2.Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар- бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар. әзірленген өнімде негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы доңғалақтар).
3. Отын- бұл мұнай өнімдері (мұнай, бензин, керосин, дизель отыны), қатты отын (көмір, фтор, ағаш отын) және газ тәрізділер. Отындар былайша бөлінеді:
а) технологиялық (технологиялық мақсат үшін);
ә) қозғалтқыш (жанармай);
б) шаруашылық (жылу үшін).