнкомикалық сыртқы байланыстар үшін қалыпты жағдай жасайды. SWIFT пайда түсірмейтін орталық, оның алған барлық пайдасы шығындарды жабуға және жүйені жаңғыртуға жұмасалады.
Жүйенің бірнеше артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
SWIFT торабындағы жұмыс бірнеше артықшылықтар береді:
-тораптың әр элементтерін «ыстық» резервтеу есебінен хабарларды қабылдау мен жолдаудың арнайы тәртәбән құруды қамтамасыз ететін тораппен хабар жолдау сенімділігі;
-телекстік байланыспен салыстыру бойынша операциялық шығындарды қысқарту. Мысалы бір стандартты хаьарлаудың құны аралыққа байланысты емес (325 байт), ал айырбастың жоғары қарқындылығы құнды соншалықты төмендетеді, сол себепті ол телекстік және телеграф тәріздес байланыстардың құнынан төмен;
-хабарды әлемнің кез келген нүктесіне тез жеткізу әдісі. Абарды жеткізу уақыты 20 минут, оны байланыстың жеке арналарын жабатындай етіп 1-5 минутқа деййін қысқартуға болады. Хабар адресатқа тораптың аралық кезеңдерін қысқарту есебінен неғұрлым тез жеткізіледі. Осындай телеграф бойынша жеткізу 90 минутқа жуық уақывт алады.
Жөнелтуші алушымен on-line режімінде байланыста болғанда:
-барлық төлем құжаттары жүйеге сатндартты түрде түседі, бұл деректерді өңдеуді автоматтандыруға және сондықтан банк жұмысын арттыруға мүмкіндік береді. Орындалған трансакцияларды тіркеу барлық өткен өкімдерді толық бақылауға (аудит) және сол бойынша күнделікті автоматтандырылған есеп беруді құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тілідік кедергілер білінбейді және банктік операцияларды жүргізу тәжірибесіндегі айрмашылықтар азаяды;
-сонымен қатар халықаралық және несиелік айналымдардың SWIFT қолдану нысанына сүйенуіне байланысты. SWIFT-ке мүше банктердің бәсеке қабілеттілігі артады:
- SWIFT өзінің барлық мүшелеріне қаржылық қорғаныс кепілдігін береді, егер қоғамдастық кінәсінен хабар тәулік көлемінде адресатқа жеткізілмесе, онда SWIFT клиентке осы кешігу есебінен болған барлық тура және жанама шығындарды өтеп береді.
Бақылау сұрақтары:
Банк аралық операциялар дегеніміз не?